Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4,19 Kb.
Pdf просмотр
бет9/48
Дата16.02.2018
өлшемі4,19 Kb.
#9899
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48

31
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН  ЖҰМЫС
АПЫЛ-ҒҰПЫЛ
 үст. Асығыс-үсігіс, тез. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 1-т.  300-бет.   
ТАУҚЫМЕТ
 зат. Ауыртпалық, жоқшылық, азап, қиыншылық. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т.  54-бет.  
ТЫРАЙ
 ет. Аяқ-қолын жазып жіберіп серейіп жату, сұлау. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 9-т.  375-бет.  
ҚҰНТТА
 ет. Ынта, ықылас қойып мақұлдау, құптау, қолдау. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі6-т.  485-бет.  
БҰЛТЫЛДА
 ет. Тербеліп, қалт-құлт ету. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 2-т . 533-бет.   
БЫРҚЫЛДА
  ет. Ауыс. Реніш білдіріп, бүлініп, күңкілдеп сөйлей 
беру. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-т.  593-бет.  
ДОМБЫТПА
 зат. Қоқан-лоқы, сес, домбай. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 3-т. 154-бет.  
БЕЙСАУАТ
  сын. Бейтаныс, бөгде, бөтен. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 2-т. 228-бет.  
ТАБАНДА
 ет. Аяқ  киімге жаңадан табан салу, ұлтан қағу. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі523-бет. 8-т. 
ҚЫЛТА
 зат. Тізенің астыңғы жағындағы əлсіз сіңір, тірсек. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т. 591-бет.  
ТƏЛКЕКТЕ
 ет. Мазақтау, келекелеу, келемеждеу. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 9-т. 62-бет.  
ҚИЯ
 зат. 1. Таудың, төбенің, т.б. тік беті. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 6-т. 222-бет.  
ҚИЯЛА
 ет. Қиямен жүру, қапталдау. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
6-т.  226-бет.  
ҚАҚЫРА
 ет. 1. Етік, бəтеңке, т.б. аяқкиімдердің ұлтаны сөгілу, айрыла 
жыртылу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.  5-т.   577-бет.  
БАҒЖАҢ:
 бағжаң етті. Көзін бағжаңдатты. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі2-т.  11-бет.  
БАҒЖИ
 ет. Көз алмай тесірею, көзі адырайып кету. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі.  2-т.  12-бет.  
БАҒЖИТ
 Бағжи етістігінен жасалған өзгелік етіс. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 2-т.  12-бет.  
ТƏЛКЕКТЕ
 ет. Мазақтау, келекелеу, келемеждеу. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 9-т.  62-бет.  
ТАРАМЫС
 2. Малдың жіліншік сіңірлерін кептіріп, соның 
талшықтарынан ширатқан, етік жəне тағы басқа нəрсе тігетін мықты жіп. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т. 19-бет.  


32
ШОМБАЛ
  сын. Ірі, үлкен, кесек. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.  
10-т.  252-бет.  
ИЛІК
  ет. 1. Иілу, икемге келу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4-т. 
440-бет.   
ШОЙЫН
 зат. Көміртегін қосу арқылы алынған өте берік темір 
қоспасы. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т.  238-бет.  
ЖЫМИ
 ет. Жылы шырай білдіру, езу тарту. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 4-т. 307-бет.  
КЕСІР
 зат. 2. Кесапатты, қырсық, қыңыр. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі 5-т .  4-бет.
ЖАЗҒАН
 сын. Бейбақ, байғұс, бейшара. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі3-т. 507-бет.
  
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
 
ЖҰЛДЫЗДАЙ АҚТЫ
   Қатты жүгірді, оқша атылды. 
ҚҰДАЙ БІЛСІН
   Неғайбіл,  белгісіз. 
ҚҰДАЙДЫҢ  (ҚҰДАНЫҢ) ҚҰДІРЕТІ
 діни. Алланың əмірі, тəңірдің 
күші сияқты діни ұғымды білдіреді. 
ҚҰЙЫНДАЙ ҰШТЫ (ЗАУЛАДЫ)
 Жылдамдығына көз ілеспеді.
ЖОҚҚА ЖҮЙРІК ЖЕТПЕЙДІ
 Қолы қысқа кісінің жұртқа берері 
болмағанда айтылады: жоқтың аты жоқ, оған еш нəрсе істей алмайсың де-
ген мағынада. 
АТА ЖАУ (ДҰШПАН)
 Ежелден кектескен дұшпан. 
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Кеңесбаев І.К. 
Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1. Бала неге төзеді, неге  төзе алмайды?
2. Қыстыгүні  Қостөбенің бар баласы қайда жиналады? 
3. Жұрт суды қайдан алады?
4. Қайқы бас базар коньки кімде ғана бар?
5. Конькисіз балалар өздерін қалай сезінеді?
6. Шанасы жоқ балалар немен сырғанайды?
7. Жапа-шананың қандай кемшілігі бар?
8. Сырғанаққа барған балалардың киімдері қандай болады?
9.  Кім аяқ киімсіз қалды?


33
10. Оған кім аяқ киімді табандап береді?
11. Ол енді қандай аяқ киім киді?
12. Оның аяқ киіміне балалар қалай қарады?
13. Ол өз пимасын неге теңеді?
ТАПСЫРМАЛАР
1. Мəтінді оқып, мазмұндаңыз. 
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3. Əңгіме бойынша кейіпкердің пимасын суреттеп беріңіз. (жазба-
ша)
4. Əңгімедегі асты сызылған  сөздерге қарама-қарсы сөз тауып жа-
зыңыз.
5. Əңгімеден төмендегі сұрақтарға қатысты деректерді табыңыз.
 
1.  Балалар оны не үшін мазақтады?
2.  Жанбосын кім?
3. Оның (кейіпкердің) мінезі неге өзгерді?
4. Əсбет  кімнің шалбарын   жамайды?
6. Əңгімеден омонимдерді тауып жазыңыз.
 
ҮЛГІ: Біз, бар, жар, бір, бас, табандау, жапа  ... 
БІЗ І – ІІ
 
БІЗ І
 зат. жұмсақтау нəрсені тесу үшін жіңішке қатты істіктен жасаған 
сабы бар сайман.
БІЗ ІІ
 ес. 
7. Əңгімеден синонимдерді тауып жазыңыз.
 
Үлгі: 
• Ескі, көне.  Көп киілген, тозығы жеткен.
 Зымырау, зулау, заулау, зауылдау, зуылдау, зырлау, зырылдау, гулеу, 
лекілдеу, зырғу, зырқырау, замғау, жүйтку, құйылту, құйғыту, құйындау, 
ызғыту, құлдырау, зыту.
8. Асты сызылған сөйлемдерден үстеулерді табыңыз. 
Оларды мағыналық түріне қарай ажыратыңыз.
9. Оқылымға қатысты тапсырманы орындаңыз.
1. Сөйлемге қажет сөзді қойыңыз.
Жанбосын ....... ат мініп,  біз...... мініп жүргендейміз.
3–1151


жүктеу 4,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау