Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4,19 Kb.
Pdf просмотр
бет19/48
Дата16.02.2018
өлшемі4,19 Kb.
#9899
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48

68
ЕРІН БАУЫРЫНА (МОЙНЫНА) АЛДЫ
 Қатты ашуланды, шала 
бүлінді.
АЯҒЫНА БАС ҰРДЫ (ИДІ, ЖЫҒЫЛДЫ)
 Алдына барып жығылды, 
тəубе қылды, тізе бүкті, кешірім сұрады, күнəсын тіледі, мойнына алды. 
ЕКІ ИЫҒЫН (ИІНІН) ЖҰЛЫП ЖЕДІ
 Қатты долданып, ашуланды.
ЖАНЫҢ ШЫҚСЫН! (ШЫҚҚЫР!)
 қарғыс. Өліп кет деген мағынада.
БЕЛІ ШОЙЫЛДЫ (ШОЙЫРЫЛДЫ)
 Белі құрыстанып ауырды, 
сіресті, белін жаза алмады.
БАС-КӨЗ БОЛДЫ
 Басшылық етті, басқарды, көз-қырын салды.
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.  Кеңесбаев І.К. 
Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Күлпəш кім?
2. Күлпəш кімнің замандасы еді?
3. Ерінен ерте айырылған кім?
4. Кім қыдырмашы адам болған? 
5. Күлпəш   көбіне қандай жұмыспен айналысатын? 
6. Кім нені аңдитын?
7. Күлзия  үйіне Күлпəш келмей қалса, қайтеді?
8. Ораш ауылға келгенде шешесінен ең бірінші кімді сұрайды?
9. Ораш қайда тұрады?
10. Күлзияның баласы  ауылда кім болып жұмыс істейді?
11. Ораш ауылға келгенде неге аң-таң болды? 
ТАПСЫРМА
1. Əңгімені оқып, мазмұндаңыз. 
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3. Əңгіме бойынша Күлпəштің мінезін, іс-қимылын суреттеп бе-
ріңіз. 
4.  Əңгімеден омонимдерді тауып жазыңыз.
 
ҮЛГІ: Ақ, бір, бу, сал, ұршық  ... 
АҚ   І –V
АҚ  І
 сын. қардың, сүттің, бордың түсіндей.
АҚ  ІІ
 зат. малдың сүті жəне сол сүттен өндірілетін айран, қатық, қы-
мыз, шұбат сияқты тағамдар. 


69
АҚ  ІІІ
 ар. зат. хақ, ақиқат, шындық.
АҚ  ІV
 шыл. Күшейту, талғау мағынасындағы демеулік шылау.
АҚ  V
 ет. судың өз арнасымен төмен қарай жылжуы, бір орында тұрмай, 
ілгері қозғалып отыруы.
5. Мына сөздерге мағыналары қарама-қарсы (антоним) сөздерді 
тауып жазыңыз.
ЕРТЕ – 
КӨП –
ҮЛКЕН – 
ТЕРІС – 
ЫСТЫҚ – 
КЕШЕ –
АҚ – 
КҮН – 
ҚАТТЫ –
6. Əңгімеден синонимдерді тауып жазыңыз.
 
Үлгі: 
Адам, кісі, жан, пенде, қаумет  көне. 
Сыбаға,телім,  тиесі. 
7. Əңгімедегі  асты сызылған сөздермен сөйлем құраңыз.
8. Əңгімеден төмендегі сұрақтарға қатысты деректерді табыңыз.
1. Ауылға барғанда Ораш қайтеді?
2. Орашқа қандай жасанды əдет, жалған мінез жұққан?
3. Күлпəштің ұлы кім болып жұмыс істейді?
4. Күлпəш түнде нені басына жастап ұйықтайды?


70
Оралхан  БӨКЕЙ 
Таңдамалы  шығармалар. 2-том. 
Алматы, 2003. -390 бет.
КӨК  ТАЙЫНША
Мен бүгін ауылдан хат алдым. Тасқа басылғандай əп-əдемі тізіл-
ген жазу – бұл хатты қарындасым Мəнсия жазғанын айнытпай та-
нытып тұр еді. Ел-жұрт, ауыл-аймақ, бота-тайлақтың амандығын 
айта келіп, үстіміздегі жылы аудан бойынша өсек-аяңның тым 
қораш болып, керісінше өлім-жітімнің көбейіп кеткенін, көрші ау-
ылда оныншы класта оқитын қыз баланың күйеуге тиіп, оқу ісінің 
меңгерушісі орнынан алынып, ал мектеп директорының өскенін 
ғана сөз арасында айтып өтіпті. «Ең соңғы жаңалық» депті үшбу 
хатының аяғында, біздің үйдің керіскедей көк тайыншасын Ұзақ 
тауының бауырында ұрлап сойып əкеткен. Тек терісі, төрт сирағы, 
көзі алайған басы ғана қалған. Мал ашуы – жан ашуы деген ғой, 
əке-шешеміз қатты қапаланып, қайғырғаны болуға керек, үш күн 
сүт қатпай қара шай ішіпті. Амал не?.. Милицияға хабарлаған, əлі 
хабар жоқ. Көк тайыншаның орны бөлек еді-ау, қорамыздың бір 
бұрышы үңірейіп қалғандай болды. Енесі – көк сиыр да ұдайы үш 
күн мөңіреп жоқтаған екен. Есесіне ағайындар ойран-асыр, əлемдегі 
ең бір сүтті, қысы-жазы сауа беретін (тусын, тумасын) жылдым бо-
лар деп, үміт күтіп, болашағына сенім артып отырған «данышпан» 
тайыншаның айдың-күннің аманында қолды болуы, əрине, жанда-
рын жай таптырған.
Ағымнан жарылсам, осы «суық хабарды» естіген соң, көңілім 
жүдеп, жұмысқа бармай қалдым. Екі құлағым шыңылдап, басым 
айналып, көзім қарауытқандай болған соң, дəрігерге барып едім: 
«Жүйкең жұқарған, бір нəрсені қатты уайымдағансыз, демалу ке-
рек» деп шығарып салды.
Жазғы демалыста ауылға барғанымда, əлгі қолды болған көк 
тайыншаны алғаш рет көріп, қайран қалып едім. Қайран қалған 
себебім: соңғы жылдары біздің үйдің сиырлары əлде бұқадан, əлде 
ауа-райының күрт өзгеруінен, себебін кім білсін, əйтеуір, шыбыш-
танып, ұсақтап бара жатқан. Ірі қара тұқымының осыншалық азуы, 


71
əсіресе, шешемнің жанын жегідей жейтін. Орыстардан ақ бас қызыл 
сиыр сатып алайық деп, ертеден қара кешке дейін əкемнің құлағына 
маза бермеуші еді. Расында да, желіні жер сызып, маң-маң басып, не 
берсең соны жей беретін, маңызды оттайтын, маңқайып күйсейтін 
асыл тұқымды текті сиырлар бұл ауылдың асыл арманына айналған. 
Ал мен жазда көрген көк тайыншаның жөні бір басқа, керіскедей-
ау, керіскедей. Қайдан ғана қаңғып туылғанын кім білсін, көрші-
қолаңның аузының суын құртатын əдемі еді-ай жарықтық. Иə, ал 
енді «жарықтық» келмеске аттаныпты. Кеше түсіме кірді: ақ бас 
қызыл бұзауы бар, таудан асып барады екен деймін. Артына қарап 
мөңіреді де, көрінбей кетті... мəңгілікке...
*     *     *
Уақиға былай болған екен. Біздің шал əдеттегісіндей күн шық-
пай тұрады. Сауын сиырларын өрістен айдап қайтуға Ұзақ тауына 
беттейді. Қолында жүген. Кеше кешке тұсап жіберген құла аты сиыр-
лармен бірге жайылатын. Малын түгендейді. Көк тайыншадан өзгесі 
өрісте жүр екен. Құла аттың тұсауын шешіп, жайдақ мініп жер шола-
ды. Жоқ. Бір кезде өзінің ата-бабасы жайлаған таудың ұңғыл-шұңғыл, 
бұта-қарағанын бес саусағындай білетін ол, көк тайыншаның қарасы 
көрінбеген сайын, күдерін үзе бастады. Топтанып қайың өскен, сол 
қайыңның дəл түбінде көк тас жататын, сол көк тастың алқымынан 
қайнап бастау ағатын. Бала кезінде, сол жерді – «Апамның көк тасы» 
деп атапты. Үстіне тоқым төсеп, күні бойы жүн түтіп, иіріп оты-
ратын шешесі елестейді. Енді құла аттың басын солай бұрған. Өз 
көзіне өзі сенбеді. Көк тас көк тайыншаның қанына былғанған. Көзі 
алайып, күзгі ашық аспанға тесіле қарап кесілген бас, серейіп төрт 
сирақ жатыр. Ұры əккі, əрі саспайтын қу болса керек, бастаудың 
суын ластап, ішек-қарнына дейін аршып алған. Меншікті сиырын 
соғымға жыққандай-ақ, боршалап, əдемілеп сойғаны соншалық – 
тіпті терісіне дейін тұздап, керіп, жайып кетіпті. Шалдың жүрегі 
сыздап ауырды. Малым қолды болды деп емес, атаңа нəлет ұрының 
басынғанына, саспай мүшелеп, боқты ішегін қалдырмай, қырып-
жонып əкетіп қалғанына ит-жыны ойнады. Бастаудың күзгі күні де 
жасаңданып жататын маңайы опыр-топыр: тағалы аттың ізі түскен, 
соған қарағанда ұры – екеу секілді. Дегенмен, батырға да жан керек, 
бірі сасқалақтап жүріп қамшысын қалдырып кетіпті. Басқа көзге 
ұрып, куəға тартар дерек жоқ.


жүктеу 4,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау