Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4,19 Kb.
Pdf просмотр
бет4/48
Дата16.02.2018
өлшемі4,19 Kb.
#9899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

13
ұста дүкеніне көмір жағып əкелуші еді. Көлігі мүйізі абажадай үлкен 
арық қызыл өгіз. Əкем шай сораптап отырғанда қызыл өгіз сыртта 
есік алдында оны күтіп, аш қаңтарылып байлаулы тұрады.
Бригадирді бес келтірмей əкем жұмысқа шығып көрген емес. 
Бағана байланған қызыл өгіздің мызғымай əлі тұрғанын көріп, бри-
гадир терезе тұсына шауып келіп, айқай салады:
– Оу, Ыдырыс! Əлі отырмысың? Ойбай-ау, күн түс боп кетті ғой! 
Болсаңшы!
– Қазір, міне шыққалы жатырмын, – дейді əкем. Өзі тапжылмас-
тан отыра береді.
– Болды, барсаңшы жұмысыңа. Құр суды сіміре бергеннен 
бірдеңе шыға ма? – дейді шешем.
– Тағы бір шыны құйып жібер. Содан соң болды.
Сосын тағы бір шыны.
Шəугім сарқылғанда əкем орнынан бір-ақ түрегеледі.
Ыдыкең қысы-жазы бірдей қалың киінеді. Үстінен етегі делдиген 
ақ тоны, басынан жарбиған жаман малақайы түспейді. Күн ыссы-
да малақайының құлағын қайырып, байлап қоюға бір бауы қалайда 
шұнтиған үзік болады, байлауға келмейді. Сондықтан малақайдың 
құлақтарын əкем жай жымқырып, бүктеп қояды. Əменде бір 
құлақтың бүктеуі жазылып кетіп, есектің құлағынша қалқиып, 
былғаң-былғаң етіп жүргені.
Неге екенін қайдам, əкемнің тонында түйме дейтін нəрсе бол-
майтын. Киеді де, тонның екі өңірін айқастырып, беліне май жағудан 
қап-қара болған жіңішке қайыс белбеу буынады. Қатты тартып 
буынған белбеудің əсерінен тонның етегі делдиіп, таңқия қалады. 
Əкемнің аласалау жалпақ денесі сол кезде одан бетер аласарып кет-
кендей болады.
Шыжыған ыстық күнде де əкем əлгіндей қалың киіммен жүреді. 
Бұның қалай десе:
– Қалың киімнен ыстық өтпейді, – дейді.
Дəл арқасына белбеуден өткізіп, балта қыстырады.
Үйде ер болмағандықтан əкем қызыл өгізге ыңыршақ ерттейді. 
Тартпа орнында құр жіп. Үзеңгінің біреуі ағаш, біреуі темір.
Əрі қалың киініп, сіресе қалған, əрі шайнамасыз құр шайды 
қарнын сыздатып тоя ішкен Ыдыкең қызыл өгізге бірден қарғып 
міне алмайды. Күшеніп, үзеңгіге аяғын əрең жеткізіп, артылып міне 
бергенде, ыңыршақ ауып кетеді. Немесе сарғайып тұра беруден 


14
жалыққан қызыл өгіз тыпыршып жүріп кетіп, міне алмай əуре бола-
ды. «Өй, əкеңнің»... деп, Ыдыкең қызыл өгізді келістіре бір боқ тайды 
да, үйден мені шақырады. Ар жақтағы үзеңгіні басып ұстап тұр дейді.
Мен жоқ болсам, тамға, дуалға тартып мінеді.
Күн бұл кезде сəске болып қалған. Өзге жұрт жұмысқа бағана 
кеткен. Жолшыбай кезіккен белсенділерден түгел сөз естіп, əкем 
жұмысқа енді ғана кетіп бара жатады.
Кетіп барады деймін-ау. Əне, ауылдан ұзай берді де, ол қайта 
қайтты. Не болды екен? Бірдеңесін ұмыт қалдырғаннан сау ма?
– Өй, Ыдырыс, неге қайттың?
– От жағатын сіріңке алмаппын, – дейді əкем жайлап қана.
Мен үйден сіріңке алып шығып беремін. Сіріңке жоғалып қалмас 
үшін оны ішкі қалтасына салып алмаққа əкем белбеуін шешеді. 
Белбеуін шешу үшін беліндегі балтаны маған бере тұрады. Осының 
бəрі ешқандай асығыссыз кері қайталанып жəне істеледі.
Уақыт зымырап өтіп жатады. Күн түске тақалады.
– Мына ит бүгін аяғын баспай қалыпты, – деп, кінəнің бəрін енді 
қызыл өгізге аударып, əкем тоғайға қарай маңып кетіп бара жатады.
Əкемнің іш пыстыратын қимылдарына менің төзімім зорға 
жетуші еді. Ішімнен ыза болып, тістеніп, қаным қайнап тұрам.
Ұста дүкені біздің үймен қанаттас, жақын. Өкембай ұстаның 
шың-шың соғылған балғасының дауысы ұзақ күнге бір сембейді. 
Күн сайын там-тұмдап əкелінген көмір кейде бітіп қалады да, ол 
əкемнің көмір жағып əкелуін күтіп, жұмыс істей алмай, сарғайып 
күтіп отырады.Ұста дүкеннің бүкіл жұмысы маған қарап тұр-ау деп, 
Ыдыкең абыржи қоймайды.
Əкем тоғайдан кеш қайтады. Қас қарайған кезде егіннің арасы-
мен келе жатып, тік тұрған астықтың масағынан қойын-қоншын тол-
тырып, үзіп алады.
Жатар кезде терезенің сырт жағынан жарық көрінбестей етіп ішінен 
бітейді де, əлгі алып келген масақты тонның тақыр жағына салып, 
уқалауға кіріседі. Бұл ертеңгі ішіп, жейтін талқанның, көженің қамы.
Масақ ұрлауды əкем егін еталып, сарала тартқан кезден бас-
тайды. Пісіп жетілмеген дəн қуырғанда тырысып, шөжіп кетеді. 
Талқаны көкшіл, дəмі қант қосқандай тəттілеу.
Көктемгі көкөзек кезде əкем көк талқанға іліксек өлмейміз деп, 
бізді жұбатып, армандап отырады. Оның арман еткен көк талқаны 
əлгі.


15
Егіннен масақ ұрлап əкелетіндер тек менің əкем емес.
Таңертең бригадирдің айқайымен оянатын əкем түнде жатар кезде 
бей-берекет шашып тастаған киімдерін таба алмай, үй ішінің астан-
кестеңін шығарады. Əрқайсымызды бір қозғап, жастығымызды 
қопарып, төсеніштің ар жақ, бер жағын ашып қарап, белбеуін, 
тымағын іздейді. Сөйтіп, бəрімізді түгел оятып бітеді. Шұлғауының 
бірі менің жастығымның астынан, малақайы Сатылғанның қойнынан 
табылады.
Əкемнің жоғалғыш киімдерінің бірі оның белбеуі. Барлық киімін 
киіп ап, енді белбеуін таппай, есік алдында сілейіп тұрғаны:
– Ой, тоба, бұл əкеңнің аузын... жер жұтты ма? Қайда кетті?
Белбеу табылмай ауырып жатқан шешеме де маза жоқ.
– Əсбет, қарашы менің белбеуімді. Жер жұтты деймісің, бір жер-
де жатқан шығар.
Шешем бейшара ыңқылдап қоса іздеседі.
– Түнде шешкенде бір жерге белгілеп қоймайтын ба? Күнде-
күнде бұл не? – дейді ренжіп.
Қырсық белбеу соңынан қорадағы ақырдың ішінен табылады.  
Түнде əкем баздан онымен өгізіне салатын шөп буып əкелген. Ақыр-
дың ішінде шөпті шешкен кезде ұмыт қалдырған.
Қыстыгүні əкем аяғына қолдан басқан добалдай пима киеді. Га-
лошсыз. Екі аяқтағы пиманың түрі екі басқа: бірінің басы бақаның 
басына, екіншісінің басы бұзаудың басына ұқсайды. Ол тəрізді 
пимаға тура келетін галош дүниеде əлі жасалмаған болуға керек.
Пималардың ішіне əкем құрым киізден ұлтарақ салады. Осы 
үйде іске алғысыз ескі-құсқы шүберек қанша болса, соның бəрін 
шұлғау етіп оранады.
Кешқұрым ол бүйірі шұрық тесік қаңылтыр пешке отты толты-
рып жағады да, күні бойы сусіңді болған шомбал пималарды шешіп, 
жайып жатады. Ең ішкі орамына дейін су өткен сарала шұлғаулар, 
ұлтарақтар самсап түгел жайылған кезде қайнаған қоңырсық жаман 
иіс үйдің ішіне толып кетеді. Жер төсекте пешке арқасын қыздырып 
тыныстап жатқан ауру шешем сол кезде үстіне от түскендей басын 
көтеріп алады:
– Ыдырыс, тағы да сен бе? Тұншықтырып өлтірдің ғой, сығыр 
құдай. Қақтамай, қоя тұршы. Жатар кезде жайсаң да кебеді ғой. Тым 
болмаса, пешке тақамай, əрірек жай.
Түнде біздің үйге ұры кіре ме, қайдам, таңертең əлгі аталған 


жүктеу 4,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау