87
Көңілім күпті болғанымен мен кете бардым. Бұл кеште мен үйге
əдейі асыққан жоқпын. Өгей шешем жоғалған ақшаның тарихын
əкеме айтып үлгерсін деймін.
Мен үйге кіргенде əкем есіктің жанында белбеуін ұстап тұр екен.
– Мында кел, сұм неме! – деп айқайлаған əкем менің құлағыма
жармасты. – Менің ақшамды қайда құрттың? Айт, жаныңның барын-
да?!
– Мен оны жоғалтып алдым, пап! – дедім зəрем ұшып.
Жалбарынған күйі миссис Беркке қарап қоямын. Маған ара түсер
деп тұрмын.
– Жоғалттың? Сонда оны қайда жоғалттың?
– Мен Поллиге дəрі алмақ боп бара жатқам, ал дəу бала маған тап
беріп, оны қолымнан тартып алды.
– Сонда мен сенің ертегіңе сенеді деп ойлайсың ба? – деп ашудан
қалшылдап кеткен əкем айқайға басты.
Əкемнің маған сенбегеніне аса таңданған жоқпын, бірақ өгей
шешем сөйлеп қоя бергенде жағамды ұстадым.
– Иə, маған да осы өтірігін айтқан. Ал енді, Джеймс, оның осы
уақытқа дейін қайда сандалып жүргенін, алжапқышындағы ана май-
лы дақтың қайдан екенін сұрап көрші.
Шынында да менің алжапқышымда өзім біржарым пенске сатып
алып, қарық болған майлы самсаның дағы қалған.
– Қандай зымиян, ұрысың! – деп айқайлады əкем. – Сен менің
ақшамды ұрлап, өз қарныңды күйттеп жүр екенсің ғой.
– Иə, мен де солай болар деп ойлаймын, Джеймс, – деді сұрқия
қатын, – дұрыстап тұрып сазайын тарттыршы.
Əкем қалың былғары белбеуімен дүрелеп болғанша ол осы жер-
ден тапжылған жоқ. Шамам келгенше ақша жөніндегі бүкіл оқиғаны
бақырып айтқан болдым, бірақ ол мені тыңдамай, қолы талғанша
дүреледі. Дүрелеп болған соң мені қараңғы бөлмеге қамап, жарым
күнге дейін ұстады. Сол кезде өгей шешемді қалай жек көрдім
десеңші. Ашудың қысқаны сонша, қызыл-жоса таңбаларды да еле-
ген жоқпын.
Əкем осы алдамшы əйелге көзсіз сеніп, оны туған анаңдай сый-
ла деп талап ететін менен. Бірде ол əлдебір жас жігітті ертіп келіп,
мені бір бөтелке ромға жұмсаған. Мен ромды əкелген соң, қонақ оны
стақандарға құйды да əкем мен өгей шешемнің денсаулығы үшін,
оларға зор бақыт тілеп іше бастады. Бұл мені таңдандыра қойған
88
жоқ, сөйтіп бөлмеден шығуға ыңғайлана бергенімде əкемнің мені
тоқтатқаны.
– Мында кел, Джим, – деді ол, – мына отырған кісіні көріп
тұрсың ба?
– Əрине, көріп тұрмын, – деп жауап бердім, – бұл менің өгей
шешем, миссис Берк.
– Оны өгей деп атаушы болма. Ол саған өгей шеше емес! – деп
айқай салды əкем.
– Ал сонда ол кім?
– Ол сенің анаң, міне, солай атауың керек. Жəне оны туған
анаңдай аялауың керек. Бар, тап қазір оны бетінен сүй.
Əкемнің сөзінің еш сөкеттігі жоқ, бірақ оны естіген мен
кемсеңдеп жылай бастадым.
– Айтыңдаршы осы, мына жексұрын несіне қыңқылдайды? – деп
айқайлады əкем.
– Қойшы соны, серігім, – деп араласты өгей шешем. – Бұл бір
қыңыр бала... Əрі өзің де білесің ғой, оның қандай жексұрын екенін.
Мен одан əрі барқырап жылауға кірістім, өйткені марқұм анамды
жанымдай жақсы көретінмін. Оның үстіне зымиян, алдамшы əйелді
анам деп жатудың өзі жаныма бататын.
Əкем ашуланып, үстелді қойып қалды.
– Жə, балаға тиісе берме! – деді қонақ. – Қаншаға келді өзі,
Джеймс? – деп сұрады əкемнен.
– Жетіге шықты.
– Е, онда жақында-ақ өз нанын өзі тауып жейтін болыпты ғой.
– Əлбетте, əлбетте. Баяғыда-ақ жеткен! – деп қыстырылды өгей
шешем. – Əне қара, зіңгіттей емес пе. Ақша табатын кезі жетті. Бос
сенделуі жетер.
– Ол онсыз да жұмыс істеп жүр ғой, – деп жақтырмай тіл қатты
əкем. – Ол күні бойы Поллиді бағады.
– Жұмыс болғанына. Кіп-кішкентай баланы қолына алып уат-
қаны ма, оны жалғыз тастап кетіп, балалармен ойнап кететіні ше?
– Ал мен сіздерге айтайын, – деді қатқыл үнмен қонақ, – дүниеде
бала күткеннен асқан азап жоқ. Менің өзімді де осындай жұмысқа
жеккен мен одан алғашқы мүмкіндік болған кезде-ақ құтылғам. Бұл
үшін тіпті ит болып үруге де тура келген.
Осы сөздерді айтқан кезде жанашыр қонақ менің қолыма бір
пенниді білдірмей ұстата қойды. Өз ақшамды тезірек жұмсағым
89
келіп, тезірек тайып тұрсам деп, үлкендердің əңгімесіне құлақ түруді
қойдым. Бірақ жас жігіттің ит болып үру туралы сөзі ойыма əбден
қалып қойыпты. Мен бала баққаннан гөрі ит болып үруге оңай көнер
едім. Бірақ менің үргенім кімге керек? Кейде мен шопандардың
қойды отарымен айдағанын, ал балалардың оған отарды иіруге қалай
көмектесетінін, сол кезде олардың ит болып үргенін көргенмін. Бірақ
мен осындай шаруаға ақша төлейтінін ойлаған да емеспін. Шопанға
ит болып үру үшін балаларды жалдаудың керегі не? Оған иттің өзін
ұстау арзан емес пе? – деп ойлаймын. Бірақ қонақ бала уатқаннан ит
болып үрген жақсы деді. Ал ол менің тұрмысым ауыр, əкем басым-
нан сипамайтынын, зұлым өгей шешемнің мені қалай қинайтынын
білмейді, əлі. Бала уату оған ұнамаса, бұл мен үшін нағыз азаптың
өзі болатын.
3-6-Б.
Сөздік
өгей
неродной
жетім
сирота
шала
наполовину
үйлену
жениться
ашушаң
раздражительный, вспыльчи-
вый
жалқау
лентяй
қулық
хитрость, обман
құрық
курук (петля для ловли лоша-
дей)
жұрт
общественность, публика
титықтау
замориться, размариваться
уату
успокаивать, утешать
құдық
колодец
тарту
тянуть, тащить
жинау
собирать, убирать
90
жүгіру
бежать, бегать
тойғызу
накормить досыта
аш
голодный
ұстау
держать
ертеңгі
завтрашний
оны-мұны
то-сё
қалдыру
оставить
мас
пьяный
алдау
обманывать
жұмсау
поручить, послать за чем-нибудь
түс
полдень
ас
пища, еда
кешкі
вечерний
оралу
возвращаться, вернуться
шаршау
утомиться, устать
əзір
готовый
көбіне
в основном, чаще всего
оңбаған
непутевый, бессовестный
мешкей
обжора, ненасытный
ақталу
оправдываться, откупиться
дəрмен
сила, мощь
екеулеп
вдвоем
сасу
теряться, прийти в замешатель-
ство
ес
разум, рассудок, память
анық
ясный, очевидный, достоверный
аяныш
жалость, жалко
сорлы
бедный, бедняга
еңіреу
рыдать, плакать
соққы
побои, удар
Достарыңызбен бөлісу: |