75
күнде асып жей берген соң, күйеуі шөптің астына тығып тастаған
екен... əй, қазақтардан бəрі шығады...
– Ол оқиғаны мен де естігенмін, етті сен емес, иті тауып алған, –
деді шешем қарап отырмай. Ас ішіп, көңілі жайланған В.В. Окинков:
– Ал, басынан қайта бастайықшы өзі, – деп, қағаз-қарындашын
суырды. – Аты-жөніңіз, көк тайыншаның жасы, түр-түсі...
Əкем жарықтық шыдамды адам еді ғой, Окинковты осы əзірде
ғана көріп отырғандай, бастан-аяқ тəптіштеп шықты.
– Дұ-рұ-ы-ы-с-с, – деді милиционер енді шешеме бұрылып, –
енді сізге келейік. Фамилияңыз?
Қызық басталды. Бағанадан бері өз тізесін өзі тоқпақтағандай,
əрең отырған кемпір шорт кетті.
– Əй, Əкемков, – деді ызадан жарылардай болып. – Өз тайынша-
мызды өзіміз ұрлағандай бізді тергегенің не осы! Міне, жеті ай бол-
ды, əлдеқашан сүйегіне қына бітіп кеткен ата-бабамыздың аруағын
қозғап, пəмилиямды сұрай бересің ғой. Сен келген сайын, басымның
сақинасы ұстайды. Көк тайынша да, сен де құры. Кет өзің, жыным-
ды ұстатпай!
В.В. Окинков үндеместен орнынан тұрды да, есікке беттеді.
Босағада тұрған қалпында сөмкесін ақтарып, əкем жазған өтініш
қағазды алып.
– Арыздарың. Енді өзің жоғалсаң да, бұл үйге келмеспін, – деді
шешеме.
– Əдірем қал. Мені құдайдан басқа ешкім ұрлай алмайды.
Сөйтіп, бұл үй милициясыз қалды. Осы күннің ертеңінде бас-
тауыш класқа сабақ беретін əпкем – Аймен ұры ұмыт қалдырған
қамшыны қолына ұстап шығады. Мектепке барған соң əр класқа
кіріп: «Кəне, балалар, мына қамшыны танитындарың бар ма?» –
деп бас-басынан сұрайды. Үшінші класқа кіргенде, мұрнын үнемі
жеңімен сүртіп отыратын қара ұл: «Ой, мұғалима, бұл – папамның
қамшысы. Былтыр жазда ағам өріп берген», – деп орнынан ұшып
түрегеледі. Иə, жеті ай милиционер іздеген ұры жеті минутта табы-
лады. Бірақ баяғыда ұмытылып, садақаға шалып қойған көк тайын-
ша дауын дабыралаудың реті ешбір болмайтын еді. Мұрнын жеңімен
сүрте беретін қара ұлдың папасы бұл үйдің құдасы, сыйлас адам.
Сондықтан да жабулы қазанды жабуымен қойған. Тек баласы айтып
барған болу керек, «құдалар» жағы көпке дейін амандаспай жүрді.
76
Жаз шығып, ел-жұрт шөп науқанына кіріскен шақ. Əкем де тарт-
пасын (шалғысын) шыңдап, көзі тірісінде əжеміз тігіп берген қара
торсыққа сусынын құйып, пішен оруға шыққан. Жылдағыдай емес,
биыл жаз берекелі болды, шөп қалың, жеміс-жидек көп. Күн ыстық.
Мосыға шəугім іліп, шай қайнатып, демалып отырған.
Топ қайыңның түбінен бастау алар тұма тазарған, көк тайыншаның
ұры сойған орнын шөп басқан. Дегенмен, баяғы бір көрініс – көзі
алайған малдың басы мен төрт сирақ көз алдына елестеп, жамбастай
жатқан шалдың ойы оңға, санасы санға бөлінді. Мал ашуы емес еді
оны мазалаған, шəй деспеген жұрағаттың басынғаны да. Осы кезде
алаңсыз оттап тұрған құла аты құлағын тікті. Тоғай арасынан салт
атты шығып, бері беттеген. Бұл – көк тайыншаның обалына қалған
«құдасы» еді. Ол аттан жайлап түсіп, асықпай амандасты. Малдас
құрған қалпы шөптің бір сабағын аузына салып, тістелеп алысқа
қарады. Жеңіл күрсінгендей болды.
– Құда, – деді сəл қарлыққан, сəл толқыған үнмен, – Сіз маған
өкпелеп жүрсіз білем.
– Неге өкпелейін, – деді əкем насыбайын атып.
– Жоқ, жасырмаңыз, өкпелеп жүрсіз. Болар іс – болды. Көк
тайыншаларыңызды мен ұрлаған едім, оны өзіңіз де сезгенсіз.
– Оны кім айтты саған?
– Екі дүниеде де ризамын сізге. Біле тұра тіс жарып ешкімге
айтпадыңыз. Мені мойындатып, аяғыңызға жыққан – дəтіңіздің
беріктігі. Басқа біреу болса ғой, қалмақ қайта шапқандай мұқым
ауданға жар салар еді. Рақмет сізге, құдайдың құдіреті, бала жас-
тан əдетім – бірдеме ұрламасам, тыныш ұйықтай алмаймын. Жоқ-
дегенде, өз қойымды өзім қорадан ұрлап шығып, тауға апарып сой-
ып əкелетінімді қайтерсіз. Енді осымен бітті. Сіз үнсіздігіңізбен,
шыдамдылығыңызбен жеңдіңіз мені.
Ол ұзақ сөйледі. Темекісін тартты. Əкеммен бірге шай ішті. Шөп
шабысты.
– Құда, – деді кетерінде қойнына қол салып, – көк тайыншаның
бодауын он сиыр берсем де қайтара алмаспын. Бала-шаға көп, бір
үйде өзім ғана бас көтеретін, қайтара алмас та едім. Мынаны шөп
шапқанда киерсіз, жеңсіз, алды ашық, жеңіл көйлек. Бес сом отыз
тиынның шыт көйлегін əкемнің алдына тастай берді.
– Рақмет, құда, бұл да болса – жөн білгенің.
Ол атына мініп ұзап кетті де, қайта оралды.
77
– Байқамай қонышыма тыға салыппын. Кешіріңіз, əдет қой, –
деп, керзі етігінің қонышынан əкемнің қамшысын суырып алды.
Атын оқыс тебініп, желе жөнелді.
– Қайтқан малға береке, – деді құдасының соңынан көз жазбай
қарап, қамшысын ұстап тұрған əкем. – Ұрлап кетсе қайтер едім.
6-14-Б.
Сөздік
хат
письмо
қарындасым
младшая родная или двоюрод-
ная сестра (в отношении брата,
но не сестры)
ауыл-аймақ
аул и его окрестности
аудан бойынша
по району
өсек-аяң
сплетни
қораш
невзрачный, непримечательный
соңғы жаңалық
последняя новость
сирағы
копыта
көзі алайған басы
голова с вытаращенными гла-
зами
қатты қапаланып
сильно горюя
сүт қатпай
без молока
қора
собир. загон и другие надвор-
ные пристройки; сарай
үңірейіп қалғандай болды
как будто опустел
ұдайы
часто
суық хабарды
неприятные вести
көңілім жүдеп
в плохом настроении
құлағым шыңылдап
шумело в ушах
бұқа
бык
78
шыбыш
коза (в возрасте от 6 месяцов
до года)
ірі қара мал
крупный рогатый скот
маза бермеуші еді
не давал покоя
желіні вымя
асыл тұқымды
породистый, лучшей породы (о
скоте)
тайынша
годовалая телка (телка по второ-
му году)
тері
шкура
қайың
берёза
түр-түсі
масть (о животном)
жарықтық
незабвенный (о покойном)
уақиға
случай, происшествие
ұры
вор
əдеттегісіндей
как всегда (по привычке)
өріс
пастбище, выгон, выпас
жүген
узда
түгендейді
считает
жайдақ атқа мін
сесть на коня охлябью (без сед-
ла и без всякой подпруги)
күдерін үзе бастады
не было надежды, сомневался
тоқым
потник, чепрак
жүн түтіп
трепать шерсть
жүн иіру
прясть шерсть
былғанған
запачканный, замаранный
аспанға тесіле қарап
пристально глядя в небо
ішек-қарын
внутренности, потроха
меншікті
собственный
боршалап
делать продольные надрезы по
мясу для провяливания
Достарыңызбен бөлісу: |