72
Күн ұясынан көтеріліп, етекте жайрап жатқан ауыл қыбыр-қыбыр
тіршілік қамына кіріскенде, жайдақ атты ұрының қамшысымен си-
пай қамшылап үйіне қайтты. Бұл шақта күздің сан алуан бояуына
малынған табиғат тамылжып-ақ тұр еді...
Милицияға хабарлады. Өз беттерінше əрекет жасаған жоқ.
Қыркүйекте шақырған милиция қызметкері қараша біткенде
келді. Бұған да шүкіршілік, келмей қойса қайтер еді.
Ауданнан күніне бір рет қатынайтын сары ала автобустан ми-
лиция формасын киген, қолтығында тері сөмкесі бар кіші лейте-
нант В.В. Окинков түсіп, біздің шалдың үйіне беттеді. Оның төбе-
сі сонадайдан көрінгенде, көк тайыншаның өзі келе жатқандай
қуаныштары қойнына сыймаған. Самаурынға шай қойды, қазанға
ет асты. Астына көрпе, шынтағына жастық төседі. Тамақ ішіп, ар
жағына ел қонғанша, В.В. Окинков лəм-мим деп еш нəрсе сұрамады.
Жамбастай жатып, үйдің ішін шолды, көз қыдыртып жан-жағына
қарады. Көзі ілініп кетті білем, мұрны шұр ете қалып еді, сабағы
бітіп, үйге екпіндей кірген Қанаттың дабыр-дұбыры оятып жіберді.
«Ұйықтасаңшы, ұрыны іздеймін деп шаршадың ғой», – деді шешем.
– Сонымен, – деді В.В. Окинков, есіней сөмкесін ашып, –
сиырла рың ыз қашан жоғалды?
– Осыдан бір жарым ай бұрын, – деді əкем оған жақтырмаған
кейіпте насыбайын атып (Адамдардың іс-əрекеті ішіне сыймағанда,
бір шақша насыбайды бір сағатта атып қоюшы еді).
– Неге ерте хабарламадыңыздар?
– Хабарлағанбыз.
– Да, да... қол тимейді. Ұры көп. Аты-жөніңіз? – деді əкеме тіктей
қарап.
– Райсов Исахан.
– Сіздің фамилияңыз, апа?
Шешем əкеме:
– Əй. Шал, айтсаңшы, – деді.
– Ол да Райсова.
– Дұрыс-сс..с.. Сиырларыңыздың жасы, түсі, белгілері...
– Үш жасар, көк, құйрығы шуатылған ұзын, мүйізі əдемі, келісті
біткен керіскедей.
– Тұра тұрыңыз, – деді əкемнің сөзін бөліп, – керіскедей деген
белгі болмайды. Кім ұрлап сойды деп ойлайсыз?
– Шырағым-ау, кімнің ұрлағанын білсем, сендерден көмек
дəметіп нем бар?
73
– Дұр-ы...с...ссс... Іздейміз, табамыз. Шеше, тағы бір кесе шай
құйып жіберіңізші. Автобустан қалып қоймай тұрғанда қайтайын,
асығыспын, жұмыс көп, ұрылар одан да көп.
Қанат В.В. Окинковты иттен шығарып салды.
Жарықтық күз шолтаң қайрылып, қыс келді. Биыл тіпті асығыс
келді. В.В.Окинковтан хабар-ошар жоқ.
Жаңа жыл есік қағып, қапалақ-қапалақ қар жауды. В.В. Окинков-
тан сыбыс білінбеді. Тек, февраль айын орталап, Алтайдың қақаған
суығы мал мен жанды қысып тұрған шақта аппақ дүниенің арасынан
В.В. Окинковтың төбесі қараңдаған. Көк тайынша тарихын өздері
баяғыда ұмытып, «құрысыншы, от пен суға қарап отырған жоқпыз
ғой, ақсағын қойып сауын бағайық» деп, тəубаға келген бейбіт
тіршіліктерін бұзғанына реніш білдірген.
Шай қойылды. Ет асылды. В.В. Окинов соғымның етін, əсіресе
жылқының етін жақсы жейді екен. Құрт қосқан сорпаны сарқа ішіп,
қолын сүртіп болған соң, көзі ілініп, қалғи бастады. Осы Қанаттың
жүрген жері оңбайды, əсіресе, қыста ойбайлап ашылатын қырау
тұтқан есікті жұлқа тартып кіріп келмесі бар ма... В.В. Окинков
сасқа лақтай атып тұрып, тапаншасына жармасты. Шешем: «Ойбай,
көтек!» – деп, бетін басып отыра қалды. Əкем шақшасын қаққылап:
«Əй, кемпір, насыбай бітіп қалыпты ғой», – деп, шыны сауытты до-
малата салды.
– Фамилияңыз, яғни аты-жөніңіз? – деді есінеген Окинков қағаз-
қарындашын ыңғайлап.
– Райсов Исахан.
– Жасыңыз?
– Алпыс үштемін.
– Ұлтыңыз?
– Қазақпын! – Əкем бұл сөзді нығыздай айтты. Милиционер енді
шешеме шұқшия қарады.
– Аты-жөніңіз, жасыңыз, ұлтыңыз?
– Құдай-ау, əнеугүні айтып едім ғой.
– Тағы да қайталаңыз. – Шошып оянған соң ба, бас терісі
келіспей, қатаң ұстады өзін.
– Райсова, жасы 65-те, – деп кемпірінің орнына тағы да əкем
жауап бере бастап еді, милиционер көнбеді.
– Өзі айтсын. – Шешем сасқалақтады.
– Құдай-ау, қайын атамның атын қалай айтамын... Əй, шал... Тай-
74
ыншамыз керіскедей, аузымызды аққа жарытайын деп тұрған асыл
тұқымды мал еді, – деп, шешем зарлай жөнеліп еді, оны В.В. Окин-
ков тоқтатып тастады.
– «Керіскедей» деген белгі болмайды.
– Алғаш келгеніңде ұмытып кетіппін, шырағым, ұрының орнын-
да ұмытылып қамшысы қалыпты. Міне, – деп, сегіз өрім, тобылғы
сап қамшыны Окинковтың алдына тастады. Ол қамшыны ары айнал-
дырып, бері айналдырып қарап отырды да: – Бұл ауылда не көп –
қамшы көп жəне бір-бірінен айнымайды, – деп, əкеме қайтарып
берді. Бұдан соң: «Іздейміз, табамыз»,– деді де, орнынан асығыс
көтерілді. Оны Қанат иттен шығарып салды.
Қыс өтіп, жазғытұрымның қара қатқағы келді. Ондағы қар
жылбысқалана еріп, қалғаны тау бөктерінде күн санап көбіктене
мүжіліп жатқан, түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз деп аталар ала-
құла шақ еді. Біздің үй бір қалыпта тіршілік кешіп, біреуден кейін,
біреуден ілгері күн көрісімен, ертеңгі атар таң, татар дəмімен дəмелі
күй кешіп жатқан-ды. Көк тайыншаны да, көк сөмкелі В.В.Окинковты
да ұмытқалы қаш-а-н, «тəңірім, бермей-ақ қой, бірақ қолда барын
ала көрме» дегендей, қалғанды қанағат көңілмен көктемді қарсы
алған. Міне, осындай жазға салымның уайым-қайғысыз бір тыныш
күнінде, алдыңғы күні туған мұқыр мүйіз қызыл сиырының уы-
зын жеп, жайбарақат сорпа, шай ішіп, оңашадан оңаша өздері ғана
шүйіркелесіп отырған қоңыр кеште, ағаш үйдің есігі сыңсып ашыл-
ды. Ғажабы, есік көзіндегі аса сақ ала мойнақ, төрт көз ит те шəу деп
үрмеген. Тек, еті үйреніп қалса керек. Алғашында көршілердің бірі
шығар деп, алаңсыз көңілмен ешқайсысы да елемей тамақтарын іше
беріп еді. «Есенсіздер ме» деген дауыстан бастарын кекжең еткізіп
оқыс көтерісті. Осы мезетте В.В. Окинков та дүрс-дүрс басып төрге
оза берген. Сəлемін əкем ғана алды. Ал, шешем болса: «құдай-ай,
тағы да Əкімков қой» деп, қолындағы кесесін шайымен төңкере са-
лып, шегініп кетті.
– Ауданыңда не жаңалық? – деді, əкем арада орнаған тыныш-
тықты бұзайын деген ойменен.
– Аманшылық, ақсақал... Көк тайынша табылған жоқ па?..
– Соны сенен сұрайын деп едік. Шешем бұл сөзді шаптыға айтты.
– Іздейміз, табамыз. Жұмыс басты болып көпке дейін келе алма-
дым. Көрші ауылдарыңыздағы бір семья соғымның етін ұрлатыпты.
Соны іздеп əрең тауып бердік. Сөйтсем, өзі жоқта үйде қалған əйелі
Достарыңызбен бөлісу: |