Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңіне талдау
Тақырыбы: өмір жайлы толғаныстар
Идеясы: Ақынның өмір сүрудегі мақсаты, өз өміріне берген есебі. лирикалық кейіпкер құмарлықпен тілеу тілеп, алдынан жақсылық күтеді. Ол артында өлмейтін сөз қалдырғысы келеді. Ақынға өзек болған мол мұра – өз өмірінен жиған-тергендері. Өмірге талай Қасымдар келеді, әр Қасымның өз көрер соқпағы, соңынан қалдырар ізі бар.
Жанр түрі: философиялық лирика, себебі бұл өлеңде пәлсапалық ой басым. Адамдардың бірін-бірі түсінуінде кереғар ұғымдар бар, сондықтан біреуге аспандағы асыл, енді біреуге-жұртта қалған жасық. Мекен кең, дүние жалт-жұлт еткен. Арпалысқан ала құйын заманалар, арбасқан дүниені түсіну оңай емес. Бір арнаға түскен өмір жоқ.
Шумақ: 26
Тармақ: 106
Бунақ: 3 бунақты
Өзге емес, //өзім айтам //өз жайымда,//
Жүрегім //жалын атқан// сөз дайында.//
Тереңде //тұнып жатқан// дауыл күйді //
Тербетіп,// тулатып //бір қозғайын да... //
Буын саны: 11 буынды
Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы (ааба)
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, а
Өкінем ұқсата алмай келемін деп. а
Күніне жүз ойланып, мың толғанам, б
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. а
Тіл байлығы:
Антоним: қайғыру – сүйіну
оңды – солды
Синоним: жерім, елім.
дүние, өмір, кең мекен.
дос, жолдас.
Идиомалық тіркестер: жалын атқан, тұнып жатқан, алақұйын заманалар, адамзат сапарының, жүз ойланып, мың толғанам, өмірдің алтын сарай аспанына, от өмірім, ақылдың алтын оты, өлеңнің өткірі, сұңқар үнім т.б.
Көркемдегіш құралдар:
Теңеу: Торқадай жамылып ап топырағын, Өлеңін бөбегіндей әлдилеген. Серінің семсеріндей сертке таққан, Тоқтамас өмірімнің сағатындай, Жалт беріп жоғалар ма нажағайдай ,Мерт болған балапанның қанатыңдай? Өртке тиген дауылдай өлеңімді.
Эпитет:
Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын,
Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын.
Ежелден еркебұлан Қасым едім,
Бұлқына тасып едім, басып едім.
Метафора:
Мен қалған бір атаның ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.
Екі көз – екі жүлдыз маңдайдағы,
Гүрілдеп жалын атқан кеудем – көрік,
Жүзім – жаз, көңілім – көктем, кең пейілді,
Сөзім – жыр, лебізім – күй, ерке едім,
Берейін өмірімнен өлең жасап
Метонимия:
Жақсының жүрегіне ғашық едім.
Гипербола:
Көңлімде көл жасаман тамшыменен.
Символ:
Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.
Кейіптеу:
Жүзінде кәрі жердің әжімі көп,
Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім.
Қиялым қақты қанат ерте менің.
Достарыңызбен бөлісу: |