Элегия – мұңды өлең. Адам көңілінің жабырқау, мұңлы-сырлы күйін танытатын шағын көлемді лирикалық өлең э л е г и я деп аталады. Элегияда, әдетте, өмірдің тұрақсыздығы, тағдыр, болмыс туралы өкінішті ой-толғаныстар, өмірде бастан кешкен сәтсіздіктер, ауыртпалық, жалғыздық, т.б. айтылады. Ақын көңілінің мұңы мен өкініші, торығуы мен тосырқауы жалқылық-жекелік сипаттан гөрі жалпылық сипатта көрінеді.
Мұндай сипат Махамбет, Абай, Сұлтанмахмұттың элегиялық өлеңдеріне де тән. Махамбеттің «Мұнар күн», «Жалғыздық», Абайдың «Жүрегім менің қырық жамау», «Жүректе қайрат болмаса», «Көк ала бұлт сөгіліп», «Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?», «Ішім өлген, сыртым сау», т.б. элегиялық өлеңдерінде әлеуметтік шындық сыры айқын танылады.
Эпитафия. Дүниеден кеткен әлдебір қадірлі кісі жайлы жоқтау.
Мадақтау (ода). Ода ежелгі Грекияда әртүрлі тақырыпқа арналып, музыкамен сүйемелдеп, хормен айтылатын өлең. Кейін салтанатты, көтеріңкі леппен келетін лирикалық өлең. Ол жыраулар поэзиясында, ақындар шығармашылығында жиі кездеседі. Қазақ хандарының дәуірлеп тұрған кезінде ханның қасындағы ақындардан ода шығарушылар көп болған. Жәңгір хан тұсында өмір сүрген Байтоқ ақынды айтуға болады.
Бейне өлең. Табиғат немесе өмірдің кез келген құбылысын суреттеуге арналған, т б.
5. Шумақ түрі анықталады. Төмендегі шумақ түрлерінің қайсысына жатады? Шумақ дегеніміз – аяқталған синтаксистік құрылым.
6. Тармақ – өлеңнің әр жолы.
Сегіз тармақты шумақ қайсысына жатады?
7. Бунақ түрлерінің қайсысына жатады? Бунақ – өлеңнің белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.
Ескерту:
1). Бір бунақты өлеңге 3, 4 не 5 буынды тармақтан тұратын өлеңдер жатады.
2). Екі бунақты өлеңге 6, 7, 8, 10 буынды тармақтан тұратын өлеңдер жатады.
3). Үш бунақты өлеңге 9, 11, 13 буынды тармақтан тұратын өлеңдер жатады.
4). Төрт бунақты өлеңге 14, 15, 16, 18 буынды тармақтан тұратын өлеңдер жатады.
Мысалы:
Атам бар менің \5\
Ақбасты шыңдай \5\
Атам бар менің \5\
Сақалы қудай. \5\
(Р.Ғамзатов)
8. Өлеңнің буын саны анықталады. Ол сөздегі дауысты дыбыстарға байланысты, яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Оның түрлері:
Алты буынды өлең
Аралас буынды өлең
9. Өлең ұйқасы анықталады. Ұйқас дегеніміз – тармақтың соңғы сөздерінің өзара үндесіп айтылуы. Ол өлеңнің бүкіл өн бойымен тамырлас. Ұйқас түрлері:
Қара өлең ұйқасы: А А Б А
Егіз ұйқас: А А Б Б
Шалыс ұйқас: А Б А Б
Ерікті ұйқас: А Б В Г
Аралас ұйқас: А А Б В Б В Б
Шұбыртпалы ұйқас: А А А А
Аттамалы ұйқас: А Б В Б
10. Сөз сыры. Мұнда өлеңде қолданылған сөздердің мағынасы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |