145
проблемаларды нақты анықтау үшін І жартыжылдықта «Holiday’s Activity» тақырыбында сыни
ойлаудың «INSERT» стратегиясын қолдандық. Оқушылар бұрынғы білімдерін жаңа ақпаратпен
толықтырды. Сонымен қатар сабағымыздың қорытынды кезеңдерінде «True or False» әдісін
қолдандық.
Осы сынып оқушыларының оқылым дағдысында берілен жұмыстарын зерттей келе жиі
кездесетін қателердің келесі түрлері анықталды:
Сөйлемдерді тура мағынада аударуы;
Сөздердің бір ғана мағынасын білуі;
Сөздердің синоним түрлерін білмеуі;
Сөздік қорларының аз болуы;
Ағылшын тіліндегі сөз таптарының дұрыс ретін білмеуі.
Оқушылар өздерінің тілді меңгерудегі А, В және С-деңгейдегі оқушылардың жұмыстары
негіз болды, әсіресе оқудан қиналатын С-деңгейдегі оқушылар басты назарда болды. Алдымен
біз оқылым дағдысы бойынша сабақта оқушылардың мәтінді дұрыс аударудан
қиналатындықтарын анықтадық. Мәтінді оқып болғаннан кейін, «Блум түймедағындағы» әртүрлі
деңгейдегі сұрақтарға әр оқушы 2 сұрақтан алып жауап берді. Оқушылар өз ойларын шамалары
жеткенше жауап берді. Кейбір оқушылар ағылшын тілінде анық, нақты жауап берсе, кейбір
оқушылар тілдік қорларының жетіспеуіне байланысты жауап беруден қиналып, қазақ тілінде
жауап берді.
Бұл мәселені шешу үшін алдымен, біз аптада бір рет кезекті кездесулер ұйымдастырып,
сабақтарда оқылым дағдысын жақсартуға бағытталған жоспар жасадық. Жоспардың жүзеге
асырылуын қадағалау үшін өзара сабақты бақылау жүргіздік және бақылаудан кейін бір-бірімізге
сындарлы кері байланыс бердік. Соның нәтижесінде сабақ жоспарларына қажетті өзгерістер
енгізіп отырдық. Оқушылар ережелерді білгенімен, тапсырманы орындау барысында сол білімді
жеткілікті қолдана алмады. Ол үшін оқушылар жұмыстарын тексерген соң, кері байланыс беріліп
отырды. Содан кейін оқушылар сол кері байланысты ескеріп, жұмысты қайта қарастырып және
терең талдау жүргізді. Ағылшын тілін үйренуде оқылым дағдысын дамыту үдерісі бойынша
жұмыстың екінші нұсқасы жазылуы керек. Оқушылар өз жұмыстарын терең талдағаннан кейін,
болжап оқу стратегиясы бойынша жұмыс жүргізілді. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін жекелеп
оқып, әрі қарай не болатынын «CLICHE» әдісі арқылы болжап, өз ойларын жеткізді. In my
opinion…, I think…, As for me…, To my mind…, Finally..., In the end… сөз тіркестерін қолданды.
Зерттеу нәтижесінде оқушылар төмендегідей білім сапасын көрсетті:
Зерттеу басындағы 5 "Б" 1,2топ Зерттеу соңындағы 5 "Б" 1,2 топ
сыныбының білім сапасы сыныбының білім сапасы
Достарыңызбен бөлісу: