Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет74/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   271
Литература 
1.
Андреев А.А. Введение в дистанционное обучение: учебно-методическое пособие. — М.: ВУ, 
1997. 
2.
Полат Е.С. Педагогические технологии дистанционного обучения / Е.С.Полат, М.В.Моисеева, 
А.Е.Петров ; под ред. Е.С.Полат. — М.: Академия, 2009. 
3.
Хуторской А.В. Дистанционное обучение и его технологии // Компьютерра. – 2008. - №36. 
 
 
 
Адилбаева Ж. Т. 
Қарағанды қаласы № 34 ЖББМ 
 
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ САУАТТЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ 
ДАМЫТУДЫҢ МЕХАНИЗМІ 
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру 
кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып 
отыр. Себебі, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда 
болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық 
іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. 


149 
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда 
ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру 
мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет 
жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. 
Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, 
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны 
меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу 
үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. 
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – 
оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық 
технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік 
«әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне 
ықпалын тигізуде. 
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға – деп Абай атамыз жырлағандай заман талабына сай әр ұстаз өз 
шәкірттеріне жаңашылдық енгізе білуі керек деп ойлаймын. 
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту 
технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық 
меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен 
көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, 
оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-
бағдар берілуде.
Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық 
технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір пән 
сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту 
технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының 
әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарпынан көңіл 
бөлінуі тиіс.
Қазіргі инновациялық-озық технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен, 
яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Инновациялық (озық) білім беру 
деп - тұлғаның бағдарлы қөзқарсты, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге 
жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
Балаға өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.
Ғылыми-қолданбалы бағытта нақты педагогикалық идеялар мен тұжырымдарға 
негізделген жаңа педагогикалық технологиялар жобаланады; мұғалімдерге педагогикалық 
технологияларды оқытудың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі 
әдістемеде технологиялардың бірнеше түрлері бар. Солардың бірі оқушылардың шығармашылық 
қабілетін, ұшқыр қиялын дамытуға бағытталған деңгейлеп саралап оқыту технологиясы (СТО). 
Қазіргі таңда СТО технологиясын пайдаланып өткізілген сабақтар мен дәстүрлі сабақтарды 
салыстыру нәтижесі.
Инновациялық технологиялардың бірі – ақпараттық технология. Оқытудың ақпараттық 
технологиясы - ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық 
технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар. Ақпараттандыру технологиясы 
арқылы заман талабынан сай сабақ берудің тиімділігі өте көп. Күнделікті сабаққа видео, аудио 
қондырғыларды мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мультимедиалық 
проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр мұғалім өзі көз жеткізіп отыр.


150 
Жаңа ақпараттық технолгияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп
шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Мектептердің оқу-тәрбие үрдісіне жаңа 
ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, 
сабақ қарқыны жеделдетіледі. Электрондық оқулық мектеп оқушыларын ақпараттық 
технологияны кіші жастан меңгеруге көмектесіп, оқушылардың өз бетімен білімдерін 
толықтыруларына мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияның ерекшелігі: оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық 
ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің қөзқарасын логикалық түрде дәлелдейді.
Қазіргі таңда бастауыш мектеп сатысында әрбір пән бойынша деңгейлік тапсырмалар 
жүйесін дайындауға болады. Оқушыларға берілетін тапсырмаларды білімді қабылдауға 
бағытталған іс-әрекеттік модель ретінде қарастырған жөн. Оқытудан күтілетін нәтижені негізге 
ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша, жазбаша тексеру, тапсырма беру, 
жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін 
жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға 
болады.
Бастауыштан бастап жеке тұлғаға бағытталған озық педагогикалық технологиялық 
сабақтар беруі дегеніміз - оқытушының шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес, 
оқушылардың субъект ретіндегі өмірлік тәжірибесін үнемі назарда ұстауы, сол тәжірибеге 
сүйенуі. Ең маңыздысы - әр оқушының ерекше болмысы, тұлғалық қасиеттерін мойындау. Әр 
баланың жеке даму процесіне, оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау 
жүргізетін бір мезгілде оқытушы да, психологта болуы тиіс.
Мен өзім бастауыш сыныпта сабақ бергендіктен, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай 
сабағымда ойын, СТО, ақпараттық технологиялардың элеметтерін және Н.А.Оразахынованың 
«сатылай кешенді талдау» технологиясын толық пайдаланамын. Н.А.Оразахынованың «Сатылай 
кешенді талдау» технологиясы – жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудің көзі десем де болады.
Себебі, бұл технологияны тәрбие жағынан да пайдаланып, басшылыққа алып отырмын. 
Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың өзегі ретінде өздігінен 
пайда бола қоймайды. Бұл ұзақ үдеріс, ғылыми зерттеулердің, күрделі де шығынды 
эксперименттердің және, ақыр аяғында, ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен 
келетін жемісі. 
Сатылай кешенді талдау дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік 
ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, комплексті меңгертіп, 
оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай 
кешенді талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы 
мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, 
дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сатылай кешенді талдау 
технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары қиындықта оқыту.
Дәстүрлі оқыту жүйесінде тіл білімі салаларын оқыту – тілдің ең кіші бөлігі фонетикадан 
басталатыны белгілі. Сатылай кешенді талдау технологиясы да бұл дәстүрді сақтайды. Бұл – 
заңды құбылыс. Себебі дыбыс жүйесін, әр дыбыстың ерекшеліктерін меңгерту фонетикадан 
берілетін білімнің негізі болып есептеледі. Дыбыс жүйесін жете меңгермеген оқушы буын, 
үндестік заңы, екпін сияқты фонетикалық заңдылықтарын игере алмайды, жазуда қате жібереді, 
сөйлеу тілінде де кемшіліктер байқалады. 
Тіліміздегі сөздердің дыбыстық құрылысын, олардың дыбыс жүйелерінің қолданылу 
ерекшеліктерін, әр дыбыстың өзіндік ерекше сапасын, жеке дыбыстардың жасалуындағы, сол 
сияқты қолдануындағы қарқыны мен белсенділігін, айтылу күшін, әлсіздігін, созылыңқылығын, 
үнін, әуенін, ашықтығын, айқындылығын, көмескілігін, күңгірттігін, үн мен салдырдың 
мөлшерін т.с.с. қасиеттерін толық түсініп, жақсы меңгеру арқылы ғана қазақ тілінің нақтылы 
фонетикалық материалына қажетті талдау жасауға мүмкіндік туады. 
Сатылай кешенді талдау – негізгі фонемалардың жалпы табиғатын, ішкі сапалық 
қасиеттерін, жасалу орнын жете тексеріп, оларды бір-бірінен ажырата білуге, сөз ішінде, сөз 
аралығында кездесіп отыратын алуан түрлі дыбыс алмасуларының сырын ашуға, белгілі 
сөздерді, сөз бөліктерін таңбалауындағы ала-құлалықты бірізге салуға мүмкіндік жасайды. 
Практикалық тұрғыдан жетік игерілмеген білім құр жаттандылыққа ұрындырады. Есте 
ұзақ сақталмайды. Тілдің әр саласынан өтілген материалдарды, ондағы түрлі грамматикалық 


151 
тұлғалардың атқаратын қызметтерін, тыныс белгілерінің қолдану ерекшеліктерін талдап, 
саралап, жинақтап меңгерту сатылай кешенді талдаудың басты белгісі болып табылады.
Тіл білімінің фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис салаларын талдауды 
сауатты, жүйелі, бірізділікпен жүргізуде арнайы алгоритм басшылыққа алынады. 
Ғалымдар зерттеулерінде алгоритмге төмендегідей анықтама беріледі: «Алгоритм дегеніміз 
– кейбір бірыңғай тапсырмалар жүйесінің ішінен кез келген нақтылы тапсырманы таза 
механикалық тұрғыдан шешуге мүмкіндік беретін ережелер жиынтығы. Басқаша айтқанда, 
алгоритм берілетін ережелердің сабақтастығы. Мұны орындау дұрыс нәтижеге қол жеткізуді 
қамтамасыз етеді». Мысалы келтіретін болсам 
Дауысты дыбыстарға мінездеме беру 
1. Бұл – дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында 
ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады. 
2. Тілдің қатысына қарай – тіл арты немесе жуан дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айқанда 
тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді. 
3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай – ашық дауысты. Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ кең 
ашылып, ауа еркін шығады. 
4.Ерін мен езудің қатысына қарай – езулік дауысты. Себебі, бұл дыбысты айқанда ерін 
жиырылып, езу артқа қарай тартылады. 
Мен қолданып жүрген осы сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы менің 
балаларымның ойлары, есте сақтау қабілеттері, тілі, танымдылығы дами бастады және әр затты 
толық жан-жақты талдап, дәлелдей алуға дағдыланды.
Кез-келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір 
ұстаз үшін бұлжымас қағида. «Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз» қағидасын ұстанған ұстаз 
үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс.
Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты 
жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине 
жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы 
үшін сабақты қызықты ете алады. 
Білім сапасын арттырудағы жаңа технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай 
тұжырым жасауға болады: 
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология 
түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне 
тікелей байланысты; 
- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде 
ғана жетістікке жетуге болады. 
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу 
орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі 
сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық 
инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі 
міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін 
енгізіп, оны жүзеге асыру міндет. 
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты 
міндеттері мынадай: 
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра 
білу; 
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу; 
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; 
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау