Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет167/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   271
 
Литература
1. Воронщиков С. Г. Учебно-познавательная компетентность школьников: опыт системного 
конструирования. Завуч. Управление современной школой. - №6. – 2007. 
2. Пронина С. М. Гарантии и контроль качества как условия формирования культуры учащихся в 
процессе обучения. Инновации в образовании. 2007.
 
 
 
Дайрбекова А. К., Омарова З. К. 
Қарағанды қ. №82 ЖББМ 
 
САБАҚ БАРЫСЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ТІЛ БАЙЛЫҒЫН ДАМЫТУ 
 
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне 
зор мән берілуге тиіс деп есептейміз. Ана тілі сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай 
әдістерге жатады. Сол арқылы оқу процесін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға үлкен 
мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында жеткізуге, тез, 
жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден-бір таптырмайтын құрал.


339 
Білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Сонау ХХ ғасырдың 
басында Ж. Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын 
нәрсе» деген екен. Ал біз ұстаз ретінде ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени 
мұраларды жадында өшпестей етіп сақтаған құзіретті жеке тұлға қалыптастыруда оқытудағы 
жаңа тәсіл 7 модулді өз сабақтарымызда пайдаланып жүрміз. Бұл тәсілдің басқа 
технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. «Сабақ – оқытушының 
педагогикалық мәдениетінің айнасы», - деп А. Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің 
ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден 
қолдануға болатынын анықтадық. Бұл қолданыстан ұтылғанымыздан ұтқанымыз көп болды.
Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне 
байланысты. Жалпы біздің оқытудағы өз міндетіміз оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға 
тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Сондықтан сабақта оқушылардан жиі 
тақырып бойынша жеке, жұптық, топтық жұмыс яғни пирамидалық тәсіл түрлерін алып 
отырамыз. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын 
білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Мұғалім бала бойындағы туабіткен түрлі қасиеттерді 
дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне 
жағдай туғызып, көмектеседі. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың 
таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім 
деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады. 
Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге ала отырады. 
Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қояды. 
Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді. Оқушының тілінің дамуы жоғары болса, ол 
оның өмір жолында, сыныптастарымен қарым-қатынасына, сонымен қатар мектепте нәтижелі 
оқуына әсерін тигізеді. Сөйлеу тіліне ең алдымен, анықтама берсек. Сөйлеу тілі–күнделікті 
қарым-қатынаста пайдаланылатын әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу тілі белгілі бір жағдайда ауызба-
ауыз тікілей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз 
байланысты болады. Ал ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді, яғни үйреншікті жағдайда 
оқушылар емін-еркін сөйлейді. Сонымен бірге сөйлеу тілі жазбаша түрде де қолданылады. 
Оқушылардың сөйлеу тілінің қабілеттерінің қалыптасуы және дамуының нәтижелі 
шарттары қандай? Ең бірінші шарт, ол – қарым-қатынастың қажеттілігі. Демек, өз пікірімен 
немесе ақпаратпен бөлісу тілегі мен қызығушылығын туғызатын, сөйлеу тілінің ынтасын 
айқындайтын жағдайларды қалыптастыру керек. 
Екінші шарт, ол – қарым-қатынас ортасын құру. Қарым-қатынас ортасы – бұл ата-
аналардың, жақындардың, достардың әңгімелері, көркем әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары, 
мұғалімнің сөйлеу тілі, оқулықтардың тілі. Сөйлеу тілі оқушыға қарым-қатынасқа түсуге және 
дүниені танып білуге көмектеседі. 
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеуге үйретуде психологияға сүйенбей болмайды. 
Сөйлеу тілін дамыту процесінде адамның еркі, есте сақтау қабілеті, ой-өрісінің дамуы, сезімі, 
қиялдай білу ерекшеліктері негізгі рөл атқарады. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің 
дамуы әрдайым педагогикалық басшылықты талап етеді. Сөйлеу тілін дамыту мен байытуда 
жүйелі жұмыс болуы шарт. 
Жас балалардың тілін дамытудың бір жолы ол - көрнекілік пен ойын. Ойын арқылы түрлі 
тілдік жағдай туғызып, балалардың түрлі тақырыпта сөйлеуіне жағдай жасауға болады. Ойын 
кезінде баланың сөйлеуге ынтасы артады, көңіл-күйі өседі, сөйлеуге белсенді қатысады. Ойын 
баланың сана-сезіміне де әсер етіп, тәрбиелік мақсатын да орындайды.Ойын кезінде балалар бір-
бірімен тіл арқылы тығыз қарым-қатынасқа түседі. Ойынға байланысты сөздер ойын кезінде 
бірнеше рет қайталанады. Сондықтан ойынды белгілі сөздердің қайталануына қарай ойын-
жаттығу деп атау ғылымда бар, біз де осы пікірге қосылып, ойын-жаттығу терминін қолдану 
дұрыс деп таптық. 
Ойын-жаттығу мына талаптарға сәйкес болуы керек: Ойын-жаттығу баланың жасына сай 
болуы керек.Ойын-жаттығу негізінен сөйлесімнен құрылады. Яғни, ойынның негізі саналатын 
тілдік жағдай сөйлеу әрекетін туғызатын болуы керек. Тілдік қатысымды жүзеге асыратын 
сөйлеу нәтижесіне ойнау нәтижесі қосылады. Ойын-жаттығу ұжымдық болады, бала ойында өзі 
қалған рөлді таңдай алады. Ойын-жаттығу баланың ауызша сөйлеу дағдысын, сөйлей білуін 


340 
нақтылы сөйлеу әрекеттері арқылы жүзеге асу жағдайын белгілейді. Бұл әдісте білім мен ойын 
сабақта елеусіз байланысады да, ойында, сабақта бала өзін еркін ұстайды.
Оқыту әдістемесін зерттеген ғалымдар оқытуда қолданылатын көрнекіліктің мынадай 
түрін ұсынды, олар: демонстрация, иллюстрация. Оқытуды демонстрациялық негізде 
ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, 
олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Оқушылардың құбылысты 
және танымдық процесті, өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнінде бұл әдіс 
нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқыту процесінде проблемалық және 
ізденушілік жағдайға итермелейді. 
Иллюстрация-демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті 
құралдарды (суреттер, сызбалар, портреттер, модельдер) көрсету қолданылады. Мысалы, қазақ 
тілі сабағында оқушыларға сурет көрсетіліп, оны сипаттау жұмысы немесе мәтін құрастрыу, не 
болмаса екінші бір суретпен салыстыру жұмысын орындатуға болады. Көрнекіліктер айшық 
түсті, барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс және ол оқушының жас ерекшелігіне сәйкес келуі 
ескеріледі. Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әртүрлі ойлау әрекетіне 
бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды. 
Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне байланысты 
тапсырмалар, жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл жұмыстары мәтіндерді оқу, оны 
мазмұндап айту, сұрақтаға жауап беру және шығарма, мазмұндама жазу арқылы жүзеге 
асырылады. Көптеген мұғалімердуің байқауы бойынша бастауыш сынып оқушыларының 
жаттығуларды түсінбеуі, олардың тілінің дамуының жетіспеушілігінің себебі болып отыр. 
Жаңа сөздермен жұмыс тіл дамыту барысында ерекше орын алады. Оқушы әр сабақ 
барысында белгілі бір мөлшерде жаңа сөздерді меңгеруі тиіс. Сөйтіп, оқушылардың сөздік қоры 
молаяды. Сабақ барысында сөздерді жеке дара емес, белгілі бір жағдайға байланысты тақырып 
аясында қолдануға мүмкіндік жасалуы тиіс. Ахмет Байтұрсынұлының: «Тіл дамыту мәселесі тек 
қана грамматика заңдарына үйреніп, не болмаса, сөздерді балаға үйретіп қана емес, сөзді 
тіршілігінде көрсету барысында ғана шешуге болады», – деген тұжырымы бұған дәлел бола 
алады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, 
құрбылыас балалармен белсенді түрде сөздік қарым-қатынас жасайды. 
Бала тілін дамытып қалыптастыруда өз ұлтымыздың ауызекі шығармашылығының 
тигізер ықпалы зор. Халқымыздың ертегі, аңыз-әңгімелері, мақал–мәтелдері, жұмбақ, 
жаңылтпаштары, ойнақы, жеңіл тілімен беріледі. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді 
дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмей, бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға 
жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілеті мен тілін 
ұштайды. Мақал-мәтелдерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері көп. Оларды сыныпта, сыныптан тыс 
оқуда белгілі бір тақырыпты оқытумен бірге сәйкестендіріп алған ыңғайлы. Сөйлеу тілін 
меңгерудің келесі жолы – кешенді оқыту. Ал оқушыларға арналған кешен: оқулық, фонограмма, 
күйтабақтар, үнтаспалар, бейнетаспалар, дидиактикалық үлестірмелік жаттығулар, сөздіктер т.б. 
Қазақ тілі сабақтарында үнтаспаны қосу немемсе бейнетаспаны көрсету арқылы тақырыпқа 
шығуға болады. Тақырыпты тапқаннан кейін оқушылар алдарына мақсаттарды қояды.
Сабақ барасында тақырып мазмұнына сай дидактикалық үлестірмелі жаттығуларды 
беруге болады. Мысалы, жұппен жұмыста өз көршіңмен бірлесіп диалог құру және оны 
сахналау. Бұл оқушылардың бір-бірімен қатынасын жақсартып, сахналауда тапқырлық пен 
ептелікттерін дамытады. Ал топтық жұмыста оқушыларға сурет бойынша ертегі құрастыру 
тапсырылғанда, олардың тек сөйлеу тілі ғана емес ойлау, қиялдау қабілеттері де дамиды. Топпен 
жұмыста тақырыпты меңгеру, бір-бірін тыңдау, ой бөлісу, қабылдау, қорытынды шығару 
қабілеттерін дамыту, достық, бірлік қасиеттерге баулу т.с. с сабақтың үш негізгі мақсаты 
орындалады. Шығармашылық тапсырмада оларға эссе жазу, немесе постер құру сияқты 
тапсырмалар беріледі, яғни бұл жерде олардың ойын жүйелеу, талдау және оны көркем сөйлеу 
арқылы жеткізу қабілеттері дамиды. Тақырыпты оқыту барысында түрлі әдістерді қолданудың 
тиімділігін озат мұғалімдердің іс- тәжірибесі көрсетіп отыр. Практикалық ойындарды пайдалану 
арқылы дамытуға болады. 


341 
Ойын – бала үшін нағыз өмір. Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға 
ықпал жасауға мүмкіндік алады. Балаларды оқытып, тәрбиелеуге әр тарапты ойын элементтерін 
қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады. 
Ойын баланың ой-өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір 
алысу, диалог, монолог түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады. Дұрыс 
ұйымдастырылған ойын негізінде баланың ауызекі сөйлеу тілі дамиды, сөздік қоры молаяды. 
Ұжымдық еңбек процесіне үйреніп, бірлесе қызмет атқару нәтижесінде олардың жолдастық, 
достық ынтымақтары нығаяды. 
Оқытуда қолданылатын ойын әдістері – ойынның нақ өзі емес, ойын түріндегі әдісі. Ол 
логикалық дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып қызықтыру, 
сабаққа белсенділігін арттыру, алған білімін тиянақтау, кеңейту, кейде сабақты түсіндіру
мақсатында қолданылады. 
Мұғалім балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп 
өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын мульяждарды, суреттерді, АКТ-ні, табиғи заттарды 
қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай 
ағаштың жапырағы», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда 
домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Сурет бойынша сөйлем құрастыр», «Қандай 
затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш?», «Қиылған 
суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңе сақта». Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды 
қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. 
Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы – жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз 
ата». 
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен 
қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», тәрізді 
жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін береді. Бұл аталған жаттығу, 
тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін дамытады. 
Сонымен балалардың сөздік қорын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды 
қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қорын дамытып, ауызша сөйлеу 
машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі 
адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. 
1-ойын. «Күн мен түн». Мақсаты: сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту. Мазмұны: педагог сөз 
айтады, балалар оған мағынасы қарама-қарсы сөз айтады. Күн – түн, тәтті – ащы және т.б. 
2-ойын. «Қонаққа барамыз». Балалар үй иелері және қонақтар болып бөлінеді. Үй иелері 
қонақтарды сиқырлы сөздер айту арқылы қарсы алу қажет. Қонақтар сыпайы жауап қайтарады. 
3-ойын. «Сөз құра». Балалар мұғалім мен айтылған буындарға сөз құрайды. Буындар түрлі-түсті 
әдемі болуы мүмкін. Мысалы: гүл шоғырына жиналатын шар немесе гүлдер түрінде. 
4-ойын. «Екішеңбер». Балалар екі шеңберге тұрады. Сыртқы (үлкен) және ішкі (3-4 адамнан). 
Үлкен шеңбердегі балалар тұрады, ал ішкісіндегілер көшбасшы мұғаліммен бірге жүріп, былай 
дейді: «Біз шеңбер бойымен жүреміз, өзімізбен бірге аламыз – тәтті…». Үлкен шеңбердегі 
балалар тез арадақандай да бір тәтті затты ойлау қажет. Мысалы, қант. Қай бала бірінші атаса, 
ішкі шеңберге кіреді. Ойын жалғасын табу үшін жұмсақ, сұйық, ащы, қаттысынды сөздерді де 
пайдалануға болады. Үлкен шеңберде қалып қойған соңғы бала кез-келген тапсырма орындайды 
(жазаретінде). 
5- ойын. «Мен қандай әріппен дос». Бұл ойын әріптерді есте сақтап, сөйлеу тілін дамытуға ғана 
емес, сонымен бірге танымдық сипатқа да ие. Әрбір ойыншыда жануардың суреті болу керек (әр 
түрлі болуы да мүмкін). Мысалы: анасында сиыр, әкесінде түйе, баласында кірпі. Анасы айтады: 
– Менің сиырым «м» әрпімен дос, өйткені онда мүйізі бар. Әкесі: – Менің түйем «ө» әрпімен дос, 
өйткені онда өркеш бар. Бала: – Менің кірпім «и» әрпімен дос, өйткені онда инелері бар. 
Қорытындылай келе, сабақ барысында балаға берген білімнің нәтижесінде олардың 
болашақта сөздік қорының мол, әрі сауатты азамат болуларының негізі осында қаланатынын біз 
әрдайым ұмытпауымыз қажет. 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау