Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет105/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   271
Литература
1.
Национальная академия образования имени И. Алтынсарина. Методические рекомендациипо 
реализации обновленных учебных программ для детей с особымиобразовательными 
потребностями. Нұр-Сұлтан. 2019 г. 
2.
Конвенция ОНН о правах инвалидов. Принята Генеральной Ассамблеей ООН: резолюция 61 
106 от 13 декабря 2006 года. Конвенция и Факультативный договор подписаны Правительством 
РК в 2008 году
3.
Стандартные правила обеспечения равных возможностей для инвалидов. Приняты 
Генеральной Ассамблеей ООН: резолюция 48/96 от 20 декабря 1993 года. Используется в 
качестве методической основы при разработке нормативной базы инклюзивного образования в 
РК.
4.
Конвенция ООН «О правах ребенка». Принята Генеральной Ассамблеей ООН: резолюция 
44/95 от 20 ноября 1989 года. Ратифицирована Правительством РК в 1994 году
5.
Государственная программа развития образования РК на 2011-2020 годы. Утверждена указом 
Президента РК от 7 декабря 2010 года №1118. Извлечения из документа, касающиеся 
инклюзивного образования. 
6.
Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125. 
Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 апреля 2008 года № 5191. 
Байтурганова М.С. 
«
Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ, Балқаш қаласы 
Бастауыш сынып мұғалімі 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА ТҮСІНІП ОҚУ ДАҒДЫСЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Қазақстанның бәсекеге қабілетті, алдыңғы қатарлы мемлекет болып қалыптасуын
қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi - бiлiм беру жүйесi. Жаңа мазмұнда беріліп 
жатқан білім педагогтардың алдында тұрған басты міндет – білім сапасының бәсекеге 
қабілеттілігін арттырудың өзегі болуы тиіс. Қазақстан Республикасының білім және ғылым 
министрлігі мен оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық 
қауымдастық (IEA) арасындағы (31.10.2012ж) Келісім негізінде қазақстандық бастауыш 
мектептің төртінші сынып оқушылары 2016 жылы бастауыш сынып оқушыларының қарапайым 
оқу мәдениеті мен дағдыларының қандай деңгейде екенін анықтауға бағытталған халықаралық 
PIRLS зерттеуіне қатысқанын білеміз.
PIRLS зерттеуі бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын көтеру 
қажеттілігін көрсетті. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби 
мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап 
оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті 
түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. 
Мәтінді толық түсіну – әр тұрғыдан қарағанда оқушы құзыреттілігі мен оның оқу 
сауаттылығы деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, 


213 
мектептегі оқушының үлгеріміне 200 –дей фактор әсер етеді екен. Соның ішінде бірінші фактор– 
оқу дағдысы. Басқа пәндерден және кейін де өмірде құзіретті болу үшін, адам минутына 120-150 
сөз оқуы керек дейді зерттеушілер. Ендеше бастауыш мектепте алған сапалы білім ары қарай 
оқудың іргетасы екенін ескере отырып, оқушының оқу сауаттылығына байланысты дағдысын 
қалыптастыруды төменгі сыныптардан бастап дұрыс жолға қою керек. Сондықтан оқушылардың 
оқу сауаттылығының қалыптасуына барынша мүмкіндік туғызу үшін бастауыш мектеп 
мұғалімінен оқу қызметінің формасын, әдіс-тәсілдерін тауып, кіші сынып оқушыларының 
мәтінмен жұмыс істеу шеберлігінің негізін салу, оқу сауаттылығын арттыру талап етіледі. «Оқу 
сауаттылығы» термині кең мағынада қарапайым оқу біліктілігімен емес, мәліметтерді айқындай 
білу қабілетімен анықталуда. Мектеп жасындағы балалардың тек оқу техникасын меңгеруі 
қазіргі таңда қабілеттілік болып есептелмейді.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында үлкен мақсат бар: 4-сыныптың аяғына дейін 
оқушыларды сөйлеу жылдамдығымен (минутына 120-дан 170 ке дейін сөз) бірдей жылдамдықта 
оқуға үйрету. Оқу техникасының төмендігі мектеп жүйесіндегі барлық кедергілер мен 
қиындықтарға алып келеді. Яғни, оқу жылдамдығы - оқу үлгеріміне тікелей әсер етуші ең негізгі 
фактор. Бастауыш сыныпты минутына 100-170 сөзге дейін оқып бітірген оқушы жоғары 
сыныптарда да жақсы оқиды. Сондықтан жылдам оқуды зияткерлік әуелетті көтеру үшін және 
жадының мүмкіндіктерін кеңейту үшін таптырмайтын құрал деп қарастыруға болады. 
Бірақ бастауыш сыныпта оқушыны тек жылдам оқып қана қоймай, оқығанын түсінуге, 
мәтіннің не туралы екенін айтып беруге, кейіпкерлерін танып үлгеруге, оқыған мәтін бойынша 
сұрақтарға жауап беруге де қоса үйрету керек. Міне, нағыз қиындық осы кезде туындайды. 
Себебі, балалар, сөздің санын көбейту үшін оқу барысында оның не туралы екеніне мән беріп 
жатпайды. Сол себепті кейбір сөздерді қате оқып, немесе буын соңын жұтып қойып жатады. 
Үтір, нүктеге қарамай, яғни пунктуацияны сақтамай, сөйлемдердің арасын жіктемей, логикалық, 
интонациялық үзілістер жасамай оқығандықтан, мәтін мағынасын жоғалтып алады немесе 
мүлде түсінбей қалады. Әрине, оған қоса оқып шыққан мәтіннің мазмұнын мүлде есте 
сақтамайды. Осы кемшілікті жою үшін мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданамыз. Мысалы,
мәтіндегі қажетті мәліметті табу біліктілігін анықтау үшін оқушы назарын мәліметке сұрақ қою 
арқылы аудару қажет, ол үшін мәтінге көз жүгіртіп, оның негізгі элементтерін анықтап, қажетті 
мәліметті табу талап етіледі. Сонымен қатар, отбасылық оқу мәдениетін дамыту мақсатында ата-
аналар қауымымен жұмыс жүргізеді. Бірақ соны бәрі бірдей тиімді бола бермейді.
Бастауыш мектептегі тілдік пәндердің бірі - «Әдебиеттік оқу» - маңызды жеке пән ғана 
емес, ол сонымен қатар мақсаты – қазақ тілін үйретуге негіз қалау, оқушылардың функционалды 
сауаттылығы негізін қалыптастыру, тілдік дағдыларды (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) 
дамыту болып табылатын оқытудың құралы да болып табылады. Неғұрлым оқушылар 
толыққанды оқу дағдысын сәттірек меңгерсе, соғұрлым ертерек және толығырақ олардың басқа 
оқу пәндерінен қабілеттері іске асады. Ендеше, білім алушылардың оқу дағдысы, оның ішінде 
түсініп оқу білігін қалай көтеруге болады? Осы бағыттағы өз тәжірибемді ұсынып отырмын. 
Былтырғы оқу жылында сыныбымда вариативті сағат есебінен «Менің әлемім» атты 
факультатив сабағы жүрді. Оған құрылған бағдарламада оқу жылдамдығын жетілдіруге, саналы 
және мәнерлі оқуға тиімді ықпал ететін сюжеттік желісі түсінікті, қабылдауға жеңіл, шағын 
шығармалар таңдалып алынды.
Факультатив курсының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларында балалар әдебиетімен 
таныстыру арқылы оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру. 
Міндеттері: 
1. Оқу техникасын дамыту және жетілдіру үшін арнайы жаттығу мәтіндерін іріктеу. 
2. Оқу жылдамдығын жетілдіруге, саналы және мәнерлі оқуға тиімді ықпал ететін сюжеттік 
желісі түсінікті, қабылдауға жеңіл шығармалар жиынтығын таңдау. 
3. Оқушылардың зейінін белсендіретін, кедергісіз оқып шығып, оқығанын түсінуге көмектесетін 
жаттығу мәтіндер жүйесін құру. (сәттілік жағдай тудыру) 
Мақсатқа жету барсында мен өзімді толғандырған келесі сұрақтарға жауап іздедім: 
- оқушы оқығанын түсініп отыру үшін не істеу керек? 
- мәжбүрлеусіз қалай оқытуға болады ? 


214 
- өз бетінше оқу арқылы жаңа білімге деген тұрақты қызығушылықты қалай қалыптастыруға 
болады ?
Аталған бағдарламамен жұмыс жасау барысында оқушыларда түсініп оқу уәжі пайда 
болатынына көз жеткіздім және оқушының жеке тәжірибесіне сәйкес оқылған шығарма 
мазмұнына деген ұтымды көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Түсінікті болу үшін, 
қысқаша сабақты сипаттап өтейін. 
Сабақтың мақсаты: Оқыған мәтінге иллюстрация жасау.
Жұмыс барысы:
1.Оқушылар мәтінді іштей оқып шығады. 
Осы жерде оқу шапшаңдығын жетілдіру үшін, қатесіз дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру үшін, 
оқу түрлерін (жеке оқу, жұппен оқу, топпен оқу, хормен оқу, сыбырлап оқу, уақытқа оқу) 
қолданып, жаттығулар жүргізуге, сөйтіп сабақты түрлендіруге болады. 
2. Мазмұны бойынша бір-екі сұрақ қойып, қаншалықты түсінгендерін немесе әңгімеден әсерлері 
қандай екенін білесіз.
Автордың не айтқысы келгенін, шығарманың басты идеясын айтқызу үшін пікірталас тудыруға 
болады. «Осы әңгімеде ең бастысы не?» сұраққа пікірлер тыңдаған қызық. Себебі, біреулер үшін
мүлде ойламаған нәрсе баяндалған оқиғадан маңыздырақ болуы мүмкін және ол сабақтың келесі 
бөлімінен көрініс табады.
3. Иллюстрацияға негіз болатын тірек сөздер анықталады. 
Осы жерде жинақтау, саралау, негізгіні бөліп алу сияқты танымдық әрекеттер іске асады. 
4. Әр оқушы өз білгенінше иллюстрация салуға кіріседі.
Осы тұста баланың суретті қаншалықты әдемі не дұрыс салғаны маңызды емес. Суреттің 
ортасында не бейнеленді, оны қандай түстермен бояды, нені сырт қалдырды немесе керісінше, 
нені алдыңғы планға алып шықты –сол маңызды. 
4. Сабақ соңында барлық суретті көріп шығасыз, балалар да бірінікін –бірі көріп, пікірлерін 
білдіріп жатады.
Бұның бір оң жағы – балалар өз ойларынан тартынбайды, эмоцияларын шынайы түрде 
(шыңғыру, қол соғу, «Ух!» деп таңқалу арқылы) білдіреді. Назар аударыңыздар, «Әдебиеттік 
оқу» сабағында біз оқушылар алдына «мәтінді түсініп оқу» деген мақсат қоямыз. Оқушалар 
ықтиярсыз оқуға кіріседі, себебі бұл мақсат оларда ешқандай эмоционалды серпіліс туғызбайды. 
Оқушы кітап оқуды бір іш пыстыратын, шаршататын әрекет ретінде қабылдайды. Ал мақсатты 
өзгертіп, оны ойын ретінде ұсынсаңыз, (мысалы, біз үлкен баспаханада кітап шығармақшымыз,
қай баланың салған иллюстрациясына таңдау түседі екен?) оқушы жалықпайды. 
Бұл әдістің тағы бір оңтайлы тұсы: оқушы сабақ соңындағы салынған иллюстрация 
түріндегі өнімнің сапалы шығуына толықтай өзінің жауапкершілігін түсінеді. Сондықтан ол 
берілген мәтінді барынша түсініп оқуға бар ынтасын салады. Оқушы салған дайын 
иллюстрациясының өз сыныптастарынан «жақсы», «күшті» деген бағаға ие болуы – шығарманы 
саналы түрде сапалы оқып шығу үшін керемет мотивация бола алады. Оқушы өз оқығанынан 
ләззат алады, еңбегінің жемісін жетістік ретінде қабылдайды. Өздігінен оқыған кезде оқушының 
оқып отырған материалға қатысты өзіндік көзқарасы, әлемтанымы, кейбір адами құндылықтар 
түзіледі.
Өз тәжірибемде осыны байқадым. Әдістемеде оқу дағдысын сипаттағанда оның негізгі
критерийлеріне назар салу керек: дұрыс оқу, жүгірте оқу, саналы оқу және мәнерлеп оқу. 
Мәжбүрлеуді қажет етпейтін, өздігінен қызыға оқуды әдетке айналдырған оқушыларға бұларды 
ескертіп жатудың қажеті жоқ, аталған дағдылар өздігінен пайда болуы - заңдылық. Мен ұсынып 
отырған әдіс- осыған бағытталған. Тек шығарма таңдағанда келесі ережелерден ауытқымау 
керек: 
Мәтін түсінікті тілмен жазылған. 
Көлемі жас ерекшелігіне сай. 
Сөйлемдері баланы жалықтырып жібермейтіндей шағын, қысқа. 
Әңгіменің кейіпкерлері балаларға жақын, сүйікті, түсінікті болуы тиіс. 
Сөзімді қорыта келе оқу ортасын ұйымдастыра білсек және оқу мотивациясын тудыра білсек 
нәтижеге жетеміз дегім келеді. Кітапты түсініп оқитын бала бүгін – табысты оқушы, ал ертең – 
табысты, бәсекеге қабілетті, қалыптасқан тұлға екенін ұмытпайық7 


215 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау