Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі.
Оқу сапасын арттыруда білім мақсаттарының күтілетін нәтежеге бағдарлануы жан – жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатыдан оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады.
Сол себепті мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Жеке тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысының қалыптасуына баса назар аударылады. Білім мазмұнында жаңа ақпаратты болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөледі.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде оқытудың түрлі формаларының пайдалануы оқытудың әдіс–тәсілдерінің жаңаруы, бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік дағдылы жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады.
Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын, тәрбие міндетінің қоғамның мақсаты мен талап – тілегінен туындайтын, теория мен тәжірибенің бірлігін, әрекет – дамытудың көзі екендігін, қарама – қайшылықсыз дамудың жоқтығын, оқытудың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипатын, оқыту мазмұны мен жоспар бағдарларының оқу – тәрбие мақсатымен сәйкестігін, т.б нақты білуі керек. Бұл білімдер мұғалімнің педагогикалық процесте қателіксіз еңбек етуіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалімнің оқыту әрекеті табысты болуы үшін ол терең білімдігімен қатар шекілмес шешендікпен, айшықты бейнелікпен, әсерлі сезімталдықпен, ұнамды дикция мен көркем әуезді дауыспен, қажетті сөздерді тауып, саралап сабақ түсіндіре білу сияқты педагогикалық қаруды игеруі абзал.
Мұғалім оқыту үрдісін тиімді өткізіп оқушылардың белсенділігін тудыру үшін сабаққа қойылатын төмендегі талаптарды ескереді:
а) дидактилық талаптың (сабақтың тақырыбы, мақсаты, мазмұнының бағдарламаға сайлығы, игерілетін іскерлік, дағдыларының айқындығы, қабылдауға әзірлеу, түсіну, ой елегінен өткізу);
ә) дамытушылық талаптың ( дамытушылық мақсатының айқындығы, танымдық қызығушылығының, бастамшылдығын, өздігінен іздену, білімін толықтыру ой еңбегінің мәдениеті мен іскерлік, дағдысын қалыптастыру, ақыл – ойын дамыту);
б) тәрбиелік талаптың ( тәрбиелік мақсатының нақтылығын, білім мазмұны арқылы көз қарасын, эстетикалық сезімі мен адамгершілік қасиеттерін, жүйелі еңбегін қалыптастыру, мамандығына сүйіспеншілігін арттыру т.б);
в) гигиеналық талаптың (сыныптың тазалығы, желдетілуі, оқу – құралдарының,тақтаның, бордың яғни сабақтың жабдықталуын, жарық мөлшерінің сақталуын, оқушылардың сыртқы көрінісі, көрнеі құралдарға , дәптерге, жазуға қойылытын талаптар) сақталуын ескеру
г) психологиялық талаптың ( білімге ынталандыру), танымдық белсенділігін арттыру, эмоциялық көңіл күйін тудыру, қабылдау, зейінін (ойлауын қамтамасыз ету) ескртілуі;
ғ) ұйымдастырушылық талаптың ескерілуі. Ол екі кезеңнен тұрады.
І кезеңі: сабаққа алдын ала дайындық. Күнтізбелік жоспар негізгі және қосымша әдебиеттерді, әдістемелік және көркем шығармалар педагогикалық басылымдармен жұмыс істеу.
ІІ кезеңі: пән бойынша тақырыптық сабақ жоспарының жасау. Онда сабақтың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатын, оған сай нақты білім көлемін анықтау, әдіс – тәсілдерін таңдау сабақтың типін, құрылымын белгілеу, сабақ кезеңдерінің логикалық байланысын, өздігінен істейтін жұмыстарды, т.б. ескеру.
Әдістемелік талапқа аталған барлық талаптардың жиынтығы жатады. Мұғалім оқытудың әдіс – тәсілдерін біліп қана қоймай, тиімді пайдаланғанда ғана оқушылардың білімге құштарлығын тудырып, терең түсінігін қамтамасыз етеді. Оқыту әдісін таңдау үлкен шеберлікті керек етеді. Айталық, өткенді қайталау, қортындылау, жаңа байланыстыру, жадығатты бекітуге арналған жаттығулар мен педагогикалық есептер жүйесін ойластыру, уақытты дұрыс пайдалану, сабақта оқушылардың жұмыс түрлерін тыңдау, талдау, жазу, жаттығу, іздену жұмысын ұйымдастыру, сабақтың темпін, ритмін өзгертіп отыру мұғалімнің шеберлігі мен жұмыс стиліне ( педагогиялық ептілігі икемділігі, шамамен сезе білуі, әдептілігі, тапқырлығы, мәдениеттілігі, оқушының жеке басын сыйлауы, талап қоя білуі, жылы қарым – қатынасы) байланысты шешілетін маселелер.
Достарыңызбен бөлісу: |