Физика пәніне арналған оқу-әдістемелік нұсқау



жүктеу 455,62 Kb.
Pdf просмотр
бет6/14
Дата09.03.2018
өлшемі455,62 Kb.
#12033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

4.Су  құйылған  тік  бұрышты  ыдыста  жүзіп  жүрген  дененің  массасын 

сызғыштың көмегімен анықта. 

5.Су құйылған тар цилиндр ыдыстағы жүзіп жүрген ағаштың тығыздығын 

сызғыштың көмегімен анықта. 

 

Серуенде. 

1.Секундомермен  әр  түрлі  жағдайда  күн  күркіреудің  ұзақтығын  санап 

найзағайдың ұзындығын қалай анықтауға болады? 

2.Күн  ашық  кезде  сызғыштың  көмегімен  ағаштың  биіктігін  жерде  тұрып 

қалай өлшеуге болады? 

3.Мұз айдынындағы екі бала қайсысының салмағы көп екенін білгісі келді. 

Бір ғана рулеткамен осыны қалай білуге болатынын анықта. 

4.Ертеңгілік  қаладан  шыққан  жүргізуші  түзу  жолда  келе  жатып,  бір 

сағаттан  соң  аялдама  жасағысы  келді.  Сағаты,  радиоқабылдағышы  жоқ  болса 

жүргізуші уақытты қалай біле алады. 

Үй тәжірибелерін орындау оқушылардың теориялық білімдерін күнделікті 

өмірмен логикалық түрде байланыстырады. Ойлау және елестету қабілеттерін 

қалыптастырады,  білімнің  қолданылу  аясын  кеңейтеді.  Оқушылардың 

талпынғыштығын, тапқырлығын арттырады. Еңбексүйгіштікке және қойылған 

мақсатқа жету жолындағы табандылыққа үйретеді. Эксперименттік есептердің 

бағалы  жері  –  ол  оқушылардың  алған  білімін  практикада  қолдана  білуін 

тексеруге жол ашады. 

 

3. 3 Қазіргі әлемдегі нанотехнология 

 

Нанотехнология  –  бұл  адамның  көзіне  көрінбейтін  майда  бөлшектерді 

белгілі бір ретке келтіре отырып, оның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру 

арқылы  әлдебір  құрылымды  қарастыруға  қажетті  жекелеген  атомдарды 

ыңғайлап  орналастыру.  Нанометр  дегеніміз  бір  метрді  миллиардқа бөлгендегі 

ұсақ  бөлігі  (1 



нанометр

=10


-9

 

хметр).  Нанотехнология  –  осындай  кішігірім 



өлшемдермен айналысатын ғылым.  

«Нанотехнология» деген сөзді өзіміздің қазақ тілінде түсіндіретін болсақ, 

«кішкентай  өлшемді  технология»  дегенді  білдіреді

Бұл  жерде  «нано»  сөзі 

«миллиардтың  бір  бөлшегі»  деген  мағынаны  береді

Қысқасы,  кез  келген 

заттың  миллиардтан  бір  бөлшегі  бастапқы  тегінен  ерекшеленді  де,  басқа 

физикалық  қасиеттерге  ие  болады.  Міне,  осы  заңдылық  арқылы,  яғни, 

материяның  белгілі  бір  күйден  екіншісіне  өту  кезіндегі  өзгерістер  арқылы 

өмірге, бұрын ешкімге белгісіз жаңа технология еніп жатыр. Қазіргі заманауи 

«сандық» технологиялармен үйлесімді жұмыс істейтін электронды құрылғылар 

осы нанотехнологияның жемісі. Бұған мысал ретінде байланыс саласындағы 



талшықты-оптикалық  жүйелерді  жатқызуға  болады.  Яғни  ешқандай  сым-

баусыз  ақпараттарды  бір  нүктеден  екінші  нүктеге  ауа  ағынындағы 

талшықтарды  өз  еркіміз  бойынша  басқару  арқылы  оп-оңай  жеткізе  аламыз. 

Менделеев  кестесіндегі  көптеген  химиялық  элементтер  нанотехнологияның 

әсерінен  өзгерістерге  ұшырап,  басқа  да  бір  қасиетке  ие  болып  жатқаны 

 

15 




осылайша анықталған болатын. Қысқасы, нанотехнология адамзат өміріндегі ең 

төңкерісті  жаңалықтардың  бірі  болды  десек,  артық  айтқандық  емес.  Ал  оның 

бүгінгісінен болашағы әлдеқайда «жемісті». 

Нанотехнология саласы енді ғана дамып келе жатқанымен, оның жемістері 

әскери, әуе және космонавтика салаларында баяғыдан бері қолданылып келеді. 

Бірақ,  құпиялық  жағдайға  байланысты,  бұл  технология  туралы  ақпарат  тек 

ғалымдар  мен  әскер  басшыларына  ғана  белгілі  болатын.  Кейінгі  кездерде 

алынған нанотехнология нәтижелерін өндірісте  (медицина,  электроника,  ауыл 

шаруашылығы,  машина  құрастыру  тб.)  пайдалану  мүмкіндігінің  артуына 

байланысты қолданылатын техникалар өндіріліп жатыр. 

Сонымен,  нанотехнология  дегеніміз  -  молекулалардың  жиынтығынан 

құрылған  ерекше  бір  физикалық  қасиеті  бар  материал.  Немесе  бір  сөзбен 

айтқанда,  заттың  бөлшегінен  тұтас  бір  жаңа  дүние  ойлап  шығару  дегенді 

білдіреді. Мәселен, қазір Жапония елінде осы нанотехнологияның арқасында 18 

келілік бронды сауыттың орнына жеңіл, әрі киюге ыңғайлы көміртекті бронды 

жейде жасалынып отыр.  

 

3. 4 

Ғарыш және Байқоңыр 

  

Ғарыш - Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш 

ұғымына  Жер  және  оның  атмосферасы  енбей  қалады.  Ғарыш  «Жер 

төңірегіндегі»  кеңістікті  қамтитын  жақын  Ғарыш  және  жұлдыздар  мен 

галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады. 

Байқоңыр  -  ғарыш  алаңы.  Қызылорда  облысы  Қармақшы  ауданының 

аумағында  орналасқан.  Іргесі  1955  ж.  қаланған.  Ғарыш  алаңын  салу  үшін 

Байқоңырды  таңдап  алу  кезінде  бұл  жердің  елді  мекендерден  қашық  болуы, 

экватор  жазықтығына  жақындығы,  ракета  ұшырудың  қауіпсіздігі,  қайтып 

оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. 

факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет 

ету  орындары  кең  аймаққа  орналасқан,  олар  бір-бірімен  автомобил  жолдары 

және  теміржол  арқылы  байланысқан.  Байқоңырдың  негізгі  объектілеріне: 

техникалық  тұғырлар,  старттық  кешендер  мен  ұшу  трассасының  бойындағы 

өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология 

кұрал-жабдықтары  бар  ірі  құрылыстар),  ғарыш  алаңына  әр  түрлі  жүктерді 

жеткізетін  кірме  жолдар,  т.б.;  көмекші  және  қызмет  көрсету  объектілеріне: 

отын  (жанармай)  сақтайтын  алаң,  сұйық  оттегі  мен  азот  өндіретін  заттар, 

энергия  және  сумен  қамтамасыз  ететін  жүйелер,  байланыс  жүйесі,  теледидар, 

т.б.  жатады.  Байқоңырда  ракета  тасығыштың  (РТ)  әрбір  түріне  сәйкес  бір  не 

бірнеше  техникалық  тұғырлар  және  олардың  әрқайсысына  арналып  бір  не 

бірнеше старттық кешендер салынған. 

Байқоңырдың  ұшу  трассасы  Арал  теңізінен  Камчатка  түбегіне  дейін 

созылып жатыр. 

1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті 

ұшырыдды.  Ол  дүние  жүзіндегі  ең  бірінші  Жердің  жасанды  серігін  (ЖЖС) 

орбитаға шығарды. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш 

 

16 




жүктеу 455,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау