рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан
кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық
орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды
серіктері, «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют»,
«Мир» орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған «Протон»,
«Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және
метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран»,
«Горизонт», «Радуга», «Метеор», т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты
және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да
Байқоңырдан аттандырылды.
1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров «Союз Т-13″
ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен
бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994,
1998) болды.
3.5
Қазақстандағы радиациялық жағдай және радиациядан қорғану
Қазіргі таңда әрбір азамат радиоактивтілік құбылысын ядролық
энергетика, медицинадағы қолданысы бойынша тиімділік, ал қоршаған ортаға
туғызатын экологиялық залалы тиімсіздігі тұрғысынан түсінеді.
Радиоактивтілік құбылысы атом ядросындағы процестерге тәуелді
болғандықтан, орта мектептің физика курсының «Атомның құрылысы.
Атомдық құбылыстар» тарауында оқытылады.
Алайда, мына төмендегі жағдайларды ескеру қажеттілігін атаймыз.
Қазақстан Республикасында радиациялық ахуалдың жағдайы әрбір
азаматты ойландырары сөзсіз.
1.
Семей, Атырауда (Азғыр), Батыс Қазақстанда (Капустин Яр, Глиц),
Шығыс Қазақстанда, Қызылордада (Байқоңыр), Ақтөбеде (Ембі) ядролық
сынақтар жасалды. Алматы, Талдықорған қалалары Қытайдың ЛобНор сынақ
айлағындағы жарылыстардан да зардап шегетіні анық.
2.
АЭС-ң қатты радиоактивті қалдықтарды жоспарлы бөлуін ескерген
дұрыс деп ойлаймыз. Кеңестер Одағы кезінде алғашқы АЭС-ң бірі Қазақстанда
(Маңғыстау облысында) жасалғандығын, АЭС-ң жұмыс істеу мерзімінің
шектеулілігін ескерген жөн.
3.
Қазақстан Республикасы уран өндірісі жөнінде алдыңғы қатарға
шығып отырғандығы, кейбір аймақтарда (Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда,
Жамбыл облыстары) радиациялық деңгейдің жоғарылығы байқалады.
4.
Әлем тәжірибесін ескерсек, Чернобыль АЭС-ғы, бүгінгі озық
технологиялы Жапон еліндегі Фукусима АЭС-ғы реактордың істен шығуы
әрбір азаматтың радиоактивтілік құбылысымен, оның тиімділігі мен залалы
жөнінде жүйелі білімге ие болуды қажет етеді.
Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері
жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық
жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде
жүргізілген.
17
Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануға
әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан
кейінгі ең үлкен йондаушы сәулелену дозасын алған.
Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар
жатады:
1.
Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары.
1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі жүргізілген
аэрограмма, спектрографиялық суреттер жер бетіндегі цезий – 137 активтілігі
65 –
100 мкр/сағ. болғаның көрсетті. Кейбір жерлерде 120-500 мкр/сағ.
байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий 137 Радиациялық
фоны 120-150 макр/сағ. құраған.
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық
полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияда да
қалыптасуынан теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек
жылғасы мен Мұржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында
байқалған. α және β белсенділіктің жоғарғы деңгейі Семей облысының Қайнар
селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында
анықталған. Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай
маңында су алмасу белсенді жүретін аймақта - α және β белсенділік
салыстырмалы түрде төмен болған.
2.
Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық өнеркәсіп
орындары.
Қазақстан территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті
ластануы уран өндіру кен орындарымен, ядролық зерттеу және энергетикалық
құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және
өндеу жұмыстарымен байланысты.
Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының элементтерінің әсерінен
радиоактивтіліктің жоғарғы болуымен сипатталады. Республикамызда
80000-
нан астам кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі 250
мың кюриден астам. Аталған йондаушы сәулелер көздерінің жалпы санынан,
шамамен 20000 (80 мың кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі қажет.
3.
Ғаламдық жауындар.
1995 жыл бойында цезий – 137 концентрациясы 0-0,42 Бк/кв м шамасында
ауытқиды. Ал жалпы β – белсенділік айына 0,4-0,9 Бк/кв м өзгереді. Бұл
республика халқына қауіп туғызбайды. Ауадағы радиоактивті аэрозольдердің
мөлшері рұқсат етілетін мөлшерден артық емес.
4.
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты
ядролық жарылыстар.
1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс
32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық
шаруашылық мәселелерін шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын
сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты
кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл
территориядағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі
бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген.
18