Физика пәніне арналған оқу-әдістемелік нұсқау



жүктеу 455,62 Kb.
Pdf просмотр
бет3/14
Дата09.03.2018
өлшемі455,62 Kb.
#12033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

қатысуына  дайындау  қажет.  Бұлардың  бiрiншiсi  пән  мазмұнын  белгiлi  бiр 

ретпен құру арқылы шешiлетiн болса, екiншiсi тек бiлiм мазмұны арқылы ғана 

емес,  белгiлi  бiр  түрде  жоспарланған  оқыту  формалары,  әдiстерi  және 

құралдары  арқылы  жүзеге  асады.  Жаңа  ұғымдар  тәжiрибе  деректерiн  талдау 

негiзiнде  енгiзiлгені  орынды  болады,  ал  бұл  қарастырылатын  ұғымдардың 

оқушыларға түсінікті болуын қамтамасыз етеді. Бұл сынып оқушыларына қиын 

материалды  түсiндiргенде,  таза  дәлелдемелерге  қарағанда  көрнекілiкке, 

көркемдiлiкке, нақтылыққа көбiрек назар аударған абзал. 

Қолданбалы  материал  теориялық  материалды  зерделеу  кезiнде 

қарастырылғаны  дұрыс.  Оның  мазмұны,  негiзiнен,  адамзат  қоғамындағы 

жаратылыстану  ғылымдарының  рөлiн  көрсетуге,  оқушылардың  ғылым 

жетiстiктерiн әр түрлi көзқарас тұрғысынан бағалай алуға, ғылыми-техникалық 

прогреске  байланысты  туындайтын  экологиялық  проблемаларды    түсiнуге 

бағытталатын болады. 

Оқу  пәнінің  әрбiр  бөлiмi  қорытынды  сабақтармен  аяқталады,  онда 

оқушылардың  теориялар мен  әлемнiң жаратылыстану-ғылыми бейнесi туралы 

бiлiмдерi жүйеленедi. Бұл сабақтардың мақсаты – теориялардың қолдану аясын 

және  олардың  қазiргi  заманғы  әлемнiң  жаратылыстану-ғылыми  бейнесiндегi 

орнын көрсету болып табылады.  

Оқушылардың  қабiлеттiлiктерін  дамытудың  маңызды  факторына  арнайы 

қызығушылықтары  жатады.  Адам  қызметiнiң  белгiлi  бiр  саласына 

қызығушылық  оқушыны  осы  қызметпен  болашақта  айналасуға  деген 

бейiмдiлiгіне жалғасуы мүмкiн. Қандай да бiр оқу немесе еңбек iс-әрекет түрiне 

қызығушылықтың  туындауы  оған  деген  қабiлеттiлiктердiң  пайда  болуымен 

тығыз байланысты және олардың дамуының алғышарты болып табылады. 

Адам  өміріндегі  шығармашылық,  ізденіс  әрекеттері  түрлі  есептерді 

шешумен  тікелей  байланысты.  Оның  ішінде,  оқушылардың  оқып-үйрену 

үдерісінде  табиғаттың  жалпы,  және  ең  бастысы  –  іргелі  де,  негізгі  заңдарын 

қарастыратын физика ғылымы есептерін шығару, түрлі ғылыми тәжірибелер мен 

жобаларды қою мен қорғау аса маңызды  болмақ.  

 






Оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері 

 

Қазіргі замандағы қоғамның дамуы білім берудің артуын қамтамасыз етіп 

және біздің еліміздегі халықтың сауаттылығын биік деңгейде дамуына әкеледі. 

Сондықтан мектепте білім беру өздігінен білім алатын және қазiргi заманның 

ең  маңызды  мәселелерiн  шешуге  дайын  дербес,  шығармашыл  тұлғалардың 

қалыптасуына мүмкiндiк туғызуы керек.  

«Физика»  курсын  7-9  сыныптарда  оқытудың  мақсаты  –  оқушылардың 

ғылыми  дүниетанымының  негіздерін,  танымдық  қызығушылығын,  сын 

тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру, 

физиканың  негiзгi  заңдарымен  танысу,  табиғаттың  құбылысын  зерттеу 

меңгерген білімі және білігін техникада және күнделiктi өмiрде пайдалана білу.  

Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қарастырылады: 

− 

қазіргі  заманғы  әлемнің  физикалық  бейнесінің  негізін  беретін 



физикалық    құбылыстар,  ұғымдар,  заңдылықтар  және  теориялық  қорытынды 

туралы  білімдерді,  табиғаттың  ғылыми  таным  әдістері  туралы  білімдерді, 

құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау және 

жобалауды жүзеге асыру біліктілігін меңгерту; 

−   

физикалық  экспериментті  орындау  дағдысын,  зерттеушілік    қабiлетін 



қалыптастыру, өмірлік, тәжірибеде мәні бар есептерді шешу үшін игерген білім 

және  білігін  қолдану  үдерісінде  танымдық  қызығушылығын,  зияткерлік  және 

шығармашылық қабілеттерін дамыту; 

− 

оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны 



қорғау  және  табиғат  құндылықтарын  тиімді  пайдалану,  қоғам  және  адам 

өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, 

− 

базалық  білім  негізінде  экономикалық  және  саяси,  әлеуметтік,  мәдени 



қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу. 

7-

9 сыныптарда «Физика» пәнін оқытқанда оқушылардың жас ерекшелігін, 



оқу  үдерісінің  логикасын,  пәнішілік  және  пәнаралық  байланыстарды  ескере 

отырып  тарауларды  және  тақырыптарды  оқытудың  сабақтастығы  сақталуын 

ескеру қажет.  

Теориялық мәліметтерді зерттеуге және білім алушылардың практикалық 

дағдысын  қалыптастыруға  уақытты  тиімді  бөлу    маңызды.  Уақыттың  30% 

жуығын көрсетілім, практикалық және лабораториялық жұмыстарды орындауға 

бөлу керек. Оқушылардың білімiн тексеру үшін уақыттың 10% қарастырылуы 

тиіс

Оқу  үдерісін  ұйымдастыру,  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  әр  түрін 

пайдалану, қазiргi оқыту әдiстерін және педагогикалық технологияларды енгiзу 

және жергiлiктi жердің жағдайын ескеруге (5%)  оқу уақытының бос қорынан 

10 сағат көлемiнде уақыт бөлінуі есерілуі тиіс. 

7-9-

сыныптарға  арналған  «Физика»  пәнінің  базалық  оқу  материалының 



мазмұны  оқушылардың  негізгі  игерген  білімдерін  тәжірибеде  көбірек 

 




қолдануға бағытталған және қазіргі қоғамда өмірлік жағдаяттарға бейімделуге 

негізделеді.  

7-

сыныпта физикалық терминдерге ерекше назар аударылады. Масса және 



тығыздық  ұғымы  шаманың  мөлшері  ретінде  «Заттың  құрылысы»  бөлімінен 

бастап оқытылады.  

«Магнит  өрісі»  тақырыбы  8-сыныптың  курсында  «Электр  тогының 

магниттік әсері» ретінде қарастырылады. 

11-

сыныпта  электромагниттiк  толқындар  және  тербелiстерді  оқығанда   



«

Тербелістер  және  толқындар»  тақырыбын  қарастырмайды  сондықтан  9-

сыныпта тақырыптар жүйеленіп беріледі.  

7-9-


сыныптарға арналған «Физика» пәні оқушылардың жас ерекшеліктерін 

ескеріп  олардың  жаңа  контексте  игерген  білімдерін  қолдануға  және  даму 

үдерісінің  жаһандануы,  табиғаттың  физикалық  заңдылықтарының  мәнiн  аша 

отырып практикалық жұмыстарды орындауына кеңінен мүмкiндiк туғызады. 

Сонымен  бірге  қоршаған  ортаның  ластануы,  оның  көздері,  ластану 

деңгейінің  рұқсат  етілген  мөлшері,  қоршаған  ортаның  орнықтылығын 

анықтайтын 

факторлар, 

қоршаған 

ортаның 


физикалық-химиялық 

параметрлерінің  адам  денсаулығына  әсері  туралы  мәселелерді  қарастыруды 

көздейді.  Сондықтан  адамның  табиғатпен  өзара  әрекеттесуімен,  адамның 

қоршаған  дүниені  танып-білуімен,  техника  мен  технологияның  дамуымен 

байланысты  экологиялық  проблемалардың  сабақта  айтылып  өтуіне,  бұл  пәнді 

зерделеуде  қоғамның  материалдық  игiлiгiнiң  көзi  ретiнде  табиғат 

құндылығының  жан-жақты  ашып  көрсетілу  қажеттiгiне  маңызды  орын  

бөлінген [13-14]. 

Практикалық  бағытта  оқытуды  жүзеге  асыру  үшін  7-сыныпта  

лабораториялық  жұмыс,  12  практикалық  жұмыс,  4  бақылау  жұмысы;  



8-

сыныпта  11  лабораториялық  жұмыс,  6  практикалық  жұмыс,  4  бақылау 

жұмысы; 9-сыныпта 4 лабораториялық жұмыс, 6 практикалық жұмыс, 6 бақылау 

жұмысы және 8 лабораториялық практикум өткізілу қарастырылады. 

Оқыту үдерісі бір жақты жүрмеу үшін оқу әдістерін белсенді түрлендіріп 

жүргізіп  отыру  керек  және  оны  белсенді  жүргізу  үшін  «көмекші  құралдар» 

қажет.  

7-

9  сыныптарда  «Физика»  пәнін  оқыту  үшін  В.М.  Ударцева,  



С.В.  Ударцевтің  шығарған  оқушыларға  және  мұғалімге  арналған  көмекші 

құралдары және жұмыс дәптерін ұсынамыз [9-12]. 

Жаңа  ақпараттық  технологиялар  әдістемесін  дамыту  үшін  білімді 

ақпараттандыру арқылы физика пәнінде ақпаратты технологияның құралдарын 

пайдалау  қажет.  Мұндай  материалдарға  кестелер,  сызбалар,  анықтамалар, 

сұрақтар мен тапсырмалар, тест, сарамандық және лабораториялық жұмыстар, 

фильмдер жатады. Егер физика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияның 

құралдары  бар  болса,  онда  пән  мұғалімдері  әдістемелік  және  дидактикалық 

жағынан қаруланған болып шығады [2-8]. 

 




жүктеу 455,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау