«физика» пәні тұрғысынан мағынасын түсіндіру керек. Мақалдың тәрбиелік
мәні, жіберген қатені екінші рет қайталамай дер кезінде қорытынды жасауға
меңзесе, «физика» пәні тұрғысынан ыстық нәрсені үрлесек, кебу процесі
тездетіліп, оның температурасының төмендейтінін ұғуға болады. Осы сияқты
басқа да мақал-мәтелдерді тақырыпқа сай қолданып отырса, оқушылардың
ұлттық сана-сезімін оятуға, дамытуга әсері зор[15].
3.2 Эксперименттік есептерді шығару әдістемесі
Эксперименттік есептерді шешу тәсілдері оларды шешу үшін
эксперименттік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін
барлық шығару жолын тексеру қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға
сәйкес жазады.
Эксперименттік есептердің басқа түрлерінде де есепті шешу және баяндау
қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе жасау
нәтижесінде алынса, онда экспериментті қою және өлшеулер жүргізу маңызды.
Есеп түріндегі эксперименттік тапсырмаларды шешу және жазу: есептің
қойылуы, шарттарды талдау, өлшеулер жүргізу, есептеулер, тәжірибеде
тексеруден тұрады
Мысалы:
Есептің қойылуы.
Керекті құрал-жабдықтар: тік бұрышты қаңылтыр банка, таразы,
масштабты сызғыш, суы бар ыдыс, құм. Банканың тік қалыпта суда жүзуі үшін
ішіне құм салады. Банканың суға батқандағы тереңдігін анықтау керек.
Берілген есептің шартын оның суретін салып, астына қойылатын сұрағын
жазуға болады. Одан кейін есепке талдау жасалып, оны шешу үшін қандай
өлшеулер жүргізу керектігі анықталады.
Талдау.
Банкаға әсер ететін ауырлық күші және астынан әсер ететін кері итеруші
күш теңескенше банка суға бата береді.
Бұл жағдайда
F
a
=P.
Бірақ Архимед күші денемен итерілген сұйқтық салмағына тең
болғандықтан,
F
a
=9,8Н/кг*p*V,
мұндағы V- банканың батқан бөлігінің көлемі,
p –
судың тығыздығы.
Батқан бөлігінің көлемі табан ауданы мен бату тереңдігінің көбейтіндісіне
тең.
F
a
=9,8
Н/кг*p*h*S.
Осыдан
h=F/9,8
Н/кг*p*h*S (1.)
(1)
формуладағы құмы бар банканың салмағын білу керек. Судың
тығыздығы мен банканың табаның ауданының қанша екенін білу қажет.
12
Өлшеулер.
Динамометрмен салмағы, сызғышпен ұзындығы мен ені өлшеніп ауданы
анықталады
S=I*a.
р
су
=1 r/
см
3
.
Есептеулер. Тығыздықтың, салмақтың және ауданның мәндері формулаға
қойылып, бату тереңдігінің биіктігі (һ) есептеледі.
Тәжірибелік тексеру. Банканың вертикаль қабырғасына түсті сызықпен
бату тереңдігін белгілейді. Тәжірибе көрсеткедей, табылған мәнімен есептелген
биіктіктің мәні сәйкес келеді.
Эксперименттік есептерде тәжірибе қажет болғанда ғана қойылады, кейбір
есептерді фронтальды тәжірибе қойылуы мүмкін.
Мысалы:
Сызғыштың көмегімен судың стакан түбіне түсіретін қысымын өлшеу.
Электр лампасының тұтынған тогының қуатын анықтау.
Тақырыбы және орындалу тәртібі фронтальдық зертханалық жұмыстарға
сәйкес келетін, мақсаты және қойылуы бірдей, орындау реті және
экспериментте алынған нәтижені сараптау тәсілі ұқсас, эксперименттік
тапсырмаларға мысалдар келтірейік.
7-
сынып
1.Медициналық шприцтің, балалардың сүт ішетін бөтелкесінің,
градусниктің бөлік құнын және өлшеу шегін анықта.
2.Миллиметрлік сызғышты пайдаланып иненің, шегенің және т.б.
заттардың диаметрін анықта.
3.Таразымен өзіңіздің массаңызды өлшеңіз. Серіппелі таразымен
қазанның, шанышқының, қасықтың массасын анықта.
4. Әр түрлі денелерді суға батыру арқылы көлемін анықтау. Ыдыстағы
судың деңгейін және бетінің ауданын өлшеуіш лентамен өлшеу.
5. Қант кесегінің, күріштің, жарманың өлшеуіш ыдысты және серіппелі
таразыны пайдаланып тығыздығын анықта. Серіппелі таразының өлшеу шегін
және бөлік құныны анықта.
6.Серіппелі таразы көмегімен кастрөлге және өлшеуіш ыдысқа орталап,
сосын толтыра су құйып, үстел бетімен үйкелес күшін өлше, алынған мәндерді
заттардың массасымен салыстыр.
7. Заттың көлемін біле отырып ығысқан судың салмағын (немесе кері
итеруші күшті) есепте және осы заттың салмағымен салыстыр.
8. Капрон қақпағы бар банканың немесе тығыны бар бөтелкенің, шелектің
көмегімен дененің сұйықта жүзу шарттарын анықта.
9. Миллиметрлік бөлігі бар сызғышпен рычагтың иіндерін өлше (қайшы,
кілт) және қанша ұтатынын есепте.
8-
сынып
1.
Кружкаға немесе сыйымдылығы белгілі ыдысқа шәй құйып,
температурасын термометрмен өлше. Үстіне қайнаған су құйып, тағы да
13
температурасын өлше. Шәйдің алған және қайнаған судың берген жылу
мөлшерлерін есепте және салыстыр.
2.
Массасы белгілі кастрөлге көлемі белгілі қайнаған су құй және 4-5
минуттан кейін (бұл уақытта беті жабық кастрөл жылыйды) судың
температурасын өлше. Бөлме температурасын біле отырып, қалтты дененің
(
кастрөлдің) меншікті жылу сыйымдылығын есепте.
3.
Кружкаға мұз кесектерін сал және сыртқы термометрдің көрсетуін
пайдаланып, судың еруін бақыла. Минут сайын термометрдің көрсетуін жазып
ал, графигін сыз.
4.
Қалта шамының тізбегінің сұлбасын сызып көрсет және оның
бөліктерін ата.
5.
Құрғақ элементтерден құралған кішкентай ескі батареяны бұзып
бөлшекте. Оны құраған бөлшектерді тауып, элементтердің бірін тіліп, оның
құрылысына зер салып қара.
6.
Электрлік
тігін
машинасындағы
реостаттың
немесе
радиоқабылдағыштың, теледидардың дыбыс реттегішінің қажеттілігін анықта.
7.
Шырша гирляндасындағы шамның және қалта шамының құжаттық
жазулары бойынша қыздыру шамының кедергісін есепте.
8.
Шырша гирляндасындағы шамның қосылу түрін анықтап қара, әр
шамның кернеуін есепте. Лампочканың қосылу схемасын сызып көрсет.
9.
Люстрадағы шамның қосылу түрін анықта және сұлбасын сыз.
10.
Үйлеріңіздің барлық бөлмелеріндегі шамның, үтіктің, шаң
сорғыштың, тоңазытқыштың, құжаттық жазулары бойынша қуатын есепте.
Электр энергиясын тұтынатын барлық құрылғылардың жалпы қуатын есепте.
9-
сынып
1.
Серіппелі таразының серіппесінің қатаңдығын анықта.
2.
Көлбеу жазықтықтан домалаған доптың үдеуін есепте. Өлшеуіш лента
және секундтық тілі бар сағат арқылы.
3.
Көлбеу лақтырылған тастың, доптың лақтыру жылдамдығын есепте.
Доптың ұшу алыстығын және биіктігін өлшеуіш лентамен өлшеуге болады.
4.
Краннан аққан судың жылдамдығын анықта.
5.
Трактордың және машинаның қандай саймандарында үйкеліс пайда
болатынын және үйкелісті азайтудың жолдарын айт.
6.
Сызғыштың көмегімен механикалық сағаттың минуттық тілі мен
сағаттың ұштарының жылдамдығын тап.
Үй жағдайында.
1.Тастың көлемін анықтау мүмкін болмаған жағдайда таразының, таразы
тастарының және су құйылған ыдыстың көмегімен тастың тығыздығын есепте.
2.Таразының көмегімен кастрөлдің сыйымдылығын анықта.
3.Кішірек шардың диаметрін мензурканың көмегімен қалай анықтауға
болады. Жіңішке сым темірдің диаметрін торкөз дәптер мен қарындаштың
көмегімен дәл анықтау.
14
Достарыңызбен бөлісу: |