Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалынған,
олардың жаңа контексте игерген білімдерін қолдануға және даму үдерісінің
жаһандануы, табиғаттың физикалық заңдылықтарының мәнiн аша отырып
практикалық жұмыстарды орындауына кеңінен мүмкiндiк туғызады.
7-
9 сыныптарда «Физика» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастырудың маңызды
ерекшелігі оқытудағы іс-әрекетті оқушылардың зерттеушілік қабілетін
дамытуға, байқаулар жүргізу және эксперименттік тапсырмалар орындау
біліктерін қалыптастыруға бағыттау қажет. Мұнда тәжірибелік жұмыстар
ерекше орын алады. «Физика» оқу пәнінің мазмұнында тәжірибелік жұмыстар
жеке зерттеушiк және жобалық жұмыстарға негізделіп беріледі.
Лабораториялық жұмыстар оқушылардың физикалық заңдар мен заңдылықтар
негізінде практикалық тапсырмалар орындау біліктіліктерін қалыптастыруға
көмектеседі.
Оқу бағдарламасында жұмыстың креативті тәсілдеріне және формасына
ерекше орын бөлінеді, проблемалық мәселелерді талқылау арқылы ұжымдық
жұмыс жүргізу, оқушыларды өзіндік шығармашылық жұмысқа және топта
бірігіп және жеке жасайтын қызықты тапсырмаларға бағыттайтын
дамытушылық сипаттағы шығармашылық тапсырмаларды орындау және
практикалық есептерді шығару ұсынылады.
Есеп шығару тек жүйелі білімді ғана емес, түрлі іскерлік- дағдыларды, зор
интуициялық ойлау қабілеттілігін талап етеді және осы қасиеттерді жетілдіреді,
шыңдайды. Ал, эксперименттік есептерге келетін болсақ, олардың әрқайсысын
оқушы үшін кіші-гірім зерттеу жұмысы ретінде алуға болады. Білімді игерудің
нәтижелігі таным үдерісінде адамның әр түрлі сезім мүшелерінің іске қосылуы
және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет келгенде оны сезіну, көре білу
және қабылдау арқылы артады. Бұл жағдайда физикалық эксперименттің мәні
зор.
Физика сабақтарында оқушылардың эксперименттік жұмыс дағдысын,
шығармашылық қабілетін дамыту өте маңызды. Шығармашылық қабілеттерін
арттыруда эксперименттік тапсырмаларды үйге беру тиімді.
Мұғалімнің үйге оқу үдерісінде эксперименттік тапсырмаларды беру
тәсілін қолданудың ерекше маңыздылығы, біріншіден, үй жұмысының
формасын түрлендіреді (кітапты оқыту, есеп шығару), екінші оқушының
алдына тек қана өздігінен эксперименттік тәжірибе жасау арқылы ғана
шешілетін мәселені қояды.
Үй тапсырмасына эксперименттік тапсырмалар беру оқушының мынадай
қабілеттерін және шеберліктерін дамытады:
1.
Интеллектуалдық (салыстыру қабілеті, негізгіні ажыраты білу, зерттеу,
эксперимент нәтижелерін жазу және қорытындылау).
2.
Пәндік (теорияны практикамен ұштастыру шеберлігі, физикалық
білімдерін құбылыстарға талдау жасауға қолдану, көптеген үй аспаптары мен
құралдарының жұмыс істеу принципін түсіндіру).
9
3.
Ұйымдастыру-танымдық
(құрал-жабдықтардың
функционалдық
міндеттерін анықтай білу, техникалық құрылғылармен жұмыс істегенде
техника қауыпсіздігі мен пайдалану ережелерін сақтау).
4.
Еңбек ету (қол құралдарымен жұмыс істеуді үйрену дағдысы, ұсталық,
т.б.).
Физикалық эксперименттік тапсырмаларды үйге беру пәнге деген ерекше
қызығушылықты тудырады. Өйткені мұнда жергілікті табиғи және тұрмыстық
(техникалық) жағдайлар ескеріледі.
Үйге берілетін эксперименттік тапсырмалар жүйесі төмендегідей бірқатар
мәселелерді шешуге бағытталған:
-
тәжірибелерді физикалық тұрғыдан қарастыру;
-
физикалық шамаларды өлшеу арқылы физикалық заңдар мен
заңдылықтардағы функционалдық тәуелділікті анықтау;
-
физикалық үдеріс тұрмыстық техника көмегімен басқару мүмкіндігін
түсіндіру (тігін машинасындағы реостаттың және потенциометр – дыбыс
реттегіштің телевизордағы, магнитофондағы, радиоқабылдағыштағы міндетін
анықтау);
-
тұрмысқа қажетті техникалық құрылғылардың параметрлерін өлшеу
және есептеулер жүргізу (элекр құрылғыларының – үтіктің, электрплитасының
қуатын электр энергиясын есептегіш пен секундтық тілі бар сағат арқылы
анықтау және оны осы құралдың құжаттық көрсеткіштерімен салыстыру; егер
олар сәйкес келмесе себептерін түсіндіру);
-
Техникалық білімдерін күнделікті еңбек тәжірибесінде қолдану (май
қабатымен жабылған суда картоп тезірек піседі. Мұны тәжірибе тексеріп,
құбылысты түсіндіру керек).
Үй тапсырмасы дұрыс ұйымдастырылса – сабақ кезіндегі алған білімдерін
бекітуге және тереңдетуге көмектеседі.
Үйге берілген бақылаулар мен тәжірибелердің қорытындылары, есептердің
шешімі, шығармашылық тапсырмалардың орындалуы оқушылардың үй
жұмыстарына арналған дәптерлеріне жазылады. Үй жұмысының
қорытындылары туралы мәліметтер жазу оқушыларды өз ойын сауатты және
қысқаша, нақты жеткізуге қалыптастырады. Үйдегі тәжірибелерді және
бақылауларды баяндауды үйренеді және оқушыны көргенін терең ойлауға,
негізгіні ажырата білуге үйретеді.
10
3
Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқау
3.1 Қазақтың әдет-ғұрып, салт-санасында кездесетін кейбір
элементтерді физика сабағында қолдану
Қазақтың әдет-ғұрып, салт-санасында кездесетін кейбір элементтерді
физика сабағында қолдануға болады. Одан қазақ халқының табиғат
құбылыстарын дұрыс түсіне білгендігін, көргендігін, данышпандығын
аңғарамыз. Мысалы, 7-сыныпта «Диффузия құбылысы» тақырыбын өткенде
айран ұйыту, құрт қайнату, нан ашыту қалай орындалатынын айтып кеткен
орынды. Айран ұйытқанда немесе нан ашытқанда судың жылы болуы,
температура жоғарлаған кезде молекулалардың бір заттан екінші затқа өтуі
шапшаң жүретінін көреміз. «Қысым» тақырыбын өткенде бабаларымыздың
ағаш қазықтың ұшын неге үшкір етіп жасағанын түсіндірген тиімді. Аз күш
жұмсап қазықты жерге тез кіргізудің тәсілін ерте игерген.
Ал 8-сыныпта «Жылу өткізгіштік» тақырыбын оқытқанда малдың, аңның
терілерінен тіккен киімдердің жылуды жақсы сақтайтынын білгеніне
байланысты бабаларымыз тұлып, ішік тігіп кигенін түсіндіру керек. «Сәуле
шығару» тақырыбын өткенде не себепті киіз үйге ақ киіз жабатынын, не себепті
ақ киім киетінін нақты мысалдар арқылы дәлелдесе оқушылар есінде тақырып
ұзақ сақталады.
Сондай-ақ 9-сыныпта «Ньютонның қозғалыс заңдарын» өткенде қазақтың
ұлттық спорт ойындары – «Арқан тарту», «Күш сынау», тағы басқаларын
айтса, сабақтың мазмұны байып, құндылығы артады, оқушылардың білімі
молаяды.
9 сыныптарда «Тербелістер және толқындар» тарауын өткенде
домбыраның қалай дыбыс шығаратынын айта кету керек. Алдымен
тыныштықта тұрған ішекті тепе-теңдігін бұзып тербелтеміз. Екіншіден,
ішектің тербелісі ауаға беріліп, ол арқылы дыбыс бізге жетеді. Үшіншіден,
домбыраның беттік тақтайы да тербеліске түседі. Домбырамен бірге қобыздың
да қалай дыбыс шығаратынына тоқтала кеткен жөн.
«
Броундық қозғалыс» тақырыбында күбіге айран піскенде майдың түсуі,
қатты дене бөлшектерінің сұйықтағы қалықтаған қозғалысы екенін түсіндіруге
болады.
Ал, «Табиғаттағы электр құбылысы» тақырыбын өткенде найзағай
ойнағанда үйден шықпай, есік-терезені жауып отыру керек деген ұғымның
қалай пайда болғанына тоқталу оқушылардың сабаққа деген ынтасын
арттырады.
«
Конвекция», «Сәуле шығару» құбылыстарын түсіндірген кезде киіз үйдің
іргесін түру, түндігін ашып қою не үшін қажет екенін білсе оқушылардың
дүниетанымын кеңейтіп, көзқарасын қалыптастырады.
Белгілі бір тақырыпты өткен кезде – мысал ретінде қажетті мақалды
келтіріп оның тәрбиелік және физикалық мәніне түсінік берген өте пайдалы.
Мысалы, 8- сыныпта «Кебу және конденсация» тақырыбын өткенде – «Аузы
күйген үрлеп ішеді» деген мақалды оқушыларға айтып оның өмірдегі және
11
Достарыңызбен бөлісу: |