Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет65/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   265

Б

86

БАҒАН – БЭР ЗАҢЫ



166

167


кристалдардың немесе сұйықтар мен газдар молекулаларының шашыратылуы-

нан осы бөлшектердің шоқтарының қарқындылықтарының максимумдар мен 

минимумдарының алмасуынан пайда болады.

БӨЛШЕКТЕР ЕСЕПТЕУІШТЕРІ – бөлшектердің импульстік электрондық 

детекторлары. Осы есептеуіштерге 



Гейгер есептеуіші, пропорционал есептеуіш, 

сцинтиллияциялық есептеуіш т.б. жатады. 

БӨЛШЕКТЕР  ЭМИССИЯСЫ  (латынша  «емиссио  –  шығару»)  –  қатты 

дененің немесе сұйықтың вакуумда немесе өзгедей ортада зарядталған бөлшектер 

(электрондар, иондар және бейтарап атомдар немесе молекулалар) шығаруы. Зат-

тарды қыздыру нәтижесінде термоэлектрондық эмиссия, термоиондық эмиссия

сондай-ақ булану үрдістері (процестері) жүзеге асады. Материалдардың беттерінде 

күшті электр өрісі тудырылса 



автоэлектрондық эмиссия,  иондық эмиссия, 

десорбция, булану пайда болады. Электрмагниттік өріс кванттары атомдардың 

фотоэлектрондық эмиссиясын және десорбциясын тудырады. Заттарды электрон-

дармен немесе иондармен сәулелендіру бөлшектердің әртүрлі эмиссияларының: 

екінші  реттік  электрондық  эмиссияның,  екінші  реттік  иондық  эмиссияның, 

иондық-электрондық эмиссияның туындауына себепші болады. Материалдардың 

ішінде күшті өрістер тудырылған кезде («ыссы» электрондар эмиссиясының) 

және  химиялық  энергия  бөлісін  немесе  құрылымдық  түрлендірулер  кезінде 

(экзоэлектрондық эмиссияның бөлшектер эмиссиясының) пайда болуы мүмкін.

БРИДЕР (ағылшынша «breeder breed – көбейткіш»), бридерлік реактор – 

көбейткіш реактор кейде осылай да аталады.

БӨЛШЕКТЕРДІҢ  ПОЛЯРЛАНУЫ  (грекше  «полос  –  ось,  полюс»)  – 

микробөлшектердің  өзіндік  импульстік  моменттерінің  –  спиндерінің  және 

кеңістікте белгілі бағыттарының болуына байланысты болатын күйлерінің си-

паттамасы.



БӨЛШЕКТЕРДІҢ СОҚТЫҒЫСУЛАРЫ – екі немесе одан да көп атомдық 

бөлшектердің  (атомдардың,  молекулалардың,  иондардың,  электрондардың) 

қарапайым  шашырау  актісі.  «Бөлшектердің  соқтығысулары»  ұғымының 

бөлшектердің  өзараәсерлесу  актісіне  дейін  және  одан  кейін  де  олар  бос  бо-

латын  жағдайларда  ғана  мәні  болады.  Осы  талап  газдарда  әрқашан  орында-

лады,  ал  осы  талап  конденсацияланған  орталарда  бөлшектердің  жеткілікті 

жоғары  энергиялар  (бірнеше  ондаған  эВ)  болған  кезде  ғана  тура  болады. 

Бөлшектердің  соқтығысулары  ядролардың  күйі  өзгермейтін  кезде 



атомдық 

соқтығысулар, ал әлгі күй өзгеретін жағдайда ядролық соқтығысулар деп 

аталған. Электроникада атомдық бөлшектердің соқтығысулары маңызды бола-




БАҒАН – БЭР ЗАҢЫ

166


167

Б

86

ды; олар заттар тасымалдау үрдістерін (тұтқырлық, жылуөткізгіштік, диффузи-



яны), электр тогының орталардан өтуін, иондалуды, ионсыздануды және басқа 

кинетикалық құбылыстарды анықтайды. Атомдық бөлшектердің соқтығысулары 

с е р п і м д і және с е р п і м с і з соқтығысуларға ажыратылған. Бөлшектердің 

серпімді соқтығысулары кезінде соқтығысушы бөлшектердің қосынды кинетикалық 

энергиясы бастапқы қалпында қалады, тек әлгі бөлшектер арасында қайтадан 

бөлінетін болады. Бөлшектердің серпімсіз соқтығысулары кезінде соқтығысатын 

бөлшектердің ішкі энергиясы өзгереді және олардың қосынды кинетикалық энер-

гиясы сәйкес түрде өзгеретін болады.



де БРОЙЛЬ ТОЛҚЫНДАРЫ – кез келген микробөлшекпен байланысты 

болатын және оның кванттық табиғатын бейнелейтін толқындар. 1924 ж. фран-

цуз  физигі  де 

Бройль  (1892  –  1987)  фотондар  үшін  бұрын  тұжырымдалған 

корпускулалық-толқындық  екі  жақтылық  (фотон  бөлшектік-корпускулалық 

және толқындық қасиеттерге ие) қасиеттің барлық бөлшектерге – электрондарға, 

протондарға т.б. атомдарға тән екендігі, сонымен бірге бөлшектердің толқындық 

және корпускулалық қасиеттерінің аралығындағы мөлшерлік қатынастардың да 

фотондар үшін бірдей болатыны туралы болжал айтқан. Сонымен, бөлшектің   

энергиясы (  = ) және абсолюттік мәні р-ге тең импульсі болса, онда мұнымен 

жиілігі ν =  /h және толқын ұзындығы λ=h/р болатын толқынға байланысты болады. 

Осы толқындар – 

де Бройль толқындары деп аталған. Жоғарыдағы өрнектердегі: 

 – бөлшектің энергиясы, ν – толқын жиілігі, р – импульс, h – Планк тұрақтысы. 

Өте жоғары энергиялы бөлшектер үшін (υ << с)  λ=h/, мұндағы m және υ – 

бөлшектің массасы және жылдамдығы. Олай болса де Бройль толқындарының 

ұзындығы бөлшектердің массасы мен  жылдамдығы қаншалықты үлкен болса, 

соншалықты қысқа болады. Мысалы, массасы 1 г бөлшек 1 м/сек  жылдамдықпен 

қозғалатын болса, де Бройль толқындары сәйкес түрде λ=10

–18


Å, бұл толқын байқау 

шегінен тысқары жатады. Сол себепті макроскопиялық денелер механикасында 

толқындық қасиеттердің соншалықты маңызы жоқ. Энергиясы 1 эВ-тан 10 000 

Вт-қа дейінгі электрондар үшін де Бройль толқындарының ұзындығы ~10Å-пен 

0,1Å-ге дейінгі аралықта рентгендік толқын жатады. Сондықтан электрондардың 

толқындық қасиеттері рентген сәулесінің дифракциясы байқалатын кристалдардан 

айқын білінетін болады.

Де  Бройльдің  болжалын  1927  ж.  американ  физиктері:  Клинтон   



Дэвиссон 

(1881  –  1958)  мен  Лестер 



Джермер (1896 – 1971) ғылыми тәжірибе жүзінде 

тексеріп дұрыстығын дәлелдеген. Электрондар шоғы потенциалдар айырымы 

100 – 150 В (мұндай электрондардың энергиясы 100 – 150 эВ, бұл  λ ≈ 1Å-ге 



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау