БАҒАН – БЭР ЗАҢЫ
160
161
Б
86
∑
температурасы өзгермейтін газдың берілген массасының көлемі мен қысымының
көбейтіндісі тұрақты шама болады делінетін негізі газ заңдарының бірі. Бұл заң-
ды 1662 ж. ағылшын химигі әрі физигі Роберт
Бойль (1627 – 1691) аш-
қан, 1676 ж. француз физигі Эдм
Ма-
риотт (1620 – 1684) тұжырымдаған.
Бұл заң тек идеал газдар үшін ғана
қатаң орындалады және Клапейрон
теңдеуінің салдары болып табылады.
Нақты газдар үшін молекулалар көле-
мін және молекулааралық өзара-
әсерлесуді ескермеуге болмайды, газ
кризистік күйден қаншалықты алыс
болса, соншалықты жақсы – бұл заң
жуық шамамен орындалады. Бойль-
Мариотт заңы газдардағы изотермия-
лық үрдісті (процесті) сипаттайды жә-
не газдардың кинетикалық теориясы-
нан туындаған.
БОЙЛЬ НҮКТЕСІ – р – рV координаттарындағы нақты (реал) газдың
изотермасындағы минимум нүктесі (сызбаға қараңыз; р – газ қысымы; V –
газдың алып тұрған көлемі); ағылшын химигі әрі физигі
Бойльдің (1627 – 1691)
құрметіне аталған. Бойль нүктесінің маңайындағы нақты газдың изотермасының
шағын уческесін жуықтап рV=(М/μ) RT (R – газ тұрақтысы, М – газ массасы,
μ – молекулалық масса, Т – абсолюттік температура; V – газ көлемі) Клапейрон
теңдеуіне сәйкес идеал газдың изотермаларының көкжиектік түзуінің кесіндісі
ретінде қарастыруға болады. Екінші сөзбен айтқанда Бойль нүктесі берілген
нақты газ үшін идеал газ теңдеуі қолданылатын кездегі температураны анықтайды
(аb) изотерманың учаскесі (Бойль нүктесінің сол жағы) нақты газ идеал газбен
салыстырғанда едәуір сығылатын жағдайға сәйкес болады; bc учаскесі (Бойль
нүктесінің оң жағы) нақты газдың идеал газбен салыстырғанда аздау сығылатын
жағдайына сәйкес келеді. Бойль нүктесінің сол жағында молекулалар арасындағы
тартылыс күштері газдың сығылуын жеңілдететін ықпалы басымдылық көрсетеді,
Бойль нүктесінің оң жағында – сығылуға қарсылық көрсететін молекулалардың
өзіндік көлемінің ықпалы басымырақ болады. Бойль нүктесінің маңайында нақты
газды идеал газдан ерекшелендіретін осы факторлар өазара бірін-бірі теңгереді
(компенсациялайды).
Т
1
<Т
2
<Т
3
температуралар кезіндегі газдың
тұрақты массасы көлемінің (V) қысымға
(р) тәуелділігі. Т
1
, Т
2
, Т
3
– изотермалары
теңқабырғалы гипербола түрінде болады. А
1
және А
2
аудандары тең.
Б
86
∑
БАҒАН – БЭР ЗАҢЫ
162
163
Бойль нүктесін жекелеген изотермдер-
мен жалғастыратын (қосатын) сызықтар
Бойль қисықтары деп аталған. Орди-
ната осінің бойында жататын осы қисық-
тың нүктесі
Бойль температурасы деп
аталатын температураны (Т
в
) анықтайды.
Ван-дер-Ваальс теңдеуіне бағынатын
газ үшін Тв=3,375Т
к
(мұндағы Т
к
– кри-
зистік температура). Т<Т
к
кезде газдың
қысыммен толықтай (түгелдей) сұйы-
луы мүмкін. Т<Т
в
болғанда дросселден-
дірілген кезде газдардың ішінара сұйы-
луы мүмкін.
БОЛОМЕТР (грекше «боле – ырғу;
сәуле» және «метрео – өлшеймін») – жылу
сезгіш бөліктің өлшенбекші сәуле ағынынын
жұту салдарынан қыздырылуы себепті
электр кедергісінің өзгеруіне негізделген
оптикалық жылулық сәуленің талғаусыз қабылдағышы. Бұл қабылдағыш сәуле-
нің интегралдық (қосындылық) қуатын өлшеуге және спектрметрмен бірге
сәуленің спектрлік құрамын анықтауға арналған. Болометрдің жылу сезгіш бөлі-
гі ретінде әдетте жіңішке (0,1–1 мк) металл (Ni, Au, Bi т.б.) қабаты пайдаланы-
лады. Болометр өлшеу техникасында инфрақызыл сәуленің қабылдағышы ретін-
де қолданылады.
БОЛЬЦМАН СТАТИКАСЫ – классикалық механика заңдары бойынша (яғни
классикалық идеал газдың қасиеттері) қозғалатын өзараәсерлеспейтін көптеген
бөлшектері болатын жүйенің физикалық қасиеттерін сипаттайтын статикалық
әдіс. 1868 – 1871 ж. австриялық теорияшыл физик Людвиг
Больцман (1844 –
1906) тұжырымдаған. Бұл статика сиретілген молекулалық газдарға және газ
разрядындағы плазмаға қолданылады.
БОЛЬЦМАН ТҰРАҚТЫСЫ – газ тұрақтысының (R) Авогадро тұрақтысына
(N
А
) қатынасына тең, іргелі физикалық тұрақты шамалардың бірі;
k – әрпі арқылы
белгіленеді, яғни k=R/N
A
.
Оның сан мәні:
k = 1,380662·10
–23
Дж/К. Австрия физигі
Больцманның құрметіне аталған. Бұл мән
R және
N
А
тұрақтылары бойынша
анықталады. Больцман тұрақтысын тікелей жылулық сәуле шығару заңдарын
тәжірибе жүзінде тексеру арқылы анықтауға болады.
р – рV координаттарындағы нақты
газдың изотермалары. Т>Т
В
температу-
ралы изотермаларда Бойль нүктесі бол-
майды.