№1 зертханалық сабақ
Тақырып: “Қора микроклиматының параметрін анықтау”
Сағаты – 2
Оқу жабдықтары: ауа термометрі, Август және Ассман психрометрлері, барометр, Фусса аномометрі
Мақсаты – студенттерді құралдарды пайдаланып, қора микроклиматының параметрін анықтауды үйрету.
Міндеттері – термометр, психрометр, барометр, аномометр құралдарының құрылысымен қызметін толық игеру.
Қаралатын сұрақтың пәндегі орны. Жануарлардың тіршілігін реттеуші негізін фактор – микроклимат. Оптимальді деңгейдегі микроклимат жануарлардың денсаулығы мен өнімділігіне оң ықпал жасайды.Микроклимат параметрлерінің (температура, ылғалдылық, күн сәулесі, ауа қысымы, ауа жылдамдылығы т.б.) қалыпты жағжайдан жоғарылауы немесе төмендеуі, мал арасындағы әртүрлі аурулардың пайда болып, олардың өнімділігінің төмендеуіне әкеп салады. Сондықтанда мал қораларының микроклиматы үздіусіз бақылауда болуға тиіс.
Жұмыс барысы
1. Студенттер барлық ауаның физикалық жағдайын зерттейтін құрал-аспаптардың құрылысын зерттеп, олардың қызметімен танысады, қора ауасының температурасымен ылғалдылығын анықтайды. Август психрометрімен жұмыс істегенде, оны қажетті жерге орналастырып, ылғалдылық термометрінің түбіне оралған матаны стандағы суға малып, немесе пипетка арқылы ылғандандырады. Аспапты 10-15 минутқа қойып қояды. Уақыт өткеннен соң, құрғақ және ылғалды термометрлердің көрсеткішін алады (0,1 0 С дәлділігімен).
Абсолюттік ылғалдылықты Реньо формуласымен шығарады:
А= Е- а (Т1 – Т2) В
Мында А – абсолюттік ылғалдылық, г/м3 ;
Е – максималдық ылғалдылық, сулаңған термометрдің көрсетуіне қарап қосымша кестеден табады (кесте 1), мм. сынап бағанасымен;
а – психрометрлік коэффициент. Ол ауа қозғалысының жылдамдылығына байланысты болады (кесте 3);
Т1 – құралдық құрғақ термометррінің көрсетуі, град.;
Т2 – құралдың суланған термометрінің көрсетуі, град.;
В – зерттеу жүргізген кездегі ауаның барометрлік қысымы, мм.с.б.
Салыстырмалы ылғалдылықты келесі формуламен табамыз
А х 100
R = ----------------
Е
мында R – салыстырмалы ылғалдылық, пайызбен есептеледі;
Е – максималды ылғалдылық, мм.с.б.;
Қанығудың дефицитін анықтау:
Дф = Е –А, максималды (Е) ылғалдлықтан абсолютті (А) ылғалдылықты шегеру арқылы табады.
2. Тексеріліп, есептелініп табылған барлық көрсеткіштер нормативтік деректермен салыстырылынып, зоогигиеналық тұрғыдан қора, микроклиматының жағдайын бағаланады.
3. Сабақ қорытындыланып, тапсырма беріледі.
Әдебиеттер. Садуакасов М. Мал гигиенасы пәнінің лабораториялық тәжірибе сабағына арналған оқу құралы. Семей. 2000 ж. –21-39 б.б.
№2 зертханалық сабақ
Тақырып. “Ауадағы зиянды газдарды анықтау”
Сағаты – 2
Оқу жабдықтары: әртүрлі газдарды анықтауға арналған УГ-2 аспабы.
Мақсаты – зиянды газдарды (аммиак, көмір қышқыл газы, күкіртті сутегі) анықтаудың әдістерін игеру және қораның газ құрамымен оның мөлшерін санитарлық бағалау.
Міндеттері – арнайы құралмен газ құрамымен мөлшерін анықтап, нормативпен салыстырып, қоражайдың ауасының газдануына зоогигиеналық баға беру керек.
Сабақтың пәндегі алатын орны. Қорада егер шамадан тыс аммиак, көмір қышқыл газы, күкіртті сутегі ауада жиналса, мал денсаулығы мен тіршілігіне кауып төнеді. Егерде бұл газдар, әсіресе аммиак пен күкіртті сутегі, ьелгіленген деңгейден 5-6 есеге артса, малда улану мен өлім басталады. Сондықтанда, тұрақты түрде қора ауасының құрамы мен мөлшері бақылауда болуға тиіс.
Сабақ барысы
1. Студенттер, қажетті нұсқауларды пайдаланып, аспаптарды қолданып, қора-жайдың ауасын тексеріп, ондағы NH3 , CO2 , H2 S газдарының деңгейін анықтайды, бір м3 ауада мг есебімен.
2. Алыңған деректерді нормативпен салыстырып, газдар мөлшерін санитарлық тұрғыдан бағалап, қораның микроклиматын қалыпқа келтірудің жоспары мен шараларын құрастырады.
3. Сабақты тұжырымдау және тапсырма беру.
Әдебиеттер. М.Садуакасов. Мал гигиенасы пәнінен лабораторлық тәжірибе сабағына арналған оқу құрамы. Семей. 2000.-14-20 б.б.
№3 зертханалық сабақ
Тақырып: “Мал қораларының гигиенасы”
Сағаты – 2
Оқу жабдықтар: әртүрлі мал қораларын салудың типтік жобалары.
Мақсаты – студенттерге зоогигиеналық талаптарға сай мал қораларын жобалау, салу және пайдаланудың негізгі принциптерін игеруге мүмкіндік жасау.
Міндеттері - студенттерді жобалаудың техникалық нормалары мен оларды зоогигиеналық бағалау; малды ұстау, азықтандыру және пайдалануға қажет жер көлемі, технологиялық процестерге қажет жер және оларды гигиеналық бағалау әдістерімен таныстыру.
Қаралатың сұрақтың пәндегі орны. Малдың өнімділігі мен экономикалық тиімділігі мал шаруашылығында оларды ұстау, бағып-күту, азықтандыру және пайдалануға байланысты. Бұның барлығы ең алдымен қораның зоогигиеналық талаптарға қаншалыты сай екендігіне байланыты. Жануарлар тіршілігіне қажет жағдай туғызу қораның жобалануымен салуынан басталады. Қораның жобалануына тапсырма жасалған күннен бастап, қора салынып болғанша барлық жұмыс барысы мен сапасы мал шаруашылығы мамандарының қадағалауына болуға тиіс.
Сабақ барысы
1. студенттерге мал қораларын жобалауға қажетті микроклиматтың нормативтік деректері, мал түрі, тұқымы, жасы, өнімділігі, басы (саны), орналастыру нормативі, қораның қондырғы-жабдықтырады беріліп, оларға қораны жобалау және бағалау тапсырылады.
2. Сабақты қорытындылау және тапсырма беру.
Әдебиеттер
М. Садуақасов. Мал гигиенасы пәнінен зертханалық тәжірибе сабағына арналған оқу құрамы.
Семей. 2000. б. 108-130
№4 зертханалық сабақ
Тақырып: “Көмір қышқыл газы және ылғалдылық арқылы мал қораларының ауа алмастыруын есептеу және оны гигиеналық бағалау”
Сағаты – 4
Оқу жабдықтар: Ауа алмастыруды шығаруға дайындаған тапсырма, жануарлардың бөліп шығаратын жылуы, ылғалдылығы, көмірқышқыл газдары анықтамасы (кестелер зоогигиена практикумына).
Мақсаты – студенттер мал қораларының ылғалдылық және көмір қышқыл газы арқылы ауа алмастыру көлемін есептеу әдістемелерін игерулері қажет.
Міндеттері - тапсырма бойынша мал қораларының ауа алмастыру көлемін есептеп шығарып, ауа алмастыру қондырғыларына санитарлық баға беру.
Қаралатың сұрақтың пәндегі орны. Ауа алмастыру, қора жайдың микроклиматын бір қалыпта сақтап, мал денсаулығымен өнімділігін көтеруге мүмкіндік туғызатын, қораның маңызды техникалық және технологиялық бөлімдерінің бірі болып саналады. Ауа алмастырудың негізгі қызметі қорадан зиянды газдарды шығарып, ауаны тазартып, микроклиматты жақсарту. Сондықтанда ауа алмастыру зоогигиенаның негізгі сұрақтарының бірі.
Сабақ барысы
1. Әрбір студент жекелей тапсырма алып, ауа алмастыруды есептеп шығарады. Ауа алмастыру көлемін есептегенде жыл маусымы ескеріледі. Суық айларда ауа алмастыруды ылғалдылық арқылы есептеп, көмір қышқыл газы арқылы тексереді, ал жылы мерзімде артық жылу мөлшерімен шығарып, ылғалдылық арқылы есептеп, тексереді. Құс қораларында жыл бойы ауа алмастыру көлемін тек көмір қышқыл газы арқылы есептеп шығарып, артық жылу мөлшерімен тексереді. Ауа алмастыру жүйесінін жобалау үшін, ауа алмастырудың ең жоғарғы деңгейі есепке алынады. Ауа алмастыру есебіне қолданылатын қора ылғалдылығы, көмір қышқыл газы, жылу көрсеткіштері 30 кестеде берілген (зоогигиена практикумы, 226-229б.). Есептеу формулалары тапсырмада берілген.
2. Тапсырма бойынша есептеліп алынған деректер талқыланып тұжырымдалады, қорадағы ауа алмастыру нормативтерімен салыстырылады да оған зоогигиеналық баға беріледі.
3. Сабақ қорытындыланып, тапсырма беріледі.
Әдебиеттер
М. Садуақасов. Мал гигиенасы пәнінен зертханалық тәжірибе сабағына арналған оқу құрамы. Семей. 2000. бб. 141-150
«Мал қораларын зоогигиеналық зерттеумен
ветеринариялық-санитарлық бағалауға» арналған
тақырыптың бақылау жұмыстарының есептері
1 есеп
Көмір қышқыл газы мен ылғалдылық арқылы қораның бір сағаттағы ауа алмастыруын есептен шығару және оған санитарлық баға беру.
Есепке қажетті деректер
400 басқа арналған сиыр қорасының ұзындығы 80 м, көлденеңі – 25 м, биіктігі – 4,5.
Мал басы: сауынды сиыр – 250 бас, орта салмағы – 400 кг., сүт өнімділігі - тәулігіне 15 л; суалған буаз сиырлар – 100 бас, орта салмағы – 600 кг.; бордақыдағы өгізшелер – 40 бас, салмағы – 600 кг.; бұқалар – 10 бас, салмағы – 800 кг.;
Малдар шығаратын жылу, көмір қышқыл газы, ылғал ( су буы).
Мал түрі
|
Жылу, ккал/сағ
|
СО2 , л/г
|
Ылғал, г/сағ
|
1. Сауынды сиырлар
|
954
|
143
|
458
|
2. суалған сиырлар
|
926
|
138
|
440
|
3. бұқалар
|
1087
|
162
|
516
|
4. Бордақыдағы өгіздер
|
1247
|
187
|
599
|
Қора ауа қалыпты температурасы 100 С, ылғалдылығы 70 % (R). Көмір қышқыл газы (СО2) – 2,5 л (0,25 %) қорада және 0,3 л (0,03 %) сыртқы ауада.
Максималды ылғалдылық 10 0 С –де 9,17 мм. сынап бағ. бойынша (кестеде көрсетілген).
Қантардық арта айлық ауа температурасы – 50 С.
q2 – қора еңгізілетін ( - 5 0 С) ауаның абсолюттік ылғалдылығы 2,9 г/м3 (кесте бойынша).
Көмір қышқыл газы арқылы қора ауасын алмастыруды есептегенде, қора ылғалдылығы (абсолюттік) қандай болуы мүмкін. Оны келесі формуламен есептейміз:
L1 ( R %)
L (СО2) = -------------------- = г/м3
q1 - 2,9
L 1
q1 = ------------ + 2.9 = г/ м 3
L
Қора ылғалдылығы (қалыпты) қандай болуы мүмкін
q1 * 100
9,17 - 100 X = ---------------- = R %
q1 - X R % 9.17
Алынған нәтижелерге санитарлық баға беру
2 есеп
Ылғалдылық арқылы шошқа қорасының сағаттық ауа алмастыруын есептеп шығару және оған санитарлық баға беру.
Есепке қажетті деректер
Шошқа қорасының ұзындығы 60 м, көлденеңі – 20 м, биіктігі – 4 м.
Мал басы: буаз және бедеу шошқа мегежіндері – 75 бас, салмағы ( орта) – 150 кг.; туғалы тұрған мегежіндер – 50 бас, салмағы – 150 кг.; торайы бар мегежіндер – 50 бас, салмағы – 100 кг.; екі айлық торайлар – 25 бас, салмағы – 15 кг.
Шошқалар бөліп шығаратын жылу, газ және су буы.
Шошқалар
|
Салмағы, кг
|
Жылу, ккал
|
СО2 , л/сағ
|
Ылғал., г/сағ
|
1. Буаз және бедеу шошқа мегежіндер
|
150
|
281
|
42
|
135
|
2. Туғалы тұрған мегежіндер
|
150
|
339
|
50
|
164
|
3. Торайы бар мегежіндер
|
100
|
584
|
87
|
282
|
4. Екі айлық торайлар
|
15
|
110
|
16
|
53
|
Шошқа қорасының қалыпты температурасы - 12 0 С, ылғалдылығы – 75%;
Гигиеналық норма бойынша 1м3 ауадағы (қораның) СО2 – 2,5 л (0,25 %), ал сыртқы ауадағы оның мөлшері – 0,3 л (0,03 %);
Қораның қалыпты + 12 0 С температурасындағы максималдық (М) ылғалдылық – 10,46 мм сынап бағанасы бойынша (кестеден).
q 1 - абсолюттік ылғалдылық қораның 75 % қалыпты ылғалдылығы арқылы табылады;
q2 - сыртқы ауаның орта айлық температурасында (кесте арқылы) – 50 С болғанда 2,9 г/м3 тең.
№6 зертханалық сабақ
“Мал қораларының гигиенасы” бөлімінен аралық бақылауға арналған сұрақтар
Атмосфераның және шығарған демнің газ құрамы
мал қораларында жиналатын улы газдарды көрсетініз
Азон мен аэриондардың гигиеналық маңызы
жануарлар организміне электр және электромагниттік алаңның әсері кандай?
Шаңның жүйеленуінін бағалап, оның организмге тигізетін әсерін көрсетініз
Мал қораларының ауасындағы кездесетін микробтар түрлері
Жануарлар денсаулығына микробиоздың әсері
Ауаның барометрлік кысымы организмге қандай әсер етеді
Күн суйлесінің құрамына гигиеналық баға берініз
Ауа температурасының әсері, индифференттік температура зонасы
Организмге қауыпті температура деңгейлері
Ылғалдылықтың маңызы. Мал қораларындағы ылғалдылықтың нормативтік көрсеткіштері
Ауа қозғалысының организмге әсері
№7 Зертханалық сабақ
Тақырып: “Көң және қоралардың жуынды суын шығару, сақтау және пайдалану жүйелерін зоогигиеналық бағалау”
Сағаты – 4
Оқу жабдықтары: анықтамалар, плакаттар, кодоскоп
Мақсаты- студенттерге мал қоралары мен оның айналасының көң-қоқырмен ластануына санитарлық-гигиеналық бағалауды үйрету.
Міндеттері – студенттер жануарлардың тәуліктік бөліп шығаратын қиы мен садырасының нормативін білуі қажет және қораны көң-қоқырмен садырадан тазарту әдістерін, қора тазарту жүйелерінің жұмыс нәтижесін, қорадан шығару, сақтау, залалсыздандыру әдістерін бағалауды білу.
Қарастырылған сұрақтың пәндегі орны.
Дер кезінде тазартылмай жиналып қалған көң-қоқыр мен садыра, қораның іші-сыртын ластайды. Соның нәтижесінде фермадағы санитарлық жағдай нашарлап, алынатын өнім сапасы төмендеп, мал арасында әртүрлі жұқпалы аурулар таралуының қауіпі туындайды.
Сабақ барысы
Тапсырма бойынша студенттер қора-жайға санитарлық баға беруге тиісті. Соның нәтижесінде қораны тазарту режимін, көңді сақтау, залалсыздандыру, қора айналасының тазалығын дұрыстаудың жоспарын жасау керек. Жұқпалы, инвазиялық және жұқпалы емес аурулардың алдын алудың шаралар жүйесін дайындауға тиіс.
Жұмыс дәптерінде қора гигиенасына қойылатын талаптарды сақтау шаралар жүйесін схема ретінде жасауға тиіс.
“Көң және қоралардың жуынды суын шығару, сақтау және пайдалану жүйелерін зоогигиеналық бағалау” тақырыбына арналған тапсырма.
200 салмағы 600кг, сүт өнімділігі тәулігіне 10 кг сауын сиырларға арналған қора. Қорада көң-төсеніш, садыра арнайы жасалған, механикаландырылған өзек, транспортер жүйелерімен тазартылып, шығарылады. Бір сиырға тәулігіне 3 кг сабан төсеніш қолданылады. Бір сиыр тәулігіне 20 л садыра бөледі. Қора тазарту жүйесінің бұзылу салдарынан 8 сағат бойы қора толық тазаланбай, 50% көң-садыра қорада қалған.
Сондықтан жедел түрде шара қабылдау қажет:
қорада шығарылмай қалған көң және садыра көлемін есептеп шығару қажет;
олардың жиналуының қора микроклиматына әсерін бағалау керек;
қорада тазалау жүйесінің бұзылу мерзіміндегі қораның санитарлық-гигиеналық жағдайын бағалау;
қора-жағдайды толық тазартып, санитарлық жағдайын қалыпқа келтірудің жоспарын дайындау;
қорада жүргізілетін санитарлық-гигиеналық жұмыстардың тізімі мен нұсқауларын жасап, жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
Атқарылатын жұмыстар толық жұмыс дәптеріне түсірілуге тиіс
№8 зертханалық сабақ
Тақырып: “Топырақ гигиенасы. Топырақтың негізгі физикалық қасиеттері мен химиялық құрамының пайдалануы”.
Сағаты – 2
Оқу жабдықтар: кодоскоп, стақандар, цилиндрлер, Петри табақшалары, топырақ түрлерінің сынамалары, арнайы зертхана “Пчелка”.
Мақсаты – топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу әдістерін игеру.
Міндеттері – арнайы әдістемелерді меңгеріп, топырақ зерттеуді үйреніп, санитарлық бағалауды меңгеру.
Қаралатың сұрақтың пәндегі орны. Топырақ жер бетінің ең маңызды бөлігі. Ол барлық жер бетіндегі тіршілік иелеріне қолайлы жағдай туғызып, биологиялық тепе-тендікті ұстап тұрады. Егер топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері бұзылса, бұл тіршілікке көп зиян келтіреді. Сондықтан топырақтың жағдайы әрдәйым санитарлық бақылауда болуға тиіс.
Сабақ барысы
Топырақ түрі мен құрамын анықтау.
№
|
Топырақ түрі
|
Топырақ кемітілігі, %
| Сипаттама |
Құмның құрамы, %
|
Балщық құрамы,%
|
Бөлшектер көлемі, мм
|
1
|
Құм
|
39,10
|
90,0-80,0
|
10,0
|
0,02-2
|
2
|
Құмдауыт
|
40,0
|
90,0-70,0
|
10,0-30,0
|
0,01-0,02
|
3
|
Саздауыт
|
41,0
|
70,0-50,0
|
30,0-50,0
|
0,01-0,02
|
4
|
Сазды
|
45,0
|
50,0-20,0
|
50,0-80,0
|
0,001-0,01
|
5
|
Тастақ
|
|
50,0
|
-
|
20,0-7,0
|
6
|
Қара топырақ
|
40,0
|
20,0- қара топырақ
|
-
|
|
Кесте бойынша топырақ түрі мен құрамының қасиетін анықтаңыз.
Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау.
Түсі
|
исі
|
Капиллярлығы
|
Су өткізгіштігі
|
өзек көлемі, %
|
Ылғал сақтағыштығы
|
|
|
|
|
|
|
Топырақ сынамаларын тексеріп, кестені толтырып, әрбір топырақ түрін көрсеткіштер арқылы санитарлық баға беріңіз.
Топырақтың химиялық талдауы.
Әртүрлі топырақ түрлерін экспрес-бақылау әдісімен зерттеп, одағы нитраттің бар-жоғын анықтап, бағалаңыз. Ол үшін арнайы зертхана “Пчелканы” пайдаланыңыз Зерттеу барысы
Тексерілетін топырақ сынамасын суға араластырып, езіп, таза ыдысқа (колба, банка, стакан) қүйып (10г сынамаға 50мл су, яғни 1:5 ара қатынасында) қойып қояды. Араластырып отырып, 3 минут ұстаныз. Одан соң сынаны нитрит-тест арқылы тексереміз. Нитрит-аниондар концентрациясын (мг/г) формуламен табамыз Сх V/m, мында С – суға езілген топырақтағы нитрит-аниондардың концентрациясы, мг/л; V – сынама араласқан су көлемі, л; m – алын топырақ сынамасы, г.
Нитрит-тестің пайдалануы.
Су ерітінділері мен сынамалары бақылау индикаторлық қағаздан көлемі
5 х 5мм кесіп алынады. Сыртқы полимер қабатын ашпай, мата жағымен, тексерілетін су ерітіндісіне қағаздың бір жағын маламыз да 5-10сек. Ұстаймыз. 3минут өткен соң сынамаға малынған жерін бақылау шкаласымен салыстырамыз. Бақылау нәтижесі ретінде дәл ұқсас шкаланың түсін аламыз. Көрсеткіш деректерін формалар арқылы есептеп шығарамыз.
Осы әдіспен топырақ құрамындағы сульфидтерде анықталады.
№9 Зертханалық сабақ
Тақырып: “Азық гигиенасы және азықтандыру. Жем-шөптің органолептикалық бағалауы”
Сағаты – 2
Оқу құрал жабдықтары: шөп-сабан сынамалары, қайшы,гір, бюксиктер, кептіргіш шкаф, эксикатор, бюксыларға арналған қысқыш.
Мақсаты – шөп-сабанды санитарлық бағалау.
Міндеттері – шөпті органолептикалық әдістермен зерттеп, оның негізгі көрсеткіштерінің нормативтік талаптарға сәйкестігін анықтап, оның малға беруге жарамадылыгына тұжырым беру қажет.
Қаралатын сұрақтың пәндегі орны. Әртүрлі шөп түрлері шөп қоректі үй жануарларының негізгі азық қоры. Малдың денсаулыгы мен өнімділігі азықтың сапасына байланысты.
Сабақ барысы
1. Клесі көрсеткіштер: азықтың біркелкіліг, ылғалдылығы, түсі, исі, шөптің шабылу мерзімі, ботаникалық құрамы, шаңдылығы, тұздар құрамы мен мөлшері, алколоидтар бойынша шөпке органолептикалық зерттеу жүргізу.
2. Шөптің (сабанның) ылғалдылығын анықтау. Ұсақталып кесілген 3 шөп сынамасын (әр қайсысы 5 гр.) бюксыларға салып, кептіру пешіне 1300 С ыстыққа 40 минут устап, кептіреді де, олардың құрғағын ара салмақтарының айырмашылығы арқылы ылғал мөлшерін табады. Ол граммен немесе пайызбен өлшенеді. Үш сынаманың орта көрсеткіші есепке алынады.
Зерттеу барысы
Кептіріп өлшенген, сынамалардың ылғалдылығының пайызын формула бойыша шығарады
(А – Б) х 100
Х = -----------------------
А
мына А – кептіргенге дейінгі сынама салмағы, г;
Б – кептірілген сынама салмағы, г;
Алынған деректер нормативпен салыстырылады (МС-1891-73. Зогигиена 131 б., 19 кесте.
Шөптің ботаникаоық құрамын анықтау
Алыңған шөп сынамасын өсімдік түрлеріне сәйкес: дәнді зақылдар, улы шөптер, бұршақ тәрізділер, жеуге жарамды, жарамсыз топтарына бөлшектенеді. Бөлінген топтар жеке өлшенеді. Алыңған сынама құрамында дәнді дақылдылар мен бұршақ тұқымдастар мөлшері мол болса, шөптің сапасы жоғары бағаланады.
МС-4808-75 (практикум 131-136 б.б. бойынша шөп құрамындағы өсімдіктердің типі, тип тармағы, класы анықталады. Өсімдіктердің жіктелуі, әсіресе улы түрлері, арнайы форма бойынша барлық деректер журналға толтырылады.
1. Өсімдіктің аты: қазақша, латынша; 2. Тұқымдасы; 3. Айырмашылық көрсеткіштері; бұтағы, жапырағы, гүлі, жемісі, тамыры; 4. Өскен жері (таралу аймағы; 5. Қандай жануар түрлерін уландырады; 7. Өсімдіктің қай бөлшектері және қандай жағдайда улы; 7. Әсер етуші заты; 8. Өсімдіктің негізгі жүйелері мен органдары, уланудың негізгі белгілері.
Алколоидтарды анықтау (тұнбалау реакциясы)
Алколоидтардың өсімдіктерге бар-жоғын топтық сына сапасымен анықтайды. Ол үшін 1 гр сынаманы ұсақтап, колбаға немесе пробиркаға салады да, оған 1% -дық сірке қышқылының 7 мл құяды да, қайнағанға дейін қыздырады, содан соң әрдайым шайқап отырып, содан соң суытады (15 минут). Колбадағы сүйықты мақтадан немесе сүзгіш қағаздан өткізіп, сүзеді де 1-2 тамшысын зат шынысына салады да, оған 1-2 тамшы йодтың судағы ертіндісін қосады (Бушард реактиві: 1 гр йод және 2 гр йодтық калийді 50 мл суда ерітеді). Егер бұл ертінділердің түсі бұрыл немесе қызғылтым бұрыл түске өзгерсе, онда шөпте алколоид бар деген мағна береді.
Зертханалық жұмыс тұжырымы
Органолептикалық зерттеу қортындысын нормативтік деректермен салыстырып, шөптің мал азығына қолдануға жарамдығына санитарлық баға беру керек.
Үйне тапсырма.
Әдебиеттер. Садуакасов М.С. Мал гигиенасы пәнінен лабораториялық тәжрибе сабағына арналған оқу құралы. Семей. 2000 ж. – 91-93 б.
№10 зертханалық сабақ
“Топырақ гигиенасы” бөлімінен аралық бақылау сұрақтары (коллоквиум)
Топырақтың физикалық қасиеттері қандай
топырақтың химиялық қасиеттері
Топырақтың биологиялық қасиеттеріне тоқталыныз
нитрификация және денитрификация дегеніміз не?
қандай топырақ түрлері зоогигиеналық талаптарға толық сай?
Топырақты жақсартып, сауықтыру әдістері
биологиялық провинциялар жөніндегі ілім
Фосфор-кальций аралық қатнасы бұзылғанда қандай аурулар пайда болады?
Топырақта мыстың мөлшерінің азаюына байланысты қандай аурулар мал арасында байқалады?
мыс пен молибден ара қатнасының бұзылуымен қандай ауру байланысты?
Топырақта кобальт жетіспеушілігінен жануарларда қандай ауру таралады?
Йод жетіспеушілігінен жануарларда қандай ауру пайда болады?
№11 зертханалық сабақ
Тақырып: “Су және самен қамтамасыз ету гигиенасы”
Сағат – 2
Оқу жабдықтары: сулар сынамалары, пробиркалар, колба, стакандар. Лакмус қағазы, су тьермометрі, сағат шынысы, цилиндр, сым шеңбері.
Мақсаты – судың физикалық және химиялық қасиеттерін анықтау әдістерін игеру.
Міндеттері – судың физикалық және химиялық құрамын анықтап, санитарлық баға беруді үйреніп, білу.
Сабақтың пәдегі орны. Судың физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты оның сапасы өзгеріп отырды. Ластанған, бұзылған су адам мен жануарларға қауыпты болып есептеледі, үйткені сумен көптеген ауру қоздырушылары таралады. Сондықтан ауыз судың сапасы әрдәйым санитарлық қадағалауда болады.
Сабақ барысы
Судың исін анықтау
Балл
|
Исінің күші
|
Маңызы
|
0
|
Жоқ
|
Иіс сезілмейді
|
1
|
өте нәзік
|
Арнайы қадағалай зерттегенде байқалады.
|
2
|
Нәзік
|
Иіске зер қойып, көңіл аударғанда білінеді.
|
3
|
Байқалады
|
Суды пайдаланушы иісті бірден сезіп, дұрыс көрмейді
|
4
|
Айқын
|
Иіс бірден өзіне көңіл аударады, су ішуге жарамсыз болады.
|
5
|
өте айқын
|
Иіс суды ішуге жарамсыз етеді.
|
Судың иісін бағалау
Символдар
|
Иістін сипаты
|
Иістің шығу тегі
|
А
|
Жақсы иіс (әтірге ұқсас)
|
Гүлдер, қияр
|
Б
|
Сазды
|
Лайсаң, сыздауыт
|
Г
|
Шірікті
|
Садыра, жуынды су
|
Д
|
Ағаштың
|
Ағаш қабығының
|
П
|
Көгертім
|
Көк иісі, турып қалған ауа
|
Р
|
Балыққа
|
Балық иісі
|
С
|
Күкірт сүтегі
|
Шіріген жұмыртқа иісі
|
Т
|
Шөптесін
|
Жаңа шабылған шөп
|
Судың иісін баллмен бағалайды. Судың иісі 2 баллдан аспауға тиіс. Тексерілген су сынамаларына иісінің кушіне байланысты баллмен бағалап, оның пайдалануға жарамдылығын анықтау керек.
Судың дәмі 6 баллмен бағаланады. Дәмін татып, кесте арқылы бағалап, тұжырым жасау керек.
Снеллен шрифты бойынша және сым шеңбері мен судың мөлдірлігін анықтау.
Ол үшін цилиндр, өлшем сызықтары бар, алынады және Снеллен №1 шрифты. Цилиндрге қүйылған су қалындығының шрифт оқылады. Егер 30см су қалындығынан шрифт оқылса су таза, мөлдір деп есептеледі, ал 20см кем болса – лайсан есептейміз. Сым шеңберіменде анықтау осы әдіспен жүргізіледі.
Су реақциясын лакмус қағазымен анықтау.
Тексерілетін стакандағы суға қызыл және көк лакмус қағазын малып қарайды. 5 минуттан соң оларды дистилланған суға малынған соңдай қағаздармен салыстырады: егер қызыл қағаз көрсе – реакция сілті болып есептеледі, егер көк қағаз қызарса – қышқыл болады.
Егерде қағаз түсі өзгермесе – су реакциясы бейтарап болады.
Су зерттеу көрсеткіштерін қорытындылап, санитарлық баға беріп, судың мал мен адамға азық су ретінде жарамды, жарамсыздығын қорытындылап, тұжырым жасалады.
Сабақты қорытындылау.
Әдебиеттер. Садуакасов М.С. Мал гигиенасы пәнінен лабораториялық тәжрибе сабағына арналған оқу құралы. Семей. 2000 ж. – 155-160 б.
№13 зертханалық сабақ “Су және сумен қамтамасыз ету” бөлімінен коллоквиум сұрақтары
Судың ветеринарлық-гигиеналық маңызы неде және ауыз суға қандай талаптар қойылады?
табиғи су көздерінің сипаттамасы
судың ластануы және оны ластанудан сақтандыру шаралары
санитарлық қорғау зонасы дегеніміз не, су көздерін паспорттылау?
Мал қораларын сумен қамтамасыз ету жүйелері
малды суару үшін қандай қондырғылар мен аспаптар пайдалынылады?
сульфат және хлоридтер бойынша ауыз су қалай бағаланылады?
суда аммиак, нитрит, нитрат болса, ондай су қалай бағаланылады?
Судың сапасын көтеру әдістері
Достарыңызбен бөлісу: |