Д
100
∑
ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ
306
307
жуықтап алғанда 0,1 Па-ға тең болады. Дыбыс сәулесінің қысымы акустикалық
радиометрмен өлшенеді. Дыбыс сәулесінің қысымының шамасын біле отырып
берілген ортадағы дыбыстың қарқындылығын анықтауға болады.
ДЫБЫСТАН АСҚЫН АҒЫС, асқындыбыстық ағыс – газдың қарастырылып
отырған аймақтағы бөлшектерінің жылдамдығының (v) дыбыстың жергілікті
жылдамдығының мәндерінен (а) артық болатын кезіндегі ағысы. Дыбыстан
асқынағысты зерттеу мәселелері ұшақтар, ракеталар және артиллерия снарядтарын,
бу және газ турбиналарын, жоғары қысымды турбокомпрессорлардың дыбыстан тез
ағыс тудыруға арналған аэродинамикалық құбыр жасаумен байланысты туындай-
тын бірқатар маңызды нәтижелерді іс жүзінде шешумен байланысты қолға алынды.
Газдың дыбыстан асқынағысының дыбыс жылдамдығынан кем ағысының
сапалық айырмашылығы бар. Газдағы әлсіз ұйытқу дыбыс жылдамдығымен
таралады, бірқалыпты асқынағысқа
орналастырылған ұйытқу көзі (мысалы,
дене) тудыратын қысымның әлсіз әсері
ағысқа қарсы бағытта тарала алмайды,
ағыс бойынша
ұйытқу конусы (СОD) деп
аталатын конуспен немесе
Мах конусымен
(1-сызба) v>а жылдамдықпен ағыс бағыты
бойынша ағатын болады. Өз кезегінде
ағыстың О нүктесінде АОВ конусының
ішінде орналасқан көздерден шығатын (таралатын) әлсіз ұйытқу әсер етеді.
Дыбыстан асқынағыспен с ы н а н ы орағытып аққан кезде (2-сызба, а) сынаның
бүйір бетінің бойымен ағатын ілгерілемелі ағыс сынаның төбесінен таралатын
(шығатын) жазық секірісті тығыздалған ағыстан ажырайтын болады. Сынаның
керілу бұрышы белгілі бір шекті секірісті тығыздық қисық сызықты болып өзгеріп,
сынаның төбесінен кейін кетеді, оның соңында газдың дыбыс жылдамдығынан
кем жылдамдық пайда болады. Бұл жайт
маңдай жағы доғал денелерді дыбы-
стан асқынағыспен орағытып ағуға тән
(2-сызба, б).
Дыбыстан асқынағысты жылдам-
дықтағы (гипердыбысты) (v>>а) ағыс-
тың бірқатар ерекше қасиеттері бар.
Газда гипердыбысты жылдамдықпен
ұшатын
дененің бетіне жақын аймақта
температура өте жоғары мәнге дейін
2-сызба. Дыбыстық асқын ағыспен орап ағу:
а – сынаны; б – доғал денені
1-cызба. Ұйытқу конусы (СОD) және әсер
ету конусы (АОВ)
Д
100
∑
ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ
308
309
жететін болады. Бұл жағдайда қозғалыстағы
дененің маңдай жағында газ күшті
сығымдалады, әрі
газдың ішкі үйкелісі салдарынан жылу бөлінеді, осы жылу
дене ұшқанда онымен бірге ілеседі, сондықтан газдың гипердыбыстық ағысын
зерттеу кезінде ауаның жоғары температура кезіндегі қасиеттерінің өзгерістерін:
ішкі еркіндік дәрежесін және ауаны құраушы газ
молекулаларының диссоциаци-
ясын, химиялық реакциясын (мысалы, азоттың асқын тотығын), электрондардың
қозуын және иондалуын ескеру қажет болады.
ДЫБЫСТЫҚ ҚЫСЫМ – дыбыс толқындарының ортадан өтуі кезінде
пайда болатын қысымның айнымалы бөлігі. Дыбыс толқындары ортада таралған
кезде ортаны сығымдайды әрі сирексітіп ортадағы оның қысымының орташа
шамасын қосымша түрде өзгеріске ұшыратады. Дыбыстық қысым дыбыс тол-
қынының жиілігіне тең жиілікке өзгереді. Дыбыстық қысым – дыбыстың негізгі
мөлшерлік сипаттамасы. Кейде дыбыстың сипаттамасына дБ-мен (децибелмен)
өрнектелген д ы б ы с т ы қ қ ы с ы м н ы ң д е ң г е й і қолданылады. Бұл шама
берілген дыбыстық қысымның дыбыс табалдырығының қатынасына тең шама.
р
0
= 2·10
–5
Па, децибел шамасы N = 20 lg (р/р
0
). Дыбыстық қысым ауада 10
–5
Па-дан
естілу табалдырығының 10
3
Па-ға дейінгі қатты дыбысқа дейін өзгереді. Дыбыстық
қысымды дыбыс сәулесінің қысымынан, яғни дыбыс қысымынан ажырата білу
керек.
ДЫБЫСТЫҚ ЛЮМИНЕСЦЕНЦИЯ (латынша «луминис – жарық» + «ескент
– «әлсіз әсер» дегенді білдіретін жұрнақ») – акустикалық кавитация кезінде
сұйықтағы жарқырау. Дыбыстық люминесценция кезіндегі жарқырау жарық сәуле
өте әлсіз болатындықтан оны тек едәуір күшейткен соң немесе қараңғы кезде ғана
байқалады. Мұның спектрі негізінен үздіксіз спектр болады. Жарқыраудың себебі
– кавитациялық көпіршіктердің (көпіршіктердің ішіндегі температура 10
4
К-ге
дейін жететін болады) жабылуы кезінде газдың не-
месе будың адиабаттық сығымдалуы нәтижесінде
жүзеге асатын күшті қызудың салдары: осы жайт
газдың және будың атомдары мен молеку-
лаларын термиялық (жылулық) қоздыруға
ұшыратады, соның нәтижесінде көпіршіктер
жарқырайтын болады. Осы люминесценцияның
қарқындылығы көпіршіктегі газдың мөлшеріне, со-
нымен қатар сұйықтың, газдың қасиеттеріне және
дыбыстың қарқындылығына тәуелді. Дыбыстық
люминесценцияның пайда болуына мысалы
хеми-
люминесценция да үлес қосады.
Кавитациялық өрістің жарқы-
рауы (25 кГц жиілікте жұмыс
істейтін шағын ферриттік түр-
лендіргіш түсірген)