4 (74) 2017 | Адам әлемі 19
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды.
Есен алар пұлыңмен,
Солдат алар ұлыңнан,
Күндердің күні, Абылай,
Жаяулап келер жұртыңа,
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа,
Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.”
Мұнан соң қилы-қилы заман болар,
Заман азып, заң түзіп, жаман болар.
Ұлың, қызың орысқа бодан болып – [Электронды ресурс].
Бұл жыр-толғаудан Қазақ хандығы, Қазақ Еліне ең бірінші қауіп діні
жоқ, өзі сары, болатындығын айтқан. Айқаны келіп, Қазақ хандығының
керегесі сөгіліп, Патша үкіметінің бодандығына кірді. Бұқар жыраудың
айтқаны тура келді. Дінінен, тілінен, жерінен аластады. 400 жылға жуық
бодандықтың зардабын көрді.
Бұл “Қилы заман” толғауының қалай туындағанын Мәшһүр Жүсіп
Көпеев былайша түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде
Бұқардан сұраған: “Асан Қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай ба-
сын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен
қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайтұғын сөз ғой” — деп. Сон-
да Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің
үстіне арта салып, көзіне жас алып; “Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек
еді, мен айтпасам керек!” деп, осы толғауды айтыпты [Электронды ресурс].
Асан Қайғы, Бұқар жырау және тағы басқалары заманның заңдылығын,
қиыншылығын түсініп, еліне, елді басқарып отырған Қолбасшыларға жол
көрсеткен. Жыр-толғауларымен қара халықтың мұңын жоқтап, шешілуі
тиіс мәселердің шешілуіне ықпал еткен.
Жыраулық философия туралы кемеңгер Мұхтар Әуезов былай ой
түйеді. «Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні
шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап,
келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең
мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған су-
реттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді…Не айтса да, көптің
мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде
айтылады», – дейді [Электронды ресурс].
Асан Қайғы өз дәуіріндегі қилы заман туралы жырласа, 400 жыл са-
лып кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовте «Қилы заман» атты повесть жаз-
ды. Жазушы, ойшыл, ғалым Асан Қайғының шығармашылығымен таныс
болуы да мүмкін. Себебі Мұхтар да Асан Қайғыға ұқсап, өз заманының
ауыртпашылығын, Ресей патшаларының соқыр саясатына қарсы болды.
Кемербаев Р. Заман философиясы
20 Адам әлемі | 4 (74) 2017
«Қилы заман» повесті 1928 жылы Қызылорда қаласында бір рет жеке
кітап болып басылып шықты. Содан бастап «Қилы заман» романы үшін
қуғын көріп, соқыр саясаттың соққысын жеп, біраз тергеуге алынды.
Қудалауға ұшырады. Ресей және орыс халқына қарсы жазылған ұлт арасын-
дағы өшпенділікті қоздыратын ұлтшыл-арандатушы шығарма деген айып
тағылды. Заман тынышталған соң 1970 жылдардан кейін ғана жарияланды.
Шығарма 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінде құрбан болған барлық
асыл азаматтардың ешқандай жазығы жоқтығын, көркем образдар арқылы
бейнелеп кетті. Елдің абыройы мен азаттығы үшін күрескен батыр халықтың
күресі, әлі де бітпеді, қилы заманның сорақы саясаты қашан бітер екен де-
ген ой-арман жазылады.
Осындай өзгермелі, қаншама қилы замандарды басынан өткізіп келе
жатқан қазақ халқының мықтылығын көреміз.
Қандай заман болмасын қоғамның арасынан озық ойлы, білім, ғылымға
құштар, рухы биік, парасатты адамдар болады. Оларды философтар дейміз.
Қалай дегенмен де заманның зарын қоғам алдында мәселе ретінде
көтеріп, дабыл қаққан ойшыл, ақын, данышпандар алдында қарыздармыз.
Қазіргі уақыт жайма, шуақ заман болғанымен, Елбасы айтқандай дүбірлі,
күнде өзгеріске ұшыраған алмағайып заман болып тұр. Заманның бағдарын
сезіп, елді ұйыстырып, шашыратпай, бір идеяға тоғыстырған Асан
Қайғының заман туралы толғаныстарын келешек ұрпақ үшін үнемі айтып,
насихаттап отыру ағалық борышымыз деп санаймын.
Қорытынды
Тәуелсіздіктің арқасында, бұрын жоғалтқан, белгілі себептермен ай-
тылмай келген асыл қазыналарымызды қайта таптық. Өлгеніміз тіріліп,
өшкеніміз қайта жанды деген осы. Қоғамның саяси жүйесі ғана емес,
тұтастай ойлау жүйесі өзгеруде. Себебі еркіндік, тәуелсіз ел болу қазақ
халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты болатын. Ата-бабаларымыз
қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау
қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында ғана қол жеткізді. Аз
ғана уақыттың ішінде Қазақ Елін бүкіл әлем білді, таныды.
Асан Қайғы қазақтың дархан даласын аралап, ол жерлерге өзінің си-
паттамасын беріп, сол заманның саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби
өміріне белсене араласты. Жерұйық ілімін қалыптастырып, жаңа идея
туғызды. Өзіне дейінгі ойшылдардың озық ойларын санасына сіңдірді.
Өзінен кейінгі ойшылдарға ой салды. Жол көрсетті. Болашақты болжады.
Заман философиясының негізін жасап, футурологиялық болжамдар жасады.
Одан кейінгі ойшылдар, Асан Қайғыға ұқсап еңбектерін жазды. Жыр-
ларын төкті. Оған дәлел Зар заман, Жыраулар, Ағартушылар заманындағы
ойшылдардың, Алаш қайраткерлерінің еңбектерінде көрініс тапты.
Қазіргі заманның философиялық мәселелері
4 (74) 2017 | Адам әлемі 21
Библиография
Айтбаев, С. 1973. ‘Асан Қайғы’. Алматы, Жазушы, 8 б.
Әуезов, М. 1969. ‘Шығармалар жинағы’. Алматы, Жазушы, 325 б.
‘Бес ғасыр жырлайды’. 1989. Алматы, Жазушы, 384 б.
Бердібаев, Р. 2006. ‘Он ғасыр жырлайды’. Алматы, 408 б.
Дүйсенбайұлы, Е. 2002. ‘Нар заман мен зар заман поэзиясы’. Алматы, Раритет, 260 б.
Кенжалы, Т. 2006. ‘Асан Қайғы’. Алматы, Дайк-Пресс, 284 б.
Кенжалы, Т. 2006. ‘Асан Қайғы’. Алматы, Дайк-Пресс, 284 б.
Қасқабасов, С. 1994. ‘Миф пен әпсананың тарихилығы’. Алматы, 312 б.
Мамиева, Б. 2007. ‘Асан Қайғы туралы аңыздар’. Автореферат. Алматы, Арыс, 28 б.
Мағлұмов, Д. 2014. Қазақ аңыз-әпсаналары. Алматы, Балауса, 96 б.
Мағауин, М. 1993. ‘Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет’. Алматы, Ана тілі, 176 б.
Мағауин, М. 1968. ‘Қобыз сарыны’. Алматы, Жазушы, 156 б.
Нысанбаев, Ә. 2011. ‘Қазақ философиясы тарихы’. Алматы, 400 б.
Омаров, Б. 2001. ‘Қазақ әдебиетiндегi зар заман ағымы’. Алматы, 315 б.
Ошақбаева, Ж. 2011. ‘Жыраулар даналығы’. Алматы, 164 б.
[Электронды ресурс] http://bilim-all.kz/olen/3237-Ai-Abylai-Abylai (дата обра-
щения: 05.10.2017).
[Электронды ресурс]. URL https://kk.wikipedia.org/wiki/Бұқар_жырау_
Қалқаманұлы
(сайтқа кіру уақыты: 05.10.2017).
[Электронды ресурс]. URL https://kk.wikipedia.org/wiki/Бұқар_жырау_
Қалқаманұлы
(сайтқа кіру уақыты: 05.10.2017).
Transliteration
Aitbaev, S. 1973. ‘Asan Kaygyn’. Almaty, Writer, р 8.
Auezov, M. 1969. ‘Collections of works’. Almaty, Writer, p 325.
‘Five centuries’. 1989. Almaty, Writer, р 384.
Berdibaev, R. 2006. ‘It’s a ten-year-old’. Almaty, p. 408.
Dyusenbayuly, Е. 2002. ‘Nar zaman and Zar zaman’s poetry’. Almaty, Raritet, р 260.
Kenzhali, Т. 2006. ‘Asan Kaygy’. Almaty, Dik-Press, р 284.
Kenzhali, Т. 2006. ‘Asan Kaygy’. Almaty, Dik-Press, р 284.
Kaskabasov, S. 1994. ‘Historiography of myth and epic’. A, 1994. Р 312.
Mamiyeva, Б. 2007. ‘Legends about Asan Kaygy’. Almaty, Arys, р 28.
Maglumov, D. 2014. ‘Kazakh legends’. Аlmaty, Balausa, р 96.
Magauin, M. 1993. ‘Literature of the epoch of Kazakh Khanate’. Almaty, native
language, р 176.
Magauin, М. 1968. ‘Kobyz sary’. Almaty, Writer, р 156.
Nyssanbayev, А. 2011. ‘History of the Kazakh philosophy’. Almaty, р 400.
Omarov, B. 2001. ‘Modernization of the Kazakh literature’. Almaty, р 315.
Oshakbaeva, Zh. 2011. ‘Wisdom of Wisdom’. Almaty, р 164.
Кемербаев Р. Заман философиясы
Достарыңызбен бөлісу: |