16
Адам әлемі | 4 (74) 2017
институты, хандық басқару жүйесі құрылды. Қала-мемлекеттер салынып,
Ұлы Жібек жолының өтуіне ыңғайлы болды. Ол қалалар мәдениет, ғылым,
сауда-саттықтың ордасына айналып, қазақ мәдениетін айшықтады. Соның
бір дәлелі – Отырар, Түркістан, Сығанақ, Тараз, Бозоқ, Қарқаралы елді
мекендері. Сол заманның өркениетін қалалардың дамуынан байқаймыз.
Қанша
дегенмен, сол заман тұрақсыз, үнемі өзгеріс үстінде еді.
Ханның алдында өз ойын бүкпесіз айтқан, кез-келген дауды әділ
шеше білген, жердің сапасын анықтап, халықтың кұрметіне бөленген Асан
Қайғының абырайы асқақ еді. Асан іздеген «Жерұйық» шұрайлы қоныс
қана емес, елін, жерін сыртқы жаулардан қорғайтын қазақ хандығы бола-
тын. Халықтың болашағы мен елдің ертеңі үшін ойға батып «Қайғы» атан-
ды. Желмаясына мініп, сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс іздеді. Оны
«Жерұйық» деп атады. Бармаған жері қалмады. Барған жерге өзінің бағасын
беріп, соңында ханға келіп былай дейді.
Тіл алсаң іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам.
Тапқан жерге ел көшер,
Мұны неге білмейсің?!
Асан Қайғының толғау, өсиеттерін әдеби тұрғыдан әдебиеттанушы
ғалымдардың еңбектерінен табуға болады. Көп жағдайда тек Асан Қайғы
айтты деген үзінділерді теріп, жинақтап отырған. Бұдан байқайтынымыз,
Асан Қайғының сыни ойлағандығын көреміз. Ханның алдына келіп, оны
мақтап қана қоймай, заманның өзгеріс үстінде екендігін, сол өзгерістер
кезеңінде мүмкіндіктерді пайдалануын ескертеді.
«Алдағы күннен қауіп-қатер күтіп, келешектің келеңсіз бейнесін
жасаудың нышандары Асан Қайғының, Бұқар жыраудың өлең-толғауларында
кездеседі. Дей келе, бұл сарын зар заман ақындарының жырларында айқын
көрінеді», – дейді Бауыржан Омаров [2001, 12 б.].
«Зар заман – отаршылдық қысымын көрген елдің әдебиетінде рухани
құндылықтардың азып-тозуына налудан, қоғамның болашағына үміт арт-
пай, ізгілікті өткен өмірден іздеп, халықтың салт-дәстүрлері салтанат құрған
кешегі күнін аңсаудан, ежелден ұлттық танымына, көшпенділік табиғатына
жат құбылыстарды қабылдамай, дәуірге наразылық білдіруден туған ағым»
деп баға береді [Бердібаев, 2006, 33],
Асан Қайғы шығармашылығындағы жыр-толғаулар сол замандағы та-
рихи шындыққа негізделді. Өйткені өз заманынан озып туған ойшыл, ханға
тіке көзбен қарай білді, өз заманының шындығын ақтарып салды. Жәнібек
пен Керей сұлтандардың Қазақ хандығына қатысты алаңдаушылығын
білдіреді.
Әй, хан,
мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Қазіргі заманның философиялық мәселелері
4 (74) 2017 |
Адам әлемі 17
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп, қызарып,
Мастанып, қызып терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай,
Елеуреп неге сөйлейсің?!- [http://bilim-all.kz].
Жыр жолдарынан Асан Қайғының ханның алдына келіп, халықтың
назын, өзінің пікірін тура бетіне басып салғанын аңғарамыз. Бұл жерде
басшының алдында екінің бірі сөз айта алмайтындығы анық. Осы жыр
жолдарынан Асан бабамыздың абыройын, халық ішіндегі беделі жоғары
екендігін көреміз. Одан әрі сөзінің соңында, заманның қиындап, бұдан да
асқан қиыншылықтың
болатындығын болжап, футурологиялық ой түйеді:
...Ай, Жәнібек, ойласаң,
Қилы, қилы заман болмай ма,
Суда жүрген ақшортан
Қарағай басын шалмай ма,
Мұны неге білмейсің!?
Хош
аман бол, Жәнібек,
Енді мені көрмейсің!
Асан Қайғы алда осындай қиын күн тұрғанын біліп, қазақ хандығының
басындағы сұлтандарға ескерту жасайды, қара халықтың мұң-мұқтажын
елеп-ескермеген ханды сынайды.
Болашақтың бұлыңғыр, қилы заманның болатындағын болжап,
дұрыс жолға түсуін, ақылға келуіне шақырады. Мүмкіндікті пайдаланып,
тығырықтан шығатын жолды көрсетеді.
Әрине, Асан бабамыздың бұл жыр жолдары өзінің заманы емес,
келесі ұрпақ үшін маңызды екендігін тілге тиек етеді. Асанның идеяла-
рын одан әрі дамытып, халықтың арасына насихаттап, рухани сабақ алған
ізбасар шәкірттеріде көп болды. Солардың арасында Асан бабамыздың
жыр-толғауларын естіп өскен Бұқар жырау Қалқаманұлы да (1668—1781)
Абылайханның жанынан табылып, ақылшысы болған. Тағдырлары ұқсас,
Қазақ хандығының тарихында қиын замандарда өмір сүріп, орасан еңбек
сіңірді. Тәуелсіздік жолында басын бәйгеге тікті. Абылайханның ең жақын
адамдарының бірі болып, үнемі жанынан табылды. Дұрыс жолдан тайып
бара жатқанда, турашылдығымен ханның өзін жыр-толғауларымен тәубеге
келтіріп отырған. Айталық:
Ай, Абылай, Абылай,
Жеңбеген жауың қалмады-ау,
Алмаған жерің аз қалды-ау.
Бетке алсаң әсте коймадың,
Алсаң тағы тоймадың,
Несібеңді елден ойладың.
Атаңды
білмес кұл едің,
Кемербаев Р. Заман философиясы
18
Адам әлемі | 4 (74) 2017
Ата-тегіңді сұраса,
Арқар ұранды жат едің,
Қай жеріңде төре едің?!
Жұлдызың туды оңыңнан,
Жан біткен ерді соңыңнан.
Он
сан Алаш баласын
Жусатып қойдай өргіздің,
Жұмсап жүрсің қолыңнан.
Ай, Абылай, Абылай,
Он бір ғана жасында,
Әшейін-ақ ұл едің.
Он бес жасқа келгенде,
Әбілмәмбет
төренің
Арқада жүріп қанғырып,
Түйесін баққан құл едің.
Абылай атың жоқ еді-ау,
«Сабалақ» атпен жүр едің.
Оны да көрген жерім бар,
Жаныс
Қарабайдың қолында,
Түнде туған ұл едің [Мағауин, 1993, 176 б.].
Бұқар жырау да өте сыйлы, ақылды, ойшыл, елдің, жердің қамын
жақсы білген. Абылай хан бабамыздың дұрыс шешім, парасатты пайым
қабылдауына, екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына,
әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал
жасаған.
Бұқар жырау да Қилы заманды жырлап, заманның қайшылыққа толы
екендігін болжаған.
“Күнбатыстан бір дұшпан,
Ақырында шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты боп,
Күншығысқа қарайды.
Шашын алмай, тарайды,
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта
міні жоқ, Затсыз,
тексіз бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір,
Жемқорларға жем беріп,
Азды көпке теңгеріп,
Ел
қамын айтқан жақсыны,
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Қазіргі заманның философиялық мәселелері