4 (74) 2017 |
Адам әлемі 27
-
мемлекеттің экономикалық,
әкімшілік, медиялық ресустарын бөлу.
Президенттік басқару құрылысы саяси шындық бойынша 1993 жылы
Жоғарғы кеңестің тарауынан кейін Президентке заңды құқықтар берілген,
ал заңды рәсімдеу 1995 жылы Конституцияның қабылдануымен сәйкес
келді. Осы кезден бастап Президент елдегі барлық билікті қадағалап
қолына алды. 1993 жылғы Конституция бойынша атқарушы билікті тексе-
руге құқылы Конституциялық Сот, Негізгі заңға сәйкес 1995 жылдан бастап
консультациялық-кеңесші құқықтарына ие болу арқылы Конституциялық
Кеңес болып өзгертілді. Негізгі Заңға 1998 жылы енгізілген түзетулер
болашақта президенттік мерзімді 7 жылға дейін созу қарастырылды.
Сол кезде құрылған президенттік биліктің түбегейлі моделі осы уақытқа
дейін өз күшінде. Бұл, айта кету керек, 1990-шы жылдардағы дағдарыстан
шығуға айтарлықтай жоғарғы деңгейде тиімділігін көрсетті.
Сонымен бірге 2000 жылдардың басында әлеуметтік-экономикалық
және саяси өзгерістерге президенттік билік институтының желісімен
күн тәртібінде елдегі саяси жүйелерге жаңа талаптар ұсынылды. Бұл
талаптардың негізгі мазмұны отандық капиталға (сонымен бірге орта
және кіші кәсіпкерлер) назар аудару негізінде экономикалық және саяси
қатынастарды көбірек ырықтандырудан тұрды. Қатаң орталықтандыру
мен барлық қатынастарды регламентациялау суперпрезиденттік
республикаға тән, елдің жаңа кезеңдегі дамуы кәсіпкерлік бастаманы
тежеп және өнеркәсіптік күштің дамуына объективті талаптар қарама-
қайшылық танытқаны айқындалды. Осы қарама-қайшылықтың салда-
ры елдегі саяси тұрақтылыққа қауіп төндіріп, қоғамдық-саяси өмірдің
әртүрлі күйреулерінде жиірек кездестіре бастады, осыған байланысты
Қазақстанның басшылығы бұл келеңсіз жағдайларды жою үшін саяси
жаңаруға шешім қабылдады.
Бүгін Қазақстан Республикасының саяси ұйымдарының жүйесінде
президенттік вертикаль қазіргі Конституцияның анықтаушы орындарын-
да басымды орын алады. Дегенмен, біздің елімізде соңғы уақытта биліктің
басқа тармақтарына да жаңапкершілік жүктелуде.
Қазақстандық моделді президенттік биліктің негізгі жолдары мыналар:
- президенттік
биліктің жоғарғы сипаты;
- билік тармақтарының арасында қақтығыс болған жағдайда
Президенттің
арбитраждық функциясы;
- атқарушы және соттық билікке, тексеруші-бақылаушы және күш
беретін органдарға, Ұлттық банкке (жоғары әкімшіліктегі қызметкерлерді
немесе олардың кандидатурасын қызметке жылжыту, тағайындау және
босату құқығы) қатысты, сонымен бірге жанама – заң шығарушы билікке
қатысты (сенаторлардың мүшелерін тағайындау, Сенат төрағасының канди-
датурасын ұсыну, Парламентті таратуға және кезектен тыс сайлау өткізуге)
Президенттің
қалыптастыру функциялары;
Нүсіпова Г. Әл-Фараби іліміндегі мемлекеттік биліктің дискурсы
28
Адам әлемі | 4 (74) 2017
- мемлекеттің ішкі өміріндегі және сыртқы саясаттағы (соғыс пен
бейбітшілік хабарламасын қоспағанда) айырықша маңызды мәселелердің
соңғы
шешімін қабылдау;
- белгілі бір конституциялық жағдайда, республика заңының күші бар
заңдар мен жарлықтарды өз бетімен басып шығару құқығын қоса, заңды
шығармашылық үдерістеріне мүмкіндік
көрсетуге ықпал ету;
- билікті басқарудағы жалпы саяси жүйеде президенттік орынға қарама-
қайшы арасалмақтың болмауы (мемлекетке опасыздық жасағаны үшін им-
пичмент мүмкіндігі есепке алынбайды).
Бұл жолдар белгілі бір ерекшеліктермен 2007 жылы билікті және оның
жоғарғы эшалонындағы нақты қайта бөлуге байланысты қабылданған
президенттік билікке конституциялық жаңа кіріспелерді күшейту
толықтырылады. Осыған байланысты Негізгі заңға енген біршама түзетулер
Мемлекет басшысының келісімен Парламенттің партиялық фракцияла-
рымен бірге Премьер-министрдің кандидатурасын бекіту, спикерлермен
кеңесе отырып оның бір палатасын немесе Парламентті тарату құқығы, Се-
нат депутаттарын тағайындағанда Президент құқығын кеңейту, мемлекеттік
және партиялық қызметті қатар алып жүруге рұқсат беру, күш беретін ве-
домствалар мен Сыртқы істер министрлігінің жетекшілерін тағайындау
құқығы, заңды бастамаларға құқығы, конституциялық заңдарға қатысты
редакция жасау мүмкіндіктерін күшейтуге, Қазақстан халқы Ассамблеясын
қалыптастыру құқығы қосылды.
Осыған байланысты, елімізде 2007 жылғы конституциялық түзетулер
президенттік-парламенттік республикаға көшуді сипаттады. Бұл 2017 жылғы
26 қаңтардағы
Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары
арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуінде нақты
көрсетілді [
Назарбаев
2017].
Жалпы алғанда, президенттік институттың өзі, оның теңбе-тең
жаңару жағдайында биліктің саяси институттарында қажетті болып сана-
лады. Осыған тектес мәселелер ортағасырлық Шығыс философиясында
өзектенген болатын. Сондықтан әл-Фараби саяси философиясы да саяси
ғылымдар үшін маңызды екенін атап өтуге болады.
Қорытынды
Әл-Фараби өзінің билік мәселесі жөніндегі маңызды қағидаларын
ұсынады, мұнда адами белсенді қызметтер қалыптастырған және дамытқан
қоғамның тегі туралы, мемлекеттік құрылыс жайлы, қоғамдық тіршіліктің
түрлі формалары, адамның этикалық және басқа мінез-құлық ережелері
туралы баяндалады [Философское мировоззрение аль-Фараби 1973].
Сондықтан идеялық сабақтастық билік мәселесінде де өзінің құндылығын
сақтайды.
Қазіргі заманның философиялық мәселелері