4 (74) 2017 | Адам әлемі 115
УДК 37(378.6)
ГРНТИ 21.01.21, 00.21
Шолпан Жандосова, Айгерім Досмағанбетова
(Казахстан, Алматы)
«ДІНИ БІЛІМ БЕРУ» ҰҒЫМЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация. «Діни білім беру» ұғымы әлеуметтік-рухани қағидалардың ішінде
ең маңыздыларының бірі болып табылады. Себебі ол қоғамның сауаттылығын
арттыруға бағытталған білім жүйесін білдіреді, дәлірек айтқанда рухани және діни
сауаттылықты арттырудың білім беру кешені болып табылады. Бұл жүйе діни және
зайырлы бағытта болуы мүмкін. Аталмыш мақалада «діни білім беру» феноменін
зерттеудің теориялық негіздеріне талдау жасалды. «Діни білім беру» концептіне
анықтама беріліп, тұжырымдамалық, теориялық-әдіснамалық талдау негізінде
діни білім берудің түрлері мен нысандары зерттеліп, жүйелендірілді. Діни білім
беру мен дінтанушылық білім берудің айырмашылықтары талданды. Оның діни
және зайырлы бағыттарының ерекшеліктері қарастырылды. Сонымен қатар, білім
беру мен діни ілімге қатысты әлем діндерінің көзқарасы сипатталды. Осыған
орай, киелі жазбалардың дәйексөздеріне сараптама жасалды. Батыс ғалымдары
М. Элиде мен Н. Смарттың, ресейлік ғалым И.В. Понкиннің, шығыс ғалымы әл-
Ғазалидің және т.б. пікірлері талданды, сонымен қатар философиялық сөздік пен
энциклопедиялық деректерден анықтамалар келтіріліп, сараптама жасалды. Автор-
лар діни білім беруді жетілдіру үшін, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін
анықтау үшін, сонымен қатар осы сұраққа қатысты сапалы ұсыныстар құрастыру
және оның үздік үлгісін қалыптастыру үшін «діни білім беру» ұғымын зерттеудің
концептуалдық ерекшеліктерін анықтау керек деп есептейді.
Түйін сөздер: дін, діни білім беру, дінтану, діни сана, білім алу.
Кіріспе
Дін рухани мәдениеттің маңызды бөлшегі ретінде кез келген әлеуметтік
қоғамдастық үшін және қоғамдағы әлеуметтік идеология үшін санаға,
дүниетанымға, рухани әлеміне ерекше әсер ететін элемент болып табыла-
ды. Қазіргі таңда, жаппай атеизм саясатының орнына келген «діни ренес-
саанс» жағдайында «дін» ұлттың рухани жандануының тағы бір қайнаркөзі
ретінде қарастырылады, сонымен қатар қоғам мен оның рухани жаңғыру
барысындағы рухани тірегі болатын негізгі факторлардың бірі болып та-
былады. Ал діннің мемлекетте оң әсерін қалыптастыру үшін халықтың
діни сауаттылығы жоғары болуы тиіс. Сауаттылық тек конфессионалдық
бағытта болуы шартты емес, ол зайырлы да болуы мүмкін.
«Діни білім беру» термині – өте кең ұғым, ол әлеуметтік білім алу
қызметінің ерекше құрылымын білдіреді. Білім берудің мұндай түрі дінді
Жандосова Ш., Досмағанбетова А. «Діни білім беру» ұғымын зерттеудің ерекшеліктері
116 Адам әлемі | 4 (74) 2017
оқытуды және діни сезім мен сананы тәрбиелеуді білдіреді. Ғалым М. Эли-
аде [1987]: «діни білім беру терминіне анықтама беруге тырысушы әркім
әдеттегіден тыс қиындықтарға тап болады» дейді. Ал зерттеуші Н. Смарт
[1975] болса: «діни білім берудің теориясы мен тәжірибесі және дінді
зерттеу түсініксіз жағдайларға байланысты қиын болып келеді» деген
тұжырымдама жасайды. Алайда, ғалымның ойынша, дінді зерттеудің өзі
ақиқатты зерттеудегі еркіндіктің маңызды дәлелі болып табылады, сондай-
ақ, адамзат реализміне қосқан зор үлес екені айғақ – деп есептейді. Де-
мек, діни білім беруді түбегейлі анықтау қиындықтар туындатса да, оны
зерттеудің маңыздылығы дауасыз екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.
Әдіснама
Зерттеудің әдіснамасы тарихи, логикалық және теологиялық-
салыстырмалы тәсілдер болып табылады. Тарихи әдіс діни білім беру
тұжырымдамасының даму деңгейін көрсету үшін қолданылды. Логикалық
тәсіл тұрғысынан алғанда, діни білім беру феноменін зерттеудің маңызды
басымдылықтарына талдаулар жасалды. Теологиялық-салыстырмалы әдіс
киелі кітаптардағы білімге қатысты ойларды салыстыру үшін қолданылды.
Негізгі бөлім
Дін, ғылым, әдебиет, бұқаралық ақпараттар құралы және өнер сияқты,
білім де мәдениеттің рухани саласына жатады. Кеңестік энциклопедиялық
сөздікте [1980]: «білім (білім беру) дегеніміз жүйеленген мағлұматтарды,
іскерлікті және дағдыларды игеру барысы немесе оның нәтижесі болып са-
налады, олар адамның өмір сүруі мен еңбек етеуіне қажет» деп анықтама
берілген.
«Діни білім беру» термині халықаралық сөздікке білім беру қызметінің
түрлерін білдіретін кең ұғым ретінде енді. Ол дінді зерттеумен, діни сезімді
тәрбиелеумен және діни сананы дамытумен байланысты. Осы орайда
қазіргі заманғы зерттеулерде дін мен білім алудың қатынасын түсіндіруде
әлеуметтік-философиялық сараптама өзекті болып табылады. «Діни білім
беру» ұғымы кең мағынада «дін туралы білімге тартудың формасын»
білдіреді.
Қазіргі таңда дін саласында білім берудің екі түрі бар: дінтанушылық
және діни. Олардың өзара ұқсастықтары бар. Оның негізгісі – дін
мәселесінің ортақ зерттеу пәні болып есептелуі, дін қасиеттерінің өмірден
көрініс табуы, олардың тарихи оқиғаларда, халық дәстүрлерінде, салтта-
рында із қалдыруы және т.б. осы төңіректегі мәселелер.
Діни білім беру мен зайырлы дінтанудың негізгі айырмашылығы – діни
білім алуда білімнің өзі екінші рөлде тұрады. Бірінші кезекте, ол діни іс-
Дінтанулық және исламтанулық зерттеулер
4 (74) 2017 | Адам әлемі 117
әрекеттерді жасау арқылы және белгілі өмір салтын қалыптастыру арқылы
тәрбиелеуді мақсат етеді. Діни білім беру адам өмірінің барлық жағынан,
сезім және ақыл, еркіндік және сана тұрғысынан сенімді орнықтыруды,
сіңіруді көздейді.
Дінтану – ғылым саласы, оның зерттеу нысаны «дін» болып табыла-
ды. Дінтану діннің пайда болуын, дамуын және жұмыс істеуін, оның алуан
түрлі феномендерін, қоғамдық тарихтағы үрдісін зерттейді, сонымен қатар,
дін мен мәдениеттің басқа салаларының арақатынасы мен өзара әсерін
қарастырады. Ол дінді қоғам, топ және тұлға деңгейінде зерттейді [Куз-
нецова, 2007]. Дінтану қоғамдық білім берудің түрі болып табылады, ол
қоғамдық өмірдің басқа салалары – саясатпен, мәдениетпен, экономикамен
және т.б. қатар дінді ғылыми зерттеудің нысанына айналдырады.
Діни білім беру рухани (діни кәсіби) білім беруден әлдеқайда кең
ұғым. Діни білім беру зайырлы қоғамдық білім берудің талаптарына
сай келеді, сонымен қатар құдайға құлшылық етудің және діни ғибадат
жасаудың шеңберінен кеңірек, әрі күрделі мағынаны білдіреді. Діни білім
беру білім алушыларды діни оқытумен, белгілі бір діннің догматтарымен,
киелі кітаптарының мазмұнымен, діни әдебиеттермен, діни ғибадаттың
қағидаларымен және ережелерімен таныстырады, ол құдайға құлшылық
етумен діни ғұрыптарды, діни ұстанымдық ұйғарымдар жүйесін, қағидалар
мен құндылықтарды біріктіреді.
Діни білім беру оқытудың және тәрбие берудің мақсатты үдерісі бо-
лып табылады, ол тұлғаның, отбасының, қоғамның, мемлекеттің және
діни ұйымдардың мүдделері негізінде жүзеге асырылады, сонымен
қатар ұйымдастырушылық және құқықтық тұрғысынан келгенде, білім
берудің мемлекеттік, муниципалдық және конфессионалдық жүйелердің
мекемелерінде іске асырылады, конфессионалдық дүниетанымға
негізделген отбасылық тәрбие ретінде де көрініс табады, сондай-ақ, діни
білім беру зайырлы білімдер топтамасын біріктіреді.
Діни білім берудің түрлерін жүйелей және сараптай келе, оның үш са-
ласын көрсетуге болады:
- діни оқыту;
- діни қызметкерлерді даярлау;
- діни-мәдениеттанулық білім беру.
Ал діни білім берудің бағыттары оқулық-әдістемелік үрдіс, ғылыми-
теориялық зерттеу, рухани-ағартушылық іс-шаралар деп жіктеледі. Діни
білім берудің рухани бағыты оқыту немесе тәрбиелеу үрдісінен құралуы
мүмкін. Ол бітіру сынағымен (емтихан, тест және т.б.) бақыланбуы мүмкін
және білім туралы құжат берілмеуі мүмкін. Демек рухани бағыттағы діни
білім берудің ерекшелігі ол көп жағдайда бейресми болу ықтималдығында.
Дін білім беру кеңістігінде екі жағдайда болуы мүмкін:
- оқу пәні ретінде (пәндік сала, пәндік тақырып және т.б.);
Жандосова Ш., Досмағанбетова А. «Діни білім беру» ұғымын зерттеудің ерекшеліктері
Достарыңызбен бөлісу: |