4 (74) 2017 | Адам әлемі 133
Назарбаев, Н. ‘Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік’. Егемен Қазақстан. 31.01.2017.
Transliteration
Nazarbaev, N. ‘Bolashaqqa bagdar: ruhani zhangyru’. Qazaq adebietі. 14.04.2017.
Nazarbaev, N. ‘Qazaqstannyn ushіnshі zhangyruy: zhaһandyq basekege
qabіlettіlіk’. Egemen Qazaqstan. 31.01.2017
Резюме
Бейсенов Б. Постсекулярный мир:религия и общества
В этой статье рассматриваются мировые проблемы современной цивилиза-
ции. Культуры и цивилизации в обеспечении мира и стабильности в сочетании с
терроризмом и вопрос о нетерпимости и угрозы из анализа на отношения между
государством и религией в странах Европейского постсекулярного отношения
между светским и религиозным обществом. В глобальном гражданском обществе
религиозные организации стали мощной силой, способной изменить мировоззре-
ние наций. Глобальные и региональные игроки хотят убедить людей в использова-
нии религий для обострения взаимной конкуренции, создавая межцивилизацион-
ное недоверие.
Ключевые слова:
Постсекуляризм, десекуяризация, ксенофобия, религия,
политика, террорризм, глобализация.
Summary
Beisenov B. Postsecular world: religion and society
This article examines the world problems of modern civilization. Culture and
civilization in ensuring peace and stability combined with terrorism and the issue of
intolerance and threats from analysis on the relationship between the state and religion
in the countries of the European post-secular relationship between secular and religious
society. In a global civil society, religious organizations have become a powerful
force capable of changing the worldview of nations. Global and regional players want
to convince people to use religions to exacerbate mutual competition, creating an
intercivilizational distrust.
Key words: Postsekulyarizm, Desecuarization, Xenophobia, Religion, Politics,
Terrorrism, Globalization.
Бейсенов Б. Постсекулярлы әлем: дін және қоғам
134 Адам әлемі | 4 (74) 2017
МРНТИ 21.01
УДК 2;141.45
Серік Таджибаев, Шамшәдин Керім
(Алматы, Қазақстан)
ХҰСАМ АД-ДИН АС-СЫҒНАҚИДЫҢ «ИЛӘҺИЯТ»
ТАНЫМЫНДАҒЫ ӘЛЕМНІҢ ЖАРАТЫЛУЫНДАҒЫ
МЕТАФИЗИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ ДӘЛЕЛДЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Аннотация. Мақалада Хұсам ад-Дин ас-Сығнақидың иләһият танымындағы
әлемнің жаратылуындағы метафизикалық құбылыстарды дәлелдеу әдістері
жөнінде кеңінен қарастырылады. Ежелгі грек философиясындағы метафизикалық
анықтамаларға рационалды-логика және Құран Кәрім мен хадис мәтіндерінде кел-
ген деректермен байланыстыра отырып, ғылыми негізде исламдық тұрғыда жау-
ап береді. Философтардың әлем абсолют деген эманация принциптеріне ғылыми
негізде талдау жасай отырып, теориялық тұрғыда матуридилік таным негіздері
аясында қисынсыз пікірлерді теріске шағару әдістері сараланады. Сондай-ақ,
әлемнің жаралуы және оның түрлері, әлемнің жаралуында бір жаратушы бар екені
жөнінде космогиялық дәлелдерді пайдалана отырып, сондай-ақ, метафизикалық
құбылыстар процесіндегі – монада, материя және акциденция кейіннен
жаратылғандығы және өзара байланыстары туралы сараланады. Мақаламызда
Хұсам ад-Дин ас-Сығнақидың әл-Кәфи, әл-Уәфи және ат-Тасдид фи шарх ат-
Тамһид еңбектеріндегі иләһият танымындағы метафизикалық құбылыстарды
логикалық және Құран мен сүннет аясында дәлелдеу әдістеріне тоқталып, әлемнің
жаратушысының бар екеніне кәлам ілімі аясында талдаулар жасалды.
Түйін сөздер: кәлам, эманация, монада, материя, акциденция, худус, ғылым,
иләһият, әлем, космология.
Кіріспе
Хұсам ад-Дин ас-Сығнақи (711/1311-1312 немесе 714/1314 жылы қ.б.)
Сыр бойындағы, қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ескі
Сығанақ шаһарынан шыққан қаламгер, кәлам ғалымы [Керім, 2012, б. 20]. Ас-
Сығнақи «ат-Тасдид фи шарх ат-Тамһид» атты еңбегінде кәлам мәселелері
кеңінен талданып, «иләһият» танымындағы әлемнің жаратылуындағы
метафизикалық құбылыстар жөнінде сөз етеді.
Әлемнің кейіннен жаратылуы тақырыбы ғаламның ғарыш, галакти-
ка, бүкіл әлем жаратылуына байланысты пікірге сүйене отырып Алланың
бар екенін дәлелдеу үшін қолданылатын космологиялық дәлелдердің бірі
болып табылады. Дәл осындай дәлелдер Ислами ой-пікірлер тарихын-
да алғаш рет һижри ІІ миләди VІІІ ғасырларда қолданыла бастады. Худус
Исламтанулық және дінтанулық зерттеулер
4 (74) 2017 | Адам әлемі 135
дәлелі барлық нәрселер мен құбылыстардың алдымен жоқ болып кейін жа-
ратылды деген қисынға сүйене келе, сол кейіннен жаратылған нәрселердің
Жаратушысының бар екенін мойындау ақылға қонымды дәлел екендігіне
барып тіреледі [P.Adamson., Richard C.T., 2005, б. 80].
Инструмент
Худус дәлелі тақырыбы қозғалғанда әлем, һудус және қидам секілді
үш негізгі термин [Ан-Насафи, 2016, б. 44] және оларға байланысты ағиан
(эманация мәселесі), жәуһәр (монада), жисм (материя), арад (акциден-
ция), басит (жай) – мурәккәб (құрастырылған), қарекет (қозғалыс) – сүкүн
(тыныштық) сынды терминдер басты назарға алынады. Мұндағы худус
дегеніміз – бір нәрсенің жоқтан кейін пайда болуы, жаратылуы болса, ал
қидам – басталуы және соңы жоқ мәңгі, абсолют. Сондай-ақ, ағиан «эмана-
ция» мәселесінде философтардың анықтамасы бойынша – болмыс абсолют
[Радлов, 1890, б. 82], ал ислам кәламтанушылары – болмыс акциденция,
ағиан сөзінің мағынасы – заттың ақиқаты, әлем, бар нәрселердің барлығы
кейіннен жаратылған. Демек, жаратылыс акциденция болса, абсолют болуы
әсте мүмкін емес [Тафтазани, 1833, б. 203]. Осы орайда, кәлам ғалымы ас-
Сығнақи «ат-Тасдид» еңбегінің кіріспесінде рационалды-логика және Құран
мен сүннет мәтіндері аясында «әлемнің кейіннен жаратылғанын білу барлық
Ислам ілімдерінің негізі (асылы, усулы) және Жаратушының барлығына
күмән келтіріп тартысқысы келген адамға тұщымды жауаппен төтеп берген
қисынды дәлелдердің де негізгі принцпі» деген пікірді алға тартады. Ол
«Ислами ілімдердің түп бастауы (әлемнің кейіннен жаратылғанын білу және
Жаратушының бар екендігі)» деген сөзінің негізінде Алланың бар екендігі,
жалғыз екендігі, кемел сипаттармен сипатталуы, пайғамбарлық дәлелдері
және иләһи заңдардың негіз ретінде бекітілуі сынды тақырыптарды
әлемнің кейіннен жаратылғанының дәлелі ретінде байланыстырады [Керім
Ш., Таджибаев, 2016, б. 88]. Фиқһ усулы саласында жазған «әл-Кәфи» атты
еңбегінде асыл (усул, негізгі) және тармақты (фуруг) ілімдер бастаған Исла-
ми ілімдердің барлығы дерлік әлемнің кейіннен жаратылғанының дәлеліне
мұқтаж екенін айтқан [Фахруддин, 2001, б. 167].
Жоғарыда айтқанымыздай Ислам ғұламалары Алланың бар екендігіне
космологиялық дәлел келтіру барысында «Әлемнің һудусы (кейіннен жа-
ратылуы)» әдістемесін кең мағынада аша түсті және осы нәрсені Ислами
ілімдердің барлығында қолданысқа енгізе бастады. Ас-Сығнақи осы интер-
претация еңбегінде және усул фиқһқа байланысты жазған «әл-Уафи» мен
«әл-Кәфи» атты еңбектерінде де осы тақырыпты қозғап кетеді. Бұл жағдай,
яғни Кәләм іліміне қатысты тақырыптың усул фиқһ саласында да қозғалуы
ханафилік матуриди сенім негіздері, әсіресе осы мектеп тараған аумақтың
шығыс бөлігіндегі ғалымдардың еңбектерінде жиі кездеседі.Түйіндей келе,
Таджибаев С., Керім Ш. Хұсам Ад-Дин Ас-Сығнақидың «Иләһият» танымындағы...
Достарыңызбен бөлісу: |