Философский и общественно гуманитарный журнал



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет51/61
Дата21.12.2019
өлшемі1,76 Mb.
#24767
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61

120     Адам әлемі | 4 (74) 2017
Бүгінгі таңда қазақстандық қоғамда дінге үйрету және діни білім алу 
мен  тәрбие  беруге  кәсіби  білім  алу  ұлттық  құқық  нормаларымен  кепіл 
берілген.  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  22  бабының  2 
тармағында мемлекет әр азаматқа ар-ождан бостандығы құқығына кепілдік 
беретіндігі айтылған. Алайда, бұл құқықтың норма жүзеге асырылуы мемле-
кет алдындағы жалпы адамзаттық және азаматтық құқықтарға шектеу жаса-
мауы немесе кедергі болмауы тиіс. Ал «Діни қызмет және діни бірлестіктер 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  заңының  13.3  бабына  сәйкес 
Қазақстан Республикасының территориясында тіркелген діни бірлестіктер 
оған  мүше  адамдардың  білімін  тереңдету  және  дамыту  мақсатында  кур-
стар мен мектептер құруға рұқсат береді. Аталмыш жағдайда діни білім алу 
азаматтардың қалауысыз міндетті бола алмайды. 
Дінтанушылық  және  діни  білім  беру  діннің  қоғамдық  маңыздылығы 
бар феномен ретінде жалпы жүйелік білім беретін бағыт болып табылады. 
Қазіргі жаһандану дәуірінде әр ел өзінің ұлттық-мәдени құндылықтарын, 
ұлттық  болмысы  мен  табиғатын  сақтап  қалуға  талпынады.  Қазіргі 
әлеуметтік  жағдайда  мемлекетте  белгілі  бір  идеологиялық  білім  ретінде 
дінге  деген  сұраныс  туындап  отыр.  Сол  себептен,  Қазақстан  қоғамының 
түрлі этностық, конфессиялық ерекшелігін ескере отыра, соған қоса ұлттық 
діни мәдениетті сақтап қалатындай бүгінгі зайырлы қоғамға, уақыт талабы-
на сай дінді оқыту, дін саласындағы мамандар аса қажет және осы тақырып 
қашан да маңызды болып қалады.
Әлемдік  діндер  ғылымға,  білім  алуға  және  діни  ілімдерге  оң  көзбен 
қарайды,  зиялы,  оқыған  адамдарды  және  ғылыммен  айналысуды  жоғары 
бағалайды, құрметтейді. 
Христиан дінінде құдай тағаланы шын көңілмен сүю, жақсы көру – ол 
туралы білім жинау, ол туралы барлық мағлұматты білу дегенді білдіреді. 
Адам  ақылының  мүмкіндігі  үшін  құдайды  тану  өте  қиын,  алайда,  білуге 
тырысу қажет, оған жақындау, адамдардың қоршаған ортасында оның жа-
ратылысынан оның өзін іздеу – діндардың қолынан келетін іс. Бұл туралы 
Інжілдегі  Апостол  Павлдың  жолдауында  былай  делінген:  «Құдай  туралы 
білуге болатынның бәрі олар (біз) үшін, себебі Құдай оларға (бізге) алып 
келді. Себебі оның көрінбейтін тұсы оның мәңгі күші және Құдыреті, жара-
тылысын қарастыру арқылы әлемді жаратуынан көрінеді, сондықтан олар 
(біз) көнбістер» [Рим.1:19-20]. 
Інжілде  Құдай  білімді  іске  жарату  үшін,  оны  қолдану  үшін  білім 
алуға шақыратындығы айтылған: «Кемеңгерлікке ұмтыл, ақыл жина; осы 
жайында  ұмытпа  және  менің  аузымнан  шыққан  сөздерден  алшақтама. 
Оны  жадыңнан  қалдырма,  сонда  ол  сені  қорғайды;  оны  жақсы  көр,  сон-
да ол сені қорғаштайды. Ең бастысы – даналық: даналықты кеңейт және 
барлық  болмысыңмен  ақыл  жинақта.  Оны  жоғары  бағала,  сонда  ол  сені 
биіктетеді;  ол  сенің  атағыңды  шығарады,  егер  оған  жапсырылып  қалсаң, 
Дінтанулық және исламтанулық зерттеулер


4 (74) 2017 | Адам әлемі     121
сенің басыңа асқан әдемі гүлдесте кигізеді, ғажайып тәж ұсынады. Ұлым 
менің,  тыңда  және  менің  сөздерімді  қабылда,  сол  кезде  сенің  өміріңнің 
жылдары  ұзартылады.  Мен  саған  данышпандық  жолын  көрсетемін,  түзу 
бағытпен  алып  келемін.  Жүрген  кезде,  сенің  жүрісіңе  кедергі  жасалмай-
ды, ал жүгірген кезде, шалдығып құламайсың. Өсиеттерімді жадыңда берік 
ұста, қалдырма, оны сақтап жүр; себебі ол – сенің өмірің» [Пр.4:5-13].
Ал Құранда былай деп айтылады: «Алла тағала сенетіндерді және таным 
алғандарды  жоғары  бағалайды»;  «Айтшы:  білетіндер  мен  білмейтіндерді 
салыстыруға  бола  ма?  Ол  туралы  естияр,  парасатты  адамдар  ойлансын» 
[Qur’an 96:1-5]. Бұл пікірді қостайтын хадистер де бар: «Білімсіз ақыл жан-
сыз тәнмен бірдей. Даңқ пен мәртебе ешқандай байлықта емес, білімде»; 
«Білім  іздеу  жолына  түскендер  үшін  Алла  тағала  жұмаққа  барар  жолды 
жеңілдетеді».  Мұхаммед  пайғамбардың  сұхбаттасы  Анас  пайғамбардың 
атынан былай дейді: «Ғылым іздеу әрбір мұсылман ерлері мен әйелдеріне 
міндетті.  Ілімді  бесіктен  көрге  дейін  іздеңдер.  Ғылымды  іздеңдер,  тіпті 
ол  Қытай  жерінде  болса  да  іздеңдер...  Кімде  кім  екі  өмірдің  шаттығын 
қаласа, оны ілім мен білімнен іздесін [Qur’an 58:11]. Демек, білім алудың 
маңыздылығы Исламда орталық түсініктердің бірі болып табылады. Ислам 
діні – ілім, білім алуға, сауатты болуға шақыратын дін.
Мұсылмандардың білім алу жүйесі туралы сөз қозғағанда, исламның 
діни  ілімдерінсіз  және  Құрансыз  айту  мүмкін  емес.  Исламның  таралуы-
нан бастап, діни ұйғарым мен Құранды бұрмалаусыз оқу мұсылмандарды 
мәтінді терең назар салып оқуға талпындырды. Құран-кәрім діндарларды 
ғалымдардың, данышпандардың кеңестерін тыңдауға шақырады және діни 
сұрақтар  мен  пендешілік  мәселелер  туындаған  жағдайда  оларға  жүгініп 
отыру керектігін көрсетеді. 
Шығыстың  ұлы  ойшылы  әл-Ғазали  [2007]  өзінің  еңбегінде  мына-
дай  пікір  келтіреді:  «Ғалым  үшін  оның  күнәларын  кешіруді  аспан  мен 
жердегілердің бәрі сұрайды, ол адам үшін көктегі және жердегі періштелер 
кешірім сұраған жағдайдан асқан қандай жай-күй бар, ол өзінің тірлігімен 
айналысады, ал олар оның күнәларын кешіруді сұрайды?», тағы да былай 
деп қосады: «Көңіл аудар, ойлан, ол білімді қалай көрегендікпен салыстыр-
ды және білімсіз іс-әрекетті қалай төмендетіп көрсетті, тіпті діни жоралар-
ды  атқарушы,  ерінбей-жалықпай  жасағанына  қарамастан,  бірақ  ғибадат 
қылу білімінен мақұрым болған жағдайда. Себебі білім болмаған жағдайда, 
ғибадат қылудың өзі де болмайды».
Сонымен  қатар  әл-Ғазали  пайдалы  біліммен  шұғылдану  бүкіл  басқа 
істерге қарағанда әлдеқайда жақсы екенін айтады, пайдалы білім – дүниенің 
жамандығын,  ақыреттегі  жағдайдың  қауіптілігі  мен  қорқыныштылығын 
түсіндіретін  білім  деп  түсіндіреді.  Ал  пайдалы  білімнің  не  екенін  бы-
лайша  түсіндіреді:  «дүниеге  беріліп,  ақыреттен  бет  бұрған  адамдардың 
надандығы мен ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, күншілдік, 
Жандосова Ш., Досмағанбетова А. «Діни білім беру» ұғымын зерттеудің ерекшеліктері 


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау