«Филология» мамандыєына арналєан



жүктеу 0,97 Mb.
бет5/7
Дата01.01.2018
өлшемі0,97 Mb.
#6247
1   2   3   4   5   6   7

Дидактикалық талаптар:

  • әр бір сабақтың білім беру міндетін нақты анықтау;

  • сабақтың ұтымды хабарламалық толықтырылуы;

  • танымдық іс-әрекеттің жаңа технологиясын енгізу;

  • әр түрлі түрлер, формалар және әдістерді ұтымды байланыстыру;

  • сабақ құрылымын құруға шығармашылық бағыт;

  • оқушылардың жеке іс-әрекеті мен ұтымдық іс-әрекет формаларын байланыстыру;

  • оперативті кері байланысты қамтамасыз ету, бақылау және басқару;

  • сабақты өткізу шеберлігі және ғылыми есеп.

Сабаққа қойылатын тәрбиелік талаптар:

  • оқу материалының тәрбиелік мүмкіншілігін анықтау;

  • оқу жұмысы мазмұны және маөсатынан шығатын тәрбиелік міндеттерді қою;

  • оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу, өмірлік қажетті қасиеттерді қалыптастыру, жинақылық, жауапкершілік, өзбеттілік еңбекке қабілеттілік, мейірімділік, шыншылдық, ұжымдылық т.б.

  • оқушыларға мейірімді қатынас, педагогикалық такт талаптарын сақтау, оқушылармен ынтымақтастық және олардың жетістіктеріне қызығушылық..

Дамытушы талаптар:

  • оқушыларда жағымды оқу танымдық іс - әрекет мотквтерін қалыптастыру және дамытру;

  • оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін және даму деңгейін оқу және есепке алу;

  • оқу сабақтарын «озып шығыу» днңгейінде өткізу, дамуда жаңа сапалық өзгерулерді тудыру;

  • оқушылардың ақыл-ой, сезімдік, әлеуметтік дамуларындағы «секірісті» болжау.

Аталған талаптармен қатар сабаққа басқа да талаптар қойылады. Ұйымдастарылу, психологиялық, басқарушылық, ынтымақтастық, сигненалық, этикалық т.б.

Сабақ түрлері және құрылымы. Сабақты жіктеген кеңес дидактигі И.Н.Казанцев болды, ол мазмұны, өткізу тәсіліне байланысты жіктеді.

Мазмұны бойынша, мысалы математика сабағы – арифметика, алгебра, геометрия және тригонометрия бөлінсе, өткізу тәсілі бойынша сабақ былай жіктеледі: экскрусия (саяхат) – сабақтар, кино сабақтар, дербес жұмыс сабақтары және т.б.

Жұмыстың мазмұны мен танымдық іс-әрекеттің сипатына байланысты сабақ түрлері былай жіктеледі:


  1. кіріспе;

  2. материалмен алғаш таныстыру сабағы;

  3. жаңа білімді игеру;

  4. алынған білімді практикада қолдану;

  5. дағдылар сабағы;

  6. бекіту,қайталау және талдау;

  7. бақылау;

  8. аралас немесе комбинирован.

Негізгі сабақ түрлері мыналар:

  1. аралас;

  2. жаңа білімді оқу сабағы;

  3. жаңа іскерліктерді қалыптастыру сабағы;

  4. өткенді талдау және жүйелеу сабағы;

  5. бақылау және білім, іскерлікті түзету сабағы;

  6. білім, іскерлікті практикалық қолдану сабағы.

(Г.И Шукина, В.А Онищук, М.И Махмутов)

Сбақ құрылымы - оның ішкі құрлысы, жеке этаптарының жүйелілігі. Каменский мен Гербарт классикалық төрт бөлікті сабақ құрылымының негізін салушылыр.



  1. оқылғанды қайталау;

  2. жаңа білімді алу, жаңа іскерліктерді қалыптастыру;

  3. бекіту, жүйелеу, қолдану;

  4. үйге тапсырма.

Сабкақ түрлерінің құрылымы үш бөлімнен тұрады:

  1. ұйымдастыру жұмысы (1-3 мин)

  2. негізгі бөлік (қалыптастыру, игеру, қайталау, бекіту, бақылау, қолдану) (35-40 мин)

  3. қорытынды жасау және үйге тапсырма (2-3 мин)

4.Дәстүрлі емес сабақтар

Сабақты даярлау. Сабақтың тиімділігі формуласы екі құрамды бөліктен тұрады: тиянақты даярлық және өткізу шеберлігі.

Сабаққа даярлық – соңғы нәтижені қамтамасыз ететін нақты жағдай, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тұрін таңдау, комлексті шарлар жасау.Мқғалімнің сабаққа даярлығының үш этапы: диогностика, болжау, жоспарлау.

Диагиностика – сабақ өткізудің барлық жағдайларын анықтау оқушылардың мүмкіншіліктері, олардың іс-әрекеті мен мінез-құлықының себептер, сұраныстары мен юейімділіктер, қызығушылықтары мен қабілеттері, оқу деңгейі, оқу материалының сипаты, оның ерекшеліктері мен практикалақ мәні, сабақ құрылымы және т.б.

Болжау – болжау сабақты өткізудің әр түрлі варианттарын бағалауға және тиімдісін таңдауға бағытталған.

Жоспарлау- сабаққа даярлықтың аяқталушы стадиясы, және ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару бағдарламасының жасауымен аяқталады.

Басқару бағдарламасы- бұл қысқа және нақты ерікті құрылған құжат, онда педогог өзі үшін процестің басқарудың негізгі сәттерін тіркейді: кімді және қашан сұрайды, қацй жерде проблема тудырады, сабақтың келесі этапына қалай өту керек және т.б.

Жас педогогтар нақты жоспар сабақ конспектісін жазуы керек: Жоспарда келесі сәттер бейнеленуі керек:


  • Сабақ өткізу күні және тақырыптың жоспар бойынша оның рет саны;

  • Сабақ өтетін сынып және сабақ тақырыбы жазылады;

  • Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсат,міндеттері;

  • Сабақ құрылымы оның этаптарының кезектесуі көрсетіледі және осы этаптар;

  • бойынша уақыттың бөлінуі;

  • Оқу материалының мазмұны;

  • Сабақтың әрбір бөлігіндегі мұғалім жқмысының әдістері мен тәсілдері;

  • Сабақты өткізуге қажетті оқу жабдықтары;

  • Үйге тапсырма.

Негізгі ұғымдар: сабақ, сабақ құрылымы, сабақ типтері, жаңа материалды меңгеру сабағы, білім, білік, дағдының жүзеге асырылу сабақтар, жалпыланған және жүйелендіру сабақтар, аралас сабақтар, білім, білік, дағдыны бақылау және түзету сабақтар, оқытушының дайындалуы, сабақ конспектісі, оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы, фронтальді, жекелік, топтық, сабақты психологиялық талдау.
Бақылау сұрақтары:

1.Ұйымдастырылған оқыту формасы ретіндегі сабақтың ерекшелігі.

2.Сабақ құрылымы.

3.Әртүрлі сабақ типтерінің ерекшеліктері. Жаңа материалды меңгеру сабақтары. Аралас сабақтар. Білім, білік, дағдыны бақылау және түзету сабақтары.

4.Психология пәніне оқытушының дайындалуы.

5.Сабақ конспектісі.Сабақтағы білім алушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы (фронтальді, жекелік, топтық)

6.Сабақты психологиялық талдау.
Әдебиеттер:

1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.

4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.

Модуль 3. Психология пәні бойынша оқу сабақтарының формалары мен оларды жүргізу әдістері.

Тақырып: Психология пәні бойынша дәрісті дайындау мен жүргізу әдістемесі.

Дәрістің мазмұны:

1.Дәрістің негізгі функциясы (ақпараттық, жүйелілік,баяндаушы, дамытушы).

2.Дәріс түрлері. Дәріс материалдарының жинақталуы мен жүйеленуі.

3.Психология пәні бойынша оқу дәрісінің талдану үлгісінің сұлбасы.


Қазіргі оқыту процесінде дәріс сабағын негізгі оқыту формасы деп есептейді. Оның негізгі дидактикалық мақсаты студенттердің келесі оқу материалын меңгеруі үшін бағдарлаушы негіз қалыптастыру. Дәрістің тиімділігінің мәнін ашқан көптеген ғалымдар болды, сонын ішінде көрнекті орынды С.И. Зиновьев пен Г.А. Ильина алады.

«Лекция» латын тілінен аударғанда оқу деген мағына береді. Дәріс алғаш Ежелгі Грецияда пайда болып Ежелгі Римде дами түсті. Баспа қызметінің дамығанына және кітаптардың кеңінен таралғанына қарамастан дәріс өз мәнін жойған жоқ. Университтерде дәріс сабақтар кеңінен қолданылды. Ресейде дәріс сабағының дамуына үлкен үлес қосқан М.В. Ломоносов болды.

XIX ғасырдың ортасында ғылыми және техникалық білімдердің өсуіне байланысты практикалық сабақты оқу процесіне енгізу қажеттілігі туды. Практикалық сабақ студенттердің белсенділігі мен дербестігін дамыта түсті. Осы кезде дәріс сабағына деген көзқарастар өзгере бастады. Дәріс сабағын азайтып студенттерге өз бетінше кітаппен дайындалу керек деген пікірлер айтыла бастады. 60-шы жылдары дәрі сабағын оқыту процесінен мүлде алып тастау керек деген пікірлер де болды. Бұл пікірдің иесі атақты хирург және педагог И.И.Пирогов болды. Ол егер оқытушыда бұрын еш жерде жарияланбаған жаңа материал болса және лектор ерекше сөйлеу өнерін меңгерген болса ғана дәріс оқуға болады дегенді айтты.

1896 ж техникалық және кәсіптік білім берудің орыс қайраткерлерінің ІІ съезінде дәріс сабағының мәні жоғары қойды. Жанды сөз – бұл ғылыми білімді хабарлаудың керемет қуатты құралы және ол материалдың анағұрлым мәнді жақтарын есте қалдырады деген пікірлер айтылады.

Дәріс – тақырып мазмұны бойынша көпшілік алдында бір ғана адамның сөйлеуі негізінде өтеді. Тақырыпты пікірталас түрінде берген дұрыс, тыңдаушының өмірімен байланыстыра отырып, тақырып мазмұнын ашып қана қоймай, қосымша түрде негізгі проблеманы айтқан дұрыс.



Дәрістің негізгі функциялары. ЖОО дәріс оқу сабақтарының негізгі түрі болып табылады. Дәріс оқу әдетте ең тәжірбиелі және теориялық жағынан дайын ғылымға – профессор, доцент, доктор және ғылым кандидаттарына беріледі.

Неге ЖОО дәріске сонша көңіл бөлінеді? Себебі ЖОО студентке өзінің өз бетімен жұмысына дәріс ең рационалды жолын таңдауға бағдар береді. Осыдан келіп оның функциялары туындайды.



Ақпараттық функциясы. Дәріс студентке ғылым жетістіктері, оқу пәнінің негізгі жағдайлары туралы, нақты тақырыптар, қазір ғылымда шешілген немесе шешілу үстіндегі мәселелер жөнінде ақпарат береді.

Дәріскер өз тыңдаушыларына ақпаратты компьютер секілді бейтараптық көзқараспен емес, эмоционалды түрде, қызық етеп жеткізеді. Студент үшін дәріс – бұл оларға бейімделген ғылыми ақпарат көзі. Оны беретін дәріскер студенттердің аталған ақпаратты өзі сияқты сезініп, оның ақиқат екендігіне сеніп, өзінің өзіндік жұмысында кеңейтіп, дамытқанын қаламайды.



Дәрістің екінші функциясыбағдар берушілік. Дәріс ғылыми әдебиетте бағдар береді. Ол теория генезисін, идеясын, қашан және кімдердің қарастырылғанын, қандай өмірлік объективті қажеттіліктермен шартталғандығын көрсетеді.

Дәрістің үшінші функциясытүсіндіруші. Бұл негізінен беріліп отырған теория немесе гипотезаның негізгі ғылыми түсініктерінің мағынасын ашумен байланысты.

Төртінші функциясысендіруші. Ол негізінен дәріскердің пайымдаулары арқылы жүзеге асады.

Дәрісте беріліп тұрған жаңа материал егер студенттердің ой әрекетін белсенді етеді, есте жақсы сақтайды. Сондықтан, дәріс сабағындағы маңызды нәрсе тыңдаушылардың белсенді зейінін ояту, лектор ойынан қалыспай ойлануға баулау.

Кейбір оқытушылардың пікірінше дәрісті оқу дидактикасы деп өз пәнін жақсы білу және оны анық жеткізе білу.

Материалды жеткізудің анықтылығы, нақтылығы талабынан өзі күрделі педагогикалық мәселе болып табылады. Нақтылық көптеген шарттарды ескергенде ғана жүзеге асады, оның ішіндегі маңыздылары оқушылардың саналылығы мен белсенділігі, оқыту процесіндегі көрнекілік және бірізділік, оқу материалын меңгеру беріктігі.



Қазіргі кезде дәріске ортақ талаптар қойылады:

  • оқытудың идеялық бағыттылығын қамтамасыз ету;

  • ғылымилығы мен ақпаратылығы, яғни студенттерге белгілі бір ғылыми ақпараттарды хабарлау;

  • дәлелділігі және деректілігі, яғни жеткілікті көлемде анық, сенімді мысалдар, деректердің, ғылыми дәлелдердің болуы;

  • дәрістің эмоционалдылығы;

  • тыңдаушылардың ойлауын белсенді ету, яғни ойландыратын мәселені тыңдаушылар алдына тарту.

  • нақты құрылым мен бірізділікпен мәселелерді ашудың логикасының болуы;

  • әдістемелік талдау - негізгі ойлар мен тұжырымдарды бөліп көрсету, қорытынды жасау, оларды әр түрлі сөз тіркестерінде бере білу;

  • түсінікті және анық тілімен жеткізе білу, жаңа терминдер мен атауларға түсініктеме беру;

  • мүмкіндігінше аудиовизуалдық дидактилық материалдарды қолдану.

Дәрістің құрылымы материалдың мазмұны мен сипаты жағына байланысты болады. Бірақ ортақ әдістемелік ережелерді еске ұстаған дұрыс. Ең алдымен тыңдаушыларға дәріс жоспарын хабарлау және міндетті түрде жоспар бойынша жеткізу. Дәріс жоспарына әдетте дәрістің негізгі мәселелері кіреді. Кейін бұл мәселелер емтихан билеттерін құрғанда қолданылуы мүмкін.

Студенттерге өткен дәрісте қарастырылған мәселелерді естеріне салып, оны жаңа материалмен байланыстырған жөн және бұл материалдың осы пәнде, сонымен қатар басқа ғылымдар жүйісінде алатын орны мен мәнін көрсеткен дұрыс. Тақырыпты мысалдар мен деректерге сүйіне отырып ашады, сөйтіп тыңдаушыларды ғылыми қорытындыларға жетелейді. Талданған мәселе бойынша қорытынды жасап, оны интонациямен, қайталаумен бөліп көрсету қажет. Дәріс соңында студенттердің осы дәріс бойынша түсінгендеріне қорытында жасау қажет.

Оқыту процесіндегі дәріске жеке талаптар қойылады. Мысалы кіріспе сипаттағы дәріс студенттерді курстын мақсатымен, оның алатын орны мен рөлін таныстырудан тұрады. Дәріскер мұндай дәрісте айтылған, осы ғылымның пәні мен әдістерін ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар ғылыми проблемалар қояды, болжамдар айтады, ғылымының даму перспективасы мен практикаға шығу жолдары туралы айтады. Кіріспе дәрісте теориялық материалды қоғамдық практикамен байланыстырған өте маңызды. Қазіргі ғылым даму денгейіне сәйкес дәріс мазмұны ғылыми сипатта болуы керек. Идеялық бағыттылығының болуы - айтылатын материал мазмұнын іріктеп алу; дүниетанымдық көзқарастарды арнайы бөліп көрсету, оларды дұрыс түсіндіре білу, өз отандас ғалымдар мен шетел ғалымдардың ілімдерін салыстыру және т.б. Ойлауды белсенді ету, проблема туғызу-дәрісті проблемадан бастау, проблемалық мәселелерді қозғап олардағы қарама-қайшылықты көрсету; ғылыми ізденістер тарихымен таныстыру; дербес (өз бетімен) жұмысында проблемалық мәселелерді қойып өз бетінше шешуге баулу. Өмірімен байланыстыру практикада қолданғанда бұл салалардың маңызын көрсету.

Дәріскер көрнекіліктерді алдын ала дайындап қоюы қажет. Дәрістің құрылымы оның тіліне, мазмұны мен айтылатын материалдың сипатына байланысты әр түрлі құрылуы тиіс. Дегенмен кейбір ортақ әдістемелік қағидаларды ұстану қажет. Дәріс барысында оның жоспарымен таныстыру (міндетті түрде жоспар болу қажет). Жоспарға әдетте негізгі өзекті мәселелер. Көрнектіліктерді қабылдау техникалық заңдылықтар мен құбылыстар туралы нақты түсініктерін қалыптастыруға үлкен әсер етеді.



Көрнекіліктің мазмұны теориялық негізді нақты бейнелеуі керек. Мысалы: қабылдау өту барысында бөлшек пен тұтастың өзара қатынасын тоқталуып, оны кестемен бейнеленген жөн.

Бастауыш дәріскерге қойылатын талаптар:

  • Бастамас бұрын тыңдаушы құрамын білу; (кәсіптік әлеуметтік).

  • Ең негізгісі материалдың анықтылығы. Нақты мақсатын қоя білу;

  • Конспект болу;

  • Ізденіс тудыратын сөйлемдерге әуестенбеу;

  • Қағаз бойынша айтуға әуестенбеу;

  • Сөзді тәпіштеу қажет емес;

  • Тыңдаушының қызығуын арттыру;

  • Аудиторияға қарап сөйлеу;

  • Дауыс ырғағын сақтау.

Негізгі ұғымдар: Дәрістің функциясы, ақпараттық, жүйелілік, баяндаушы, дамытушы, дәріс түрлері, конспектінің дайындалуы, Аудиовизуальды және көрнекі құралдар, баяндау стилі, оқу дәрісінің талдану үлгісінің сұлбасы.
Бақылау сұрақтары:

1.Дәрістің негізгі функциясы (ақпараттық, жүйелілік,баяндаушы, дамытушы).

2.Дәріс түрлері. Дәріс материалдарының жинақталуы мен жүйеленуі.

3.Психология пәні бойынша оқу дәрісінің талдану үлгісінің сұлбасы.


Әдебиеттер:

1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.

4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.

Модуль 3. Психология пәні бойынша оқу сабақтарының формалары мен оларды жүргізу әдістері.

Тақырып: Психология пәні бойынша семинар және практикалық сабақтарды ұйымдастыру ерекшеліктері.

Дәрістің мазмұны:

1.Психология курсындағы семинар сабақтар.

2.Оқу үрдісінде семинар сабақтарының негізгі функциясы мен сабақтардың типтері.

3.Психология бойынша семинар сабақтың дайындалу және жүргізілуі әдістемесі.

4.Психология бойынша практикалық сабақтың негізгі функциясы. 5.Практикалық сабақтың мақсаты мен құрылымы.

6.Психология бойынша практикалық сабақтың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі.


Тәжірибелік және семинарлық сабақтар – топтық сабақтар формаларының бірі. Оның негізгі мақсаты студенттерге өзбетінше әдебиеттермен жұмыс жасауға үйрету және шығармашылық шеберліктерін қалыптастыру. Бұл іс-әрекет түрінде студенттер ғылыми ізденушілік дағдыларын машықтандырады. Сонымен қатар, студенттер семинарлық және тәжірибелік сабақтарда өздерінің алған білімдерін іс жүзінде әртүрлі жағдайларда қодануға үйренеді.

Семинар сабақтары ежелгі грек және рим елдері мектептерінде кең қолданылған. Ондағы семинар сабақтарында пікірталас, оқушылардың ақпарат дайындауы, оны баяндауы мен қорытындылауы үйлестіріле өткізілген.

Семинар дәріс сабағында алынған білімді тереңдету және кеңейту мақсатында жүргізіледі, қиын материалдарды талдауды, талас туғызатын сұрақтарды анықтауды көздейді.

Тәжірибелік сабақтардың функциясы сабақ формаларына қарай әртүрлі болуы мүмкін: семинар-практикумдар, семинар-пікірсайыстар.

Студентер семинар-практикумдарда әртүрлі жағдайларға байланысты мәселелерді шешу жолдарын талқыға салып, жетекшінің көмегімен шешімді бағалайды.

Ал, семинар – пікірсайыста талқыға алынып отарған мәселелердің әдіс-тәсілдерін өз үлестеріне қарай қолдануға үйренеді.

Пікірсайыс интерактивтік әдістердің бірі болып саналады. Оқытушы дискуссияны ұйымдастыру үшін өз пәнін, талқыға салмақшы материалды жақсы білуі керек.

Пікірсайыс тақырыбы мен сұрақтары алдын-ала беріліп қойылады. Семинарлық сабақтың ұйымдастырылуы өте күрделі екендігін көптеген жас мұғалімдер біле бермейді. Себебі семинар сабақты өткізудегі негізгі іс-әрекет студенттердің үлесіне тиеді. Ал, оқытушылардың міндеті сол сабақты тиімді қйымдастыру. Осы негізде мұғалімдерге төмендегі мәселелер бойынша әдістемелік көмек қажет:



  • Талқыға алынған мәселелерді қамтудың кең болуын және тиімді талдаудың ойластыру;

  • студенттердің материалды тек жаттап алмай, өз ойларын ортаға салуын және өз пікірлерін білдіруі;

  • бос әңгіменің төңірегінде студенттердің уақыт алмай, нақтылы мәселеге назар аударуын қалыптастыру;

  • мәселені дұрыс түсінбеген, шешпеген жағдайда не істеу қажеттігін ойластыру.

Осы мәселелерге байланысты мұғалімнің семинарды дайындау және өткізуінің жалпы жоба кестесі:

Семинар сабағына студенттің дайындалуы негізіне әдебиеттерді өз бетінше талдауы және талқылауға берілген сұрақтар бойынша баяндамалар дайындау кіреді.



Кейінгі кездері семинар сабағын өткізу әдістемесіне көптеген өзгерістер енгізілуде. Семинар сабағының сұрақтарының барлығына студенттердің бәрі тегістей дайындалуы көзделеді.. Бірақ қазіргі кезде мәселені толық ашу үшін және терең түсіну үшін алдын-ала баяндама дайындау семинар сабағы жиі өткізіліп жүр. Баяндаманы (рефератты) талқылауға барлық студенттер қатысады. Сол сияқты арнайы оппоненттердің қатысуы, баяндама мазмұны бойынша сын пікір айтушылардың да қатысуы жиі қолданылады.

Оқытушы дайындалған баяндамаға сүйене отырып бандамашы студенттің мүмкіндігін, танымдық қабілетінің даму деңгейін, дербестігін, жұмысқа деген шығармашылық қатынасын бағалайды.

Семинараға қатысушылар семинар сабағынан өзіне қажетті күрделі әрі жаңа қызықты ақпараттарды ала алады.

Оқытушы ақпаратты белсенді талқылауды ұйымдастыру үшін әрқашан қосымша сұрақтар дайындауы қажет.семинар сабағын өткізуде маңызды рольді мәселені проблемелық етіп қою алады.



Семинар - бұл студенттердің конспект жасауға үйрету және әр түрлі бағыттағы және әр түрлі мәндегі әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету сабақ формасы болып табылады. Осы мақсатта оқытушы өзі кейбір студенттің конспектісін талқылауы мүмкін, нақты мысалдар негізінде конспект жасаудың дұрыс жақтары мен дұрыс емес, қате жақтарын көрсетіп, конспект жасауға қойылатын талаптарды түсіндіруі тиіс, мәселен, конспект жасалатын жұмыстардың библиографиялық мәліметтерін дұрыс жазу, абзацтағы негізгі ойды таба білу, оны өз сөзімен жеткізе білу және т.б.

Семинар сабағына міндетті түрде берліген немесе өз бетімен тапқан әдебиеттері бойынша баяндама даярлау студенттің ғылыми жұмысы болып табылады.

Семинар сабағын өткізудің тиімділігінің негізгі шарттары:


  • дәріс курсы мен семинар сабағының бірізділікте болуы;

  • семинар сабағының жоспарының болуы;

  • студенттің белгілі бір тақырыпты терең игеруіне қатысты кеңес беру үшін оқытушының әдебиеттерді көп білуі;

  • семинар сабағында студенттер жұмысына қатаң бақылау жасау;

  • уақытты орынды пайдалану;

  • студенттердің жауабын толықтырып, әр сұрақтан кейін қорытындылап отыру.

Негізгі ұғымдар: семинар сабақтар, семинар сабақтарының негізгі функциясы, семинар сабақтардың типтері, семинар сабақтың дайындалу және жүргізілуі әдістемесі, семинар сабағын бағалау критерийлері, практикалық сабақтың негізгі функциясы, практикалық сабақтың мақсаты мен құрылымы, практикалық сабақтың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі, практикалық сабақтың талдану үлгісінің сұлбасы.
Бақылау сұрақтары:

1.Психология курсындағы семинар сабақтар.

2.Оқу үрдісінде семинар сабақтарының негізгі функциясы мен сабақтардың типтері.

3.Психология бойынша семинар сабақтың дайындалу және жүргізілуі әдістемесі.

4.Психология бойынша практикалық сабақтың негізгі функциясы. 5.Практикалық сабақтың мақсаты мен құрылымы.

6.Психология бойынша практикалық сабақтың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі.


Әдебиеттер:

1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.

4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.


Модуль 3. Психология пәні бойынша оқу сабақтарының формалары мен оладрды жүргізу әдістері.

Тақырып: Психология пәні бойынша зертханалық сабақтар, тәжірибелер мен демонстрациялар.

Дәрістің мазмұны:

1.Психологияны оқытудағы зерханалық жұмыстардың функциясы.

2.Зерханалық жұмыстар мен олардың өзіндік ерекшеліктері. Зерханалық жұмыстың әртүрлілігі.

3.Психология сабағындағы тәжірибе мен демонстрация.

4.Психология пәні бойынша зерханалық сабақтарды жүргізуге қойылатын әдістемелік талаптар.

Зертханалық сабақ міндеттері мен оларды іріктеуде үлкен қиындықтар тумайды, себебі көптеген әдебиеттерде алуан түрлі әдістемелердің,әсіресе тестердің жиынтығы бар, сондай-ақ практикум бойынша оқу құралдарында лабораториялық сабақтардың дайын сұрақтары мен тапсырмалары берілген.


жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау