1. Психологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері ерекшеліктер. 2.Орта және жоғары оқу орнында психологияны оқытудың міндеттері.
3.Психологияны оқыту мен орта кәсіби білім берудің білім беру бағдарламалары.
Әдебиеттер:
1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.
2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.
3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.
4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.
5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.
6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.
7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.
Модуль 1. Психология оқу пәні ретінде.
Тақырып: Психологияның оқыту пәні ретіндегі мазмұны
Дәрістің мазмұны:
1.Психология ғылыми және оқу пәні ретінде.
2.Психология салалары оқу пәні ретінде.
3.Психология бойынша оқу пәндері.
4.Психологияны оқу пәнінің пәндік мазмұнының құрастырылу міндеттері.
5.Психологияның оқу курсының тұжырымдамасының құрастырылуы мен ғылымның қазіргі заманғы парадигмасы.
Студенттердің кез келген ғылымды оқуы бір ғана мақсатқа бағынады, бұл өмірлік құбылыстарға, практикалық міндеттерге ғылыми тұрғыдан келуге үйрену, яғни жан-жақты игерілген білім тұрғысынан қарастыру. Психологияға қатысты алынатын болса, демек бұл студенттің оны адам психологиясына ғылыми бағдарлану мақсатында оқу, яғни нақты адамдардың әрекет үстінде, қылықтарында оның көрінуін түсіну және түсіндіре алу үшін, осының негізінде олармен күнделікті тәжіріибеде дұрыс өзара әрекеттесуге үйрену үшін оқу.
Бұл мақсат жалы әрі кез келген ғылымды оқуға қатысты болғанымен, ол тек студент іс-әрекетіне ғана қатысты: тек студент қана оны игеруге талпынуы қажет. Ал оқытушының іс-әрекенті студент іс-әрекетінен өзгеше мақсатты көздейді. Студенттің мақсаты – ғылымды игеру болса, оқытушының мақсаты оны студенттің бойына сіңіру. Осы мақсаттар түбінде бірігеді. Бірақ мәселені қойған кезде олар әр түрлі: студент оқытушыдан «білімді алуды», ал оқытушы қажетті білімді «беруді» және оларды қолдануға үйретуге көздейді.
Психологияны оқуда кез келген студент болашақ мамандығына қарамастан адам әрекетімен қылықтарын талдауға, тұлғаның мінез ерекшеліктерін және қабілетін, темпераментін және басқа да тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға, қоғамдағы, ұжымдағы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы әлеуметтік психологиялық құбылыстарды және т.б. ашуда психологиялық ойлануды үйренуі қажет.
Демек, студенттің психологияны игеру мен оқытушының психологияны оқыту мақсаты осы процестің нәтижесінде студентте басқа адамдармен шынай өзара әрекет кезінде ғылыми психологиялық білімді тәжірибеде басшылыққа ала білу іскерлігін қалыптастыруда бір бірімен ұштасады. Бұл өз кезегінде жоғары да айтылған мақсат студентте психологиялық ойлау іскерлігін қалыптастыруды көздейді.
Қандайда бір тақырыпты немесе тарауды оқыту мақсатын қоя отырып оқытушы әр түрлі саланың өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет.
Мәселен, теориялық (жалпы) психологияны түсірндіруші, ал қолданбалы психологияны – осы теорияға қосымша деп атау қабылданған. Әйтседе қолданбалы психология да түсіндіреді, бірақ ол шындықтағы психикалық өмірдің нақты фактілерін түсіндіреді; әлеуметтік психология – қоғамдық өмір құбылыстарын, топтық мінез-құлық фактілерін; инженерлік психология – адамның техникамен өзараәрекетінің ерекшеліктерін; педагогикалық психология – оқыту мен тәрбиелеудің тиімді тәсілдерімен байланысты фактілерді; медициналық психология- денсаулықтың жақсару немесе нашарлауының психологиялық себептерін; әскери психология - соғыстың қауіпті жағдайындағы адамның мінез-құлық ерекшеліктерін және т.б. түсіндіреді.
Ал психологиялық білімдерді тәжірибеде қолдануға байланысты қарастырылатын болса, онда теориялық психология да, қолданбалы психология да фактілерді түсіндіруден тұрады, бір жағдайда – жалпы теориялық психология тұрғысынан, басқа жағдайда – білімнің едәуір тар саласы тұрғысынан – қолданбалы психологияның нақты теориясы тұрғысынан түсіндіріледі. Мысалы, кез келген адамның мінез-құлық мотивтерін жалпы психологиялық теория негізінде мотивтердің қажеттілктен туатынымен байланыстырып түсіндіруге болатынын айтсақ, ала ұшқыш-сынаушының тәуекелшіл әрекетінің мотивін авиациалық психология тұрғысынан түсіндіру қажет, себебі, мұндағы қажеттіліктердің нақты әрі өзіндік ерекшеліктері бар.
Психологиялық теорияларды басқа аралас немесе аралас емес ғылымдардың теориялық зерттеу міндеттерінде практикалық қолдану психология теорисын тәжірибеде қолданудың екі түрінің бір болып табылады.
Бірін - психикалық құбылыстарды түсіндіру үшін қолдану деп атауға болады. Екіншісін- психологиялық фактілерді жаңарту үшін, оларды өзгерту үшін, оларды түзету үшін қолдану деп атуға болады. Бұл ғылыми атауы психотехника деп аталатын практикалық психологтың міндетіне кіреді.
Егер ЖОО-дағы психология оқытушысы студенттердің шығармашылық ойлауын дамытуға қам жесе және оған арнайы интеллектуалдық жаттығулар арқылы ықпал етіп отырса, онда ол тек теориялық психологияны оқытумен ғана емес, сондай-ақ практикалық психологиямен, психотехникамен де айналысады деген сөз, себебі ол теориялық психология материалдарын сүйене отырып ойлау дағдысын шынайы қалыптастыруға, ақыл-ой міндеттерін шешуге қабілеттілікті шынайы дамытуға күш жұмсайды.
Сөйтіп, психологияны оқытудың жалпы мақсаты студенттерде психиканың құбылыстары мен фактілерін ғылыми түсіндіру үшін, сонымен қатар тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға байланысты адам психикасын өзгерту үшін өзінің психологиялық білімдерін қолдана отырып психологиялық ойлау іскерлігін қалыптастыру болып табылады.
Жас және педагогикалық психология. Психологияның осы екі қолданбалы салаларын бір оқу пәні ретінде бірге қарастырылатын болса, онда жалпы психологиялық теорияларды балалық шақтың жас дамуын және адамды оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігінің психологиялық шарттарын түсіндіру үшін қолдануды көздейді.
Осы ғылымдарды оқу студенттер, мұғалімдер мен ата-аналар, тіпті кез келген адам үшін тәжірибелік мәні бар.
Кез келген кәсіби бағыттағы студентке осы салалар бойынша алған білімді әр түрлі жастағы адамдардың психологиялық ерекшеліктерін ажырата білу үшін және оларға ойын, оқу әрекетін ұйымдастырғанда әсенр ете білу, сондай-ақ іс-әрекетте тұлғаның жақсы бітістерін дамыту үшін болашақ практикалық әрекеттерінде қолдана білуі керек.
Мұғалімге онтогенездегі адамның жасқа байланысты психологиялық даму заңдылықтарын білу оқушыны қалыптастыру бағытындағы педагогикалық жұмысын мақсатты түрде ұйымдастыруына, оларды ғылымилық деңгейге жеткізуге, кездейсаоқ пайда болатын көптеген поцестерді басқарылатын процестерге аударуға мүмкіндік береді. Мұндай білім кез келген ата-ана үшін де маңызды.
Психологияның осы екі саласы бір немесе екі дербес пән бола алады. Оқыту әдістемесі бұл салалар бір пән не екі пән ретінде оқылатындығына байланысты.
Егер бұл салалар бір пән ретінде оқылса, онда әдістеме оқыту және тәрбиелеу процесі мен психиканың дамуы процесі арасындағы өзара байланысты көрсетуден тұрады.
Егер оқыту бөлек жүрсе, онда жас ерекшелік психологиясы адамның балалық шағы ғана туралы айтылмайды, сондай-ақ жастық, ересектік, қарттық жас кезеңдері туралы ғылым ретінде тұтас әрі толық баяндалады.
Жас және педагогикалық психологияны оқыту барысында оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық аспектілеріне баса назар аударып, олардың педагогикалқы аспектілерден айырмашылығын көрсете білген маңызды.
Психология ғылыми және оқыту пәні ретінде оқытуда ғылым біріншіден білім өндіруші іс-әрекет және екіншіден, білімді жүйелендіруші форма ретінде анықталады.
Оқу пәні біріншіден білім жүйесі, ал екіншіден осы білімдерді меңгеру бойынша оқу-танымдық іс-әрекет түрінің жүйесі ретінде анықталады.
Осылайша бұл екі түсінік бір жерде қиылысады, бұл – білімді жүйелендіру.
Оқу пәні В.И.Гинецинскийдің анықтамасы бойынша сәйкес ғылыми пән негізгі дидактикалық жүйеленген түрде түсіндіру болып табылады.
Оқу пәнінің дәстүрлі түсінігі ортағасырлық университеттерден бастау алады. Оқу пәні пәндік білімнің барлық қасиеттерін сипаттап, жүйелік және құрылымдық функцияны атқарады. Осы кезде сапалық деңгейлік ерекшеліктер ескерілмеді.
Жаңа уақытта ғылыми және оқу пәнін ажырату басталды. Оқу пәні көбіне оқу – танымдық іс-әрекет әртүрлі жүйелері ретінде қарастырылады.
Оқу пәндерінің құрылымы мен мазмұнын анықтауда келесі сұрақтар туындайды:
Оқу пәні осыған сәйкес ғылым саласымен бірдей болуы тиіс пе?
Оқу пәні ретіндегі психологияның ғылым ретіндегі психологиядан айырмашылығы неде?
Психология бойынша оқу бағдарламасында жиналған психологиялық білім қоры қандай деңгейде бейнеленуі тиіс?
Оқу бағдарламасына енетін білімдер мен іскерліктерді іріктеу принциптері мен критерийлері қандай?
Осылайша ғылыми пән – бұл зерттеушілерге бағытталған білімдер жүйесі, ал оқу пәні – оқушыларға бағытталған білімдер жүйесі.
Оқу пәнінің құрамына екі компонент кіреді:
білімдер жүйесі;
меңгерілуге бағытталған оқу -танымдық іс-әрекет жүйесі.
Оқу пәнінің екі құраушысын өңдеуде де келесі факторлар ескеріледі. Оларды толығырақ қарастыра кетейік:
1) Психологиялық білімнің жүйелену деңгейі. Білімдер неғұрлым жүйеленген болса, соғұрлым ғылыми пән оқу пәні болуға мүмкіндігі бар.
2) Әдіснамалық позиция, қызығушылықтар, оқытушылардың көзқарасы. Оқу пәні шеңберінде оқытушы барлық теорияларды, концепцияларды, көзқарастар мен түсініктерді түсіндіріп, олардың мағынасын ашуы тиіс. Оқытушы белгілі бір әдіснамалық позицияны ұстануға, белгілі бір көзқарастарға сенуіне құқығы бар.
3) Психология оқылатын білім беру бағдарламаларының деңгейі типі және мақсаттары. Оқу пәніне кірген білімдер жүйесі және меңгерілуге бағытталатын оқу танымдық іс-әрекет жүйесі келесілерге сәйкес әртүрлі болуы тиіс: 3.1. Бұл пән бастауыш, негізгі, орта не жоғары мектепте беріліп отыр ма; 3.2. Бұл пән жалпы білім беретін немесе кәсіби білім беру мекемелерінде оқытыла ма; 3.3. Ол болашақ психологтарға, педагогтарға, дәрігерлерге беріліп отыр ма.
4) Оқушылар мен студенттердің жас ерекшелігімен, даму деңгейі, индивидуалды психологиялық ерекшеліктері шартталған белгілі бір тақырыптарға, мәселелер, фактілерге және түсініктерге деген қызығушылық.
5) Оқушылар мен студенттердің білімі мен қабілеттері. Оқытушы оқу пәнін оқушылар мен студенттерде бар білімін негізге ала отырып құруы тиіс. Оқу пәні оқушылардың белгілі бір тақырыпты, фактілерді, түсініктерді меңгеру қабілетіне қарай, түрліше құрылады.
6) Белгілі бір психологиялық білімдер мен іскерліктерді меңгеру процесінде атқаратын оқушының түрлі белсенділік формалары, функциялары. Оқу пәнін меңгеру дәріс, семинар, тәжірбиелік, өзіндік жұмыс түрінде берілуіне қарай сәтті немесе сәтсіз болуы мүмкін.
7) Дидактикалық материалдық қоры. Оқу пәнінің дидактикалық өңделу дәрежесі түрлі болуы мүмкін. Жекелеп айтқанда сабақтың нақты бағдарламасы, нақты тапсырмалар, көрнекі материалдар, бақылау сұрақтары болуы мүмкін.
Сабақ беру әдістемесі жеке дидактика, яғни, белгілі бір оқу пәнін оқыту теориясы ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес, жеке әдістеменің объектісі қандай да бір пәнді оқыту процесі болса, пәні ретінде нақты бір пәнге оқыту процесі мен мұғалімнің дәріс беру арасындағы өзара әрекет, байланыс қарастырылады.
Кез келген жеке әдістемені өңдеудің негізгі факторы ретінде оқыту мақсаттары болады. Бұл мақсаттар бағдарламалар мен оқулықтарға шыңдалған білім беру мазмұнында өздерінің нақты көріністерін табады.
Негізгі ұғымдар: Психология ғылым, Психология бойынша оқу пәндері, қазіргі заман парадигмасы, оқытудың гуманистік парадигмасы, базалық психологиялық категориялар, психологияны оқытудың альтернативті бағдарламалары.
Бақылау сұрақтары:
1.Психология ғылыми және оқу пәні ретінде.
2.Психология салалары оқу пәні ретінде.
3.Психология бойынша оқу пәндері.
4.Психологияны оқу пәнінің пәндік мазмұнының құрастырылу міндеттері.
5.Психологияның оқу курсының тұжырымдамасының құрастырылуы мен ғылымның қазіргі заманғы парадигмасы.
Әдебиеттер:
1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.
2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.
3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.
4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.
5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.
6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.
Модуль 2. Оқыту психологиясы және оқытудың белсенді әдістері.
Тақырып: Оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясы. Оқыту және білім беру.
Дәрістің мазмұны:
1.Оқу іс-әрекеті арнайы іс-әрекет түрі ретінде.
2.Оқу іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы.
3.Оқыту процесінің сипаттамасы және оның оқумен байланысы.
4.Оқыту және даму.
5.Білім алушының белсенді танымдық іс-әрекеті, оқытудың психологиялық теориясының негізі ретінде.
Ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру теориясы,оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізі ретінде (П.Я.Гальперин). Мәселелік оқыту психологиясы, білім алушының танымдық іс-әрекеттерінің белсендіруге бағытталған оқу үрдісін ұйымдастырудың әдістерінің жүйесі ретінде. Мәселелік оқытудың негізгі ұғымдары (А.М.Матюшки, И.А Даниалов).
Дамыта оқыту – кеңестік білім беру жүйесінде. Дамыта оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен формалары. Дамыта оқыту тұжырымдамасының психологияны оқыту әдістемесі үшін маңыздылығы (Л.И.Занков, Д.Б.Эльконин).
Инновациялық білім беру оқу-тәрбие процестерінің қайтадан құрылуын көздейді. Б.Ц.Бадмаев бойынша қайта құрылу төрт компонентте қарастырылған:
1.Педагогтың өз тұлғасы. Педагог пәндік білімнің, ақпаратың тасымалдаушысы, нормалар мен дәстүрлерді сақтаушы ғана емес, оқушыдағы білім көлеміне, оны түсіну не түсінбеу деңгейіне қарамастан, ондағы тұлғаны сыйлайтын, оның қалыптасуының және дамуының көмекшісі. Демократиялық өзара әрекет, ынтымақтастық, көмек, шабыт, оқушының бағытына және талпыныстарына, тұлғалық өсуіне назар аудару бағыты бекітілген. Оқушының өзі де өзгеріске түскен, мұнда білімінің нәтижесі мен алынған бағасы емес, оқушының мұғаліммен және басқа балалармен белсенді әрекеті бағаланады.
2. ЖОО меңгерілетін білімнің құрылымы мен қызметі, оларды меңгеруді ұйымдастыру әдістерінің өзгеруі. Қазіргі кездегі білім қоғамның жаңа ақпараттандырылған деңгейіне сай жүйелі, пәнаралық, жалпыланған сипатта беріледі. Оларды игеру процесінің өзі сан алуан формада – ізденімпаздық, сындарлы ой әрекеті, өнімді шығармашылық процесс ретінде беріледі.
3. Даралап оқу емес, топтық оқу формасына, бірлескен әрекетке, өзара әрекет пен қарым-қатынастың алуан түрлі формаларына, күнделікті ынтымақтастық пен бірлескен шығармашылықтан туындайтын қуанышқа толы «ұжымдық субъект ішінен» даралықты «өсіруге» бағдарлану.
4. Оқу мен тәрбиенің бағалау өлшемін қолдана отырып қадағалау мен бағалаудың басымды, деструктивті ролінен бас тарту.
Шыныменен барлық осы компоненттер оқу-тәрбие процесін сипаттайды, бірақ олардың бәрімен келісе беруге болмайды. Әзірше білім беруді басқарудың дәстүрлі статегиясының инновациялық стратегиямен үйлесімі оқу-тәрбие процесінде едәуір өнімді нәтиже береді деп сенеміз, себебі оқытудың топтық формасы «ұжымдық субъект ішінен» даралықты «өсіру» құралы болып табылатыны әлі де болса нақты емес. Қадағалау мен бағалаудың да рөлі өзінің бастапқы мәнін жойған жоқ, тек соңғы жылдарда ғалым-педагогтар студенттердің едәуір маңызды болып саналатын танымдық белсенділігін қалыптастыруы мақсатында талай зерттеулер жүргізген болатын.
ЖОО-да психология оқытушысы алдында ең бірінші міндет тұрады, бұл- студенттің оқу әрекетін қалыптастыру немесе оны психологияны оқуға үйрету. Осы мәселені шешуде әр түрлі зерттеушілер оқу барысында студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселенге тәжірибелік тұрғыдан келуді қарастырады.
1.Өзіндік жұмысты ұйымдастыру арқылы (Н.Я.Голант, В.К.Майборада, Б.П.Есипов, М.И.Скаткин және т.б.);
2. Танымдық әрекетті ұйымдастыру әдістері арқылы (Б.Н.Богоявленский, Е.Н.Кабанова- Меллер, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин);
3.Іс-әрекеттің бағдарлы негізін құрайтын жалпы білімді енгшізу арқылы (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина);
4. Әдістемелік білімді оқытуға кіргізу арқылы ( М.Я. Ленер, Б. И. Коротяев);
5.Оқу әрекетін өзіндік қадағалауды шешу арқылы (Л.И.Рувинсий).
В.И.Лозовая алғашқылардың бірі болып тұлғаның танымдық белсенділігі мәселесін көтерген болатын. Ол тұлғаның мәнін және осы ұғымның іс-әрекет ұғымына қатынасын ашуда түрлі көзқарастар бар екенін атап өтеді.
А.Абылқасымованың пікірінше танымдық белсенділік пен танымдық дербестік әлеуметтік белсенділік пен әлеуметтік дербестіктің түрлері болып табылады. Оның пікірінше белсенділік пен дербестіктің қайнар көзі танмдық қажеттілік болып табылады, оның мындай ерекшеліктері бар:
танымдық қажеттілік – бұл ең алдымен ақпаратқа деген қажеттілік;
танымдық қажеттіліктің негізгі еркшелігі ретінде оның ақпаратқа деген «аштығы»;
танымдық қажеттілік ең алдымен таным процесінің өзіне бағытталған;
жағымды эмоциямен тығыз байланысты.
Осыған байланысты А.Абылқасымова танымдық дербестікті үш компонентке бөледі:
мотивациялық;
мазмұндық-амалдық;
еріктік.
Сөз жоқ, аталған компоненттер студенттердің танымдық өзіндік жұмыстарын қалыптастырудың негізі тірегі болады. Бірақ автор студенттің өзінің белсенділігі деп аталатын факторға ерекше назар аударуды атап өтеді. Себебі адамның өзінің белсенділігі - бұл адамзаттың қандай да бір жетістікке жетуінің негізі болып табылады.
Демек, осыған байланысты кәсіби дербестікті тұлғаның жинақталған қасиеті деп қарастыру керек, өйткені ол танымдық, эмоционалдық процестер мен мотивтердің, өз бетінше әрекет ету тәсілдердің, қажеттіліктердің бірігуінен қалыптасады.
Негізгі ұғымдар: Оқу іс-әрекеті, оқу іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы, оқыту және даму, Білім алушының белсенді танымдық іс-әрекеті, ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру теориясы (П.Я.Гальперин), мәселелік оқыту психологиясы, мәселелік оқытудың негізгі ұғымдары (А.М.Матюшки, И.А Даниалов), дамыта оқыту, дамыта оқыту тұжырымдамасы(Л.И.Занков, Д.Б.Эльконин).
Бақылау сұрақтары:
1.Оқу іс-әрекеті арнайы іс-әрекет түрі ретінде.
2.Оқу іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы.
3.Оқыту процесінің сипаттамасы және оның оқумен байланысы.
4.Оқыту және даму.
5.Білім алушының белсенді танымдық іс-әрекеті, оқытудың психологиялық теориясының негізі ретінде.
Әдебиеттер:
1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.
2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.
3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.
4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.
5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.
6.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.
Модуль 2. Оқыту психологиясы және оқытудың белсенді әдістері.
Тақырып: Психология курындағы оқу тапсырмаларының токсономиясы
Дәрістің мазмұны:
1.Оқу тапсырмалары оқытудың мақсаттарын нақтылаушы ретінде.
2.Оқу тапсырмалары, олардың функциялары мен психологияны оқыту үрдісінде қолданылу ерекшеліктері.
3.Оқу тапсырмаларының токсономиясы.
4.Психологияны оқытудың пәндік мазмұны мен мақсаттарына сәйкес токсономияны кеңейту және тапсырмаларды енгізу.
Білім берудің тиімділігін арттыру жағдайында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін оқу үрдісінде құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған оқу тапсырмалары жүйесін қолдану маңызды. Ал әрбір пән бойынша білімдер жүйесін қалыптастыру мұғалім мен оқушының өзара біріккен іс-әрекетінің күрделі де ұзақ үрдісі болып табылады. Тапсырмалар мұғалім мен оқушының өзара біріккен іс-әрекетін дәнекерлеуші құрал ретінде және мұғалімнің білім мен іс-әрекетті меңгерту үдерісін басқаруда, сол білім мен білікті оқушының меңгеруінде, яғни оқу-танымдық іс-әрекетін жүзеге асыруда көрініс табады. Білім мен білікті меңгеру сапасы мұғалім мен оқушының өзара бірлесіп ұйымдастырылған іс-әрекетіне және тапсырмалар жүйесін дұрыс құрастырып, оқу-танымдық іс-әрекетіне сәтті енуімен байланысты.
Оқу тапсырмалары сабақтың белгіленген мақсаты мен күтілетін нәтижесіне жетудің негізгі құралы ретінде көп қызмет атқарады. Оқу тапсырмаларының қызметі сабақтың мақсатына қарай пайдалану кезеңдеріне тәуелді болады. Әрине пәннің ерекшелігіне қарай тапсырмалар мазмұндық негізімен, түрімен, сабақта қолдану амал-тәсілімен де ажыратылады. Шын мәнінде оқу үрдісі тек білімді меңгерумен ғана емес, сонымен қатар оқушылардың әртүрлі тапсырмаларды орындауымен де ерекшеленеді. Сонымен, егер де оқу тапсырмалары болмаса, онда оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттері де жүзеге аспайды, яғни оқыту үдерісі де болмайды деген сөз.
И.Я.Лернер, оқушылар жаңа оқу материалын оқуда білім беру мазмұнын меңгерудің үш деңгейінен өтеді деп есептейді: 1) қабылдау және еске сақтау; 2) репродуктивті; 3) шығармашылық. Бұл деңгейлердің әрқайсысын меңгеру үшін оқу тапсырмаларының арнайы түрлері қажет. И.Я.Лернер тапсырмалар түрін анықтауда оларды орындауға қажетті «іс-әрекет түрі» белгісін пайдаланған. Тапсырмалар орындалатын іс-әрекеттер бойынша келесі түрлерге бөлінеді: 1) білімді меңгеруге бағытталған рецептивті сипаттағы тапсырмалар; 2) білімді үлгі бойынша немесе таныс жағдайда пайдалануға бағытталған репродуктивті сипаттағы тапсырмалар; 3) білімді таныс емес жағдайда пайдалануға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар.
Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқу материалының маңыздылығы дәрежесіне қарай, оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына да фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісінде қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне және оны практикада қолдануына қызмет ететін мәліметтер қамтылады.
Оқу тапсырмасын – оқушылардың әртүрлі оқу іс-әрекетін орындауға және оқу материалдарын меңгерту үрдісін ұйымдастыруға бағытталған оқу құралы деп қарастыруымыз керек.
Негізгі ұғымдар: Оқу тапсырмалары, оқу тапсырмалары функциялары, оқу тапсырмаларының токосномиясы, токосномияны кеңейту және тапсырмаларды енгізу (Д.А. Толлингерова, В.Я. Ляудис).
Бақылау сұрақтары:
1.Оқу тапсырмалары оқытудың мақсаттарын нақтылаушы ретінде.
2.Оқу тапсырмалары, олардың функциялары мен психологияны оқыту үрдісінде қолданылу ерекшеліктері.
3.Оқу тапсырмаларының токосномиясы.
4.Психологияны оқытудың пәндік мазмұны мен мақсаттарына сәйкес токосномияны кеңейту және тапсырмаларды енгізу.
Әдебиеттер:
1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.
2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.
3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.
4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.
5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.
6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.
7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.
Модуль 2. Оқыту психологиясы және оқытудың белсенді әдістері.
Тақырып: Психологияны оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы
Дәрістің мазмұны:
1.Психологияны оқытудағы ауызша әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, әңгімелеу, пікірталас, кітаппен жұмыс.
2.Психологияны оқытудағы көрнекі әдістер: психологияны оқытудағы көрнекіліктердің түрлері.
3.Көрнекіліктерді демонстрациялау тәсілдері.
4.Психологияны оқытудағы тәжірибелік әдістері (психологиялық эксперименттің оқу модельдері,психодиагностикалық тапсырмалар, психикалық тапсырмаларды шешу, жаттығулар, дидактикалық және рөлдік ойындар)
«Әдіс» термині гректің «methodos» сөзінен аударғанда мақсатқа, күтілетін нәтижеге жету тәсілі деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық тәжірбиеде әдістер дидактикалық міндеттерді шешу жолы болып табылады. Дәстүрлі түсінік бойынша оқыту әдістері – бұл оқушыларға білімдер мен іскерліктерді беру тәсілі.
Білімдер мен іскерліктерді алу көзі бойынша оқыту әдістерін жіктеу кең таралған. Осыған сәйкес келесілерін бөледі:
1. Сөздік әдістер;
2. Көрнекілік әдістер;
3. Тәжірбиелік әдістер
Психологияны оқытудың көрнекілік әдістері
Көрнекілік әдістер оқу тәсілі ретінде бейнелік тілді көрсететін құралдар жатады. Көру, есту, тактильді бейнелер сөздік суреттеуді толықтырады және жақсырақ түсінуге әсерін тигізеді.
Көрнекіліктің негізгі 3 түрін ажыратуға болады: заттық, сөздік және суреттік.
Сурет – Көрнекілік түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |