Филология кафедрасы



жүктеу 198,46 Kb.
бет13/16
Дата21.01.2022
өлшемі198,46 Kb.
#34180
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Ежелгі дәуір әдебиеті Microsoft Office Word

Бағалау саясаты:

Семинар сабақтарының тапсырмаларын орындау – 10 балл

Лабораториялық сабақтарды орындау және тапсыру – 10 балл

Эссе жазу – 5 балл

Глоссарий жазу – 5 балл

Оқу жағдайына талдау жасау – 10 балл

Жобаның презентациясы мен орындалуы – 10 балл

Рөлге бөліп ойнау – 10 балл

Рефератқа дайындалу және қорғау – 10 балл

Ағымдық тапсырма 1,2 – 10 балл



Барлығы: 60

Емтихан 40

Барлығы 100

N

Пайыздық баламасы

Әріптік жүйедегі бағалау

Бағаның сандық баламасы

Дәстүрлі бағалау

1

95-10

А

4,00

Өте жақсы

2

90-94

А-

3,67

3

85-89

В+

3,33

Жақсы

4

80-84

В

3,00

5

75-79

В-

2,67

6

70-74

С+

2,33

Қанағат-қ

7

65-69

С

2,00

8

60-64

С-

1,67

9

55-59

D+

1,33

10

50-54

D

1,00

11

0-49

F

0,00

Қанағат- сыз

4.ЛЕКЦИЯНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Күні

Лекция тақырыбы және оның жоспары

Сағат саны

Әдебеттер (№ реті тарауы)

1




Кіріспе. Көне түркі әдебиеті. (ҮІ-ІХ ғасырлар)

  1. Орхон жазуындағы жәдігерліктер.

  2. Орхон жазуындағы жәдігерлікті қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан зерттеушілер.

  3. «Күлтегін» жырының көркемдік ерекшеліктері




1

1,5,9,3,6,10

2




Қорқыт ата кітабы.

Оғыз – наме («Оғыз-қаған» эпосы)

  1. Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз.

  2. Қорқыт ата өсиеттері, ғибрат сөздері, мақал-мәтелдер

  3. «Оғыз –наме» эпосының сюжеттік желісіне тән ерекшеліктер.

  4. «Оғыз-наме» эпосы мен «Қобыланды батыр» жырындағы ұқсас көріністер.




1




3




Әбу-Насыр Әл-Фараби (870-950)

Х-ХІІ ғасырдағы әдебиет

1. Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі т.б. салалар бойынша жазған зерттеулер.

2. Әл-Фараби музыкалық мұрасы.

3. Ақынның поэзиялық мұрасы.



4. Х-ХІІ ғ. Орта Азия , Жетісу және Қашқария жерінде түрік тайпалары үстемдігінің күшейе түскендігі.


1

7,5,3,6,9,10,11,12

4




Махмұт Қашқари.

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»

  1. М.Қашқари (ХІғ) – ұлы филолог, ауыз әдебиеті үлгілерін жинай, зерттеуші ғалым, саяхатшы.

  2. «Диуани лұғат ат-түрктегі» табиғат туралы өлең-жырлар.

  3. Ж.Баласағұн-ХІ ғ. Аса көрнекті ақыны, данышпан ойшылы, ғалымы, белгілі қоғам қайраткері.

  1. «Құтты білік» - дидактикалық дастан.

1

1,5,9,3,6,10

5




Ахмет Иүгінеки. Қожа Ахмет Иассауй. Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы»

  1. А.Иүгінеки-ХІІғ. Есімі бүкіл Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр болған атақты ақын.

  2. «Ақиқат сыйы» -дидактикалық сарынды жазылған шығарма.

  3. Қ.Иассауй-сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, есімі ислам әлеміне ойшыл қайраткер.

  4. С.Бақырғани-сопылық сарындағы хикмат жырларымен есімі мәшһур ақын.

1

7,5,3,6,9,10,11,12

6




Алтын орда дәуіріндегі әдебиет. (ХІІІ-ХҮғ) Насреддин Рабғузи.

  1. Алтын Орда дәуірі көрнекті өкілдері: Рабзғұзи, Әли, Сарай, Хорезми, Құтб, Дүрбек.

  2. Н.Рабғузи –Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі.

  3. Құтб аудармасының көркемдік ерекшеліктері.




1

1,5,9,3,6,10

7




Хорезми. «Мұхаббат- наме».

Құтб. «Хұсрау-Шырын»

дастаны.

  1. Құтб аудармысының көркемдік

ерекшеліктері.

  1. «Хұсрау-Шырын» дастанының қазақтың лиро-эпостық жырларымен сарындастығы, үндестігі.

  2. «Кодекс Куманикус» - кумандардың кітабы.

1

7,5,3,6,9,10,11,12

8




Лекция №8. Сайф Сарай. «Гүлистан бит-түрки». Дүрбек. «Жүсіп-Зылиха» дастаны.

1.С.Сарай – Алтын Орда әдебиетінің ХІҮ ғ. Аса көрнекті өкілі.

  1. 2.«Гулистан бит-түркидің»(1391ж) –

  2. прозамен жазылған қыпшақ тіліндегі

  3. көркем шығарма.

  4. 3.Дүрбек- ХІҮ ғ. Соңы мен ХҮ ғ.

  5. Басында өмір сүрген ақын.

1

5,9,3,6,10

9




Лекция №9 Әбілғазы. «Шежіре-и түрк». Қадырғали Жалайыри. «Жами-ат тауарих»

  1. «Түркі шежіресі» - бертін келе қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс-тіршілігі өмірі мен қоғамдық қызметі туралы құнды деректері мол жешіре.

  2. «Шежіре жинағы» тарихты баяндайтын шығарма екені, соның өзінде ұқсасты –ырғақты ақ өлеңге, толғауларға ұқсайтыны.

1

1,5,9,3,6,10

10




Лекция №10. Хайдар Дулати.

Бабыр.

  1. М.Х. Дулати (1499-1551) -өз дәуірінің ғұлама-ғалымы, тарихшысы, сөз зергері, ақыны, қоғам қайраткері.

  2. «Тарих-и Рашидидің» зерттеуші, аудармашылары.

  3. З.М.Бабыр (1483-1530)-көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшысы, дарынды лирик ақын белгілі жазушы атақты тарихшы-ғалым.

  1. 4. «Бабыр-наменің» идеялық мазмұны,

  2. тарихы, әдеби мәні, тілі.

1

4,7,13







Барлығы

10




5.ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Күні

Сабақтың тақырыбы мен жоспары

Кредит, сағат саны

Тапсырмаларды тексеру түрі

Әдебиет (№,реті тарауы)

1




Кіріспе. Көне түркі әдебиеті. (ҮІ-ІХ ғасырлар)

1. Орхон жазуындағы жәдігерліктер.

2.Орхон жазуындағы жәдігерлікті қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан зерттеушілер.

3.«Күлтегін» жырының көркемдік ерекшеліктері


1

1.Лекцияны оқып шығу

2.Сұрақтар бойынша конспект жазу

3.Реферат жазу

4.Глосарий жасау

5. Сабақ өту


№7,5,3,6,9,10,11,12

2




Қорқыт ата кітабы.

Оғыз – наме («Оғыз-қаған» эпосы)

1.Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз.

2.Қорқыт ата өсиеттері, ғибрат сөздері, мақал-мәтелдер

3.«Оғыз –наме» эпосының сюжеттік желісіне тән ерекшеліктер.

4.«Оғыз-наме» эпосы мен «Қобыланды батыр» жырындағы ұқсас көріністер.


1

1.Лекцияны оқып шығу

2.Сұрақтар бойынша конспект жазу

3.Реферат жазу

4.Глосарий жасау

5. Сабақ өту


№5,8,9,2,3,12,13,15

3




Әбу-Насыр Әл-Фараби (870-950)

Х-ХІІ ғасырдағы әдебиет

1. Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі т.б. салалар бойынша жазған зерттеулер.

2. Әл-Фараби музыкалық мұрасы.

3. Ақынның поэзиялық мұрасы.

4. Х-ХІІ ғ. Орта Азия , Жетісу және Қашқария жерінде түрік тайпалары үстемдігінің күшейе түскендігі.


1

1.Лекцияны оқып шығу

2.Сұрақтар бойынша конспект жазу

3.Реферат жазу

4.Глосарий жасау

5. Сабақ өту


№3,6,9,2,5,8

4




Махмұт Қашқари.

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»

  1. 1.М.Қашқари (ХІғ) – ұлы филолог,

  2. ауыз әдебиеті үлгілерін жинай,

  3. зерттеуші ғалым, саяхатшы.

  4. «Диуани лұғат ат-түрктегі» табиғат

  5. туралы өлең-жырлар.

  6. 2.Ж.Баласағұн-ХІ ғ. Аса көрнекті

  7. ақыны, данышпан ойшылы, ғалымы,

  8. белгілі қоғам қайраткері.

  9. 3.«Құтты білік» - дидактикалық

  10. дастан.

1

1.Лекцияны оқып шығу

2.Сұрақтар бойынша конспект жазу

3.Реферат жазу

4.Глосарий жасау

5. Сабақ өту


№9,6,3,2,5,10,15

5




Ахмет Иүгінеки. Қожа Ахмет Иассауй. Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы»

1.А.Иүгінеки-ХІІғ. Есімі бүкіл Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр болған атақты ақын.

2.«Ақиқат сыйы» -дидактикалық сарынды жазылған шығарма.

3.Қ.Иассауй-сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, есімі ислам әлеміне ойшыл қайраткер.

4.С.Бақырғани-сопылық

сарындағы хикмат жырларымен

есімі мәшһур ақын.


1

1.Лекцияны оқып шығу

2.Сұрақтар бойынша конспект жазу

3.Реферат жазу

4.Глосарий жасау

5. Сабақ өту


№3,6,9,2,5,8







Барлығы

5









7. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІДІК ЖҰМЫС (СӨЖ) ТАҚЫРЫПТАРЫ



СӨЖ тақырыптары

Тапсырманы орындау формасы

Тапсырманы қабылдау мерзімі

1

«Қорқыт ата кітабы», Қорқыт туралы аныздардан айырмашылығы

Баяндама

Бейсенбі 15-00

2

«Оғыз-наме» эпосын қазақ әдебиетіндегі орны

Көрнекілік құралдарын жасау

Бейсенбі 15-00

3

Фарабидің екінші ұстаз аталуы, еңбектерінің мәні

Сабақ өту

Бейсенбі 15-00

4

Х-ХІІ ғ.ғ. әдебиетінің қазақ әдебиеті.

Қашқари сөздігінің ерекшелігі



Конспект жасау

Бейсенбі 15-00

5

«Құтты білік» дастанының маңызы

Дастанның тарихилығы



Глосарий жасау

Бейсенбі 15-00

6

А.Яссауидің қазақ әдебиетіндегі орны

Баяндама

Бейсенбі 15-00

7

«Бақырғани кітабының» тәрбиелік мәні

Көрнекілік құралдарын жасау

Бейсенбі 15-00

8

ХІІІ-ХҮ ғ.ғ. әдебиетінің қазақ әдебиетіндегі өзгешеліктері

Сабақ өту

Бейсенбі 15-00

9

Насреддин Рабғузи

«Қиссасул әнбия» Жинақтың тәрбиелік мәні



Конспект жасау

Бейсенбі 15-00

10

«Кодекс куманикус» Қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны

Глосарий жасау

Бейсенбі 15-00

11

Хорезми «Мұхаббатнама»

Баяндама

Бейсенбі 15-00

12

Құтб «Хұсрау-Шырын» дастаны

Көрнекілік құралдарын жасау

Бейсенбі 15-00

13

Сайф Сарай «Гүлстан»

Дастанның өзіндік ерекшеліктері



Сабақ өту

Бейсенбі 15-00

14

Дүрбек. «Жүсіп-Зылиха»

Конспект жасау

Бейсенбі 15-00

15

Әбілғазы «Шежере-и түрки»

Глосарий жасау

Бейсенбі 15-00

16

Қ.Жалайы-ри «Жамиғ-ат-тауарих»»

Шежіренің тарихилығы Еңбектің маңызы



Баяндама

Бейсенбі 15-00

17

Хайдар Дулати «Тарих–и Рашиди

Көрнекілік құралдарын жасау

Бейсенбі 15-00

18

Мұхаммед Бабыр «Бабыр-нама»

Сабақ өту

Бейсенбі 15-00

19

Әдеби жәдігерліктердің зерттелуін тану.

Конспект жасау

Бейсенбі 15-00

20

Тасқа қашап жазылған әдеби мұраның ең көне үлгісінің табылуын,зерттелуін меңгеру.

Глосарий жасау

Бейсенбі 15-00

21

«Қорқыт ата кітабының» қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны

Баяндама

Бейсенбі 15-00

22

«Оғыз-наме» эпосының табылуы зерттелуі

Көрнекілік құралдарын жасау

Бейсенбі 15-00

23

Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінің құндылығы,еңбектерінің зерттелуі.

Сабақ өту

Бейсенбі 15-00

24

Махмұт Қашқари. «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігінің маңызын, зерттелуін меңгеру

Конспект жасау

Бейсенбі 15-00

25

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»еңбегінің тәрбиелік маңызын тану

Глосарий жасау

Бейсенбі 15-00

26

Ахмет Йүгінеки «Ақиқат сыйы» дастанының идеясын тану

Баяндама

Бейсенбі 15-00

27

Қ.А.Яссауи «Диуани хикмет» хикметтерінің маңызы.

Көрнекілік құралдарын жасау

Бейсенбі 15-00

28

Сүлеймен Бақырғани Бақырғани кітабы еңбегінің қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны.

Сабақ өту

Бейсенбі 15-00

29

Насреддин Рабғузидің «Қиссасул әнбия»еңбегінің табылуын,зерттелуін тану.

Конспект жасау

Бейсенбі 15-00

30

«Кодекс-куманикустың тарихи маңызы

Глосарий жасау

Бейсенбі 15-00

8.Бақылау сұрақтары

1- Аралық бақылау сұрақтары

1.Қазақ әдебиеті тарихындағы қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңі.

2. Тасқа қашап жазылған әдеби мұралардың мәні.

3. Қорқыт ата кітабының,Қорқыт ата туралы аңыздардан айырмашылығы.

4. Оғыз-наме эпосының тарихи маңызы

5. Әбу Наксыр әл-Фарабидің қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны

6. X-XIIғасырдағы әдеби туындылар ерекшелігі.

7.М.Қашқари еңбегңнің зертеллуі,

8.М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігінің мәні.

9.Жүсіп Баласағұн – «Құтты білік» дидактикалық дастанының қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны.

10.«Ақиқат сыйы» дастанының зерттелуі

11. «ДиуаниХикмет» кітабының зерттелуі.

12. Сүлеймен Бақырғани –. «Бақырғани кітабының» мәні.

13.ХІІІ-ХҮ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму жолдары.

14. Алтын Орда дәуірінің әдебиеті

15.Насреддин Рабғузидің. « Қиссасул әнбияның» еңбегінің зерттелуі

16.«Кодекс куманикус» - кумандар кітабының маңызы.

2- Аралық бақылау сұрақтары

1.Хорезмидің «Мұхаббат наме» дастанының маңызы.

2.Құтб. «Хұсрау-Шырын» дастанының идеялық мәні.

3.Сайф Сараидың. «Гүлстан бит-турки» шығармасының маңызы

4.Дүрбек. «Жүсіп-Зылиха» дастанының идеясын меңгеру

5. Әбілғазы «Шежіре и түрк» шежіресінің алғаш табылуы

6. Қадырғали Жалайыри «Жамиғ-ат-тауарих» еңбегінің зерттелуі

7. Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шежіресінің табылуы зерттелуі.

8. Мұхаммед Бабырдың өмірі мен шығармашылығы.

9. «Бабыр нама» еңбегінің маңызы.

10. Қожа Ахмет Яссауи – сопылық әдебиеттің өкілі.

11.«Диуани Хикмет» кітабы, «Даналық кітабының» мәні

12.Сүлеймен Бақырғани – сопылық сарындағы хикмат жырларымен есімі мәшһүр ақын.

13.«Бақырғани кітабының» мәні. ХІІІ-ХҮ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму жолдары,

14.Алтын Орда дәуірінің әдебиеті

15.Насреддин Рабғузи – Алтын Орда дәуірінің әдебиетінің ірі өкілі.

16.« Қиссасул әнбияның» зерттелуі

17.«Кодекс куманикус» - кумандар кітабы.

18. Хорезми. Өмірі және шығармашылығы.

19.«Мұхаббат наме» дастаны

20.Құтб. «Хұсрау-Шырын» дастанының идеялық мәні.

21. Сайф Сараи. Алтын Орда әдебиетінің ХІҮ ғ. көрнекті өкілі. «

22.Гүлстан бит-турки» шығармасы

23.Дүрбек. «Жүсіп-Зылиха» дастанының идеясЫ



9. ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер

  1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулыфқ. Алматы, 1986

  2. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия./құрастырған Қыраубаева А. Алматы, 1991

  3. Келімбетов Н. Канафин А. Түркі халықтарының әдебиеті. Оқулық хрестоматия. Алматы, 1996

  4. «Авеста» - избранное чтение. Душанбе, 1990

  5. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А., 1986

  6. Аманжолов С. Қазақ тілінің тарихы және диалектология мәселелері. А., 1980

  7. Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. Астана, 2001

  8. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973

Қосымша әдебиеттер:

  1. Келімбетов Н. Шығыстың классикалық поэзиясы және қазақ әдебиеті. А., 1962

  2. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А., 1967

  3. Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы. Зерттеу А., 1962

  4. Албани Б.Қ. Тарихи таным. А., 1994

  5. Әбілғазы. Түрік шежіресі./ауд.Әбілқасымов Б./ А., 1992

  6. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. А., 1989

  7. Келімбетов Н. Тарихи шежірелерді әдебиет сабағында оқыту туралы. А., 1973

  8. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. Зерттеу. А., 1988

  9. Өмірәлиев Қ. ХҮ-ХІХ ғ.ғ. қазақ поэзиясының тілі. А.,1987

  10. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері, А., 1973

  11. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер./жинақ/ А., 1983

  12. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш.//шығармалары.А., 1989

  13. Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдени жазбалары. А., 1991

  14. Қазақтың көне тарихы. Зерттеу . А., 1993

  15. Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1986

  16. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. А., 1976

ПӘНІНІҢ ОҚУ, ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК, ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ

ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КАРТАСЫ.

Оқу пәні Ежелгі дәуір әдебиеті

Мамандық Қазақ тілі мен әдебиеті

п/п

Негізгі әдебиет


Саны

Қосымша әдебиет

Саны

Электрондық оқулық

Саны

Барлығы

Қазақ тілінде

Барлығы

Қазақ тілінде

Всего

Барлығы

1.

1. Ежелгі дәуір әдебиеті. Оқу құралы. - А., 1991. -280 б

13

13

1. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ, 1-кітап. –Алматы: 2001. -467 б

10

10










2.

2. Келімбетов Н.Ежелгі дәуір әдебиеті. Оқулық. -А., 1991. - 264 б

11

11

2. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. А., 2001. -455.

8

8










3.

3. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (қазақ әдебиеті бастаулары) -А., 2005. -336 б

14

14

3.Ыбыраев Ш. Эпос әлемі Алматы 1993

12

12










4.

4. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. Оқу құралы. Астана, 2001. -224

18

18

4.Қорқыт ата кітабы А.1994

7

7










5.

5. Қыраубайқызы М. Ежелгі әдебиет. А., 1996. -132

10

10

6.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы 1-ші кітап А.2001

14

14










6.

6.Жолдасбеков Н. Асыл арналар. Алматы 1990.

11

11

7.Н.Келімбетов Қазақ әдебиетінің бастаулары А.2002

5

5













БАРЛЫҒЫ :

























Оқытушы: Ф.Турсуманова

1-Лекция Күлтегін және Тоныкөк жырлары


Жоспар

  1. Көркемдік ерекшеліктері

  2. Композициялық қүрылысы. Идеялық мазмүны

  3. "Күлтегін" жыры және қазақ эпосы

Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген) ежелгі түркі мемелекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Қүтлүғ (Елтеріс) қағанның кенже үлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген соң Күлтегін оның үрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Могилянды (кейінірек Білге қаған атанған) күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындайды. Күлтегін талай-талай соғыстарды жеңіске жетіп, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытады.

Міне, осы Күлтегін батыр, оның ағасы Білге қаған және қағанның кеңесшісі, ақылгөй қария Тоныкөк қүрметіне VIII ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш жырларды әдебиет тану ғылымы түрғысынан жан-жақты зерттеген совет ғалымы И.В. Стеблева болды.

Орхон ескерткіштерінің жанрлық ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келді. Бірі Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі -руна жазуындағы бүл ескерткіштерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды. Орхон ескерткіштерінің, поэзияға, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі академик жазушы М. Әуезов болды. Ол руна жазуындағы ескеркіштердің мазмүны мен мипаты туралы айта келіп, былай деп жазды: "Олардың мазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас. Күлтегін, Тоныкөк немесе Суджа жазуларында қанша адам, қанша ерлік бейнеленген десеңізші?! Оларда әр алуан рулар мен тайпалардың кескілесекен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтардың шежіресі бар.

Тіпті сол жазулардың бір талайында Күлтегіннің ежелгі жырларындағыдай жеңілуді білмейтін батыр болғандығы баяндалады. Ол жазуларда хронологиялық тәртіп те бар. Күлтегінің он алты жастан қырық жеті жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі өміріндегі ерлік қимылдары баян етіледі. Мүнда батырдың жас шағынан бастап, өмірінің ақырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік қүрылысында ұқсастық бар."

Бүл жазба жәдігерліктер өзінің мазмұны мен пішіні жағынан ғана емес, ырғаққа, яки ритмге - үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануына негізделуі түрғысынан да поэзиялық сипатқа ие екенін түңғыш рет совет ғалымы И.В. Стеблева дәлелдеп шықты. Ол Орхон ескерткіштерінің өлшемі - әрі буын, әрі екпін екенін, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ сол буын мен екпінге негізделеді деген пікір айтты.

Қорыта айтқанда, Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері мамұны мен формасы жағынан да, тілі мен көріктеу қүралдары түрғысынан да, өлең қүрылысы мен композициясы жағынан да ежелгі түркі поэзиясының нағыз классикалық үлгілері болып табылады.


Орхон жазба ескерткіштері композициялық құрылысының сол дәуірдің әдеби дәстүріне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Ғалымдар, ұзыннан-ұзақ етіп құлпытасқа бедерлеп жазылған руналық бір жол жазудың өзі – бір ғана ойды білдіруге арналған бірнеше сөйлемнен (яғни бір циклға қамтылған сөйлемдерден) тұрады.Мұнда автордың оқырманға айтпақ болған негізгі ойы әдеттегідей бір сөйлемнен екіншісіне емес, бір циклдан екінші циклға беріліп жатады.

Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбір циклдың өзі міндетті түрде мынадый үш элементтен тұратын болған:



  1. Оқиғаның басталуы

  2. Сол оқиға желісінің біртіндеп ұлғая түсуі

  3. Осы циклда айтылуға тиісті ой-пікірдің түйіні.

Орхон жазба ескеркіштері ішінде 'Тоныкөк жыры" ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар.

Әйтседе бұл жыр өзінің жазылу стилі, көркемдік тәсілдері, композициялық құрылымы - циклдар мен элементтердің атқаратын қызметі құдды Күлтегін жырындағыдай болып келеді.

"Тоныкөк" жырының сюжеті, оқиғалары басқаша болып келеді. Мұндағы басты қаһарман - қағанның кеңесшісі Тоныкөк.

Егер "Күлтегін" жырында түркі елінің белгілі бір соғыстағы жеңісіне себеп болған негізгі нәрсе — Күлтегін батырдың ерлігі деп көрсетілсе, ал "Тоныкөк" жырында автор дәл сол жолғы шайқаста жеңіске Тоныкөктің ақыл-айласы арқасында жеттік деп көрсетеді.

Бүл жырдың басты қаһарманы батыр емес, бүкіл түркі елінің дана қарты, тіпті Білге қаған мен Күлтегіннің әкесі Елтеріс Қағанға да кезінде ақылгөй болған Тоныкөк қарт.

"Тоныкөк" жыры да көлемді. Ол 313 өлең жолынан түрады. Мүның өзі қүлпытаста 62 руналық жазу жолына сыйып түр. Жырдың жалпы оқиға желісін зерттеушілерон төрт циклға, яғни он төрт хикаяға бөліп қарастырады. Жырда түрік елінің сан қырлы өмірінде Тоныкөктің тарихи роль атқарғаны ерекше атап айтылады:

Бүкіл түркі халқына

Қарулы жау келтірмедім,

Атты әске жолатпадым.

… Еліміз қайта ел болды,

Халқымыз қайта халық болды.
Тоныкөк ескерткіші ежелгі түркі поэзиясына тән әдеби дәстүрде, көріктеу құралдары, тілі, композициясы т.б. жағынан зор шеберлікпен жазылған жыр-дастан болып табылады.
Түрік қағанатының есімі мәшһүр әскери қолбасшысы, даңқты батыры Күлтегіннің он алты жастан бастап, қырық жеті жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі ерлік істері эпостық сарынмен жырланады. Күлтегін тарихи адам болса да жырда ол бейне бір аңыз қаһарманындай ешқашан жеңілуді білмейтін батыр ретінде көрсетілген. осы тұрғыдан алғанда тайпа-ұлыстық дәуірде өмірге келген “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Шора батыр” сияқты қазақ эпостарының да “Күлтегін” жыры секілді тарихи негіздері бар болуы ықтимал деген тұжырымдар да кездеседі.

"Күлтегін" жырында батырлардың жекпе-жек шайқасқа шығуы, батырдың шайқас алдындағы қаһарлы бейнесі ашу-ызасы зор шеберлікпен берілген.

Қазақ эпосында, әсіресе, батырдың жан серігі атының түр-түсін, шабысын, қалай бапталғанын, т.б. суреттеуге ерекше назар аударып, соған ықлас қойып отырса, Күлтегін мінген аттардың да сыр-сипаты осылайша сипатталады:
Боз атын мініп шапты,

Ол ат сонда өлді.

Ерттеулі торы атын мініп шапты,

Ол ат сонда өлді.

… Күлтегін алып Шалшы ақбоз (атын) мініп,

Жауға қарсы ұмтылды.


Сондай-ақ Күлтегін батыр өлгенде бүкіл елдің қабырғасы қайысып, айтқан жоқтау-жырлары да эпостық жырлар сарынымен орайласып жатады.

Күлтегін жырының басты идеясы - түркі халқын ауыз бірлікке, сыртқы жауға қарсы үйымдасқан күреске, ата-баба жолын берік үстауға шақыру болып табылады.

2-Лекция “Қорқыт ата кітабы”

Жоспар:


I. Кіріспе.

а) Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз.

II. Негізгі бөлім

а) Қолжазба нұсқалары, зерттелуі, аудармалары.

ә) Тарихи шындық пен аңызға айналған бейнелер.

б) Қорқыт ата кітабының көркемдік ерекшелектері.

Қорытынды.

а) Қорқыт атаның өсиет-нақыл сөздері.

« Қорқыт ата кітабы» - түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет - ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра. Қорқыт ата хикаясы - VII – ҮІІІ ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық, т.б. мәнін жоймаған, аса құнды шығарма.

Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт - сегізінші ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Данышпан қарттың ұзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан түсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар.

Ал, оның теңдесі жоқ композитор болғандығын халық жадында сақталған «Қорқыт ата күйі», «Қорқыт сарыны», т.б. музыкалық шығармалары дәлелдейді.

Қазақ арасынан шыққан атақты күйші-бақсылар, ақын - жыраулар өздеріне Қорқыт атаны пір - ұстаз тұтқан.

Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,

Бата алған арлық бақсы асқан ата

Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен,

Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда.

Ел аузындағы аңыздардан Қорқыт ата өзінің жүйрік жел - маясына мініп алып, халқына мәңгі жасайтын жер - ұйық іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші, өлім дегенді білмейтін ғажайып қайсар жан ретінде суреттеледі. Әйтсе де ол өмірінің соңында «өлмейтін нәрсе жоқ екен» деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. ¥лы күйші, кемеңгер жырау өзі іздеген мәңгілік өмірді шынында да тапқан секілді.Қорқыт атаның атаның жан тебірентерлік сиқырлы күйлері, ұлағатты ғибрат сөздері, әрбір жолы мақал-мәтелге айналып кеткен өлең-жырлары ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра, мәңгілік қазына ретінде ауысып, мы жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп келе жатыр.

Қорқытты асқан күйші, ақылгөй, данышпан, атақты жырау деп, мазар-күмбезіне (қорым, ұйық жер, пантеон) бас ию сонау оғыз-қыпшақ заманынан басталады. Қорқыттың мазарын (қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында) халық сан ғасырлар бойы қадірлеп, оны «Қорқыт атаның күй тартатын жері» деп басына күзетші, шырақ жағушы адам қойып жүрді. Қорқыт ата күмбезі шамамен IX - XI ғасырларда салынған. Соңғы кезде Сырдария арнасы ауытқып, бұл қорымды 1960 жылы су шайып кеткен. Қазір пантеонның бір жақ кабырғасы ғана сақталып қалған.

Барлық адам баласына ізгілік өмір іздеген жан, ұлы қобызшы, асқан жырау есімін бүгінгі ұрпактары есінен шығарған жоқ. Күй мен жыр атасының есімін мәңгілік сақтау мақсатымен оның мазары тұрған жердегі теміржол станциясын «Қорқыт» деп атаған. 1980 жылы ұлы күйшіге ғажайып жаңа обелиск орнатылды. Әсем жасалған төрт қобыз бір-біріне сүйеп, біріктіріліп композиция құра отырып, Сыр бойында тынымсыз ескен самал-жел әсерімен әлгі қобыздардан ой тербейтін әсерлі үн, жанға жайлы қобыз сарыны естіліп тұрады.

Біздің дәуірімізге дейін «Қорқыт ата кітабының» екі қолжазба нұсқасы сақталып келген. Солардың бірі қазір Германиядағы Дрезден қалалық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Бұл қолжазба кітаптың мұқабасында көрсетілген аты: «Кітаби дедем Коркут ғали лисани таифаи у огузан», яғни «Қорқыт атаның оғыз тайпасы тіліндегі кітабы».

«Қорқыт ата кітабының» осы Дрөзден қолжазбасын он екі жырдан, басқаша айтсақ, он екі оғыз-намеден тұрады.

Ал «Қорқыт ата кітабының» екінші қолжазба нұсқасы Ватикандағы (Италия) Аростолика кітапхасында сақталып келеді. Бұл қолжазба алты жырдан тұрып, «Хикаят оғыз-наме Қазанбек уа ғайри» деп аталады. Еуропа тілдеріне аудару ісі XIX ғасырдың бірінші жартысынан басталып, Эттое Росси, Г.Ф. Диц, Теодор Нельдеке есімдерімен байланысты болса, орыс тіліне аудару мен зерттеу ісі В.В. Бартольд, В.М Жирмунский, А.Н. Кононов, А.Н. Самойлович, В.В. Вельяминов-Зернов,К.А. Иностранцев, А.Ю. Якубовский, А.А. Диваев, Х.Г. Көроглы т.б. үлесі мол.

Қазақстан ғалымдарынан академик Ә.Х. Марғұлан, профессор Ә.Қоңыратбаев және филология ғылымдарының кандидаты Б. Ысқақовтардың зерттеулерін айта кету жөн.

Қорқыт - жыр мен күйдің атасы, ерте кезде оғыз, қыпшақ және қаңлы тайпаларын басқарған данышпан кісі бейнесінде VIII - IX ғасырларда - ақ аңыз кейіпкер болған жан. Аты аңызға айналып ауызша айтылып келген Қорқыт дастаны тек XVI ғасырда ғана қағазға түседі. Тарихи деректерге қарағанда, Қорқыт ата Сырдың төменгі ағысындағы Женкент қаласы маңында дүниеге келіп, өзінің күйлері мен нақыл сөз мақал-мәтелдерін осында шығарып, дүние салған жері де осы Сыр бойы борлған.

Қорқыт ата туралы сан - қилы аңыз - әңгімелер қазақ арасында ерте кезден - ақ кеңінен тараған. Солардың бірі Қорқыттың туылуына байланысты. Ашық күн тастай қараңғы түнге айналған қорқынышты күні туылғаны үшін баланың атын «Қорқыт» деп қойған екен.

«Қорқыт ата кітабы» он екі жырдан, басқаша айтсақ, он екі оғыз - намеден тұрады.

Тегінде «Қорқыт ата кітабының» он екі жырдың әрқайсысы кезінде өз алдына дербес жөке - жеке дастандар күйінде өмірге келген болса керек. Қорқыт ата есімімен байланысты бұл жырлар кейінірек жинақталып, белгілі бір жүйеге келтірілген секілді.

«Қорқыт ата кітабын» тұңғыш рет орыс тіліне аударған академик В.В. Бартольд контекстегі өлең жолдарын жеке дара бөліп көрсетпеген.

«Қорқыт ата кітабындағы» өлеңдерде сөздің ритмикалық құрылысы мен эмоциялық интонация бір - бірімен үйлесіп, түтасып жатады.

«Қорқыт ата кітабы» ғажайып эпитеттергө, теңеулерге, қанатты сөздерге, мақал - мәтелдерге мейлінше бай.

«Қорқыт ата кітабының» тіліне келетін болсақ, мұнда оғыз тілімен қатар қыпшақ тілінің де ықпалы кәдімгідей сезіліп тұрады. Әсіресе кітапта қыпшақ тілінің әсірі мал аттардын көрсетуде жиірек кездеседі. Мәселен, құлын, айғыр, бозайғыр, бұқа, құлан, қыран, т.б. Сонымен қатар, үй тұрмысы мен көшіп-қонуға, тағам атауларына қатысты сөздерде көбіне қазақ тілінің элементтері де байқалады: тұрақ, орда, юрт-жұрт, үлес, үй, қоңсы, айран, қымыз, ет т.б.

Қорқыт хикаясында жиі ұшырайтын атаулар - Алатау, Қаратау, Қазығұрт, Қазылық тауы, Көкше теңіз (Балқаш көлі), Арқа белі сияқты жер-су аттары. Мұның бәрі жырдағы тарихи оқиғалар, тарихи адамдар байырғы қазақ даласында болғанын көрсетеді.

«Қорқыт ата кітабында» автордың ой - пікірін философиялық тұрғында тұжырымдайтын ғақлия сөздер, өсиет - нақылдар, канатты сөз тіркестері жиі ұшырайды. Қорқыт ата есімімен байланысты мұндай үлгі - өнеге сөздер ел аузында да көп сақталған.

Қорыта айтқанда, Қорқыт айтқан нақыл сөздерінің жастарға берер тәлім-тәрбиелік мәні зор.

3-Лекция Оғыз-Наме
Жоспар


  1. "Оғыз - наменің" нұсқаулары. Зерттелуі.

  2. Композициялық қүрылысы. Мазмүны.

  3. "Оғыз - - намедегі" діни - - мифологиялық

көріністер.

4. Шығарманың тілі. Көркемдеу әдістері.


"Оғыз-наме" түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма, әрі тарихи туынды.

Оғыз наме көркем қара сөз, яғни проза түрінде жазылған шығарма екені даусыз. Әйтсе де оның әдеттегі прозалық шығармалардан өзіндік ерекшелігі бар.

"Оғыз-намеде" негізінен Оғыз қағанның әскери жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ерлік істері мадақталады. Шығарманың негізгі идеясы елді ауыз бірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру.

Оғыздар-ертедегі түркі тайпаларының бірі. Олар көбінесе дерлік Сырдарияның төменгі ағысы мен Қаратау бөктерін мекендеген. Үзақ жылдар бойы көршілес тайпалармен соғысып, Арал теңізінің батысы мен Каспий теңізінің солтүстік жағалауын өздеріне қаратып алады. Кенгар-печенек бірлестіктеріне қарсы ІХ-Х ғасырларда жүргізілген осы соғыстардың оқиғалары "Оғыз-наменің" сюжеттік желісіне негіз болған.

Оғыз тайпалары бірлестігі 965 жылы Киев Русымен одақтасып алады да, екі жаққа бірдей қатер төндіріп түрған қуатты Хазар қағандығына қарсы соғыс ашады. Ақыры хазарларды жеңіп, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын да жаулап алады. Арадан жиырма жыл өткен соң оғыздар орыс князьдерімен біріге отырып, Еділ мен Кама өзендері бойындағы бүлғаларды да тас-талқан етіп жеңіп шығады. Міне, бұл зор жеңістердің бәрі Оғыз мемлекетінің күш-қуатын, саяси беделін бұрынғыдан да арттыра түседі. Оғыздардың жаужүрек ерлігі туралы алуан түрлі аңыздар тарайды. "Оғыз-наме" - оғыздар жайындағы осындай аңыз ертегілер желісінен қүрылған көркем шығарма.

Қыпшақтардың қатты тегеуірінінен төтеп бере алмаған оғыздар XI ғасырдың орта шегінде Дешті Қыпшақтан батысқа қарай ығысып кетеді. Бірақ олардың бәрі бірдей қоныс аударған жоқ еді. Қазақстан елінде қалып қойған оғыздар бірте-бірте қыпшақ, қарлүқ, қаңлы, басқа түркі тілдес тайпалармен араласып, солардың этникалық қүрамына біржола сіңісіп кеткені мәлім.

Оғыз қаған немесе Оғыз хан туралы сан қилы аңыздар түркі халықтарының арасында ерте кезден-ақ кең тараған. Ежелгі аңыз-ертегілерде Оғыз - түркі халықтарының теңдесі жоқ алып батыры, әскери қолбасшысы, өз елінің қамқоршысы ретінде бейнеленеді. Оғыз батыр және оның көптеген ұрпақтары туралы ауызша айтылып жүрген алуан түрлі ертегі-аңыздар бертін келе қағазға түсіріледі.

Тегінде, Оғыз батыр жайындағы аңыздар ертеректе, ІХ-Х ғасырларда-ақ қағазға түсірілген болса керек. Бірақ Оғыз жайындағы хикаяның осы алғашқы түпнүсқасы сақталмаған.

Бүл көркем туындының ауызша тараған нүсқалары негізінде кейінірек қайта жазылған екі түрлі нүсқасы бар. Бірі үйғыр әрпімен көшіріліп жазылған. "Оғыз-наме" жырының осы нүсқасы Париждің ұлттық кітапханасының қорында сақталып келеді. Ал, екіншісі-араб әрпімен жазылған. Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жазылған нұсқасының авторы атақты тарихшы, белгілі әскери қолбасшы, Хиуаның ханы Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан (1603-1663) болып табылады.

Әбілғазының “Түрікмен шежіресінде” жер бетінде адамзаттың пайда болуы, Оғыздың туылуы, патшалық етуі, оның Тұран және Үндістанға, Иранға, Сирияға, Египетке жасаған жорықтары, Оғыз батырдың өз еліне оралып, үлкен той жасауы, Оғыз ханның үлкен ұлы Күн ханның тақа отыруы, оның өзіне қарасты жиырма төрт аймақты інілері мен балаларына бөліп беруі, Оғыз ұрпағының таңбасы мен тамғасы, т.б. туралы ғажайып хикаялар айтылады. Мұның ішінде нақты деректер де өте көп кездеседі. Әбілғазының “Шежіресі” түрік тілінде жазылса, одан бөлек ұйғыр тілінде де нұсқасы сақталған.

Аңыздың Парижден табылған нұсқасы көлемі жағынан шағындау, 21 парақ немесе 42 бет тен тұратын қолжазба. Ерекшелігі өте “Күлтегін” жырына ұқсас келеді.

"Оғыз-наменің" негізгі идеясы бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күреске шақыру. "Оғыз-наме" аңызында діни-мифологиялық элементтер едәуір орын алған. Мұнда аспан әлемі элементтері, исламға дейінгі кең тараған Көк Тәңірі, Жер-су Тәңірі, Ұмай Ана секілді жалпы түрік атаулыға бірдей атаулар кездеседі. Сонымен қатар, көкжал бөрі де жиі аталып кетеді.

Сөйтіп, "Оғыз-наме"-түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма болып табылады. Әйтсе де шығарманың негізгі сюжеттік желісі жеке ру-тайпалар тарихы емес. "Оғыз-наме" түркі халықтарының тарихын белгілі бір дәуірін бейнелейтін бір туындылар қатарына да жатпайды. Соның өзінде Оғыз батыр туралы аңыздан түркі халықтарының сан ғасырлық көне тарихының ізін аңғаруға болады. "Оғыз-наме" - Орта Азия түріктерінің тілінде жазылған ескерткіштер тобына жатады. Дегенімен мұнда оғыз-қыпшақ диалектілері басымырақ екенін аңғару қиын емес. Оғыз тілі - кезінде кең тараған түркі тілдерінің бірі болғаны мәлім. Қазір оғыз тілі өлі тілдердің тобына қосылды. Кезінде бұл тіл қыпшақ тіліне едәуір ықпал жасаған болатын. М. Қашғари өзінің атақты сөздігінде оғыз және қыпшақ тілдерінің бір-біріне ықпал туралы айта келіп, "Ж" дыбысы басым оғыз және қыпшақ говорларының өзара жақындығын ерекше атап көрсетеді.

Сөйтіп, "Оғыз-наменің" үйғыр әрпімен көшірілген нүсқасын да атақты шежіреші Әілғазы жазып, кейінірек араб әрпімен өшірілген нұсқасы да кезінде түркі тілдес тайпалардың бәріне де түсінікті болған орта азиялық түркі тілінде жазылғаны мәлім.

Оғыз батырдың аяғын тепсе темір үзетін өгіздің аяғына, белін

қасқырдың беліне, иықтарын бүұғының жауырына, көкірегін аюдың

төсіне теңейді.

Сондай-ақ "Оғыз-наме" авторы түрақты сөз тіркестерін, мақал-

мәтелерді қодануға шебер. Көркемдеу әдістері жағынан "Оғыз-наме"

батырлар жырына үқсас болып келеді. Мұнда қан майдан соғыс картинасы жасалған. Батырдың мінетін атына, ұстайтын қару-жарағына байланысты айтылатын теңдеулер қазақ эпостарын еріксіз еске түсіреді.

Қорыта айтқанда, "Оғыз-наме" генеалогиялық аңыздар негізінде жазылған, қазіргі түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихынан едәуір мағлүмат беретін, көркемдік дәрежесі биік эпостық туынды.
4-Лекция Орхон-Енисей жазба ескерткіштері
Жоспары

I. Кіріспе

Тасқа жазылған дастандар



II. Негізгі бөлім

а) VI ғас. Түрік қағанаты

б) Орхон - Енисей ескерткіштерінің зерттелуі

в) Орхон жазбалары және тарихи шындық

III. Қорытынды:

Орхон жазба ескерткіштерінің жылнама шежіре емес, өз дәуірінің әдебиет үлгісі

Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрылғаны тарихтан жақсы мәлім. Ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби мәдени өмірін жер еткен ғажайып дастандар бар. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпыстарға қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлігі тұрғысынан да күні бүгінге дейін оқушысын таңдардырып, тамсандырып келеді.

Бүларды біресе прозалық шығарма десе, екінші жолы поэзиялық туынды деп келеді. Ал кейінгі кезде, әсіресе, көрнекті совет ғалымы И.В. Стеблеваның «VI - VIII ғасырлардағы түркі поэзиясы» деген еңбегі басылып шыққаннан кейін руна жазуындағы әдеби мұралар поэзиялық туынды деп танылды.

Қазақтың «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Алпамыс», «Қобыланды» тәрізді әйгілі жырларында кездесетін өлең арасындағы әлқисса - түсіндірме көркем қара сөздер мүнда да кездесіп, араласып отырады.

Пафосмен баяндай отырып, өздеріне елеусіз деп есептеген сәттерді жыр арасында қара сөзбен жеткізіп те отырған.

Осы заңдылықты Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөктерге арналған үш шығарманың үшеуінде де кездестіреміз.

Мұны біз көне түркі ғүламаларыныі эпикалық мүра жасаудағы қалыпты, дәстүрлі әдісі ме деп ойлаймыз.

Мәне, осы ерлік пен ездің, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсіздік жайында тебірене толғайтын ғажайып жыр жолдарын ақын бұдан бір мың екі жүз елу жылдай бүрын жазыпты.

Көне түрік қағанаты дәуірінде, дәлірек айтсақ VIII - ғасырда әрбір әрпі қүлпытасқа қашап жазылған, әрбір сөзі адамның жан жүйесіг еріксіз тебірентетін, әрбір шумағы астарлап айтылған ой-толғаныстарына толы, қадым замандардан сақталып, бізге жеткен сөз патшасы бүгінгі оқырманына да әмірін жүргізеді - оған эстетикалық ләззат беріп, ой мен сезім әлеміне жетелейді.

Енисей өзені аңғарынан қүпия жазуы бар қүлыптастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.Қ.Визден, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сибирьде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмидт, т.б. XVIII ғасырдың бас кезінде мақалалары мен хаттарынан білеміз.

Орыс География қоғамының Шығыс-Сибирь бөлімі 1889 жылы Монғолияға арнайы экспедиция үйымдастырды.

Орхон өзені аңғарынан «құпия» жазуы бар үлкен-үлкен екі ескірткіш тапты.

1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жүмыс қорытындысы туралы есептері баспасөзде жарияланды. Ғалымдар ескерткіштердегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді.

Алайда бүл руна жазуының қүпиясы көпке дейін ашылмай-ақ қойды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр

түрлі болжам айтыла бастады. Бұл жазудың түп тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілер де, оны ежелгі монғол жазуы, фин жазуы, скиф-славян жазуы деп жорамал жазудың сыныр ғылыми негізде ашып бере алмады.

Ақыры 1893 жылғы қарашаның 25-і күні Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгелм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдемке жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі қүпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады.

Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.

Арадан көп уақыт өтпей-ақ В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы текстіні толық оқып, сосын оны аударма жасап шықты.

Орхон өзені бойынан Н.М.Ядринцев тапқан ескерткіштер Шығыс Түрік қағанатының он жетінші қағаны Білге қаған (алғашқы аты Могилянь) мен қағанның інісі, даңқты әсери қолбасшы Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор қүлпыстарға қашап жазылған ұзақ жыр жолдары.

Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылды. Осыған орай руна жазуының өзін бертін келе «Орхон - Енисей» жазуы деп атап кетті. Ал, бүл жазуды тілі мен сипатына қарай бағалап, оны көне түркі жазуы деп те атай береді.

Белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н.М.Ядринцев көне түркі ескерткіштерін іздестіруді осымен шектеп қойған жоқ. Тағы да іздене түсті. Ақыры 1891 жылы Монғолияның Онгин деген өзен алқабынан тағы бір құлыптасқа бедерлер жазылған ескерткіш тапты. Бүл кейінірек ғылымда «Онгин ескерткіші» деп аталып кетті.

В.В.Радлов, В.В. Томсен, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, т.б. орыс және шет ел ғалымдары қыруар мол үлес қосты. Әсіресе, көрнекті совет ғалымы С.Е. Маловтың бүл саладағы еңбегі ерекше зор болды.

Көне түркі әдеби ескерткіштерінің тілі

Әрбір айпаның өзіндік тіл ерекшеліктері бар. Орхон аңғарынан табылған ескерткіш-жырлардың тілін бірқатар лингвистер қазақ тіліне жақын десе, енді біреулері қырғыз немесе хакас, алтай тілдермен туыстас деген пікір айтады. Бүл тіл - бірнеше түркі тілдерінің тарихи ортақ мүрасы деп қараушы ғалымдар да бар.

Бір әңгіме етіп отырған жырлардағы көптеген лексикалық элементтер қазір де сол күйінде айтылады немесе лексикалық түлғасын сәл ғана өзгерткен: «қыз» - қыз, «келін» - келін, «ел» - ел, халық, «оқ» - оқ, «бай» - бай, «бейуруқ» - бұйрық, «айғы» - жау, «куч» - күш, «қүт» - қүт, бақыт, «біліг» - білім, «куң» - қүң, «йегрен» -жирен, «йашыл» - жасыл, «көу» - көк, «торығ» - торы, «атлан» - атта

«аңла» - түсін, «йығ» - жық, «есід» - есіт, «кісі» - кісі, «тағ» - тау, «алтун» - алтын, т.б.

Мұның бәрі Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіш-жырларының тілі өзгелерінен гөрі қазіргі қазақ тіліне жақын тұрғанына дерек берсе керек.

Орхон жазбалары және тарихи шындық

«Қазақ ССР тарихының» жаңа басылымында Орхон ескерткіштерін «тарихи дегеннен гөрі эпикалық дәстүр деп атауға болар еді. Көркемдік тәсілдердің алуан түрінің, түрақты сөз тіркестері мен түжырымды нақыл сөздердің қолданылуы ресми баяндауды эмоциалық жағынан әрлендіріп, оны стилін қүлпырта түседі» деп көрсетіледі.

Демек, Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөк құрметіне қойылған тастардағы жазу VI - VIII ғасырлардағы түріктердің, поэзиясы, солардың алғашқы әдебиет үлгілері, «шешендік өнердің және батырдың ерлігі жайындағы талай ғасырлардың өңдеуінен өткен ауызша хикаялардың дәстүрлі формаларын сақтаған» көркем туынды болып табылады.

Күлтегін ескерткішінен алынған осы үзіндіде нақты тарихи деректер онша көп емес. Қағандардың әскери жорықтары жайында нақты деректер бермейді. Біз келтіріп отырған үзіндідегі еі басты мәселе - бұл аталған екі қаған билік жүргізген заманда бүкіл «көк түрік» елінің атақ-даңқы артып, елдің іші де, сырты да бейбіт, тыныш болуы еді. Халықтың мүндай жақсы өмір сүруінің себебін автор: қағандар мен олардың жарлығыг орындаушылар ақылды әрі ержүрек болды, бектер мен халық әміршілеріне адал қызмет етті - деп түсіндіргісі келеді.

Жылнама - шежірелерде бұл кездегі оқиғалар егжей - тегжейлі сақталған. Түріктер бүрын жужан қағанатына бағынышты, вассал болатын.

Түріктер 552 жылы қыс кезінде соғысқа аттанып, аварларды тас-талқан етіп жеңді. Содан кейін Бумын ел-ханы, қаған титулын алды, бірақ 552 жылдың соңғы айында ол қайтыс болды.

Бумын өлген соң інісі аварларды екінші реет жеңеді. Қара-Ескенің мүрагері де інісі болады.

Күлтегін жазуының авторы - Иоллығ-тегін. Түрік қанағатының шежіресін тарихшы ретінде мақтас жазғысы келсе, қағанаттың атақ-даңқы мейлінше өрлеп тұрған кезеңіне тоқталмай өтпес еді. Автордың мақсаты - «көк түркілердің» тарихын жазу емес, түрік халқының бүрынғы дістүрін өз замандастарына идеал етіп көрсету болып табылады. Ол түрік қағанатының гүлденген дәуірін Бумын қағанның есімімен байланыстырады. Автор үшін Бумын қаған түркілердің қуатты болған заманын оқушысына елестететін символ ғана.





жүктеу 198,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау