Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Әбу әли ибн сина
Захуриддин әл-Байхакий
Жамолуддин ибн әл-Кифтий
Ибн әли Усайбиа
Ибн Халликон
Қорытынды
Әбу Насыр әл-Фараби туралы сол кездегі көптеген авторлар өздерінің ой-пікірлерін жазып қалдырған.Ұлы ойшыл Әбу Әли ибн Сина (980-1037жж.), тарихшы –ғалымдардан Захируддин әл-Байхакий (1169 жылы қайтыс болған), Жамолуддин ибн әл-Кифтий (1172-1248) сияқты атақты ғалымдар өз шығармаларында ұлы философ Әбу Насыр әл-Фараби жөнінде кейбір мәліметтер беріп кеткен. Белгілі шығыстанушы-ғалым А. Ирисов солардың бірқатарын араб тілінен өзбекшеге аударып жариялаған екен біз соны өзбек тілінен қазақша тәжіма жасап, оқушыларға ұсынуды жөн көріп отырмыз.
7-Лекция Әбу Әли ибн Сина
Мен мантик (логика), жаратылыстану және риезиет (математика ,геометрия ) ғылымдарын жақсылап меңгердім . Сосын теологияны оқып үиренуге кіріскенімде Аристотелдің «Метофизика» кітабын оқыдым .
Бірақ онда не жазылғанын оқып түсіне алмадым. Бұл кітапты жазған кісінің мақсаты маған құпия болып қала берді. Тіпті оны қырық рет қайталап оқып шықтым. Бұл кітапты тіпті жаттап та алдым. Бірақ соның өзінде ,мен оны түсіне алмадым . Ақыры одан үмітімді үзіп, бұл түсінуге болмайтын кітап екен деген қортындыға келген едім.
Бір күні бесін намазы кезінде кітап сатушыларға бардым. Онда бір делдал мұқабалы бір кітапты қолына ұстап алып , мақтап тұр екен. Ол мені қасына шақырып, маған кітапты көрсетті. Сонда мен бұл ғылымды білудің пайдасы жоқ деген оймен әлгіні жақтырмай, алмайтынымды айттым. Делдал маған: «бұл кітапты ал, бағасы арзан –үш дирхам, кітаптың иесі ақшаға мұқтаж» - деді. Осылайша кітапты мен сатып алдым. Қарасам, ол Әбу Насыр әл-Фарабидің «Метафизика » кітабының мақстаты жайында жазылған шығармасы екен. Үйге келген бойда оны оқуға кірістім. «Метафизика» ойымда жатталып қалғаны себепті сол сәтте-ақ кітаптың мазмұнын түсініп алдым. Бұған қатты қуанып кеттім. Мұндай кітаптың табылғанына шүкіршілік жасап, ертеңіне-ақ кедейлерге біраз нәрсе садақа бердім.
8-Лекция Закируддин әл-Байхакий
Шейх Әбу Насыр әл-Фарабидің аты Мұхаммед ибн Тархан болып, шыққан тегі Түркістанның Фараб деген жерінен екен. Бұл кісі «Муаллим ас-Саний » - «Екінші ұстаз» деген лақап есім алған. Ислам ғалымдары арасында бұрын мұншалықты ақылы алғыр адам болмаған еді. Әбу Насырдың көп трактаттары бар. Көпшілігі өз қолымен жазылған яки оның шәкірті Әбу закария Яхия ибн Адидің қолымен көшірілген еді.
... Ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби айтқан екен: Кімде-кім хикмат (философия, даналық) білімін оқып үйренуге кіріспек болса, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс, әдепті, қайырымды адам болуы керек. Ондай кісі адамдарға мейірімді, таза, адал болуы, азғын қылықтардан: күнә, қиянат, зұлымдық пен аярлықтан таза болуы тиіс. Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті ойламауы қажет. Ондай кісі ғылым адамдарынан басқа ешбір нәрсені қадірлейтін болмауы керек.
Білімді кәсіп, өнер етіп алмауы керек, әрі оны мал-дүние табу құралы етіп жібермеуі қажет. Олай болмаса, бұл көзбояушылық.
Егер мінез-құлқы біз айтқандай емес, теріс мінезді кісі болса, ол ешқашанда ғалымдар арасына қосылмайды.
Кімде-кім өз дәрежесін жоғары көтермек болса, ондай адамның өсу жолына тосқауыл қойылады.
9-Лекция Жамолуддин ибн әл-Кифтий
Әбу Насыр әл-Фараби Мауараннахрдағы түрік шахарларының бірі болған Фарабтан шыққан философ, мұсылманнан шыққан, аты әлемге танылған данышпан саналады. Ол Иракқа барып, Бағдат шахарында тұрып қалады. Бұл қалада хикмат білімін үйренеді де теңдесі жоқ адам болып шығады. Логиканың қиын тұстарына түсініктеме беріп, өз шығармаларында логикадан пайдалану үшін, түсінікті сөз тіркестерін, астарлы меңзеу сөздер қолданып отырды, тіпті Әл-Киндий тағы басқалар жіберген олқылықтарды да атап көрсетті.
Әбу Насыр әл-Фарабидің бұдан басқа «Ихсо ал-улум ва аттаьриф» - «Ғылымды меңгеру және оның мақсатын түсіндіру» туралы жазылған құнды кітабынан, оған дейін де, кейін де ешкім озып кеткен емес.
Әбу Насыр әл-Фараби Афлотун және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдеді.
Ибн Әби Усайбиа
Әбу Насыр әл-Фараби шынайы философ, терең білімді данышпан еді, философияға қатысты пәндерді толық игерген болатын. Ол риезиет (математика, геометрия) ғылымдарына жетік, білгір, іріғұлама, мал-дүниемен ісі жоқ, қарапайым адам еді.ол тағамға шыдамды, қанағаты мол жан болатын. Ол өзінің мінез-құлқы жағынан ежелгі дәуір философтарына ұқсайтын.
Әл-Фараби Дамаскге алғаш барғанда бір баудың қарауылы болып, үнемі хикмат-философия ғылымымен айналысатын еді, өзі жарлы кісі еді, түнде ұйықтамай шығарма жазумен айналысатын. Біраз уақыттан кейін елге танымалы болып, шәкірттері көбееді. Ел билеушісі Сайф ад-Даула (Абул Хасан ибн Абдуллох ибн Хамдан ат-Тағлабий) Фарабимен әңгімелесуді ұнататын, біліміне таңданып, оған көп ізет-құрмет көрсетеді.
… Кейбір шейхтардың айтуынша, Әбу Насыр әл-Фараби 338 (949) жыл Мысырға (Египетке) сапарлап барған, кейін Дамаскіге қайтып келіп, осы жерде 339 (950) жылы ражаб (сентябрь) айында, Сайф ад-Даула Али Хамдан әмірлігінде, осы елде ар-Розий халиф болып тұрған кезде қайтыс болды.
… Елдің айтуына қарағанда, Әбу Насыр әл-Фараби қозы жүрегі мен райхан шәрбатын өіне тамақ еткен екен. Алғашында қазы болып жұмыс істеп, ғылым жолына түскеннен кейін, оны тастап, мал-дүниеге ешқашан қызықпаған екен.
Музыка саласында да ол білімді болыпты, одан ешкім де озып кете алмапты. Жұрттың айтуына қарағанда, ол ғажайып бір музыка аспабын жасапты, міне, сол аспаптан адамның жан жүрегін елжіретіп жіберетін сиқырлы бір ғажап әуен естіледі дейді
10-Лекция Ибн Халликон
Әбу Насыр әл-Фараби логика, музыка және бұл екі пәннен басқа да бірнеше ғылым салаларына қатысты шығармалардың авторы болған. Сол кезде ол түрік тілімен қатар, араб тағы басқа бірнеше тілді білген.
Әбу Насыр әл-Фараби Аристотельдің «Жан туралы» кітабын жүз рет, ал «Физика» шығармасын қырық рет оқыдым, бірақ оны тағы қайталап оқуым керек деген екен.
… Бір жолы Әбу Насыр әл-Фарабиден:
-Философия саласында кім мықты, Сіз бе, әлде Аристотель ме? – деп сұрапты:
Сонда Әл-Фараби:
Егер мен ол кісінің өзінен білім алу бақытына ие болғанымда, онда мен оның ең мықты шәкірттерінің бірі болар едім, - деп жауап беріпті.
… Білімге құштар жандар әл-Фарабиге тыным бермей, бірі
келіп, бірі кетіп жатады. Ол жазған шығармалар бөлек-салақ күйінде шашылып жатады екен. Еңбектерін ол үлкен дәптерге емес, жеке парақ қағаздарға жазып тастай берген. Сол үшін көпшілік шығармаларының жеке тараулары мен бөлімдері ғана сақталып қалған.
Совет және шетел ғалымдары Әбу Насыр әл-Фараби шығармашылығын көптен бері зерттеп келеді. Алғаш қолға алғандардың бірі академик В.В. Бартольд болды. Қазақстандық зерттеушілерден А.Машанов, А. Қасымжанов, А. Көбесов сияқты ғалымдар көп үлес қосқан. Қазақ КСР Ғылым академиясы 1975 жылы «Әл-Фараби және шығыс елдерінің мәдениеті мен ғылымының дамуы» атты ғылыми конференция өткізді.
Қорыта айтқанда, Қазақстанда Әл-Фараби туралы сан алуан ғылыми мақалалар, көлемді зерттеулер, көркем шығармалар басылып шықты. Қазақстанда соңғы сексен жыл ішінде орыс, қазақ және КСРО халықтары тілдерінде Әбу Насыр әл-Фараби туралы 700-дей, ал соның ішінде тек қазақ тілінде 300-ден астам ғылыми еңбектер жарияланды.
Достарыңызбен бөлісу: |