Филология факультетінің деканы, ф.ғ. к.: Қадыров А. Қ. Мазмұны


Үлгі: Ақтамберді. Доспамбет



жүктеу 0,93 Mb.
бет9/9
Дата17.01.2020
өлшемі0,93 Mb.
#26975
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Үлгі: Ақтамберді. Доспамбет.

«Күлдір де, күлдір кісінетіп, Күмбір, күмбір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екенбіз ». Күреңді мінер күн қайда?”

(61- бет. «Бес ғасыр жырлайды» I том)

Күдеріден бау тағып, «Күдеріден бау тағып

Ақ кіреуке киер ме екенбіз. 64 бет. Кіреуке киер ме екенбіз?» 33 б.


13 СОБӨЖ Көтеш,Шал,Тәтіқара ақындардың шығармаларын /талдау/
Өздік жұмысының мақсаты:Шығарманы әдеби талдауға баулу.

Әдістемелік нұсқау:1.Ақындар толғауларының ерекшелігіне,көркемдік әлемі,маңызы не екеніне тоқталу. 2.Жыраулар шығармашылығына тән ақыл –нақыл,өнеге өсиеттің молдығына назар аудару. 3.Шешендік

оралымдар,пәлсапалық толғаныстарды қай ақын қалай қолданған

салыстырып талда.
14 СОБӨЖ Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған жыраулардың

шығармаларындағы архаизмдер /картотека/
Өздік жұмысының мақсаты:Жыраулар поэзиясындағы кездесетін көнерген

сөздердің мағынасын ажырата білу.



Әдістемелік нұсқау:15-18ғасырлардағы ақын жыраулар тілінде ерекше көзге түсетін сала –архаизмдер.Ерте кездерде өмір көріністерін бейнелеуге қызмет еткен,ал бұл күндері көне сөз «архаизм» қатарына жататын сөздер. Мысалы:Шалкиіздегі «әбсінде ғалым жиылып», «ашалай шалың ақталап»деген тіркесте кездессе, Доспамбетте»кірмембес ауыр қол», «сақсырым толды қаныма» т.б. тіркестердің кездесуі.
15 СОБӨЖ «ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінің мәселелері»

/конспект 9-10 бет көлемінде/



Өздік жұмысының мақсаты: Ғылыми материалдармен жұмыс жасауға

төселдіру.



Әдістемелік нұсқау:1. Жыраулар шығармашылығы – өз заманының тарихи шежіресі екендігіне тоқтал.2.Сондай-ақ,олар туралы ғалымдар пікірі, бағасы, замандастарының ойлары, айтқандарынан үзінділер келтір.

3.Жыраулар мұрасының қазақ халқының елдік тарихындағы ролі.



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫС

ШЕҢБЕРІНДЕГІ ТАПСЫРМАЛАР.

I. Өлең жаттау - Орфоэфиялық нормаға сай мәнерлеп,нақышына келтіріп жатқа

айту талап етіледі.


Өздік жұмысының мақсаты: Мәнерлеп оқуға үйрету.

Әдістемелік нұсқау:Мынандай еңбектерді қара: 1. Ай, заман – ай, заман – ай (2 томдық) А., 1991 ж, 2. Ақберен.Жинақ-А.,1972, 3. Бес ғасыр жырлайды.А., 1 том Жазушы 1984ж,

4. «2000 жылдық дала жыры» Қазақ энциклопедиясы,

2000ж, 5. Қазанғап Байболұлы Еңсегей бойлы ер Есім А., Жалын., 2005.6. Алқаласа әлеумет. А., 1991ж.

II. Тарихи романдарды оқу.
Өздік жұмысының мақсаты:Студенттердің - тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрініске, тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстарға, болған уақиғаларға сол заманда өмір сүрген тұлғалардың арқау болатындығына назарларын аудару.

СТУденттердің өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары
І-нұсқа
1 Шалкиз жыраудың “Асқар, асқар, асқар тау” толғауы қай жинаққа енген?

А) Дала. В) Алдаспан. С) Асау тұлпар. Д) Көктем. Е) Серке.

2 “Қаратаудың басынан көш келеді” әні қандай оқиғаға байланысты шығарылған?

А) Жоңғар шапқыншылығы. В) Ұлт азаттық көтеріліске байланысты.

С) Ашаршылыққа байланысты. Д) Жазықсыз қудалауға қатысты.

Е) Монғол шапқыншылығы.

3 Жорық жыршысы, ірі эпик, әрі нәзік лирик кім?

А) Қазтуған. В) Асан қайғы. С) Доспамбет.

Д) Марғасқа. Е) Көтеш.

4 Абылайдың ұлы бейнесін ұрпаққа жеткізуші жырау.

А) Қазтуған. В) Шал ақын. С) Жиембет. Д) Бұқар. Е) Шалкиіз.

5 “Тауарих хамса” кітабында Шыңғыс хан кезіндегі Майқы бидің алтыншы ұрпағы

деп келтірілетін жырау.



А) Көтеш. В) Марғасқа. С) Ақтамберді. Д) Асан қайғы. Е) Бұқар.

6 Алтын орда әміршісі-Ұлығ Мұхамед тұсында болған,кейін қазақ ханы Жәнібек

маңында болған жырау.



А) Асан қайғы. В) Бұқар. С) Доспамбет. Д) Қазтуған. Е) Шалкиіз.

7 Асан қайғы жыраудың зираты Ыстықкөл маңында деп жазған ғалым.

А) Мағауин. В) Уәлиханов. С) Әуезов. Д) Сүйіншәлиев. Е.)Радлов.

8 «Екі басса бір базар, малда береке болмайтұғын, екі басса бір мазар,баста береке

болмайтұғын, базары жақын байымас, мазары жақын көбеймес» - деп кім айтты?



А) Қазтуған. В) Бұқар. С) Тәтіқара. Д) Шал ақын. Е) Асан қайғы.

9 «Бұл заманда не ғаріп»- деп сұрақ қоя отырып,өзі жауап беретін жырау.

А) Шалкиіз. В) Асан қайғы. С) Доспамбет. Д) Марғасқа. Е) Үмбетей.

10 Бүкіл Дешті қыпшақты аралаған,Стамбул,Бақша сарайда болған жырау.

А) Жиембет. В) Ақтамберді. С) Доспамбет. Д) Асан қайғы. Е) Бұқар.

11 Шешесі ноғайлының ұлы биі Мұсаның қызы болған жырау.

А) Үмбетей. В) Асан қайғы. С) Марғасқа. Д) Бұқар. Е) Шалкиіз.

12 Алтын руынан шыққан,әскери ақсүйек отбасында дүниеге келген,арғы атасы-

Ноғайлыдан шыққан Алау батыр болған жырау.



А) Жиембет. В) Ақтамберді. С) Доспанбет. Д) Шалкиіз. Е) Қазтуған.

13 Цин үкіметіне қарсы күресте ерекше танылған ақын.

А) Көтеш. В) Ақтамберді. С) Тәтіқара. Д) Жиембет. Е) Шалкиіз.

14 Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жырау.

А) Бұқар. В) Марғасқа. С) Қазтуған. Д) Үмбетей. Е) Ақтамберді.

15 Ш.Уәлиханов «Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам» –

деп баға берген ақын.



А) Асан қайғы. В) Шал ақын. С) Көтеш. Д) Марғасқа. Е) Үмбетей.

16 Арғын ішінде Сүйіндіктен тарайтын ақын.

А) Көтеш. В) Қазтуған. С) Шал. Д) Жиембет. Е) Ақтамберді.

17 «Тауарих хамса» кітабында Қаракерей Қабанбаймен бірге Найманның бір

көсемі,әскербасы батыры,әрі төгілмелі жырауы болған жырау.



А) Ақтамберді. В) Бұқар. С) Шалкиіз. Д) Жиембет. Е) Үмбетей.

18 Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларын жинастырған жырау.

А) Қазтуған. В) Марғасқа. С) Доспамбет. Д) Ақтамберді. Е) Бұқар.

19 «15-18 ғасырлардағы ақын, жыраулар мұрасынан да бес түрлі жолмен жасалатын

метафора түрлерін түгел кезіктіреміз» –деп қай ғалым өз зерттеу еңбегінде айтқан?



А) Мағауин. М. В) Әуезов. М. С) Уәлиханов. Ш. Д) Жұмалиев. Қ.

Е) Сүйінішәлиев. Х.

20 Қазтуған толғауының авторы.

А) Мұрың жырау. В) Дулат Бабатайұлы. С) Бұқар жырау.

Д) Мұрат Мөңкеұлы. Е) Доспамбет жырау.

21 Ей, Қатағанның хан Тұрсын,

Кім арамды ант .тұрсын – деп басталатын өлең жолдары қай жыраудікі?



А) Үмбетей жырау. В) Марғасқа жырау. С) Бұқар жырау.

Д) Жиембет жырау. Е) Қазтуған жырау.

22 18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі болған жырау.

А) Бұқар. В) Ақтамберді. С) Доспамбет. Д) Бұқар. Е) Марғасқа.

23 Жауынгер жырау, жорықшы ақын, әрі батыр болған кім?

А) Жиембет. В) Доспамбет. С) Марғасқа. Д) Қазтуған. Е) Үмбетей.

24 Абылайдың жаугершілікке аттанғанда жанынан тастамайтын сенімді серігі кім

еді?


А) Бұқар. В) Тәтіқара. С) Көтеш. Д) Жиембет. Е) Марғасқа.

25 Бұқар жыраумен дос – жаран болған жырау.

А) Доспамбет. В) Қазтуған. С) Үмбетей. Д) Жиембет. Е) Ақтамберді.

26 «Ақын –жырау дегеніміз – көңіліне келгенін айта салатын еркін жүрген бір пенде

емес, ол да өз заманының айнасы, жемісі » - деген пікірді айтқан кім?



А) Мұхтар Әуезов. В) Қажым Жұмалиев. С) Ысқақ Дүйсенбаев.

Д) Ханғали Сүйіншіәлиев. Е) Мұхтар Мағауин.

27 «Қарға бойлы Қазтуған » атты шағын дастанның авторы.

А) Марғасқа жырау. В) Мұрын жырау. С) Ақтамберді жырау.

Д) Бұқар жырау. Е) Доспамбет жырау.

28 Белгілі ақын Нұржан Наушабаев қай ақынның ұрпағы?

А) Шал. В) Көтеш. С) Мұрат. Д) Дулат. Е) Шалкиіз.

29 Профессор Ысмайылов «Ол кез келген нәрсені өлеңге айналдыра алатын ақын

және күй талғамайтын жүйрік » - деп пікір айтып баға берген ақын.



А) Көтеш. В) Шал. С) Бұқар. Д) Үмбетей. Е) Мұрат.

30 «Жағалбай деген ел болар» - деген өлең авторы.

А) Жиембет. В) Марғасқа. С) Шалкиіз. Д) Қазтуған. Е) Ақтамберді.
ІІ-нұсқа
1 Ата тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл, Қаржас, 1668 – 1781 жылдары өмір сүрген

жырау.


А) Бұқар жырау. В) Мұрын жырау. С) Қазтуған жырау.

Д) Үмбетей жырау. Е) Марғасқа жырау.

2 «Тауарих хамса» кітабында «ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолынының ба

сында жүрген ерлердің бірі, Найманның ру басы көсемі, әскер басы батыры » - деп

қай жырау туралы айтылған?

А) Қазтуған. В) Ақтамберді. С) Жиембет. Д) Марғасқа. Е) Үмбетей.

3 Асан қайғы жырау «Сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар

жүректей » деп қай жерді сипаттаған?



А) Шымкенті. В) Баянауылды. С) Шыңғыстауды. Д) Таразды.

Е) Үш Алматыны.

4 Өз өмірінің басым көпшілігін Ноғай ордасының әміршісі Темір бидің төңірегінде

өткізген жырау.



А) Асан Қайғы. В) Қазтуған. С) Жиембет. Д) Шалкиіз.

Е) Марғасқа.

5 Еңсегей бойлы Ер Есімнің, кіші жүздегі үлкен тірегі, әскер басы, ел басқарушы биі.

А) Бұқар. В) Асан Қайғы. С) Үмбетей. Д) Жиембет. Е) Марғасқа.

6 М. Мағауин «Жортуыл жыршы, әулетті жырау » деп кімді айтқан?

А) Ақтамберді. В) Жиембет. С) Шалкиіз. Д) Бұқар. Е) Доспамбет.

7 15 жасында «ақын» ретінде шыққан ақын.

А) Көтеш. В) Марабай. С) Мұрат. Д) Дулат. Е) Шал.

8 1523 ж.Астрахань түбінде қаза тапқан жырау.

А) Қазтуған. В) Бұқар. С) Доспамбет. Д) Үмбетей. Е) Жиембет.

9 «Рухани жағынан алғанда қазақтар бойына үлкен қабылет дарыған халықтардың

қатарына жатады.Олардың әдебиеті байлығымен де мазмұндылығымен де ерекше

көзге түседі» - деп кім жазды?

А) В.Радлов. В) Д.Клеменц. С) Г.Потанин. Д) М.В.Готовицкий.

Е) А.Е.Алекторов.

10 Мұхтар Әуезов «аңыз әңгіменің тарихтық адамды біржола өзіне ұқсамаған

кейіпке түсіріп әкететіні болмайды...Әрбір аңыз әңгіменің негізінде тарихта

болған адамның шын кескінінің түбегейлі ерекшеліктері жүреді» - деп қай жырау

туралы айтқан.



А) Бұқар. В) Доспамбет. С) Марғасқа. Д) Асан Қайғы.

Е)Шалкиіз.

11 Шығармалары В. Радловтың, дағыстандық мұхамед Османовтың кітабында ерте

кезде (1883жылы) жарық көрген жырау.



А) Үмбетей. В) Шалкиіз. С) Мұрат. Д) Ақтамберді. Е) Шал.

12 Уа, қарт Бөгембай өлеңі қай жыраудікі?

А) Ақтамберді. В) Шалкиіз. С) Жиембет. Д) Бұқар. Е) Марғасқа.

13 Тәуке ханға, Абылай ханға қызмет көрсеткен, Абылайдың алдында беделді,

қабырғалы би болған жырау.



А) Үмбетей. В) Қазтуған. С) Бұқар. Д) Доспамбет. Е) Көтеш.

14 Жырлаған негізгі тақырыбы – адам өмірі, өмірінің мәні, «фәни мен бақи», дін

туралы болған ақын.



А) Көтеш. В) Мұрат. С) Тәтіқара. Д) Жиембет. Е)Шал.

15 «Ерлер жортар мал үшін», «Ерлер мінер ат үшін», «Өрісінде мал өсер», Мал

бітпесе немене деген өлең жолдары кімдікі?



А) Тәтіқара. В) Бұқар. С) Марғасқа. Д) Шал. Е) Ақтамберді.

16 «Көмекей әулие атанған», «қара сөз білмейді, тек жырлай береді» деген аңыздар

қай жырау туралы айтылған?



А) Бұқар. В) Асан Қайғы. С) Үмбетей. Д) Қазтуған. Е) Доспамбет.

17 Орыстың қай оқымыстысы “Жасандылық пен жылтырақтықтан ада қазақ

өлеңдері өзінің жоғары көркемдігімен,сонымен қатар,

қарапайымдылығымен,шыншылдығымен бізді таң қалдырады»,- деп жазды.

А) П.И.Пашино. В) М.В.Готовицкий. С) А.Е.Алекторов.

Д) А.Брем. Е) В.Радлов.

18 Доспамбет жыраудың бізге жеткен мұрасының көлемі неше жол?

А) 150. В) 155. С) 170. Д) 160. Е) 165.

19 «Қазақтар нақысты сөйлеуді бар өнердің алды деп біледі, сондықтан олардың

поэзиясы дамудың жоғарғы сатысына жеткен»,-деген орыстың қай ғалымы?



А) Г.Н.Потанин. В) И.Н.Березин. С) В.Радлов. Д) А.Е.Алектров.

Е) А.Брем.

20 «Асан Қайғы жайындағы әңгіменің екінші,халыққа жат, бөтен саналы түрлері

тағы бар.Ол аңыздағы Асан-халық мүддесімен қабысатын Асан емес, хан

сарайының ақылшы сыншысы, санашылы болған Асан...»-деп басталатын қай

ғалымның сөзі?



А) М.Мағауин. В) Х.Сүйінішәлиев. С) М.Әуезов. Д) Қ.Жұмалиев.

Е) Ш.Уәлиханов.

21 Абат батыр қай жыраудың ұлы

А) Бұқар. В) Қазтуған. С) Ақтамберді. Д) Жиембет.

Е) Асан Қайғы.

22 Жыраулар ішінде шығармасы тұңғыш орысшаға аударылған жырау.

А) Үмбетей. В) Марғасқа. С) Асан Қайғы. Д) Шалкиіз.

Е) Ақтамберді.

23 «Пәк, таза қазақ поэзиясы –үлкен творчестволық күштің жемісі» , - деп орыстың

қай оқымыстысы айтқан?



А) Д.Клеменц. В) П.И.Пашино. С) А.Брем. Д) А.Е.Алекторов.

Е) М.В.Готовицкий.

24 Сахара жұлдызы, дала данасы, сөз құдіреті, көмейінен күмбірлеген жыр төгілген

классикалық дәрежедегі жырау.



А) Шалкиіз. В) Доспамбет. С) Жиембет. Д) Марғасқа. Е)Үмбетей.

25 «Өлең, жыр – қазақтардың жан серігі. Жай қарапайым адамдардың өзі суырып

салып айтуға бейім тұрады», - деген кім?



А) А.Брем. В) П.И.Пашино. С) В.Радлов. Д) Г.Н.Потанин.

Е) И.Н.Березин.

26 Шалкиіз толғауларын орысшаға аударған кім?

А) В.В.Радлов. В) Г.Н.Потанин. С) М.Османов. Д) И.Н.Распопов.

Е) А.Сикалиев.

27 Жырау сонау көне замандардың өзінде, ең алдымен, ақын ретінде танылған

сияқты –деп түсіндірген қай ғалым?



А) Шоқан Уәлиханов. В) Әлкей Марғұлан. С) Мұхтар Әуезов.

Д) Мұхтар Мағауин. Е) Махмұт Қашғари.

28 Шоқан Уәлиханов Абылай туралы екі өлеңін орысшалап хатқа түсірген жырау.

А) Шалкиіз. В) Асан қайғы. С) Ақтамберді. Д) Қазтуған

Е) Бұқар.

29 «Еңсегей бойлы, Ер Есім » өлеңінің авторы.

А) Шал. В) Жиембет. С) Марғасқа. Д) Доспамбет. Е) Үмбетей.

30 Г. Потанин біраз өлендерін жинастырған жырау.

А). Қазтуған. В) Мұрын. С) Бұқар. Д) Жиембет. Е) Асан Қайғы.


ІІІ-нұсқа

1 Абылай заманындағы әр батырға сипаттама, баға берген ақын а) Жәнібек «болат

найза» ә) Ер Жабай «найзасынын ұшына жау мінгізген ».



А) Тәтіқарта. В) Көтеш. С) Шалкиіз. Д) Бұқар. Е) Шал.

2 «Қазақтың белгілі батырлар жырын ең әуелі Жиен, Шәлгез, Сыпыра жыраулар

сынды жыраулар шығарып таратса керек. Нүрпейіс Байғанин де, Мұрын жырау да

өздері жырлап берген батырлар жыры алты–жеті атаға дейін жыраудан үйреніп

таралғандығын және желілі жырларды ақындардан емес, жыраулардан

үйренгендігін айтады », деген профессор.

А) М. Әуезов. В) Е. Исмаилов. С) М.Қашғари.

Д) З.Қабдолов. Е) М.Мағауин.

3 Доспамбет шығармасы қай жылы Мақаш Бекмұхамедовтың Қазан қаласынан

шыққан «Жақсы үгіт» жинағына басылды



А) 1900 ж. В) 1902 ж. С) 1905 ж. Д) 1907 ж. Е) 1908 ж.

4 1948 жылы шығарылған «Асан Қайғы»-деген ұзақ поэманың авторы кім

А) Жамбыл Жабаев. В) Сәкен Сейфуллин. С) Қасым Аманжолов. Д) Ілияс

Ысқақов. Е) Жұмағали Сайын.



5 «Жетесі жаман жігіттер, тоқсандағы шалмен тең» , «Жақсы ағаңыз бар болса,

алдыңдағы сары балмен тең» -деген өлең жолдары қай ақындікі



А) Шал. В) Тәтіқара. С) Мұрат. Д) Көтеш. Е) Ақтамберді.

6 Доспамбет шығармалары 1912 жылы Ғабдолла Мұштақтың Ғұмар Қарашев

«Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» деген кітабында басылды. Сол

кітап қай қалада басылып шыққан

А) Қазанда. В) Орынборда. С) Ташкентте. Д) Семейде.Е) Қызылжарда.

7 «Бірі – етек, бірі – жең болған, Ежелден саған ел болған,

Орта жүздей кісің жоқ» – деген үзінді қай жыраудікі



А) Қазтуған. В) Үмбетей. С) Бұқар. Д) Марғасқа. Е) Шалкиіз.

8 «Шабылып жатқан халқың бар,аймағын көздей көрмейсің» -деп кімге айтты

А) Халыққа. В) Жастарға. С) Ханға. Д) Батырға. Е) Биге.

9 М.Мағауин «Алдаспан» жинағында «Көшпенділердің әскери аристократиясынан

шыққан. Халық аңыздарында және көне шежірелердің айтуынша –арғы атасы

Ноғайлының қорғаны Алау батыр. Алау батыр-17ғасырдың бірінші жартысында

жасаған тарихқа белгілі адам»- дегенде қай жырау туралы айтып отыр



А) Бұқар. В) Марғасқа. С) Асан Қайғы. Д) Шалкиіз. Е) Жиембет.

10 Е.Ысмайлов – «Ол ақын ғана емес ,Абылайдың қолшоқпар бітімші биі, ол

18ғасырдағы қазақ елінің жоңғарға қарсы күресін дұрыс жырлағанымен, ішкі

қоғамдық мәселеде үстем тап жыршысы болды» -деген пікірде қай жырау туралы

айтқан


А) Доспамбет. В) Бұқар. С) Қазтуған. Д) Үмбетей. Е) Ақтамберді.

11 «Түйе мойнын тұз кесер,жігіт мойнын қыз кесер, Сартылдаған сары аяз,

жылқының мойнын сол кесер» деген өлең жолдарының авторы.



А) Ақтамберді. В) Шалкиіз. С) Доспамбет. Д) Бұқар. Е) Марғасқа.

12 Қай ханның есімі Жиембет жыраудың шығармаларында көп кездеседі?

А) Есім хан. В) Тәуке хан. С) Абылай хан. Д) Қасым хан.Е) Жәңгір хан.

13 Шалкиіз жырау қай биге толғау шығарған?

А) Мұса. В) Темір. С) Жүсіп. Д) Досай. Е) Ысмайыл.

14 Қоғалы көлдер, қом сулар

Қоныстар қонған өкінбес – деген өлең жолдары қай жыраудікі?



А) Шалкиіз. В) Жиембет. С) Доспамбет. Д) Асанқайғы. Е) Бұқар.

15 «Ай, хан мен айтпасам білмейсің, Айтқаныма көнбейсің...». Асанның сөздері қай

ханға қаратыла айтылған?



А) Әбілқайыр. В) Абылай. С) Тәуке. Д) Жәнібек. Е) Есім.

16 «Жарға ойнаған лақтай» , «Таудан аққан бұлақтай» , «Байлаулы тұрған құр

аттай» -деген өлең жолдары кімдікі?



А) Тәтіқара. В) Көтеш. С) Бұқар. Д) Доспамбет. Е) Шал ақын.

17 Доспамбеттің кейбір туындылары 1883 жылы «Ноғай уа құмақ шиғырлары» деген

кімнің еңбегінде басылды?



А) И.Шейхали. В) А.Беркалыұғылы. С) С.А.Жантурин.Д) Ғ.Мұштақ. Е) М.Османов.

18 С.Сейфуллин «Абылай ханның заманында ханның бірінші жыршысы-шешен

ақылшысы болған» деген пікірді қай жырауға айтқан?



А) Асан Қайғы. В) Шалкиіз. С) Бұқар. Д) Жиембет. Е) Марғасқа.

19 Би Темірді хажы сапарынан тоқтатқан жырау.

А) Асан Қайғы. В) Шалкиіз. С) Жиембет. Д) Марғасқа. Е) Доспамбет.

20 Абылайдың үлкен ұлы Жанбай қайтыс болғанда, қайғыдан бас көтере алмай

жатқан Абылайға арнап «Көше тоқыраулы судың бойынан» өлеңін шығарған ақын.



А) Шал. В) Тәтіқара. С) Бұқар. Д) Көтеш. Е) Доспамбет.

21 Х.Сүйінішәлиев «...хандық құрлысты нығайту мақсатын көздейді. Абылайдың

сыртқы саясатына араласып, ақыл береді. Бірақ оның кейбір ісіне наразылық та

білдіреді» – деп қай жырау туралы айтып отыр?

А) Бұқар. В) Асан Қайғы. С) Марғасқа. Д) Шалкиіз. Е) Үмбетей.

22 «Қазақтардың түсінігінше ақын дегеніміз – бойына ерекше қабылет дарыған,

аңғарымпаз да тапқыр, табан аузында кез келген тақырыпқа өлең шығара алатын

адам», – деген пікір кімдікі?

А) И.Безверхов. В) М.Н.Готовицкий. С) П.И.Пошино. Д) А.Е.Алекторов.

Е) В.Радлов.

23 «Ақылы жоқ надандар, іс бітірмес жамандар, жүз болса да бірмен тең» қай

ақынның сөзі?



А) Тәтіқара. В) Мұрат. С) Шал. Д) Көтеш. Е) Қазтуған.

24 Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда.

Еңсесі биік боз орда, Еміне кірер күн қайда?



А) Үмбетай. В) Шалкиіз. С) Бұқар. Д) Доспамбет. Е) Жиембет.

25 «Мен салмадым, сен салдың, қайырлы болсын сіздерге, менен қалған Еділ жұрт »

деген өлен жолдары қай жыраудікі.



А) Асан Қаиғы. В) Шалкиіз. С) Қазтуған. Д) Доспамбет.Е) Марғасқа.

26 Ш. Уәлиханов «...хан алдында тайсалмай сөз сөйлеп, өз пікірін еркін айтып, ел

атынан хан пиғылына қарсы шыққан » – деп қай жырауды айтып отыр.



А) Бұқар. В) Қазтуған. С) Үмбетей. Д) Шалкиіз. Е) Асан Қайғы.

27 «Шежірелі қартың болса хатын деген, Кітапқа қарттың сөзі жақын деген »

тармақтар қай ақындікі.



А) Мұрат. В) Шал. С) Көтеш. Д) Марғасқа Е) Тәтіқара.

28 Б. Кенжебаев «Шығармашылықтары тақырыбы мен мазмұны жағынан Асан

Қайғының үлгілі шәкірті, өз дәуірінің Асан қайғысы » деп – қай жырауды айтқан?



А) Доспамбет В) Бұқар. С) Қазтуған. Д) Үмбетей. Е) Марғасқа.

29 В.В. Радловтың 1896 жылы «Образцы народной литературы тюркских племен»

атанатын еңбегінің нешінші томында Доспамбет шығармасы басылды?



А) 1- нші. В) 2- нші. С) 4- нші. Д) 5- нші. Е) 7- нші.

30 Шәңгерей Бөкеев қамқорлғыме «Шайыр», «Көксілдер»жинақтарында қай

жыраудың мұрасы жарияланды?



А) Шалкиіз. В) Асан қайғы. С) Атамбері. Д) Қазтуған. Е) Доспамбет.
№ 1нұсқа 2нұсқа 3нұсқа

1 В. А. А.

2 А. В. В.

3 А. Е. Е.

4 Д. Д. Д.

5 Д. Д. А.

6 А. А. В.

7 В. С. С.

8 Е. С. С.

9 В. В. Е.

10 С. Д. В.

11 Е. В. А.

12 А. А. А.

13 С. С. В.

14 Д. Е. С.

15 В. Е. Д.

16 А. А. Е

17 А. В. Е.

18 Е. Д. С.

19 Д. С. В.

20 Д. С. В.

21 В. Е. А.

22 А. Д. А.

23 В. Д. С.

24 В. А. Д.

25 С. В. С.

26 С. Д. А.

27 В. Е. В.

28 А. Е. В.

29 А. В. Е.



30 Е. С. А.





жүктеу 0,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау