Сабақтың тақырыбы: Біздің мұғалім



жүктеу 66,49 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі66,49 Kb.
#8417
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті мұғалім

Сабақтың мақсаты:

 1.Білімділік: «Мұғалім» тақырыбына байланысты сөздермен танысу. Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрауды үйрету.Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға дос, жанашыр, ақылшы екендігі туралы түсінік беру.



2.Дамытушылық: Сызбалармен жұмыс арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру. Ана тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру

3. Тәрбиелік: Мұғалімді құрметтеуге, сыйлауға, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс тәсілі: ой қозғау, топтастыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар, кітап.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгелдеу.

3. «Жүректен жүрекке» тілектер айтады.


ІІ. Үй жұмысын сұрау, тексеру.

«Ұшақ» әдісімен үй жұмысын тексеру. 5мин

  • Мектеп қай көшеде орналасқан?

  • Мектеп Леонидовка селосының «Школьная көшесінде » орналасқан.

  • Мектепте нелер бар?

  • Мектепте: асхана, шеберхана, акт залы, спортзал, кітапхана және пән кабинеттері бар.

  • Мектепте қандай пән кабинеттері бар?

  • Мектепте: қазақ тілі кабинеті, ағылшын тілі кабинеті, информатика кабинеті, мультимедиалы кабинет, биология кабинеті, физика, математика, өзін -өзі тану, тарих кабинеттері бар.

  • Омоним дегеніміз не?

  • Омоним- жазылуы бірдей, бірақ мағынасы басқа сөздер. Мысалы: ат-конь, ат-имя, жаз-лето, жаз- пиши

  • Синоним дегеніміз не?

  • Синоним –мағыналары бірдей сөздер. Мысалы: оқушы, шәкірт-ученик,

ақпарат, мәлімет, мағлұмат-информация

  • Антоним дегеніміз не?

  • Антоним- мағыналары қарама – қарсы сөздер. Мысалы: ақ-қара, үлкен-кіші, аласа- биік

  • Қазақ тілі кабинеті нешінші қабатта?

  • Қазақ тілі кабинеті бірінші және екінші қабатта.


ІІІ. Жаңа сабақ.

І. Қызығушылығын ояту.

Суретте кімдердің суреттері?

-Әрине, мұғалім, ұстаз, оқытушы

Бүгінгі біздің тақырыбымыз "Сүйікті мұғалім ".Дәптерлеріңді ашыңдар, бүгінгі күнді жазыңдар.

Тақырыбымыз түсінікті болу үшін сөздікпен танысамыз.

Сөздікпен жұмыс:

. Мұғалім, ұстаз, оқытушы- учитель

Білімді – образованный

Үйретеді ,оқытады – учит

Көңіл бөледі- обращает внимание

Мейірімді- добрый(ая)

Түсіндіреді – обьясняет

Ұнайды – нравится

Тәрбиелейді – воспитывает.

қадірлі - уважаемый 

жарқын жүзбен- с улыбкой на лице



Ал балалар мұғалім қандай қызмет атқарады сұрағына жауап беріп көрейік


  • Мұғалім қандай қызмет атқарады?

Топтастыру Интерактивті тақтада жұмыс 5мин

Көрдіңдерме мұғалімнің қаншама қызмет атқаратынын? Сондықтан да біз бүгінгі сабағымызды мұғалімдерге арнаймыз

-Сендердің сынып жетекшілерің кім?( Біздің сынып жетекшіміз

-Сендердің алғашқы мұғалімдерің кім?(біздің алғашқы мұғаліміміз

Топқа бөлу

Мәтінмен жұмыс, тапсырмаларды орындату, постер сыздырту

1 топ

Сұрақтарға жауап бере отырып «Сынып жетекші» туралы мәтін құра

-Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?

-Сендердің сынып жетекшілерің кім?

-Ол қандай адам?( шашы, көзі, бойы, киімі, мінезі)

-Қандай пәннен сабақ береді?

Сабақтары сендерге ұнай ма?

Ол сендерді неге үйретеді?

Сендер сынып жетекшілеріңді жақсы көресіңдер ме?

Біздің мұғалім өте жақсы адам.Ол мейірімді.Бізге математика сабағын жақсы түсіндіреді.Сабақтары маған ұнайды.Ол бізге көп көңіл бөледі. Жақсы бала болуға үйретеді, тәрбиелейді.

Тапсырмалар:__Мәтін_бойынша_постер_сызу._10__2_топ__Сұрақтарға_жауап_бере_отырып_«Алғашқы_мұғалім»_туралы_мәтін_құра'>Тапсырмалар:


  1. Мәтін бойынша постер сызу. 10

2 топ

Сұрақтарға жауап бере отырып «Алғашқы мұғалім» туралы мәтін құра

- Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?

-Сендердің алғашқы мұғалімдерің кім?

-Ол қандай адам?( шашы, көзі, бойы, киімі, мінезі)

-Алғашқы мұғалімдерің сендерді неге үйретті?

- Ол қайда тұрады?

- Әр мерекелерде алғашқы мұғалімдеріңді құттықтайсыңдар ма?

-Сендер алғашқы мұғалімдеріңді жақсы көресіңдер ме?

Біз алғаш мектепке келгенде жарқын жүзбен қарсы алатын алғашқы мұғалім бәрімізге де ыстық. Мұғалім өте қадірлі адам. Мұғалім бізді оқуға, жазуға, есеп шығаруға үйретеді. Біз сүйікті мұғалімімізді тыңдаймыз, сыйлаймыз, сүйеміз.


Тапсырмалар:

  1. Мәтін бойынша постер сызу 10мин


Сергіту сәті:

Грамматикалық тапсырмалар

«Шешімдер ағашы» әдісі бойынша «ұстаз» сөзін талдау

-септеу

-жіктеу

-тәуелдеу

Бағалау критерииі:

-қатесіз болса – «5»

1-2-қате-«4»

3-4 қатеден асса –«3»

Сабақты бекіту:

  • Мұғалім кім?(ұстаз, оқытушы, маман

  • Мұғалім неге үйретеді? (оқуға, жазуға, есеп шығаруға, сурет салуға үйретеді)

  • Ұстаздарға арнап Ника, Алина, Валентин тақпақ оқып береді:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы

Ғ.Қайырбек.

Жарқын жүзді ұстазым

Келгенімде алдыңа

Қызыл-жасыл гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.

Сипадың да басымнан,

Кітаптарды ұсындың.

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім



(Ш.Смаханұлы).


Үйге тапсырма: Кеспе қағаздарымен жұмыс, «мұғалім», «ұстаз »сөздеріне фонетикалық талдау жасап келу

Оқушыларды бағалау
жүктеу 66,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау