Ғылыми зерттеудің парадигмасы


Жалпы бұл тілдік бірліктердің функционалды–коммуникативтік аспектісімен байланысты



жүктеу 0,66 Mb.
бет10/18
Дата20.05.2023
өлшемі0,66 Mb.
#42702
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Функ экзамен (1)

Жалпы бұл тілдік бірліктердің функционалды–коммуникативтік аспектісімен байланысты. Бұл əсіресе, синтаксистік деңгейде анық көрінеді. Жоғарыда С. Аманжолов көрсеткен септік жалғауларының тік жəне көлденең мағыналары да осымен байланысты.
Жалпы алғанда, А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов еңбектері жай ғана тілдік зерттеулер емес, ол зерттеулердің ғылыми бағыттары айқындалған еңбектер деп айтуға толық негіз бар.







Коммуникативті лингвистика. Негізгі ұғымдары

Қазіргі лингвистикадағы қарым-қатынас бірлігі ретінде сөйлеу актілерін (бекіту, сұрау, сұрақ және т.б.) қарастыратын бағыт, құрылымдық элементтердің (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) коммуникативті маңыздылығы үйлесімді мәтінде (дискурста) көрінеді. Қазіргі заманғы оқыту әдістерін (коммуникативті және т.б.) лингвистикалық негіздеу үшін қолданылады. Әдіскерлердің лингвистиканың осы бағытына деген қызығушылығы 50-60 жылдары арта түсті. a) коммуникация (және оқыту) бірлігі ретінде сөйлеу актілері қаралады; б) сөйлеу әрекеттерін таңдау бірлігі ретінде сөйлеушінің сөйлеу ниеті әрекет етеді, ол сөйлеу әрекетін мазмұнды ұйымдастырады және реттейді; в) тілді меңгеру білім алушыда қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында тілді дұрыс пайдалану қабілетін білдіретін коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруды көздейді; г) коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру сөйлеу ниетінің пайда болуына және сөйлеу актілерін жасауға ынталандыру ретінде қызмет ететін мұқият таңдалған қарым-қатынас жағдайлары аясында ұйымдастырылады. 







Коммуникацияның прагматикалық аспектісі

Прагматиканы алғаш зерттеушілер сөйлеу тіліне, сөйлеудің көріну формасына – сөйлеу актісіне назар аударды. Сонда, прагматиканың мақсаты: - сөйлеу актілерінің түрлерін қарастыру; - сөйлеу актілерін қалыптастыратын ережелерді анықтау. Прагматика - сөйлеуші мен тілдің бірлігі және осы бірліктен тұратын, туындайтын заңдылықтарды қарастырады. Яғни сөйлеуші контекске қарап, тілдік таңбаның қажетті мәнін таңдап, қарымқатынастың сәтті жүзеге асуын қарастырады. Кез келген коммуникация үшін негізгі код – тіл. Осымен байланысты, ғалымдар тілдің кем дегенде үш төмендегідей интерпретациясын ұсынады:
Тіл таңбалар жүйесінің бір тобы ретінде өзіндік ерекшеліктерге ие болып келеді. Ол дыбыс, морфема, сөзден тұрады. Сонда адамзат тілі ортақ әмбебап сипаттарға ие болып келеді. Адам хайуандардан тілінің болуымен ерекшеленеді және оның тілінің бірнеше қызметі бар, бастысы – коммуникативтік қызмет, номинативтік қызмет; Тіл шынайы бар тілдік таңба, оны белгілі бір соцуим қолданады, белгілі бір кеңістікте және белгілі бір ортада өмір сүреді. яғни этникалық тіл (Кибрик). Сөйлеу (речь) – тілдің қолданысқа түсуі, әрекет. Сөйлеу дегенде тек ауызша айту ғана қамтылмайды, осы сөйлеудің нәтижесі деп болып табылады, яғни сөйлеу туындылары. Ф.Соссюр тіл мен сөйлеуді былайша ажыратады:
Тіл Сөйлеу социалды индивидуалды Психикалық сипатта Психика-физикаллық сипатқа ие Тұрақты (фиксирован) еркін установление реализация Жүйе Жүйесіз. Сөйлеу әр түрлі әлеуметтік ортада қолданылады және әр түрлі қызмет атқарады. Сөйлеу арқылы адамдар арасында вербальді қарым-қатынас орнайды. Коммуникативтік бірліктерге не жатады және олар бірі-бірінен қалай ажыратылады? Сөйлем – синтаксистік деңгейдің ең жоғарғы бірлігі. Сөйлемге тән белгі – предикативтілік. Предикативтілік дегеніміз – шақ, жақ, объективті модальділік. Сөйлем – құрылымдық семантикалық синтаксистің бірлігі. Сөйленім (высказывание) – сөйлеу деңгейінің бірлігі. Сөйленім – коммуникациялық жағдаятта пайда болады, ол аялық білімді қажет етеуі мүмкін, интонацияға ие болып келеді. Мысалы, Атымтай Жомарт келе жатыр. Бізге Ахилестің өкшесін көрсетсең? И.П.Сусов сөйленімнің үш құраушы бөлігін атап көрсетеді: - коммуникативті прагматикалық құрылым; - семантикалық құрылым. Екеуі бірігіп, сөйленімнің мазмұн межесін құрайды. Мәтін – таңба бірліктерінің мазмұн жағынан өзара байланысты сөйленімдер тізбегі. Дискурс – белгілі бір коммуникатвитік кеңістікте іске асатын сөйлеу немесе жазба мәтінге бекітілген коммуникативтік жағдай.Сонымен, адам ойын, сезімін жеткізу үшін өзінің сөздік қорынан қажетті деп тілдік құралдарды таңдап алуға қатысты мәселелер, білім прагматиканың нысаны болып табылады. Бұл жерде айтушы тыңдаушыға немесе оқушыға айтарлықтай ықпал ету үшін таңдап алынатын тілдік құралдардан тұратын білім туралы болып отыр. Ықпал ету ашық, тікелей болуы мүмкін және жасырын, астарлы болуы мүмкін. Егер ақпаратты жіберуші, яғни айтушы мақсатына жету үшін саналы түрде тілдік бірліктерді таңдап алып, сол арқылы ашық ықпал етуді көздейтін болса, онда бұл тікелей ықпал ету деп аталады.





Сөйлемнің актуалды мүшеленуі

Сөйлемнің актуальды мүшеленуі - қарым-қатынастың мақсатына қарай сөйлемнің мағыналық жағынан мүшеленуі. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, пікір алысу тіл арқылы жүзеге асады. Ол нақтылы түрде сөйлемдер арқылы көрінеді. Сондықтан сөйлем - синтаксистің негізгі тұлға-бірлігі (единицасы). Сөйлем арқылы берілген хабар-мәліметтің мазмұны коммуникативтік-қызметтік синтаксис үшін сөйлем мазмұнының кім, не туралы екендігі және ол кім, не туралы жаңа не айтылды (қандай жаңа мәлімет беріледі) дегендер ең басты мәселе болады, соған орай сөйлем құрылымы тема мен ремаға бөлінеді, басқаша айтқанда, актуальды мүшеленеді. Мысалы, Мен келдім, Асан - студент деген сөйлемдерде хабарлаудың кім туралы екендігін білдіріп, оны айтуға тірек, негіз болған мен және Асан сөздері тема болады да, ал олардың іс-әрекеті, сапа-белгісі туралы жаңа мәлімет беріп, хабарлаудың ең басты бөлігін құрап тұрған келдім және студент сөздері рема болады. Сонда мен және Асан дегендер бізге бұрыннан белгілі болса, олардың келгендігін және студент екендігін біз осы сөйлемдерден білдік. Сөйлемнің актуальды мүшеленуі тұрғысынан, мен, Асан сөздері тема болады да, келдім, студент сөздері рема болады. Жоғарыдағы салыстырудан қазақ тілінде грамматикалық бастауыш пен коммуникативтік бастауыш (тема), грамматикалық баяндауыш мен коммуникативтік баяндауыш (рема) сәйкесіп келетінін байқаймыз. Сөйлемнің актуальды мүшеленуінің ерекшелігі - оның тұтас сөйлемге және тұтас контекстке бағытталғандығында. Қарым-қатынас кезінде тек бір сөйлем айтылып қоймайды. Ал белгілі бір ой, хабар бірнеше сөйлемдер тобымен беріледі. Ол сөйлемдер тобында тыңдаушыға таныс немесе контекстен белгілі болып келетін хабардың не туралы екендігін көрсететін бөлігі оның темасы болады да, ал сол жайында жаңа мәлімет беретін, яғни сөйлемді (контексті) құруға себеп болған бөлігі ремасы болады. Қазақ тілінде сөйлемнің актуальды мүшеленуінің негізгі тәсілдеріне орын тәртібі мен интонация жатады. Мысалы, жоғарыдағы сөйлемдерде хабарлардың актуальданатын бөлігі мен және Асан сөздері болса, сұрақты кім келді?, студент кім? деп қоямыз. Осындай жағдайда ой екпіні мен және Асан сөздеріне түсіп, біздің білгіміз келетіні осы сөздер болады, сөйтіп, олар рема қызметін атқарады. Әдетте, қазақ тілінде баяндауыштың тікелей алдында тұрған сөзге ой екпіні түсіп, ол актуальданады (рема болады).





Тіл бірліктері және коммуникативті талаптар

Тіл бірлігі-тіл жүйесінін кызметі, мағынасы әр түрлі элементтері. Тіл бірлігі жиынтығы. Мысалы, фонемалар Тіл бірлігі фонемалык денгейді, морфемалар Тіл бірлігі,— морфемалык деңгейді күрайды. Тіл бірлігінің номинативтік түрі — сөз, коммуникативтік түрі — сөйлем, күрылымдык (материалдык) түрі — фонема, морфема болып табылады. Тіл бірлігі карапайым және күрделі болуы мүмкін. Карапайым түріне өз ішінде жіктелмейтін фонема, морфема, ал күрделі түріне күрделі және туынды сөздер жатады. Тіл бірлігі неғүрлым жалпы түрде үш түрлі катынаста парадигматикалык, синтагматикалык және иерархиялык катынастарды жасайды. Бірак фонема мен морфема сөйлеу бірлігіне кіре алмайды, ал сөздер Тіл бірлігінің де, сөйлеу бірлігінін де кұрамына кіреді. Тіл бірлігінін кұрамды бөліктері болып табылатын: лексикалык бірлік — негізгі мазмұнының сипаты материалдык, заттык (грамматикалык емес) жеке сөздерден; сөз түрінде көрінетін тіл бірлігінен;фонологиялык бірлік фонемалардан; морфологиялык бірлік — морфемалардан; ритмикалы к бірлік — сөйлеудің (сөздің) ритмикалык мүшелену бірлігінен; фразеологиялык бірлік — идиомалар, лексикаланған сөз тіркестері, тұракты орамдар мен тіркестер- ден Тіл бірлігі ; синтаксистік бірлік — сөйлем мен сөз тіркесінен көрінеді. Негізгі коммуникативтік бірлік — сөйлем болып табылады. Сөйлемнің айтылу мақсаты коммуникативті талаптан туындайтыны белгілі. Осыған орай Р.Әмір сөйлемдерді айтылу мақсатын сай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті деп бөлуіміз – коммуникативті талапқа сай құрылудың бір көрінісі ғана деп еді. Коммуникативтік талаптарды екі топқа жатқызған дұрыс: Бірінші дәрежедегі коммуникативті талаптар, екінші дәрежедегі коммуникативті талаптар. Бірінші дәрежедегі коммуникативті талаптарды (екі негізді хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті) базистік деп танимыз. Екінші дәрежедегі коммуникативтік талапқа сай конструкциялар осыларға синтагмалық, парадигмалық жағынан негізделіп туады, яғни құрмалас сөйлем жүйесіндегі коммуникативтік талаптың көрінісі ретінде үнемділік пен актуализациялауды көрсетеді. Тіліміздегі сөйлемдер сөйлеушінің ой жеткізу мақсатына коммуникативтік талаптарға сай құрылатынын ескерсек, әсіресе аталған топтастыру қатарынан актуализациялауды қатардан шығарып тастасақ, шындықтан бас тарту секілді көрінеді. Мысалы, Шаруашылық басшылары алтқа салт мінуді қойып, машинаға ауысқалы, жылқының жүрісі, өнері дегендер есепке алынбайтын болғандығы. Сөйлемде айтушы үшін маңыздысы,тыңдаушының назарын аударғысы келгендігі – жылқы жүрісі, өнері дегер есепке алынбайтын болғандығы. Сөйлемнің коммуникативтік мақсатқа сай дегенде, біз оны төмендегіше жіктейміз.

  1. Мазмұнына қарай, хабарлы, сұраулы бұйрықты

  2. Орын тәртібіне байланысты: базистік және актуальданған орын тәртіпті

  3. Эмоцияның қатысына қарай: лепті және лепсіз





Сөйлеу актісіне қатысатын просодикалық элементтер

Просодикалық тәсілдердің сөйлеу актісіндегі қызметі ең алдымен, «просодика» мен «интонация» бір ұғымды білдіргенімен, өзара іштей айырмашылықтары байқалады. «Просодика» кеңірек ұғымды беріп, буын, сөз, ритмикалық топ, синтагма, сөйлесім деңгейінде болса, интонация синтагма мен сөйлесімді (высказывание) қамтиды. Просодика мен интонация хабардың не туралы, кім айтқандығы және қайда, кімге арнап айтылғандығы жөнінде мәлімет береді. Яғни интонация – сөйлесімнің құрылуымен бірге туындайтын құбылыс.
Қай халықтың болса да, оның сөйлеу тілінің өзіне тән интонациясы бар екені анық. Ол интонацияның өзінің ішкі сипаты мен ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер мынадай төмендегі компонентерден тұрады: әуені (мелодикасы), қарқыны (темпы), ұзақтылығы (длительность), паузасы, интенсивтілігі, тембрі. Интонацияның компоненттерін кейде просодикалық тәсілдер (просодические средства) деп атайды.
Тілдердің басым көбіне бірдей интонацияның қарама-қарсылықты (противоположность), түсіндіру-анықтауды (пояснение), санамалауды (перечисление), логикалық белгілеуді (акценттеуді), қыстырмалықты (вводность) көрсететін просодикалық тәсілдер бар екені белгілі
Қазақ тілі интонация мәселелері жөнінде азды-көпті экспериментті-фонетикалық зерттеулер жүргізген авторлардың көпшілігі қазақ тіліндегі ең маңызды просодикалық компонеттер деп ұзақтылықпен қатар әуенді де атайды.
Просодиканың бірліктеріне интонацияны құраушы жеке компоненттердің өзгерістері негіз болады, мысалы, тонема (әуен), акцентема (интенсивтілік), хронема (ұзақтлық). Сонымен бірге олар сөз бөліктерінің просодикалық ұйымдасуының құралдары ғана, ал интонация ұғымына мазмұндық аспектінің де жататыны белгілі.







І.с функ.-сем. әлеуеті








Б.с функ.-сем. әлеуеті

Бс сөз етістік мүшемен тікелей де жанама да байланысып, қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді. Кімге неге қайда ол ертең қалаға жүреді. Бс сөз мағынасына қарай сөйлемде толықт та пысықт та болады. Мыс білгенге маржан
Сондай-ақ барыс септігінің ықшамдалуы етістіктердің семантикалық мүмкіндіктерімен де байланысты. Айталық «кеттi» етiстiгiмен тiркесiп айтылған жер-су, мекен аттарындағы барыс септiк жалғауы кейде түсiрiлiп айтылады: «Алматыға кеттi - Алматы кеттi». Бұндай барыс септiгi түсiрiлуi арқылы қалыптасқан тiркестер баршылық. Мысалы:
Құдай қолдап Парижге бір келдік қой,
Кеттік Медеу, Булонның орманына
(К.Салықов).
Осы келтiрiлген мысалдың екінші жолындағы «Медеу» сөзi барыс септiк жалғауы көрсеткiшiнсiз қолданылып тұр, себебi ол «кету» етiстiгiмен тiркескен. «Кету» етiстiгiнiң өзiнде қозғалыс бағытын бiлдiру мағынасы бар, әрi бару сөзiне де барыс жалғауы жалғанған. Екi барыс септiктi сөз сөйлемде басы артықты туғызған болар едi. Сөйтiп, жалқы есiм (Медеу) қосымшасыз қолданылып ықшамдалған. Осы сөйлемде жалқы есiмдермен тiркескен етістіктер қозғалыс бағытын бiлдiретiн етiстiктер тобына жатады. Мағынаға нұқсан келмей ықшамдалған.
Барыс септiгiнiң мағынасы – бағытты бiлдiру.
Кітапханаға бару, аулаға шығу т.б
✓ Барыс септігі бағытты білдіру мағынасын сақтай отырып ықшамдалып айтылады.
Белгiлi ғалым С.Исаев: «Барыс септiк жалғауы кейде (сирек) түсiрiлiп те қолданады» дейді /7/. Мысалы, төмендегі өлең жолдарының бірінші тармағындағы (Мәскеу* бардым, не көрдiм) «Мәскеу» сөзінің құрамындағы барыс септігі шартты түрде ықшамдалған
Барыс септiгiнiң мағынасы – бағытты бiлдiру.
Кітапханаға бару, аулаға шығу т.б
Барыс септiгi де iлiк септiгi сияқты бiрыңғай мүшелерге жалғанғанда, бiрыңғай мүшенiң әрқайсысына жеке-жеке жалғанбай, тек соңғы мүшеге ғана тiркесетiн тұстарын көркем шығармалардан көптеп кездестiремiз.
Мысалы:
Көз салсаң теңіз*, дала*, бел*, белеске,
Көш құрған көшпенділер жері емес пе?!
(К.Салықов).





Ж.с функ.-сем. әлеуеті

ж.с негізгі тұлғасы да де та те бұлар заттың мекенін жалпы түрде көрсетеді. Ал заттың мекенін жалпы көрсетпей, айқынырақ басқалардан жіктеп көрсеті болса олардың үстіне ғы гі жалғ қосылып мекеннің ішкі жағын тұрақты етіп көрсетеді. М: қаладағы бала, үйдегі гүл. Ж с жалғ негізгі екі мағынасы бар: тік мағына(парадигмалық), көлденең (синтагмалық). Бұл септіктегі сөздер көлемдік мекендік мезгілдік мағ білд.
Тілдік тұлға (да де та те нда нде)
Семантикалық әлеуеті қимылдың өту мезгілін, іс ә болу орнын, субъект мекен жайын білд
Жұмсалым ауқымы(қызметі) толықт пысықт баянд
Мысалы Арманда кітап жоқ. Сабақ қыркүйектің басында басталады. Балалар тоғайда.





Лепті сөйлемдердің функ. Сематикалық ерекшеліктері








Септік жалғауларының тік және көлденең мағыналары (жалпы түсінікте айтамыз)








Ш.с функ.-сем. әлеуеті

Іс-әрекеттің басталу сәті мезгілдік ұғымды білдіретін сөзге шығыс септігі және бері көмекші сөзінің тіркесуімен беріледі. Мысалы: Мен күзден бері туыстарымда тұрамын. Мен спортпен өткен жылдан бері айналысамын.
Бастапқы мезгілдік шекті білдіру конструкциясы мезгіл ұғымды сөз заттанған етістікке көмектес септігінің жалғануымен беріледі. Мысалы: Көктем келісімен күн жылына бастады. Қызметкерлерге үстеме жалақы қосылысымен азық-түлікке бағалар өсті.
Мезгілдік ұғымды білдіретін сөздер + септеулік сөз конструкциясы әрекеттің біртіндеп өзгеруін білдіреді. Күн сайын жыли бастады. Жыл сайын елдегі жағдай жақсарып келеді.
Іс-әрекеттің аяқталуын білдіретін құрылым барыс септігіндегі мезгіл ұғымды сөзге дейін септеулегінің тіркесуімен беріледі. Біз таңға дейін отырдық. Біз кешке шейін айтыстық.
Уақыттың шек мезгіл ұғымды сөздермен берілмейтін конструкцияларда шығыс септікті сөз + барыс септікті сөз қолданылады: Біз таңнан таңға дейін жұмыс істейміз.
Студенттер сессиядан сессияға дейін көңілді өмір сүреді.
Әлде-бір іс-әрекеттің басталатынының, бірнеше уақыт өтіп кеткенінің берілуі қашан? қанша уақыттан кейін? сұрақтарын қамтиды: бір сағаттан кейін, бірнеше жыл кейін, үш жыл өткен соң, екі күн өткеннен кейін, бір минуттан соң, т.б. Кейін, соң септеуліктерінің қолдануында шығыс септік жалғауының тұруы міндетті:
Екі күннен кейін балалар бір кішкене қалаға жетті. Үш сағаттан соң, қонақтардың алды тарқай бастады.
Соң, кейін септеуліктері оқиғаны, процесті, мекемені білдіретін сөзден кейін де қолданылады: таңғы астан кейін (соң), жұмыстан кейін (соң) демалыстан кейін (соң), сабақтан кейін (соң) әңгімеден кейін, сапардан кейін, 
концерттен кейін, университеттен кейін, мектептен кейін, тарқағаннан кейін (соң және т.б.).
Уақыттың шек мезгіл ұғымды сөздермен берілмейтін конструкцияларда шығыс септікті сөз + барыс септікті сөз қолданылады: Біз таңнан таңға дейін жұмыс істейміз. Студенттер сессиядан сессияға дейін көңілді өмір сүреді.

жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау