Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Федоровка ауылы
Федоровка қазақ ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі Султанова Айнагул Байғалиқызы
Тақырыбы: «Лепті сөйлем»
Мақсаты: Оқушыларға лепті сойлем туралы түсінік беру. Сөйлем дегеніміз не, оның кандай түрлері бар екенін мысалдар арқылы айту.
а) Оқушыларды үш топқа бөліп,өз топтарының ережелерін айтқызып,сөйлемдер құрату арқылы ой-өрістерін,сөздік қорларын дамыту.
б) Оқушыларды үш топқа болу арқылы бірлесіп,топтасып жұмыс жасай білуге,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Түрі: Дамыта оқыту технологиясы.
Әдісі: Жинақтау, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: дүнетану,ана тілі,әдеп әліппесі
Көрнекілігі: сызба,қима қағаз,тест тапсырмалары,
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгелдеп,сабаққа әзірлеу.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
III.Өткенді қайталау
Балалар,мен сендерді лепті, сұраулы, хабарлы етіп үш топқа бөлемін. Әр топ өздерін қорғайды,ережесін айтады.
-Сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлемнің неше түрі бар?
-Олар қалай аталады?
-Міне,сендердің парталарыңа өз топтарыңның атын қоямын.
1-қатар: Лепті
2-қатар: Сұраулы
3-қатар: Хабарлы
Тақтаға көрнекілік іліп, өткен сабақты бекіту.
Сөйлем
Хабарлы Сұраулы
Лепті
Балалар,мына қобдишаның ішінде сөйлемдер жазылған қағаз бар.Осы сөйлемдер қай сөйлем түріне жатады? Соны тауып,дұрыс қалташаға сал.
IV.Жаңа сабақ
Дәптерімізді ашып,бүгінгі күннің жадын жазамыз.
-Оқулықтағы 1-жаттығуды қарайық.
-Суретпен жұмыс.
-Суретке қарап, кім әңгіме құрап береді?
-Суретте қай мезгіл бейнеленген ?
-Балалар қалай киініп жүр?
-Көшеде жүру ережесін айту?
-Балалар қайда ойнап жүр?
-Марат пен Айгүл кімге көмектесіп жатыр?
-Суретке қарап ат қояйық?
-Суретке қарап,қандай лепті сөйлемдер айтуға болады?
-Кестемен жұмыс.
-Марат пен Айгүлдің бойынан адамға тән қандай қасиет көріп тұрмыз?
Қамқорлық Жанашырлық
Адам бойындағы қасиет
Кішіпейілділік Әдептілік
-Жақсы енді 2-жаттығуды қарайық.Мәтінді мәнерлеп оқу.Лепті сөйлемдкрді көшіру.
-Леп белгісі не үшін қойылған?
V.Бағдаршам ойыны:
-Мен әр қатарға сөйлемдер беремін.Сөздердің орны ауысқан,дұрыс сөйлем құрау.
1-топ 2-топ 3-топ
Лепті Сұраулы Хабарлы
сыныпта жанды бардым
оқисың қызыл мектепке
нешінші әттеген-ай мен
-Көшеде жүру ережесін айту.
VI.Сөздік диктант. Қыс,қоян,коньки,кірпі,аяз
VII.Тест жүргізу
Тест сұрақтары беріледі.Ол төрт сұрақтан құралған.Дұрыс жауаптардың астын қарандашпен сызып,артына аттарын жазып қояды.
Тест сұрақтары:
1.Сөйлемнің неше түрі бар?
а) 2 ә)1 б)3
2.Дұрыс сөйлемді тап.
А)оқиды Асхат сыныпта бесінші
Ә)Асхат бесінші сыныпта оқиды
Б)сыныпта оқиды бесінші Асхат
3.Лепті сөйлемнің соңынан не қойылады?
а)нүкте ә) сұрақ белгісі б) леп белгісі
4.Сөйлем денеіміз не?
А)тиянақты ойды білдіреді
Ә)заттың қимылын білдіреді
Б)заттың түсін білдіреді
VІІ. Қорытынды:
3-жаттығу.
Мәтін бойынша жұмыс.
Үнтаспадан әңгіме оқып беріп, лепті сөйлемді табу.
3топтың сабаққа жақсы қатысқан балаларын мадақтау, бағалау.
VIII.Үйге тапсырма:
4-жаттығу. Ережені жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |