- Оқушыларға мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
- Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу;
- Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу, бағыт-бағдар беру;
- Психологиялық қолдау көрсету.
Ойланайық, пікірлесейік 1. Сұрақ менен, жауап сенен - - Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
- - Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
- -Жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
- -Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?
- - Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
- - Адамның мамандық таңдауына әлеуметтік жағдайы әсер ете ме?
-
2.Психологиялық сәт: "Психогеометрия"- өзін- өзі тану Өзіңізге ұнаған геометриялық фигуралардың кез-келгенін таңдаңыз. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік. Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіңнің кәсіптік мамандығыңды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын. - Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіңнің кәсіптік мамандығыңды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.
- Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетің, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткір ойлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтыр-майды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
.Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады. - .Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.
- Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
3. Таңдаған мамандығың туралы білесің бе? - Дембо - Рубинштейн тәсілі бойынша
- өзін-өзі бағалауды зерттеу.
-
- Осы тәсіл денсаулық, қабілет, мінез және т.с.с бір қатар жеке қасиеттерді тікелей бағалауға негізделген. Төменде ұсынылған шкалаларға қараңыз. Өзіңіздің қасиеттеріңізді 100 балдық шкала бойынша бағалаңыз және әрбір шкалада қасиетіңіздің байқалу деңгейін белгілеңіз. Көп ойланбай жауап беруге тырысыңыз. Осыдан кейін әр шкала бойынша балдарды қосыңыз және 7 санына бөліп, орташа арифметикалық мәнін табыңыз.
100 - 100
- 90
- 80
- 70
- 60
- 50
- 40
- 30
- 20
- 10
- 0
- Ақыл Денсаулық Мінез Басқаларға Шебер қол Сыртқы Өзіне-өзі
- ықпал ету бет-әлпет сенімділік
Сандық көрсеткіш (орташа балл) | | | - Өзін - өзі бағалау деңгейі төмен
-
- Сіз өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді тым бағаламайсыз. Сырт көзге көріне бермесе де, өзіңізге өзіңіз сенбейсіз. Сіздің мүмкіндіктер-іңіз сіз ойлағаннан жоғары
| - Өзін - өзі бағалауы тепе - тең
-
- Сіз өзіңізді жеткілікті реалистік тұрғыда бағалайсыз және өзіңіздің бағаңызды жақсы білесіз
| - Өзін - өзі бағалауы аса жоғары
-
- Сіз өзіңізді және мүмкіндіктеріңізді асыра бағалауға бейімсіз. Бұл адамдармен қарым – қатынаста белгілі қиындық тудыруы мүмкін.
| - Өз - өзін бағалау деңгейі
- 6.Келісемін, келіспеймін. Дәлелде...
- Мамандық бір-ақ рет және біржола таңдалады;
- Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысы;
- Мамандық таңдау адамның қабілетіне, бейімділігіне тікелей байланысты;
- Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек;
- Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды ;
- Мамандық таңдау - күнкөрістің қамы.
- Тапсырма: Сіз орындықта демалып отырғансыз, қасыңызда сіздің бас киіміңіз жатыр. Жаныңызға келіп жайғасқан адам сіздің бас киіміңізге отырып алды. Сіздің әрекетіңіз. Суретті таңдаңыз.
- Тапсырманың нәтижесі:
- Егер сіз № 1 суреттегідей реакция танытсаңыз,
- онда сіз бұл жағдайда сангвиник темпераментін көрсеттіңіз.
- Егер сіз № 2 суреттегідей реакция танытсаңыз,
- бұл жағдайда сіз меланхолик типін танытып тұрсыз.
- Егер сіз № 3 суреттегідей реакция танытсаңыз,
- онда сіз холерик темпераментін көрсетіп тұрсыз.
- Егер сіз № 4 суреттегідей
- реакция танытсаңыз, онда
- сіз флегматик типі көрсетіп
- тұрсыз.
- Әртүрлі типтегі адамдарға мамандық таңдауда берілетін кеңестер;
- Сангвиник:
- Жұмыстың типі: жұмысқа деген үлкен қабілеттілік, ортаға тез бейімделеді, бір мезетте бірнеше жұмысты орындай алады. Жаңа жұмысқа үлкен қызығушылықпен кіріссе де тез суып қалады, жаңа бір жұмысқа ауысқысы келіп тұрады. Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы. Жауапты және қауіпті жерлерде жақсы жұмысшы. Жаңа мамандықтарды тез меңгере алады. Қол астындағы сангвиник жақсы жұмыс жасау үшін оның алдына үздіксіз жаңа да қызықты тапсырмалар қою шарт
- Сәйкес келетін мамандық түрі: менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, даяршы, инженер- технолог, жақсы жүргізуші, із кесушуі
- Жұмыстың типі: үлкен энергия жұмсайтын жұмыс түрлері сәйкес келеді. Қиындықтар мен кедергілерді оларды жеңуді ұнатады. Жұмысқа тез кіріседі. Жоспарын іске асыра алады .Біреуге бағынғаннан гөрі өз бетінше жұмыс істегенді ұнатады. Айтқаннан қайтпайды. Холерикпен жұмыс жасағанда байқау керек, ескертпелердің орнына қателіктерін түзейтін тапсырмалар берген жөн. Холериктер флегматиктермен, меланхоликтермен жақсы жұмыс жасай алады, бірақ екі холерикті біріктіруге болмайды, олар бақталасып, шиеленіске келіп қалуы мүмкін.
- Сәйкес келетін мамандық түрі: телеоператор, әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер, керемет ұшқыштар, каскадерлер т.б
- Жұмыстың типі: флегматик жұмысқа да, оқуға да жәйбасар.
- Дайындық кезеңіне көп уақыты кетіп қалады. Шыдамды-лығымен табандылығы арқасында үлкен жетістіктерге жетеді Бір сарынды жұмысты сүйеді. Лидер, ұйымдастырушы болуды қалай қоймайды. Жұмыс жағдайы өзгере қалса еңбек өнімділігі тез төмендеп қалады. Асықпай шешім қабылдауға жақсы. Қол астыңда флегматиктер жұмыс жасайтын болса олармен үнемі белсенді байланыста болу керек, мадақтап, түрлі жұмыстарға тартқан жөн. Адамдармен араласқаннан гөрі компьютермен жұмыс жасағанды ұнатады. Егер медицинаны таңдаса онда хирургтен гөрі жақсы терапевт шығады.
- Сәйкес келетін мамандық түрі: бухгалтерия, экономика, агроном, инженер, жүргізуші, ғылыми – ботаник, астраном, физик, математик, электрик.
- Жұмыстың типі: меланхоликтердің жұмысқа қабілеттілігі
- көңіл – күйлеріне байланысты, тез шаршап қалуы мүмкін. Қиындықтары мен қысымы мол мамандықтар қайшы келеді. Жаңа ортаға қиын бейімделеді. Жұмыста меланхоликтерге үнемі қолдау мен демалыс қажет. Олар өте байқампаз.
- Халықпен жұмыс жасайтын мамандықтарды таңдамаған жөн, керісінше өз бетінше компьютермен жұмыс жасаған оларға ұнайды.
- Сәйкес келетін мамандық түрі: педагог, өнер, модельер, композитор, жазушы, мал дәрігері, геолог, агроном, зоотехник, радиомеханик.
- Әл-Фараби
- Ісім оңсын десеңіз,
- Сол істің маманы болыңыз.
- Даңқым шықсын десеңіз,
- Көпшіліктің адамы болыңыз.
- Байыппен бағдарлай
- біліңіз
- Алға қарайғы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы. Бұлардың кез-келген мамандықта қажеті болары сөзсіз!
-
- Мамандық таңдауға байланысты сені,
- сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.
-
-
- Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.
- Бейімділігіңізді ескеріңіз
-
- Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.
- Дайындық курстарында жазылсаңыз, тіпті жақсы. Ең дұрыс тәсіл – жазғы демалыс кезеңде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс бұрыс-тығына көзіңіз анық жетер еді.
- Өзіңізді сынақтан өткізіңіз
- Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайтында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.
- Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психоло-гиялық тестілер бар.
- Мүмкіндігінше өзің таңдаған мамандық-тың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін-келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның жөн.
- Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.
- Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.
-
Дәйексөз - «Егер еңбекті таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз»
- К. Д. Ушинский
-
. - .
- Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
- Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
- Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
- Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
- Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
- Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!
-
- Ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
-
- Қатысқандарыңызға
- рахмет!
Мамандық дегеніміз не? Оқушылардың пікірлері сұралады - -Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
- -адамның болашаққа апаратын жолы;
- -адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
- -мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
- -оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
- -ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
- -мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
- -келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе ол
- -адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Талдау жасау оңай емес. Ең бастысы-адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек. - Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Талдау жасау оңай емес. Ең бастысы-адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |