Фариза Оңғарсынова Өлеңдер жинағы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет21/26
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13536
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

өмірге тұрар үш күнім. 
Таптады қыршын сәтте бір 
тырнағы заман-күштінің. 
Азапқа салсын. 
Жүдеп мен 
кінәлі жандай жасыман: 
Айнымас асау жүрекпен 
ақ сезіміме бас ұрам! 
 
 
 
АРМАН 
 
Елестейді жанбаған бағым әлі, 
Сорлы жүрек сол күнді сағынады... 
...Ақбөбек пен Қайыптың қызығы деп 
тойлы ауылға кәрі-жас ағылады. 
Балалар мәз. Думанға күлкі ұласып, 
жаңа жерді жатсынып, жылқы қашып... 
Көк шалғынға көміліп жас құлындар 
жатса-ау, шіркін, желіде шұрқырасып! 
Қыз жүрегін жігіттер байқап ашып, 
отырады өзара тайталасып. 
Қатар-қатар тігілген ақ жұмыртқа 
отаулардың түндігін айқара ашып. 
“Кетеді-ау, - деп, - жат-жұртқа ұя салып”... 
Кейде келген құдадан сый аталып, 
отырады кемпірлер “өріс қой” деп, 
жаулық ұшын көз жаққа жиі апарып. 
Сонда бұл маң түп-түгел жатпайды анық, 
жолаушы да тыңдайды тоқтай қалып. 
Жас күйеуді ортаға ап жеңге біткен 
сабылумен жүреді нарттай жанып. 
Таңданады сол тойға халық тұрып 
(қызық думан көрген бе жалықтырып!), 
жарқылдасып жүреді ағаларым 
жиған-терген дүниені сарып қылып! 
Ән-күйіңді сен бүгін бұлдама деп, 
достар тұрса даланы жырға бөлеп. 
Сонда біздер бақыттың толқынында 
қос қайың боп, дүние-ай, ырғалар ек! 
Қол жетпеске талпынар көңіл деген, 
аңсауменен бұл күнді өмірде мен 
өтемін ғой, құдай-ай, құсалықтан 
жалғыз тамшы жас қалмай төгілмеген... 
Бақыт аңсап балалық күн кешіп ем, 
болмағаны-ау бармақтай бір несібем... 
Бұл қапырық қуыстан құтылармын, 
қалай шығам заманның түрмесінен… 
1966 
 
 


*** 
 
Жанашырлар – жақсы аға, жайсаңдарым, 
Сендер барда асқақпын, 
қайсар жаным. 
Арқа таңып сендерге, алдарыңда 
ерке басып жүруге тайсалмадым. 
Сендер барда – үкілеп мінгендеймін 
жел ілеспес даланың ай саңлағын. 
Сендер бар деп еркінсіп бұлаңдаймын, 
жұрт шалқалап қарайтын шынардаймын. 
Сендер бар деп жасқанбай Жер басамын, 
жанарымнан көшеді тұман-қайғым. 
Сендер теңіз шалқыған. 
Шағаласын 
шарықтатпай көгінде тұрар ма айдын! 
Сендерсіз бұл жалғанда 
жоғалардай ізгілік, бүкіл мейірім, 
Онда мен де көз түспес үтірдеймін. 
Сендер айтқан жалғыз-ақ жақсы сөзден 
жамау-жасқау көңілді бүтіндеймін. 
Ал сендерден сәл салқын қабақ көрсем, 
Іштей налып, 
өзімді түтіп жеймін. 
(Мен, әйтпесе, көк мылжың пенделердің 
өсек-аяңдарына түкірмеймін). 
Сендер барда 
тілемеймін тағдырдың сыйын бөтен, 
Көз тігемін сағымды қиырға кең. 
Күншуақтың қадірі көлеңкеде 
тоңбағанға әшейін бұйымға тең. 
Пенделер бар күні үшін көлгірсіген, 
ондайлардың достығы тиынға тең. 
…Бұл өмірде жанашыр жақсыларсыз 
жақсы болу адамға қиын да екен. 
1972 
 
 
СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ 
 
Үбәйда Смағұловаға 
Еске ала ма аялы сәттің бәрін, 
қия алмай ма айдындай шат құндағын — 
мен байқаймын балапан жанарлардан 
мөлдір шықтар тамуға шақ тұрғанын. 
Сіз осы сәт ұқсайсыз айдынкөлге 
ұшырған аққуларын. 
Айдынкөлдің бетіне асылды Күн, 
мейірімді жанардың шашып нұрын 
қуана ма әлде сәл мұңая ма – 
ұзатқандай жастығын — жасыл күнін, 
бір діріл бар, әйтеуір... Кеткендей ме 


өзгеріп ғасыр бүгін. 
Артта қалып бал құндақ жер кешегі, 
балапандар құз асып, сең кешеді. 
Жандарында Сіз жоқсыз, олар енді 
өмірменен жекпе-жек белдеседі. 
Тірлік осы— 
атады жаңа таңдар, 
жаңа таңдар - алмасқан алақандар... 
өмір деген биікке дара самғар, 
бірақ ертең аққу боп айдынына 
оралар балапандар !.... 
1975 
 
ӘЙЕЛГЕ ДЕГЕНМАХАББАТ 
 
Түндерде жалын боп өткен 
біреуді жаным деп өбкен 
сенің гүл еріндеріңнен 
әйтеуір жерінбедім мен. 
Жұттым да көзде жасыңнан, 
төсіңнен өзгеге ашылған 
басымды ала алмадым мен, 
(қайғым ба ең, жанар бағым ба ең?!) 
Көлдегі сағым көрікпен 
жанарды жанымды еріткен 
құштым мен ашқарақ күймен, 
(білемін - басқа да сүйген.) 
Ең алғаш қүшқаным да - өзің, 
балқытқан күш жалын да - өзің, 
ең алғаш сүю дегенді 
үйреткен ұстазым да өзің. 
Жанымнан мұңым кеткелі 
сен болдың күнім көктегі. 
…Қайғым тек - осының бәрі 
басыңнан бұрын да өткені... 
1973 
 
* * * 
 
Көктемім келді, 
салтанат шамын жақты арман, 
шашылды шапақ ақ таңнан, 
ән шалқып абат бақтардан, 
көңілдер бүгін қуаныштарын көл-көсір 
жыр тасқынындай ақтарған. 
Қытықтап жанды 
самалы- саумал даламнан 
сәуле-нұрлармен жаңарған, 
таулардан аппақ қары ардан 
шадыман шалқар шаттықтың исі аңқиды, 
гимн ойнайды қара орман. 
Күлімдеп Күн де 


жанары тұнған жас үміт 
алтын нұр болып шашылып, 
самғайды бүгін аспан төріне асығып, 
көк, қызыл шарлар еркелеп ойнақ салады 
балапан бауыр ақша бұлттарға асылып. 
Көктемім келді 
еліме менің сағынып, 
ару жер шықты бәйіпешек гүлін тағынып, 
еңбектің әні бұлақтай еркін ағылып, 
салтанат сәтте құлпырып тұрды алаңдар 
қызғалдақтарға малынып. 
Жасампаз елім 
салтанат шеру бастады, 
шаттыққа тұнып орманы, белі, асқары; 
туған елімнің ардагерлері, жастары 
нық басып, әне, барады болашақтарға! 
Бейбіт күн құшқан самала дидар ақ таңда 
думанға толды Қазақстанның аспаны! 
1975 
 
 
 
ДАУЫЛДЫ  АҢСАУ 
 
Ақтымық. 
Теңіз. 
Маужырап дел-сал жас келіншектей жар құшқан, 
қымсынып жатыр, тұншығып жатыр рахат пенен алғыстан... 
Тәкаббар, тентек теңізге мынау таңданып кетіп барады 
ақ шағалалар таңда ұшқан. 
ұйқыда теңіз, 
албырап жатыр қас арулардай құлпырып, 
дүние-ай, қанша сұлулық деген, нәзіктік деген тұр тұнып! 
Әншейіндегі арман боп жүрген аспан да бүгін қас қақпай 
телміріп тұрды ынтығып. 
Мен тұрдым сонда 
алапат ойдың толқындарына мың батып, 
көңілімде бір сәт қол жетпестерге жанымның күйін тыңдатып. 
Қарсы ағыстарға құлашты сермеп кеттім мен, 
қалғып кетпесем, бұл - бақыт! 
Мезі боп кеттім тыншудан. 
Аңсарым ауған ақ толқындардың арманы қалай тарқады, 
тентектеу сенің мінезің қайда, шалқарым?! 
Самарқау мына бей-жайлығыңды сенің серпуге 
дауылы керек Арқаның! 
Мен нәзіктеу болғанмен 
бұйығы сенің әсемдігіңнен ләззәт ала алман, 
тентектігің керек табыну үшін саған жан! 
Қыз - толқындарың алысып жатса жалынан құшып асаудың, 
парлатып жасын жанардан! 
Сондай бір шақта 
найзағай болып жарқ етіп өтсем төбеңнен, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау