Ф и з и к а әож 3. 049. Физика сабақтарында



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет22/89
Дата01.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#6313
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   89

48  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
М А Т Е М А Т И К А 
 
 
ӘОЖ 373.5.016.026.8:51(574) 
МАТЕМАТИКА БОЙЫНША ҚОЛДАНБАЛЫ КУРСТЫ ОҚЫТУДАН 
КҤТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРДІ АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Т.Ә.Әлдібаева - п.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазҰПУ) 
 
Аннотация:  Мақалада  математиканы  оқытудан  күтілетін  нәтижелерді  құзырлық 
тұрғысынан жобалау жан-жақты қарастырылған. 
Түйін сӛздер: құзырлық, күтілетін нәтижелер, критерийлер.  
Қолданбалы  курстар  математиканы  бейінді  оқытуды  жүзеге  асыруда  маңызды  рӛл 
атқарады.  Осы  курстар  бойынша  бағдарламаларын  жасауда  олардың  мақсаттарының 
қойылымы  күтілетін  нәтижелерді  анықтауда  құралдық  және  технологиялық  сипатта 
болуы тиіс. 
Мақсат  –  идеал  түрде  болжанатын  нәтиже.  Мақсат  әрқашан  нақты  жағдайлардан 
туындайды және анықталады. Ол әрқашан үдеріс аяқталуы үшін қажет құралдармен ӛзара 
байланыста  болады,  яғни  мақсат  нәтиже  де,  үдеріс  те  бола  алады.  Мақсатты  анықтауды 
кӛрсететін  инвариантты  белгілердің  біріне  болашақ  нәтиженің  бейнесі  жатады  және  ол 
ұғымдар,  ой  түйіндеулер  мен  модельдер  түрінде  беріле  алады.  Алайда,  бұл  берілген 
ұғымдар мен модельдер ӛз бетінше мақсат бола алмайды. Болашақ нәтиженің бейнесі сол 
жағдайда  мақсат  бола  алады,  егер,  оған    жетуге  немесе  жақындауға  деген  қажеттілік, 
ұмтылыс, ниет болған жағдайда, яғни мақсат адам іс-әрекетінің нақты нәтижеге жетудегі 
басты бағыттаушысы болып табылады [1]. Мақсат қою үдерісі екі кезеңді қамтиды: 
-  білімді  игеру  кезеңі,  адамның  қандай  да  бір  ішкі  немесе    сыртқы  қажеттілікті 
ұғынуы  танып  білумен  және  оны  қанағаттандыру  үшін  белгіленген  шарттарды  таңдап 
алумен үйлескен жағдайдағы  жалпы мақсаттың анықталуы;  
-  мақсатты  нақтылау  кезеңі,  яғни  мақсат  оған  жету  үшін  қажет  құралдарды  ескере 
отырып нақтыланады және жеке мақсат-міндеттерге бӛлінеді, абстрактілі мақсат-идеалдан 
іс-әрекеттің нақты мақсатына айналады.  
Мақсаттың  дұрыс  анықталуы  үшін  онда  орындалудың  «айқындығы»,  шарттардың 
белгілігі, критерийлер туралы ақпарат сияқты үш құраушының кӛрініс табуы тиіс.  
Орындалу. Мақсаттың тұжырымдалуы оқушы нені істей алатынын мәлімдейді.   
Шарттар.  Мақсаттың  тұжырымдалуы  орындалатын  әрекет  қандай  жағдайларда 
жүзеге асатынын анықтайды. 
Критерийлер.  Мақсаттың  тұжырымдалуы  орындалу  қаншалықты  дұрыс  болуы  тиіс 
екендігін айқындайды, оған: 
- оқытуға қойылатын басты талаптар; 
- оқу жетістігінің белгілі бір деңгейінің белгіленуі жатады. 
Мақсаттың тұжырымдалуында бұл үш құраушының кӛрініс табуы: 
- оқушы нені жасай алады? 
- оны қандай жағдайларда жасай алады? 
- оны  қаншалықты  дұрыс  жасай  алады?  –деген  үш  сұрақтың  жауабы  болып 
табылады.  Осы  сұрақтардың  әрқайсысына  мұғалім  айқын  жауап  берген  жағдайда  ғана 
мақсат  дұрыс  анықталады.  Белгіленген  айқын  мақсаттың  болмауы  дұрыс  емес,  ол 
пайдасыз  шешімдер  мен  іс-әрекеттерді  таңдауға  әкелуі  мүмкін.  Сондықтан,  әсіресе 
қолданбалы курстарды оқыту кезінде мақсат неғұрлым нақты әрі диагностикаланатындай 
болып  қойылуы,  яғни  оны  жүзеге  асыру  дәрежесі  туралы  қорытынды  жасауға  және  ол 
бойынша  белгілі бір уақыт аралығында оған жетуге кепілдік беретін нақты дидактикалық 
үдерісті құруға мүмкіндік беруі тиіс. Сонымен мақсат оқу үдерісінің ӛзін емес, күтілетін 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 49
 
нәтижелерді  сипаттайды. Сонда  мақсат  «педагогикалық  терминдермен»  берілетін  оқу-
тәрбие үдерісінің күтілетін нақты нәтижесі ретінде интерпретацияланады.  
Кӛптеген  әдебиеттерде  білім  беруден  күтілетін  нәтижелер  деп  нақты  оқушының 
білім  ала  білу  үдерісін  сипаттайтын,  оның  белгілі  бір  нақты  нәтижелерге  жетуге 
талпынысына  негізделген  оқыту  үдерісін  білдіреді  [1,2,3].  Осы  тұрғыдан  алғанда, 
күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылатын мақсаттар жүйесін құруды ескереді, олар әрі 
қарай нақтыланып, оқу жетістігі деңгейіндегі жалпы нәтижелер (олар 3-5 болуы мүмкін)  
арқылы  сипатталады.
 
Жалпы  алғанда  қолданбалы  курстарды  оқытудан  күтілетін 
нәтижелер дегеніміз-қандай білім, білік, дағдылар оқушылардың болашақ мамандығының 
жетістігіне  қажет,  іс-әрекеттің  қандай  түрлері  игеріледі,  оларды  игеру  үшін  қандай 
құндылықтар  ұсынылатын  болады  деген  сұрақтарға  жауап  болып  табылады  немесе 
қолданбалы  курсты  оқытудан  күтілетін  нәтижелер  –  оқу  материалының  кӛлемі,  оның 
мәнділігінің деңгейі, сондай-ақ оны меңгерудің нормативті оқу уақыты ескеріле отырып, 
игерілетін білім, білік, дағдылар. 
Мектепте  математиканы  оқытудан  күтілетін  нәтижелерді  құзырлық  тұрғысынан 
жобалау  жан-жақты  қарастырылған  мәселелердің  бірі  [4,  5].  Олардың  кӛп  жылғы 
нәтижелері  ретіндегі  математиканы  оқытудан  күтілетін  нәтижелер  2010  жылы  жарық 
кӛрген  «Математика»  пәні  бойынша  оқу  бағдарламаларында  берілген.  Мұндай  күтілетін 
нәтижелер қолданбалы курсты оқытудан күтілетін нәтижелерді анықтауда басты назарда 
болуы тиіс. 
 Күтілетін  нәтижелер  оқушылар  үшін  маңызды  болуы  тиіс,  бұл  курспен  алғашқы 
танысуда  оның  тартымдылығын  қамтамасыз  ету  үшін  қажет.  Оқыту  нәтижелері 
«оқушылар  білуі  тиіс  (түсінігі  болуы,  мысалдар  келтіре  алуы),  істей  алуы,  тәжірибесі 
болуы»  сияқты  терминдер  арқылы  беріледі.  Күтілетін  нәтижелерді  анықтауға  арналған 
барлық  тәсілдер:  оқытудың  соңында  оқушылар  қандай  жаңалықты  біле  алады,  түсінеді, 
жасай  алуға  үйренеді  сұрақтарына  жауап  болып  табылады.  Бұл  сұрақтарға  жауап 
«күтілетін нәтижелер» деген терминмен беріледі. Олар қолданбалы курста нені және оны 
қалай нақты оқыту керек деген шешімді қабылдаудың алдында анықталады, яғни олар оқу 
жоспарының  құрылымын  және  нәтижелерін,  нақты  берілетін  мазмұнды,  оны  түсінуді, 
құндылықтарды, сондай-ақ бағдарлануды  сипаттайды.
 
 
 
 
Күтілетін нәтижелердің дұрыс сипатталуы үш себептерден туындайды: 
1-себеп:  Күтілетін  нәтижелердің  айқын  кӛрсетілуі  -  оқу  материалының  мазмұнын, 
пайдаланатын кӛздер мен оқыту әдістерін анықтау үшін негіз болып табылады.  
2-себеп.  Күтілетін  нәтижелер  айқын  кӛрсетілмесе,  оқушылардың  олардан  талап 
етілгендерді  қаншалықты  үйренгендігін  мұғалімге  анықтау  қиындық  туғызады.  Тек 
күтілетін  нәтижелер  айқын  әрі  дәл  анықталған  жағдайда  ғана  мұғалім  бақылау 
сұрақтарын,  қорытынды  тапсырмаларды  дұрыс  таңдап  және  оларды  оқушыларға    ұсына 
алады.  
3-себеп.  Күтілетін  нәтижелердің  айқын  сипатталуы  оқушылардың  назарын 
ұсынылатын  материалдың  маңызды  жақтарына  аударуға  себептеседі,  сонда  оқыту 
үдерісінде оқушы ӛзінің күш-жігерін саналы түрде бағыттай алатын болады. 
Сонымен  бірге  күтілетін  нәтижелерді  анықтауда  қолданбалы  курстардың  түрлері 
және  олардың  міндеттері  мен  функцияларын  да  ескерген  жӛн  (1-кесте).  Бұл  күтілетін 
нәтижелердің нақтылығын қамтамасыз етеді. 
Әдетте  оқушылардың  басым  кӛпшілігі  «Мұғалім  олардан  нені  талап  етіп 
отырғанын»  түсінбейді.  Сондықтан  күтілетін  нәтижелер  туралы  оқушыларға  айқын  әрі 
дәл  ақпарат  беру  оларды  оқу  жұмысында  бірлесе  жұмыс  жасауға  бағыттайды.  Оқыту 
тәжірибесіндегі күтілетін нәтижелерді нақтылау оқытудың оқушыға әсерін ғана емес, оны 
сипаттаудан басталуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда қолданбалы курстарды оқыту кезіндегі 
күтілетін нәтижелерді нақтылаудың басты бағыттарына: 
- білім беру шарттарының сипаттамасын (оқушыларға қалай ықпал ету керек және ол 
үшін қандай жағдайлар қажет?); 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау