Ф и з и к а әож 3. 049. Физика сабақтарында



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет20/89
Дата01.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#6313
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   89

44  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Жел  энергетикасын  дамытудың  Ұлттық  бағдарламасының  негізгі  мақсаты 
Қазақстанның жел потенциалы экономиканың энергосыйымдылығын тӛмендету қоршаған 
ортаны  және  органикалық  отынның  жаңартылмайтын  қорларын  сақтап  және  Қазақстан 
Республикасының  климатының  ӛзгеруі  туралы  БҰҰ-ның  рамкалық  Конвенциясын,  ҚР-
ның  «Энергияны  үнемдеу,  Электр  энергетика  туралы»  заңдары,  2010  жылы  аралығына 
және болашақта 2015 жылы Қазақстан Республикасының электр энергетикалық жүйесінің 
дамуының  Мемлекеттік  бағдарламасы,  Қазақстанның  2015  жылға  дейінгі  индустриалды 
инновациялық  дамуы  стратегиясында  елдің  орнықты  экологиялық,  экономикалық  және 
әлеуметтік  дамуын  қамтамасыз  ету  үшін  электр  энергияны  ӛндіруді  қолдау  болып 
табылады.  
 
 
 
1-сурет. Жел электр станциясы 
 
 Жел энергетикасының дамуының Ұлттық бағдарламасының міндеттері: 
 1) Қазақстанның жел энергетикалық потенциалын бағалау;  
 2) Жел энергетикасының дамуының нормативті құқықтық базасын және мемлекеттік  
саясатын қалыптастыру; 
3) 2020 жылға дейінгі жел энергетикасының даму жоспарын жасау және іске асыру; 
4) Жел энергетикасының ғылыми-техникалық және ӛндірістік базасын сонымен қоса, 
жел машина жасау саласын.  
5) Жел энергетикасының даму саласындағы халықаралық серіктестік. 
 Қазақстанның  барлық  аймақтарына  қатысты  сұрақтардың  бірі-  қашықтағы  ауыл 
тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның айтарлықтай 
үлкен  территориясы  және  селолардағы  тұрғындардың  тығыздығының  аздығы,  сирек 
орналасуы  электр  энергиясын  тасмалдау  үшін,  жуықтап  алғанда  360  000  км  құрайтын 
электр  желілерін  тартуға  тура  келеді.  Үлкен  қашықтықтағы  электр  желілері  арқылы 
электр энергиясын тасымалдағанда, электр энергиясы құнынан елеулі түрде 50% артады. 
Сарапшылардың  бағалауы  бойынша  алыстағы  тұтынушылар  үшін  электр  энергияны 
тасмалдаудың нақты құны  5 цент /кВт сағ-қа дейін жетуі мүмкін, бұл қашықтағы аздаған 
тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз етуді тиімсіз етеді. Қашықтағы тұтынушыларды 
энергиямен  қамтамасыз  етудің  экономикалық  альтернативасы  жаңарып  тұратын 
энергетика кӛзі  болып табылады.  
Электр энергиясымен объектілер мен қоршаған ортаның ластануы туралы мәселе ӛз 
алдына бӛлек. Кӛмірлі энергетикаға сүйену тұрғындардың денсаулығына және қоршаған 
ортаға  зиян  келтіреді.  Қазақстандағы  кӛмір  жағатын  электр  станцияларының  түтінді 
газдарындағы  зиянды  заттардың  концентрациясы  халықаралық  стандарттардан  бірнеше 
рет  асып  түседі.  Электр  станциялардың  атмосфераға  бӛлетін  зиянды  заттар  қалдықтары  
жылына  1  млн  тоннадан  асса,  ал  ластайтын    заттардың  жалпы  кӛлемі  11  млн.  тоннаны 
құрайды.  Сарапшылардың  жуықтап  бағалаулары  бойынша  Қазақстандағы  кӛмір 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 45
 
энергетикасының қоршаған  ортаға келтіретін зияндығы құны 7,7теңге/кВт сағатты құрап, 
электр энергиясының ӛз құнынан  асып түседі. Осылайша, қоршаған ортаға кӛмірлі ЖЭС 
жасайтын экологиялық әсерін тӛмендету жайындағы сұрақ ӛткір мәселе болып табылады.  
Жылу  электр  станциялары  Қазақстандағы  жану  ӛнімдерін  бӛлетін негізгі  кӛздердің 
бірі болып табылады. Бұл сектордың үлесі Қазақстандағы жану ӛнімдерінің 43% құрайды. 
2010  жылдарға  қарай  энергосектордың  жану  ӛнімдерінің  кӛлемі  1990  жылғы  деңгейден 
асады.  Осыған  байланысты  энергосектордың  жану  ӛнімдерінен  бӛлінетін  қалдықтарын 
азайту  қажеттілігі  туындауда,  бұл  генерациялаушы  қуаттардың  құрылымын 
диверсификациялау, энерготиімділікті арттыру және энергияның жаңартылатын кӛздерін 
қолдануды арттыру есебінен орындалады. 
Жел құрылғыларының тимділігін арттыру мен олардың құнын кемітуге байланысты 
жел  энергетикасындағы  жетістіктер,  жел  энергетикасын  қолдану  масштабтарын  және 
тартымдылығын айтарлықтай арттырды. Қазіргі уақытта әлемнің 60 мемлекетінің электр 
энергетика  саласында  ЖЭС  бар.  Әлемнің  43 елінде  жуық  арадағы  және  орташа  тӛтенше 
перспективасында  жүздеген  және  мыңдаған  мВт  қуатты  құрылғылы  жел  энергетикасын 
дамытудың  Ұлттық бағдармалары жасалған. Бағдарламаның деректері, ережеге сай, жел 
энергетикасын құрудың ӛзіндік бағасын дамытумен қатар жүреді, бұл жергілікті машина 
жасау  зауыттарында  жел  құрылғыларын  жасап  және  олардың  құнын  арзандатуға 
ұмтылумен түсіндіріледі.  
Казсельэнергопроект жүргізген зерттеулерге  сонымен бірге Energieteam  (Германия) 
компанияларының зерттеулеріне негізделген жел энергетикасы жӛніндегі ПРООН жобасы 
аясында  Қазақстандағы  ірі  ЖЭС-ын  салу  үшін  перспективалы  аудандарының  тізімі 
әзірленді.  ЖЭС  үшін  аудандар  желдің  орташа  жылдық  жылдамдығы  жӛніндегі 
метеостанциялардың  кӛп  жылдық  мәліметтері,  Қазақстан  территориясын  WASP 
бағдарламасы бойынша Әлемдік жел атласының мәліметтерін және NASA топографиялық 
моделінің  деректерін  қолдана  отырып,  сонымен  қатар  келесі  факторларды  ескеріп 
анықталды. 
1.  ЖЭС-нан  қуатты  беруге  арналған  подстанциялар  мен  электр  тасымалдау 
желілерінің жақындығы; 
2. 
Жаңа  энергокӛздерден  қажеттіліктерді  қамтамасыз  ету  үшін  электр 
қабылдағыштардың бар болуы;  
3. Рельефтің ыңғайлылығы және аймақтың биіктігі; 
4. Кӛлік коммуникацияларының болуы; 
5. ЖЭС құрылысын салу мүмкіндігі; 
6. ЖЭС құрылысын салуды алдын-ала ойластыру ықтималдығы; 
Тегін  желдің  энергиясын  іс  жүзінде  қолдану  перспективасын  түсіне  отырып, 
Республика үкіметі бірнеше бағдарлама қабылдады. 
1.  Қазақстан  Республикасы  1995-2000  жылғы  сарқылмайтын  энергоресурстарды 
энергобалансқа тарту бағдарламасы. 
2. Энергетика Министрлігінің 26.04.1997 жылғы № 124 «Энергияның жаңартылатын 
кӛздерін меңгеру мен инвестиция тарту саласындағы бірегей техникалық саясатты жүргізу 
туралы» бұйрығы.  
3.  1998  жылы  Қазақстан  Республикасының  бюджет  туралы  заңының  36-бабында 
қайтымды  негізде  жаңаратын  және  дәстүрлі  емес  энергетиканың  дамуына  200млн.  теңге 
бӛлуді қарастырды. 
4.  Энергияны  үнемдеу  және  Қазақстан  Республикасының  энергия  балансына 
жаңаратын  энергия  кӛздерін  тарту  жӛніндегі  Қазақстан  Республикасының  энергетика, 
индустрия және сауда Министрлігі 1999 жылы  қабылдаған бағдарлама. 
Кӛптеген ғылыми ұжымдар мен жеке тұлғалар, республикадағы жел энергетикалық 
ӛндірістің  даму  маңыздылығын  сезініп  үлкен  талпыныспен  жел  энергетикасының 
мәселелерін  зерттеумен  айналысып,  белгілі  бір  нәтижелерге  жетуде  (Қазақ  мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті, Алматы энергетика және байланыс институты, Қазақ 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау