Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


экономика саласына залалды анықтау



жүктеу 3,03 Mb.
бет16/46
Дата14.11.2018
өлшемі3,03 Mb.
#19756
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46

экономика саласына залалды анықтау

      66. Осы бөлімнің мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің экономика саласына залал деп мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал, оны келтіру қаупі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі түсініледі.


      67. Демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына залал демпингтік импорт көлемін және мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауар бағаларына және мүше мемлекеттерден ұқсас тауар өндірушілерге осындай импорттың әсерін талдау нәтижелері негізінде анықталады.
      68. Демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына залалдың болуын айқындау мақсатында мәліметтер талданатын тергеп-тексеру кезеңін тергеп-тексерулер жүргізетін орган белгілейді.
      69. Демпингтік импорт көлемін талдау кезінде тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру объектісі болып табылатын (абсолюттік көрсеткіштерде не мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндіруге немесе тұтынуға қатысты) тауардың демпингтік импортының едәуір ұлғаюы болғанын не болмағанын айқындайды.
      70. Мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауардың бағасына демпингтік импорттың әсер етуін талдау кезінде тергеп-тексерулер жүргізетін орган:
      1) демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауар бағалары мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауар бағаларынан айтарлықтай төмен болғанын не болмағанын;
      2) демпингтік импорт мүше мемлекеттер нарығында ұқсас тауар бағасының айтарлықтай төмендеуіне алып келгенін не келмегенін;
      3) демпингтік импорт осындай импорт болмаған жағдайда орын алатын, мүше мемлекеттер нарығында ұқсас тауар бағаларының айтарлықтай өсуіне кедергі келтіргенін не келтірмегенін анықтайды.
      71. Егер бір мезгілде жүргізілген тергеп-тексерудің нысанасы бір экспорттаушы үшінші елден көп Одақтың кедендік аумағына тауардың импорты болып табылатын жағдайда, тергеп-тексерулер жүргізетін орган мұндай импорттың жиынтық әсер етуін, егер:
      1) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар импортына қатысты айқындалған демпингтік маржа әрбір экспорттаушы үшінші елден ең аз рұқсат етілетін демпингтік маржадан асса, ал әрбір экспорттаушы үшінші елден осы тауар импортының көлемі осы Хаттаманың 223-тармағының ережелерін есепке ала отырып, елеусіз болып табылмайтыны;
      2) тауар импортының жиынтық әсер етуін бағалау импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттарын және мүше мемлекеттерде өндірілген импорттық тауар мен ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын есепке ала отырып, мүмкін болып табылатыны анықталған жағдайда бағалауы мүмкін.
      72. Мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуін талдау мүше мемлекеттер экономика саласының жай-күйіне қатысы бар барлық экономикалық факторларды:
      оған бұрын орын алған демпингтік немесе субсидияланған импорттың әсер етуінен кейін мүше мемлекеттер экономика саласының экономикалық жағдайын қалпына келтіру дәрежесін;
      болған немесе болашақта болуы мүмкін өндірістің қысқаруын, тауардың сатылуын, оның мүше мемлекеттер нарығындағы үлесін, пайдасын, өнімділігін, тартылған инвестициялардан немесе өндірістік қуаттарды пайдаланудан түсетін кірістерді;
      мүше мемлекеттер нарығындағы тауар бағаларына әсер ететін факторларды;
      демпингтік маржаның мөлшерін;
      болған немесе болашақта болуы мүмкін тауар өндірісінің өсу қарқынына, тауар қорына, жұмыспен қамту деңгейіне, жалақыға, инвестициялар тарту мүмкіндігіне және қаржылық жағдайға жағымсыз әсерді қоса алғанда бағалаудан тұрады.
      Бұл ретте бір де бір фактор демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды анықтау үшін шешуші мәнге ие бола алмайды.
      73. Мүше мемлекеттердің экономика саласындағы демпингтік импорт пен залал арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуы туралы қорытынды тергеп-тексерулер жүргізетін органның иелігінде де бар іске қатысты барлық дәлелдемелер мен мәліметтердің талдауына негізделуге тиіс.
      74. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган демпингтік импорттан басқа, оның салдарынан сол кезеңде мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретін басқа белгілі факторларды да талдайды.
      Іске қатысты ретінде қаралуы мүмкін факторлар, атап айтқанда, демпингтік бағалар бойынша сатылмаған импортталатын тауардың көлемі мен бағасын, тұтыну құрылымындағы сұраныстың қысқаруын немесе өзгерісті, шектеулі сауда практикасын, технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ, мүше мемлекеттер экономика саласының экспорттық көрсеткіштері мен өнімділігін қамтиды.
      Мүше мемлекеттер экономика саласының осы факторларының салдарынан келтірілген залал Одақтың кедендік аумағына демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалға жатқызылмауға тиіс.
      75. Мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуі, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, оны өндірушілердің ұқсас тауарды сатуы және пайда сияқты осындай критерийлер негізінде ұқсас тауарды өндіруді бөліп көрсетуге мүмкіндік берсе, мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндіруге қатысты бағаланады.
      Егер қолда бар деректер ұқсас тауар өндірісін бөліп көрсетуге мүмкіндік бермеген жағдайда, мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуі өзіне ұқсас тауарды қамтитын және олар туралы қажетті деректер бар тауарлардың неғұрлым шағын тобын немесе номенклатурасын шығаруға қатысты бағаланады.
      76. Демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупін анықтаған кезде тергеп-тексерулер жүргізетін орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде:
      1) мұндай импорттың бұдан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын демпингтік импорттың өсу қарқынын;
      2) демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарды экспорттаушыда жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау мүмкіндігін есепке ала отырып, осы тауардың демпингтік импортын ұлғайтудың нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын оларды ұлғайтудың анық бұлтартпаушылығының болуын;
      3) егер мұндай баға деңгейі мүше мемлекеттер нарығында ұқсас тауар бағасының төмендеуіне немесе оны ұстап тұруға және тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарға сұраныстың одан әрі өсуіне алып келуі мүмкін болса, тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар бағасының деңгейін;
      4) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар қорының экспорттаушыда болуын есепке алады.
      77. Мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупінің болуы туралы шешім, егер осы Хаттаманың 76-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тергеп-тексеру барысында тергеп-тексерулер жүргізетін орган демпингтік импортты жалғастырудың бұлтартпастығы және мұндай импортқа демпингке қарсы шараны қабылдамаған жағдайда мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіргені туралы қорытындыға келген жағдайда қабылданады.

6. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу



      78. Егер тергеп-тексеру аяқталғанға дейін тергеп-тексерулер жүргізетін орган алған ақпарат демпингтік импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына залалдың болуы туралы куәландырса, Комиссия осы Хаттаманың 7-тармағында көрсетілген баяндама негізінде тергеп-тексеру жүргізілген кезеңде демпингтік импорт келтірген мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды болғызбау мақсатында алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылдайды.
      79.  Алдын ала демпингке қарсы баж тергеп-тексеру басталған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен бұрын енгізілмейді.
      80. Алдын ала демпингке қарсы баждың мөлшерлемесі мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды жою үшін жеткілікті, бірақ алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшерінен жоғары болмауға тиіс.
      81. Егер алдын ала демпингтік баждың мөлшерлемесі алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшеріне тең болған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі, егер бұл мерзім, үлесі тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлемінде үлкен бөлігін құраған экспорттаушылардың өтініші негізінде 6 айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, 4 айдан аспауға тиіс.
      82. Егер алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесі алдын ала есептелген демпингтік маржадан аз болған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі, егер бұл мерзім, үлесі тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлемінде үлкен бөлігін құраған экспорттаушылардың өтініші негізінде 9 айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, 6 айдан аспауға тиіс.
      83. Егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіздер жоқ деп анықтаса не осы Хаттаманың 272-тармағына сәйкес демпингке қарсы шараны қолданбау туралы шешім қабылдаса, алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіздердің жоқ екені туралы не Комиссияның демпингке қарсы шара қолданбау туралы шешім қабылданғаны туралы уақтылы хабардар етеді.
      84. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі қаупінің болуы негізінде демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала демпингке қарсы баждың сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      85. Егер тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың болуы немесе оны келтіру қаупінің болуы негізінде алдын ала демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім қабылданса (алдын ала демпингке қарсы бажды енгізбеу мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың болуын айқындауға алып келуі жағдайында), алдын ала демпингке қарсы баж сомалары демпингке қарсы бажды қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап осы Хаттаманың 86 және 87-тармақтарының ережелерін есепке ала отырып, осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есепке жатқызуға және бөлуге жатады.
      86. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесіне қарағанда демпингке қарсы баждың барынша төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, алдын ала демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есепке жатқызуға және бөлуге жатады.
      Демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасынан асатын алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      87. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесіне қарағанда демпингке қарсы баждың неғұрлым жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, демпингке қарсы баж бен алдын ала демпингке қарсы баж сомалары арасындағы айырма алынбайды.
      88. Алдын ала демпингке қарсы баж тергеп-тексеруді бір мезгілде жалғастырған жағдайда қолданылады.
      89. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім, әдетте, тергеп-тексеру басталған күннен бастап 7 айдан кешіктірмей қабылданады.

7. Тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар


экспорттаушысының баға міндеттемелерін қабылдауы

      90. Тергеп-тексеруді тергеп-тексерулер жүргізетін орган тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушыдан осы тауарға бағаларды қайта қарау немесе Одақтың кедендік аумағына оның қалыпты құнынан төмен бағалар бойынша экспорттауды тоқтату туралы жазбаша нысанда баға міндеттемелерін алған кезде (мүше мемлекеттерде экспорттаушымен байланысты адамдар болған кезде бұл адамдардың осы міндеттемелерді қолдайтыны туралы өтініші де қажет), егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган көрсетілген міндеттемелерді қабылдау демпингтік импортпен келтірілген залалды жояды деген қорытындыға келсе және Комиссия оларды мақұлдау туралы шешім қабылдаса, тоқтатуы немесе тоқтата тұруы мүмкін.


      Тауар бағасының деңгейі осы міндеттемелерге сәйкес демпингтік маржаны жою үшін бұл қажетті деңгейге қарағанда жоғары болмауға тиіс.
      Тауар бағасының көтерілуі, егер мұндай көтерілу мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды жою үшін жеткілікті болып табылса, демпингтік маржадан аз болмауы мүмкін.
      91. Комиссия баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді тергеп-тексерулер жүргізетін орган демпингтік импорттың және осыған негізделген мүше мемлекеттердің экономика саласына залалдың болуы туралы алдын ала қорытындыға келмегенге дейін қабылдамайды.
      92. Комиссия баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді, егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды нақты немесе әлеуетті экспорттаушылар санының көп болуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша оларды мақұлдаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келмейінше қабылдамайды.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүмкіндігінше экспорттаушыларға олардың баға міндеттемелерін мақұлдау қолайсыз деп танылған себептерді хабарлайды және оларға осыған байланысты өз түсініктемелерін беру мүмкіндігін ұсынады.
      93. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган баға міндеттемелерін қабылдаған әрбір экспорттаушыға оны мүдделі тұлғаларға ұсыну мүмкіндігі болу үшін олардың құпия емес нұсқасын беру туралы сұрау жібереді.
      94. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган экспорттаушыларға баға міндеттемелерін қабылдауды ұсына алады, бірақ оларды қабылдауды талап ете алмайды.
      95. Комиссия баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешім қабылдаған жағдайда, демпингке қарсы тергеп-тексеру тауар экспорттаушының өтініші бойынша немесе тергеп-тексерулер жүргізетін органның шешімі бойынша жалғастырылуы мүмкін.
      Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексерулер жүргізетін орган демпингтік импорттың немесе оған негізделген мүше мемлекеттердің экономика саласына залалдың жоқ екені туралы қорытындыға келсе, егер көрсетілген қорытынды айтарлықтай дәрежеде осындай міндеттемелердің болуының нәтижесі болып табылатын жағдайды қоспағанда, баға міндеттемелерін қабылдаған экспорттаушы осындай міндеттемелерден автоматты түрде босатылады. Егер жасалған қорытынды айтарлықтай дәрежеде баға міндеттемелерінің болуының нәтижесі болып табылатын жағдайда, Комиссия осындай міндеттемелер қажетті уақыт кезеңінің ішінде күшінде қалуға тиіс екені туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      96. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексерулер жүргізетін орган демпингтік импорттың болуы және оған негізделген мүше мемлекеттердің экономика саласына залалдың болғаны туралы қорытындыға келсе, экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелері олардың шарттарына және осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес әрекет етуді жалғастырады.
      97. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган экспорттаушыдан Комиссия мақұлдаған баға міндеттемелерін, олардың орындалуына қатысты мәліметтерді, сондай-ақ осындай мәліметтерді тексеруге келісімді сұрауға құқылы.
      Сұрау салынатын мәліметтерді тергеп-тексерулер жүргізетін орган белгілеген мерзімде бермеу, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келіспеу экспорттаушының қабылданған баға міндеттемелерін бұзғаны болып есептеледі.
      98. Экспорттаушы баға міндеттемелерін бұзған немесе кері қайтарып алған жағдайда, Комиссия алдын ала демпингке қарсы бажды (егер тергеп-тексеру әлі аяқталмаса) немесе демпингке қарсы бажды (егер түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіз бар екені туралы куәландырса) енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      Экспорттаушы қабылданған баға міндеттемелерін бұзған жағдайда, оған осындай бұзушылыққа байланысты түсініктеме беруге мүмкіндік беріледі.
      99. Комиссияның баға міндеттемелерін мақұлдау туралы актісінде алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесі немесе осы Хаттаманың 98-тармағына сәйкес енгізілуі мүмкін демпингке қарсы баж айқындалуға тиіс.

8. Демпингке қарсы бажды енгізу және қолдану



      100. Демпингке қарсы баж (баға міндеттемелері осы Хаттаманың 90 - 99-тармақтарына сәйкес Комиссия мақұлдаған экспорттаушылар жеткізетін тауарды қоспағанда) барлық экспорттаушылар жеткізетін және мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретін демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарға қатысты қолданылады.
      101. Демпингке қарсы баждың мөлшері мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды жою үшін жеткілікті болуға тиіс, бірақ есептелген демпингтік маржа мөлшерінен жоғары болмауға тиіс.
      Егер мұндай мөлшер мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды жою үшін жеткілікті болып табылса, Комиссия есептелген демпингтік маржаның мөлшеріне қарағанда аз мөлшерде демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      102. Комиссия жеке демпингтік маржа есептелген демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауардың әрбір экспорттаушысы немесе өндірушісі жеткізетін тауарға қатысты демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшерін белгілейді.
      103. Осы Хаттаманың 102-тармағында көрсетілген демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшерінен басқа, Комиссия тергеп-тексеру барысында есептелген анағұрлым жоғарғы демпингтік маржа негізінде жеке демпингтік маржа есептелмеген экспорттаушы үшінші елден тауардың басқа барлық экспорттаушылары немесе өндірушілері жеткізетін тауарға демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесін белгілейді.
      104. Демпингке қарсы баж, егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша осы тауарға қатысты төмендегілер анықталған болса, алдын ала демпингке қарсы баж енгізілген күнге дейін күнтізбелік 90 күннен ерте емес, орналастыру шарты демпингке қарсы баждарды төлеу болып табылатын кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарларға қатысты қолданылуы мүмкін:
      1) бұрын залал келтірген демпингтік импорттың болуы немесе импорттаушы экспорттаушының тауарды оның қалыпты құнынан төмен бағамен жеткізгенін және тауардың мұндай импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіруі мүмкін екенін білсе немесе білуге тиіс болса;
      2) мүше мемлекеттердің экономика саласына залалдың салыстырмалы қысқа уақыт кезеңі ішінде елеулі өскен демпингтік импортпен келтірілгенін, оның ұзақтығы мен көлемін, сондай-ақ басқа мән-жайларды (оның ішінде импортталатын тауардың қоймалық қорларының жылдам өсуі) есепке ала отырып, демпингке қарсы бажды енгізуден қалпына келтіру тиімділігін осы тауардың импорттаушыларына тергеп-тексеру аяқталғанға дейін түсініктемелер беру мүмкіндігі берілген жағдайда айтарлықтай азайтуы мүмкін.
      105. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру басталған күннен кейін Шартта көзделген ресми көздерде осы Хаттаманың 104-тармағына сәйкес тексеру объектісі болып табылатын тауарға қатысты демпингке қарсы бажды қолдану мүмкіндігі туралы ескертуі бар хабарлама жариялайды.
      Мұндай хабарламаны жариялау туралы шешімді тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүше мемлекеттер экономика саласының осы Хаттаманың 104-тармағында көрсетілген талаптар орындалуының жеткілікті дәлелдемелерін қамтитын сұрау салу бойынша немесе тергеп-тексерулер жүргізетін органның қолында осындай дәлелдемелер болған кезде өз бастамасы бойынша қабылдайды.
      Демпингке қарсы баж осы тармақта көрсетілген хабарлама ресми жарияланған күнге дейін орналастыру шарты демпингке қарсы баждарды төлеу болып табылатын кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарларға қатысты қолданыла алмайды.
      106. Мүше мемлекеттердің заңнамасында осы Хаттаманың 104-тармағына сәйкес мүдделі тұлғаларға демпингке қарсы баждың қолданылу мүмкіндігі туралы хабарлаудың қосымша тәсілдері белгіленуі мүмкін.

9. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі және оны қайта қарау



      107. Демпингке қарсы шара демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды жою үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде Комиссияның шешімі бойынша қолданылады.
      108. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі осындай шараны қолдану басталған күннен немесе өзгермелі мән-жайларға байланысты және бір мезгілде демпингтік импорттың талдауына қатысты және мүше мемлекеттердің экономика саласына келген залалға байланысты немесе демпингке қарсы іс-қимыл мерзімінің өтуіне байланысты өткізілген қайта тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап 5 жылдан аспауға тиіс.
      109. Демпингтік шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеп-тексеру осы Хаттаманың 186 - 198-тармақтарының ережелеріне сәйкес берілген жазбаша нысандағы өтініштің негізінде не тергеп-тексерулер жүргізетін органның өз бастамасы бойынша жүргізіледі.
      Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеп-тексеру өтініште демпингтік импортты жаңарту не жалғастыру және демпингке қарсы шараның қолданысын тоқтату кезінде мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер болған кезде жүргізіледі.
      Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеп-тексеру жүргізу туралы өтініш демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кешіктірмей беріледі.
      Қайта тергеп-тексеру демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басталуға тиіс және ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс.
      Осы тармаққа сәйкес жүргізілетін қайта тергеп-тексеру аяқталғанға дейін демпингке қарсы шараны қолдану Комиссияның шешімі бойынша ұзартылады. Алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен тиісті демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылатын мерзім ішінде қолданылу мерзімі қайта тергеп-тексеру жүргізуге байланысты ұзартылатын, демпингке қарсы шараны қолдануға байланысты белгіленген демпингке қарсы баж мөлшерлемелері бойынша демпингке қарсы баждар төленеді.
      Егер демпингке қарсы шараны қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты тергеп-тексерулер жүргізетін орган қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараларды қолдануға негіздердің жоқ екенін анықтаса не осы Хаттаманың 272-тармағына сәйкес демпингке қарсы шара қолданбау туралы шешім қабылдаса, демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын демпингке қарсы шараларды қолдану негіздерінің жоқ екені туралы не Комиссияның демпингке қарсы шараны қолданбау туралы шешім қабылдағаны туралы уақтылы хабардар етеді.
      Егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты қайта тергеп-тексеру жүргізуінің нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импортты қалпына келтіру не жалғастыру және залал келтіру мүмкіндігін анықтаған болса, Комиссия демпингке қарсы шараның қолданылуын ұзартады. Демпингке қарсы шараны ұзарту туралы Комиссия шешімі күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баждар сомалары демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзімнің ішінде осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есепке жатқызуға және бөлуге жатады.
      110. Мүдделі тұлғаның өтініші бойынша, егер демпингке қарсы шараны енгізгеннен кейін кемінде 1 жыл өткен жағдайда немесе тергеп-тексерулер жүргізетін органның бастамасы бойынша демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастырудың орындылығын айқындау және (немесе) өзгерген мән-жайларға байланысты оны қайта қарау (оның ішінде демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің дербес мөлшерін қайта қарау) мақсатында қайта тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін.
      Қайта тергеп-тексеруді жүргізу туралы өтінішті беру мақсатына байланысты мұндай өтініш өзгерген мән-жайларға байланысты:
      демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастыру демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл және демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін талап етілмейтін;
      демпингке қарсы шараның қолданыстағы мөлшері демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл және демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асатын;
      қолданыстағы демпингке қарсы шара демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл және демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіз деген дәлелдемелерді қамтуға тиіс.
      Осы тармаққа сәйкес жүргізілетін қайта тергеп-тексеру басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс.
      111. Қайта тергеп-тексеру тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде демпингтік импорт нысанасы болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асырмаған экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында да жүргізілуі мүмкін.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін орган мұндай қайта тергеп-тексеруді аталған экспорттаушы немесе өндіруші оны жүргізу туралы, экспорттаушы немесе тауар өндіруші демпингке қарсы шара қолданылатын экспорттаушы және өндірушімен байланысты еместігін және осы экспорттаушы немесе өндіруші тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды Одақтың кедендік аумағына жеткізуді жүзеге асыратындығын немесе тоқтатылуы немесе кері қайтарылуы осы экспорттаушы немесе тауар өндіруші үшін едәуір шығынға немесе айтарлықтай айыппұл санкцияларына әкеп соқтыратын Одақтың кедендік аумағында мұндай тауардың елеулі көлемін жеткізу туралы шарттық міндеттемелерге байланысты екенін дәлелдейтін дәлелдемелерін қамтитын өтініш берген жағдайда бастауы мүмкін.
      Экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында қайта тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде Одақтың кедендік аумағына тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды жеткізуге қатысты демпингке қарсы бажды мұндай қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін осы экспорттаушы немесе өндіруші төлемейді. Бұл ретте қайта тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде Одақтың кедендік аумағына әкелінген (кіргізілген) мұндай тауарға қатысты осы тармақта белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып, кедендік әкелу баждарын төлеуді қамтамасыз ету үшін демпингке қарсы бажды төлеуді Еуразия экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген тәртіппен қамтамасыз ету беріледі.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын қайта тергеп-тексерудің басталатын күні туралы уақтылы хабардар етеді.
      Демпингке қарсы бажды төлеуді қамтамасыз ету осы Хаттаманың 103-тармағына сәйкес белгіленген демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасының мөлшерінде ақшалай қаражатпен (ақшамен) беріледі.
      Егер қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда, демпингке қарсы баж мұндай қайта тергеп-тексеру жүргізу кезеңі үшін төлеуге жатады. Қамтамасыз ету сомасы қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданған демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесіне сүйене отырып айқындалған мөлшерде демпингке қарсы бажды төлеу есебінен есепке жазуға және осы тармақтың ережелерін есепке ала отырып, осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есепке жатқызуға және бөлуге жатады.
      Егер қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша одан демпингке қарсы бажды төлеуді қамтамасыз ету мөлшері айқындалған мөлшерлемеге қарағанда демпингке қарсы баждың барынша жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша белгіленген мөлшерлеме бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомалары мен демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесі арасындағы айырма алынбайды.
      Демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасынан асатын қамтамасыз ету сомасы Еуразия экономикалық одағының Кеден кодексінде көзделген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.
      Осы тармақта көзделген қайта тергеп-тексеру мүмкіндігінше 12 айдан аспайтын қысқа мерзімде жүргізіледі.
      112. Дәлелдемелерді ұсыну мен демпингке қарсы тергеп-тексеру жүргізуге қатысты осы Хаттаманың VI бөлімінің ережелері тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып, осы Хаттаманың 107 — 113-тармақтарында көзделген қайта тергеп-тексерулерге қатысты қолданылады.
      113. Осы Хаттаманың 107 - 112-тармақтарының ережелері тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып, осы Хаттаманың 90 — 99-тармақтарына сәйкес экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге қатысты қолданылады.

10. Демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтау



      114. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін демпингке қарсы шараны айналып өту деп демпингке қарсы бажды төлеуді не экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін орындауды айналып өту үшін тауарды жеткізу тәсілін өзгерту түсініледі.
      115. Демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтау мақсатында қайта тергеп-тексеру мүдделі тұлғаның өтініші негізінде не тергеп-тексерулер жүргізетін органның жеке бастамасы бойынша жүргізіледі.
      116. Осы Хаттаманың 115-тармағында көрсетілген өтініш мынадай дәлелдемелерді қамтуға тиіс:
      1) демпингке қарсы шараны айналып өту;
      2) демпингке қарсы шараның әрекетін оны айналып өту және осы фактордың мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауар өндірісінің көлеміне және (немесе) оны сатуға және (немесе) оның бағасына әсерінің салдарын бейтараптандыру;
      3) демпингке қарсы шараны айналып өту нәтижесінде тауардың (осындай тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктерінің) демпингтік импортының болуы. Бұл ретте тауардың, оның құрамдас және туынды бөліктерінің қалыпты құны ретінде салыстыру мақсатында нәтижелері бойынша Комиссия тиісті түзетулерді есепке ала отырып, демпингке қарсы шара енгізген тергеп-тексеру барысында айқындалған олардың қалыпты құны қабылданады.
      117. Демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтау мақсатында қайта тергеп-тексеру ол басталған күннен бастап 9 ай ішінде аяқталуға тиіс.
      118. Осы Хаттаманың 115 - 120-тармақтарына сәйкес жүргізілген қайта тергеп-тексеру кезеңінде Комиссия экспорттаушы үшінші елден Одақтың кедендік аумағынан импортталатын демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ өзге экспорттаушы үшінші елден Одақтың кедендік аумағына импортталатын демпингтік импорттың нысанасы болып табылған тауарға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы бажды енгізуі мүмкін.
      119. Егер осы Хаттаманың 115 - 120-тармақтарына сәйкес жүргізілген қайта тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша тергеп-тексерулер жүргізетін орган демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтамаса, осы Хаттаманың 118-тармағына сәйкес және алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын демпингке қарсы шараны айналып өту анықталмағаны туралы уақтылы хабардар етеді.
      120. Демпингке қарсы шара осы Хаттаманың 115 - 120-тармақтарына сәйкес жүргізілген қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараны айналып өту анықталған жағдайда, Комиссия демпингтік импорттың нысанасы болып табылған тауардың экспорттаушы үшінші елден Одақтың кедендік аумағына импортталатын құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ демпингтік импорттың нысанасы болып табылған тауарға және (немесе) өзге экспорттаушы үшінші елден Одақтың кедендік аумағына импортталатын оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына қолданылуы мүмкін. Комиссияның осы тармақта көрсетілген демпингке қарсы шараны енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы баждардың сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есепке жатқызуға және бөлуге жатады.

V. Өтемақы шаралары

      121. Мыналар:
      1) субсидиялаушы орган жүзеге асыратын, субсидия алушыға қосымша артықшылықтар беретін және экспорттаушы үшінші елдің аумағы шегінде көрсетілетін, оның ішінде:
      ақша қаражатын (оның ішінде дотация, қарыздар және акцияларды сатып алу түрінде) немесе осындай қаражатты (оның ішінде қарыздар бойынша кепілдеме түріндегі) аудару бойынша міндеттемелерді тікелей аудару;
      экспортталатын тауарды ішкі тұтынуға арналған ұқсас тауардан алынатын салықтардан немесе баждардан босату жағдайларын қоспағанда не осындай салықтарды немесе баждарды нақты төленген сомалардан аспайтын мөлшерде азайтуды немесе қайтаруды қоспағанда, экспорттаушы үшінші елдің кірісіне түсуге тиіс болатын (оның ішінде салықтық кредиттерді ұсыну арқылы) қаражатты есептен шығару не алып қоюдан толық немесе ішінара бас тарту;
      жалпы инфрақұрылымды, яғни нақты өндірушімен және (немесе) экспорттаушымен байланысты емес инфрақұрылымды қолдау мен дамытуға арналған тауарларды не көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, тауарларды не көрсетілетін қызметтерді жеңілдікпен немесе өтеусіз ұсыну;
      тауарларды жеңілдікпен сатып алу нысанындағы;
      2) субсидия алушыға қосымша артықшылықтар беретін, тікелей немесе жанама нәтижесі экспорттаушы үшінші елден тауар экспортын ұлғайту немесе осы үшінші елге ұқсас тауар импортын қысқарту болып табылатын кірістерді немесе бағаларды қолдаудың кез келген нысанындағы қаржылық жәрдемдесу субсидия деп түсініледі.

1. Экспорттаушы үшінші елдің субсидияларын өзіндік


жүктеу 3,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау