29
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ (ор. Евразийская интеграция, ағыл.
– Eurasian integration) – Еуразиялық одақ туралы Н.Ə.Назарбаевтың идея-
сы, халықаралық қатынастар аясында қарастырылатын идея, еуразиялық
кеңістіктегі мемлекеттердің бірігу қажеттігін негіздеудің жаңа тұжырымда-
малық көзқарасы, тарих ортақтығына орайлас интеграцияның, еуразиялық
кеңістіктегі халықтар мен мемлекеттердің саяси, экономикалық жəне əлеу-
меттік аспектілер жағынан оң ықпалдастығының жаңа типі. Еуразиялық
интеграция идеясын алғаш рет Н.Ə.Назарбаев 1994 жылы М.В.Ломоносов
атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінде оқыған дəрісінде жария етті.
2014 жылы Астанада «Еуразиялық интеграция: қазіргі даму үрдістері жəне
жаһандану қатерлері» атты халықаралық форумда сөйлеген сөзінде ол еура-
зиялық интеграцияның негізгі қағидаты еріктілік ұстаным екеніне тағы да на-
зар аудартты: «Еуразиялық интеграция – КСРО уақытына қайта оралу емес.
Əлем өзгерген, біз де өзгердік. Сондықтан əр ел интеграциялық үдеріске
қатысуын өз бетінше дербес шешуге хақылы», - деп көрсетті Н.Ə.Назарбаев.
ТМД кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің бəріне еріктілік пен тең
құқықтылық қағидаты ғана негіз болуға тиіс.
Еуразиялық интеграция жолындағы алғашқы қадам 1995 жылы Еуразия-
лық экономикалық қоғамдастықтың құрылуы болды. Оны құрудағы мақсат
– ұйымға кіретін елдердің сыртқы кедендік ортақ шекараларын қалыптас-
тыру, сыртқы экономикалық саясат, тарифтер мен бағаларды, ортақ нарық
құратын басқа да факторларды біріктіру. 2000 жылдың мамыр айында Ресей
Президенті Владимир Путин бұл қоғамдастықты өзгертуге бастама көтерді.
Бір жыл өткен соң ЕурАзЭҚ-тың жаңа құрамына РФ, Беларусь, Қазақстан,
Тəжікстан жəне Қырғыз Республикалары кірді.
Ресей, Беларусь пен Қазақстанның Кедендік одақ құруы еуразиялық ин-
теграцияның екінші кезеңі болды. Бұл Одақ ішінде бірдей кедендік тариф
қолданылатын болды, кедендік баж салығы салынбайтын болды, арнайы
қорғалуға тиісті, демпингке қарсы жəне өтемдік шаралардан басқа экономи-
калық сипаттағы шараларға шектеу қойылмайтын болды. 2007 жылдың 6 қа-
занында Кедендік одақ құру жөніндегі шартқа қол қойылды, ал Кедендік одақ
жұмысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан басталды.
Интеграцияның үшінші кезеңінде Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК)
құрылды. Бұл жөніндегі шешімді 2009 жылдың 27 қарашасында Мəскеуде
Ресей, Беларусь, Қазақстан басшылары қабылдаған болатын. БЭК мақсаты –
өзара саудадағы кедергілерді алып тастау, тауарлардың, қызметтердің, капи-
тал мен жұмыс күшінің ортақ нарығын құру, сондай-ақ келісілген валюталық
саясат ұстау.
Еуразиялық интеграцияның төртінші кезеңі 2014 жылдың 29 мамырында
Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қоюмен
жəне қатысушы елдерде Шарттың ратификациялануымен айшықталады (қар.
Еуразиялық идея, Еуразиялық сəйкестілік).
30
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ЕУРАЗИЯЛЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК (ор. Евразийская идентичность, ағыл.
– Eurasian identity) – Еуразия халықтарын тарихи, əлеуметтік-мəдени, эко-
номикалық тұтас қауымдастық болып бірдейлестіру, Еуразия халықтары-
ның мəдениетін – славяндық жəне түркілік, мұсылмандық жəне православ-
тық мəдениеттерді – бір-бірімен қатысымда болатын жəне бірін-бірі байы-
татын құбылыс ретінде қабылдау. Əдебиеттерде мұның анықтамасы əлі
де тұрақталмағаны байқалады: Е.с.-тің өзегі не болатыны туралы ғылыми
пікірталастар баршылық. Мұны негіздеуге жасалған талпыныс пен бастау
көздерді Л.Н.Гумилевтің «Көне Русь жəне Ұлы Дала», «Каспий маңындағы
мыңжылдық» т.б. еңбектерінен табуға болады. Мұның негізінде екі ірі өрке-
ниеттің отырықшылық пен номадшылдық, жер өңдеушілер мен көшпелілер
мəдениетінің тарихи тағдырының ортақтастығы мен өзара ықпалдастығы
жатыр.
Түркі жəне славян жазуының бір-біріне өзара əсер ету үдерісінің сыр-
ларын ашатын маңызды еңбек – О.Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабы (1973).
Қазіргі кезеңде Еуразия елдерінің интеграциясының ықпалымен еуразиялық
сəйкестілікті жаңаша ұғынып, жаңаша бағалау қолға алынды (қар. Еуразия-
лық интеграция).
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ (қысқа. ЕАЭО) (ор. Ев-
разийский экономический союз, ағыл. Eurasian Economic Union) – халық-
аралық интеграциялық экономикалық бірлестік (одақ), ЕурАзЭҚ Кедендік
одағының негізінде осы Одақты құру туралы шартқа 2014 жылдың 29 ма-
мырында қол қойылды (2015 жылдың 1 қаңтарынан заңды күшіне енеді).
Одақтың құрамына Ресей, Қазақстан жəне Беларусь енді. ЕАЭО қатысушы
елдердің экономикаларын нығайту үшін жəне «бір-бірімен жақындасу»
үшін, əлемдік нарықта осы елдердің бəсекеге қабілеттілігін арттырып,
заманауиландыру үшін құрылған. Одақтың ұлттан жоғары органы Еура-
зиялық экономикалық жоғарғы кеңес болып саналады. Кеңеске мемлекет
пен үкіметтердің басшылары енеді. Жоғарғы кеңес кемінде жылына бір рет
мемлекет басшыларының, кемінде екі жылда бір рет үкімет басшыларының
деңгейлерінде жиналатын болады. Шешімдер консенсуспен қабылданады.
Қабылданған шешімдерді қатысушы мемлекеттердің бəрі орындауға мін-
детті. Жоғарғы кеңес басқа реттеуші құрылымдардың құрамы мен өкілетті-
гін белгілейді. Еуразиялық экономикалық жоғарғы кеңес құрамы: мемлекет
басшылары А.Г.Лукашенко (Беларусь), Н.Ə.Назарбаев (Қазақстан Респуб-
ликасы), В.В.Путин (Ресей Федерациясы); үкімет басшылары М.В.Мясни-
кович (Беларусь), К.Қ.Мəсімов (Қазақстан Республикасы), Д.А.Медведев
(Ресей Федерациясы).
ЕУРОПАЦЕНТРИЗМ (ор. европоцентризм, ағыл. eurocentrism) – өзіне
тəн рухани қалпымен Еуропа əлемдік мəдениет пен өркениеттің орталығы
Достарыңызбен бөлісу: |