Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет11/180
Дата17.02.2018
өлшемі6,97 Kb.
#10028
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   180

23
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
- Г -
ГЕТТО (итал. тілінен ghetto, ор. гетто, ағыл. ghetto) – ұлттық, нəсілдік 
немесе діни белгілеріне қарай кемсітілген адамдарды оқшау тұрғызуға неме-
се қоныстандыруға орта ғасыр дəуірінде қаладан арнайы бөлінген аудан. 
Гетто  формасында  қоныстандырудың  алғашқы  тəжірибесі 1280 жылы 
Мароккода жүзеге асырылған. Еврей тұрғындарының санын өсірмеу мақса-
тында осы орамдардағы үйлердің санын шектеген. 16 ғасырда еврей гетто-
лары Батыс жəне Орталық Еуропа елдерінде кеңінен таралады. Ескерте кету 
керек, орта ғасырларда еврейлердің ықшам қоныстануы, кəсіби немесе діни 
топтың əрқайсысы оқшау тұруға ұмтылған жəне бұл сол дəуірдің корпора-
тивтік рухына əдеттегі жағдай болған. Алайда 14-15 ғасырларда еврей гетто-
лары күштеп жасалды. 1555 жылы Павел IV Папа шығарған буллаға сəйкес 
барлық Папа жерлеріндегі еврейлер дуалмен қоршаулы арнаулы орындарға 
біржола қоныстануға тиіс болды, олардың гетто шекарасынан түнгі уақыттар 
мен христиан мерекелері кезінде шығуға хақылары жоқ болатын. Қоныстар-
дың ішіндегі тұрмысты раввиндер реттеп отырды. Геттолардың осындай тір-
шілік режимі Италияда, Германияда, Чехияда, Польшада, Литвада орнады. 
Ең ірі геттолар Римде, Венецияда, Майндағы Франкфуртте, Прагада болған. 
Халықтың өсуіне қарамастан, геттоның аумағын кеңейтуге рұқсат берілмеді, 
осының  салдарынан  халқы  тым  көп  еврей  орамдары  антисанитариялық
ахуалға тез ұшырайтын. 
Еуропадағы  еврей  геттоларының  жүйесі  Наполеон  соғыстары  кезеңінде 
күйреді. Франция Императоры жаулап алған елдерінде адамды діни белгілері 
бойынша дискриминациялауға жол бермейтін азаматтық құқық жүйесін ор-
натып отырды. Еуропадағы соңғы гетто – Римдегі гетто – тек 1870 жылы ғана 
жабылды. 1939-45 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер 
Шығыс Еуропадағы басып алған қалаларында еврей геттоларын құрған. Шын 
мəнінде,  бұлар  тұтқындары  жаппай  дерлік  қырылған  өзіндік  концлагерлер 
еді. Мұсылман елдерінде еврейлердің қалалық ықшам қоныстары 20 ғасырда 
Израильге жаппай көшу кезіне дейін болған. 
Қазіргі кезде кейде «гетто» сөзі аз ұлттар тұратын қала аудандарын атау 
үшін қолданылады, бірақ көбінесе бұл сөзбен жақсарудан үміт жоқ, адам төз-
гісіз тіршілік жағдайларындағы кедейлер тұратын қала аудандарын да атайды 
(қар. Апартеид, Ұлттық антагонизм, Дискриминация, Сегрегация, Ксенофо-
бия).
- Д- 
ДЕМОГРАФИЯ  (ор.  демография,  ағыл.  demography,  грек.  demos  халық 
+  grapho  жазамын) – халық  пен  оның  даму  заңдылығын  зерттейтін  ғылым 


24
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
(ұрпақ  алмасу,  өсу  мөлшерін,  ұлттық  құрамын,  аумақ  пен  өңірге  бөлінуін, 
сыртқы жəне ішкі көші-қондарын т.б.). Д. халық саны мен əртүрлі мемлекет-
терде тілдердің таралуының арақатысын, сонымен бірге тілдер мен диалек-
тілердің даму динамикасын ескереді, мысалы, əр тілде сөйлеушілер санына 
байланысты  жұрттың  демографиялық  қуаты  анықталады.  Демографиялық 
тұрғыдан бірдей тілдік ахуалдар мен демографиялық тұрғыдан тең емес тіл-
дік ахуалдар болады. Мыс., Бельгияда демографиялық жағынан бірдей тілдік 
жағдаят байқалады: тұрғындарының 39,1%  – франктілді валлондар, 50,7% 
–  фламандтар.  Қазақстандағы  тілдік  ахуал  демографиялық  жағынан  бірдей 
емес (қар. Халық санағы, Тілдік ахуал).
ДЕМОКРАТИЯ  (грек.  demos  халық + kratos  билік;  ор. – демократия
ағыл. democracy) – халық өкіметі (сайланып қойған өкімет органдарын құру), 
саяси плюрализм мен көппартиялылық, заң алдында баршаның теңдігі, аза-
маттардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін сақтау ұстанымда-
рына негізделген қоғамның, саяси режимнің, қоғамды саяси ұйымдастыру-
дың формасы. Демократия дегеніміз – билік басындағылардың азаматтар ал-
дында қоғамдық саладағы өз іс-əрекеттері үшін жауап беруі, ал азаматтардың 
өз мүдделерін бəсекелестік пен өздері сайлаған өкілдерімен өзара əрекеттесу 
арқылы жүзеге асыруы. Кез келген басқа жүйе сияқты демократия да билік
басындағыларға  басқаруда  ерекше  рөл  атқаратын  жəне  заң  бойынша  өкім 
жүргізу қызметі берілген адамдарға тəуелді. Демократиялық жүйенің демо-
кратиялық  емес  жүйеден  айырмашылығы  билікке  келудің  заңды  жолдары 
мен басқарушылардың өз шешімдері үшін жауапкершілігін анықтайтын нор-
малардан көрінеді. 
Классикалық ұғымдағы демократия қоғамды саяси ұйымдастырудың ха-
лықты билік бастауы ретінде тануға, халықтың мемлекеттік істерді шешуге 
қатысуға хақылығына жəне азаматтарға айтарлықтай кең ауқымды құқықтар 
мен еркіндіктер беруге негізделген формасы. Осы ретте демократия, ең ал-
дымен, мемлекет формасы ретінде қарастырылады. «Демократия» терминін 
басқа  да  саяси  жəне  əлеуметтік  институттардың  (мысалға,  партиялық,  өн-
дірістік)  ұйымдастырылуы  мен  іс-əрекеттеріне  қатысты  да,  сонымен  қатар 
тиісті  қоғамдық  қозғалыстарды,  саяси  бағыттарды,  əлеуметтік  саяси  ой 
ағымдарын сипаттау үшін де пайдаланады.
К.Маркс  демократияны  қоғам  өмірінің  материалдық  жағдайларымен 
жəне таптық құрылымымен тығыз байланыста қарастырған. Демократия 
— тарихи қоғамның дамуына қарай, əлеуметтік-экономикалық формация-
лардың ауысуына қарай өзгеретін құбылыс. Алғашқы қауымдық құрылыс 
кезінде таптар мен таптық қарама-қайшылықтар болмаған, рулар мен тай-
палардың  өзін-өзі  басқаруы  арқылы  жүзеге  асатын  бейсаяси  Д.  болған. 
Экономикалық теңсіздіктің, жекеменшік пен қанаудың, яғни антагонистік 
таптардың пайда болуымен мемлекетпен бірге саяси демократия да пайда 


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау