Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет12/180
Дата17.02.2018
өлшемі6,97 Kb.
#10028
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   180

25
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
болды, сол себепті де таптық қоғамда оның дамуы саяси биліктің негізгі 
мекемесі ретіндегі мемлекетпен тығыз байланысты болып шықты. 
Демократияның шешуші элементі – азаматтардың толық құқықтылығы. 
Демократияның  жалпы  мойындалатын  келесі  көрсеткіші – көпшіліктің 
билігі.  Шешімді  көпшіліктің  дауыс  беруімен  қабылдайтын  кез  келген 
басқару  органы  демократиялық  болып  саналады.  Демократияның  ұста-
нымдары асбтрактілі жəне түрлі институттар мен оның ішкі түрлері де-
мократиядан  бастау  ала  алады.  Бірақ  демократиялық  даму  белгілі  бір 
рəсімдік нормаларды сақтау мен азаматтық құқықтарды құрметтеуді қа-
жет етеді. Роберт Даль қазіргі саяси демократияның бар болуына қажетті 
мынадай шарттарды атайды: конституция үкіметтің шешімдерін қадаға-
лауды  сайланбалы  ресми  тұлғаларға  жүктейді;  бұл  ресми  тұлғалар  кез 
келген мəжбүрлеу мүмкіндіктерін болдырмайтын таза сайлау барысында 
мерзімді түрде сайланып отырады; ресми тұлғаларды іс жүзінде халықтың 
ересек жастағы барлық адамдары сайлауға құқылы; сайланбалы қызмет-
терге іс жүзінде халықтың ересек жастағы барлық адамдары талаптануға 
құқылы;  азаматтар  саяси  себептер  бойынша  қуғындалудан  қорықпай  өз 
пікірлерін білдіруге құқылы; азаматтар ақпаратты альтернативті көздер-
ден  алуға  құқылы;  ақпараттың  альтернативті  көздері  заңмен  қорғалған; 
азаматтар  біршама  тəуелсіз  ассоциациялармен  жəне  ұйымдармен  қатар 
саяси партиялар жəне мүдделері бойынша топтар құруға құқылы.
Демократияның  осы  жеті  іргелі  ұстанымдарына  Т.Л.Карл,  Ф.Шмиттер 
тағы екеуін қосады. 1) Халық сайлаған ресми тұлғалардың сайланбаған ресми 
тұлғалар  тарапынан  (тіпті  бейресми)  қарсылық  көрмей  өз  конституциялық 
өкілеттігін жүзеге асыруына мүмкіндігі болуы керек. Егер əскери не мемле-
кеттік мекемелердің немесе кəсіпорындардың қызметкерлерінің сайланбалы 
басшыларға  қарамастан  əрекет  ету,  халық  қалаулыларының  шешіміне  вето 
қою мүмкіндігі болса, демократияға қауіп туады. 2) Мемлекет егеменді бо-
луы жəне жоғарырақ деңгейдегі саяси жүйелерге тəуелсіз іс-əрекет етуі керек 
(қар. Мемлекеттілік, Патриотизм, Ұлт, Жаңа қазақстандық патриотизм, 
Халық).
ДЕПОПУЛЯЦИЯ    (лат.  populus  «халық»,  ор.  депопуляция,  ағыл. 
depopulation) – келесі ұрпақ саны жағынан алдыңғы ұрпақтан азайғанда, өлу 
туудан артқанда, эмиграция өте-мөте көбейгенде, аштық, соғыс орын алғанда 
халықтың ұдайы өсіп-өнуі төмендеп, оның абсолютті санының жүйелі түрде 
кемуі.
Осы күні бірқатар елдер халық санының ұзақ уақыт бойы кемуін бастан 
кешіріп отыр, атап айқанда, Болгария, Эстония, Латвия, Украина, Свазиленд, 
Беларусь, Грузия, Литва, Венгрия, Жапония, Ресей, Словения, Молдавия, Ар-
мения, Босния, Хорватия, Германия, Италия, Куба, Греция, Испания, Уругвай, 
Дания, Финляндия, Австрия, Лесото елдерінде баяу өсу жалғасуда. Қазақстан 


26
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
халқының санының артып келе жатқанын жариялады, 2009 жылғы санақ бо-
йынша  Қазақстанда 16 млн-нан  астам  адам  тіркелген  (қар.  Демография,
Этнос).
ДИАСПОРА (грек. διασπορά – шашыраңқылық, ор. диаспора, ағыл. diaspora) 
– Г.В.Осиповтың пікірінше, Д. дегеніміз – халықтың бір бөлігінің (этностық 
қауымдастық) өз Отанымен сəйкестік сезімін сақтап, туған елінен тыс тұруы. 
Д.-ның өзге халықтың ортасында тұратын басқа этностық қауымдастықтардан 
айырмашылығы – халқының негізгі немесе маңызды ұлттық ерекшеліктерінің 
сипаттарын  сақтауға,  тілді,  мəдениетті,  этностық  сананы  дамытуға  жəрдем-
десуге тырысуы (қар. Ирредента). Басқа этностық топтар сияқты, Д. қауымы 
да өзінің этномəдени шекараларын сақтайды. Д. оның өзіндік сана-сезімінің 
негізін  қалаушы  элемент  болып  табылатын  ұжымдық  жадыны  белсенді  түр-
де ұстанады. Сонымен қатар Д. жерлестер қоғамынан бастап қоғамдық, ұлт-
тық-мəдени жəне саяси қозғалыстарға дейін жететін кейбір ұйымдық форма-
лар арқылы əрекет етеді. Д.-ның негізгі қызметтері – өз халқының рухани мəде-
ниетін қолдауға, дамытуға жəне нығайтуға, ұлттық салт-дəстүрлерді таратуға, 
Тарихи отанымен мəдени байланысты сақтауға белсенді қатысу. Ал оның ерек-
ше қызметі – ұлттық мəдениетінің ретрансляторы болып табылатын ана тілін 
сақтау, өйткені одан айырылу оны ұлт ретінде көрсететін кейбір қасиеттерге, 
алдымен рухани жағына (салт-дəстүріне, өзіндік санасына) тікелей əсер етеді.
ДИАСПОРА ТІЛІ (ор. язык диаспоры, ағыл. language of diaspora) – өзінің 
байырғы аумағынан я мемлекетінен тысқары жерде тұратын нақты бір Этнос-
тық топтың (Диаспораның) тілі. Басым көпшіліктің тілімен тікелей аралас-
тықта болатын Д.т-нің қызмет аясы мен пайдаланылатын аясы уақыт өткен 
сайын едəуір тарыла түседі. Уақыт өткен сайын Д.т. өзгеріске ұшырап оты-
рады, онда интерференттік сипаттар (лексикалық ауысулар, фонетикалық өз-
герістер т.с.с.) пайда болады, мыс., Қытайдағы, Монғолиядағы, Түркиядағы 
қазақ диаспорасының қазақ тілі, алғашқы эмиграция толқынымен АҚШ пен 
Еуропаға барып тұрып қалған орыс диаспорасының тілі. Бұқаралық ақпарат 
құралдарының  кең  тарауы,  интернационалдандыру  мен  жаһандану  үдеріс-
терінің себебімен Д.т. мен негізгі тілдің арасындағы алшақтау үдерісін тежеу-
ге болатыны болжалданып отыр (қар. Автохтондық тіл, Ассимиляция, Мем-
лекеттік тіл, Тұрғылықты тіл, Жергілікті тіл, Миноритарлық тіл, Ресми 
тіл, Ана тілі, Титулдық тіл, Этностық фузия, Этностық тіл, Қазақстан 
тілдері, Тілдік қауымдастық).
ДІНИ  СƏЙКЕСТЕНДІРУ  (ор.  идентификация  религиозная,  ағыл. 
identifi cation  religious)  –  белгілі  бір  дінге  қатыстылығының  ділдік  құндылық 
жəне мінез-құлықтық бағдарларын бекітетін əлеуметтену нормасын индивид-
тің игеруі (қар. Сəйкестендіру). Д.с. үдерісінде жеке адам өзін əлдебір таңдау-


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау