Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет10/180
Дата17.02.2018
өлшемі6,97 Kb.
#10028
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   180

21
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тұрақтылығына,  аймақтық  этносаяси  жəне  этномəдени  үдерістерге  ықпал 
ететін  əлеуетін  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  келтірілген 
анықтама этностық топтардың бұл санатын өзге этносаяси жəне этномəдени 
құбылыстардан ерекшелеп тұратын өзіндік өзгешелігін айқындауға мүмкін-
дік береді. Этностық азшылық, диаспора жəне т.с.с. тірлігі контексінде бұл 
феномен көбіне шектеулі түрде қарастырылатындықтан, мұндай ерекшелік-
тің маңызы зор.
Бөлінген халықтардың барлығы десе де болады, бірігуге талпыныс жасау-
мен  болады.  Олардың  кейбірі  осы  мақсатта  ұлт-азаттық  күреске  қосылып 
кетіп жатады. Бұл мəселе мемлекеттердің саяси мүдделеріне тікелей қатысты 
болғандықтан, шешілуі ең қиын мəселелердің бірі саналады (қар. Депорта-
цияДисперсизация, Этностық кемсітушілік, Тарихи отан, Кіші отан, Көші-
қон, Оралман, Репатриант, Отандас).
БІЛІМ БЕРУ ТІЛІ (ор. язык образования, ағыл. language of education) – 
өңірлік немесе ұлттық деңгейлерде бастауыш жəне орта білім беру құралы 
ретінде пайдаланылатын тіл. Қазақстанда Мемлекеттік тіл, сондай-ақ орыс, 
тəжік, ағылшын, түрік, өзбек, ұйғыр т.б. тілдерде білім беріледі. Б.б.т. білім 
беру жүйесінде оқытудың əртүрлі деңгейіне қарай əртүрлі көлемде болады. 
«Тілдердің үштұғырлығы» мəдени жобасының міндеттеріне орай Б.б.т. ретін-
де қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің өрісі кеңейіп келеді (қар. Мемлекеттік 
тіл, Тіл, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы). 
БІРЛЕСТІКТЕР ҚҰРУҒА ЕРІКТІЛІК ҚҰҚЫҒЫ (ор. право на свободу 
объединений, ағыл. right to freedom of associations) – адам мен азаматтың бас-
ты конституциялық құқықтарының бірі, мұны іске асыру қоғам мүддесімен 
сəйкес  келеді  жəне  ол  мемлекет  қорғауында  болады.  Адамның  өзгелермен 
бірлесіп  байланысуына  еріктілік  құқығы 1966 ж.  Азаматтық  жəне  саяси 
құқықтар туралы халықаралық пактінің 22-бабының 1-інші жəне 2-тармақта-
рында жарияланған.
ҚР Конституциясының 23-бабында Қазақстан Республикасы азаматтары-
ның бірлестіктер құруға еріктілік құқығы бекітілген. Сонымен бірге қоғам-
дық бірлестіктердің əрекеті заңмен реттеліп отырады.
Қазақстанда  бірлестіктер  құруға  еріктілік  құқығы  азаматтар  ортақ  мақ-
сатқа қол жеткізу үшін саяси партиялар, кəсіби одақтар түріндегі қоғамдық 
бірлестіктер мен коммерциялық емес сипаттағы басқа да бірлестіктер құру 
арқылы  жүзеге  асырылады.  Қоғамдық  бірлестіктер  мынадай  мақсаттармен 
құрылады жəне жұмыс істейді: саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне мəде-
ни құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру жəне қорғау; азаматтардың 
белсенділігі мен өзіндік қайраткерлігін дамыту; кəсіби жəне əуесқой мүдде-
лерін қанағаттандыру; ҚР заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қарекет-
тер жасау.


22
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
2007  ж.  конституциялық  реформа  барысында  Негізгі  Заңның 5-бабынан 
қоғамдық институттар мен мемлекеттік институттардың бірігуіне, қоғамдық 
бірлестіктерді мемлекеттің қаржыландыруына жасалған тыйымдар алынып 
тасталды. Бұл – үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттің əлеуметтік маңызды 
функцияларын іске асыруға, оның ішінде ұлттық-мəдени орталықтарды мем-
лекеттің ұлттық саясатын іске асыруға кеңінен тартуға əрі тілдер, білім беру 
жəне мəдениет саласындағы бағдарламаларды бюджеттен қаржыландыруды 
ұлғайтуға  мүмкіндік  берді.  Осыдан  барып  азаматтық  қоғам  институттары 
күрт  жанданып,  олардың  саны  көбейді  жəне  қызметтерінің  нəтижесі  жоға-
рылады.
Б. қ. е. қ. пайдалануға мемлекеттік я қоғамдық қауіпсіздік үшін заңда қа-
растырылған жəне демократиялық қоғамға қажет қоғамдық тəртіп, тұрғын-
дардың  денсаулығы  мен  адамгершілігін  сақтау  немесе  өзге  тұлғалардың 
құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғауға  байланысты  шектеулерден  басқа 
шектеу  қойылмайды (1966 ж.  Азаматтық  жəне  саяси  құқықтар  туралы  ха-
лықаралық пакт).
Ұлтаралық  жəне  дінаралық  қатынас  ерекше  нəзік  əрі  маңызды  болған-
дықтан, ҚР Конституциясында осыған орай жекелеген тыйымдар мен шек-
теулер белгіленген. 5-бап бойынша, мақсаты немесе əрекеті конституциялық 
құрылысты күшпен өзгертуге, Республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекет 
қауіпсіздігін бүлдіруге, əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни, қауымдық жəне 
рулық жанжал шығаруға, сондай-ақ заңнамада қарастырылмаған əскери жа-
сақ құруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға жəне олардың əрекет 
етуіне тыйым салынады. Республикада өзге мемлекеттердің саяси партия-
лары мен кəсіби одақтарының, діни негіздегі партиялардың əрекет етуіне, 
сондай-ақ саяси партиялар мен кəсіби одақтарды шетелдік заңды тұлғалар 
мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржы-
ландыруына жол берілмейді. Қазақстан территориясындағы шетелдік діни 
бірлестіктердің  əрекеті,  сондай-ақ  Республикада  діни  бірлестіктердің  же-
текшілерін шетелдік діни орталықтардың тағайындауы Қазақстан Респуб-
ликасының  тиісті  мемлекеттік  органдарының  келісімі  бойынша  жүзеге
асырылады.
Конституциялық  нақты  шектеулердің  тізімі 1996 ж. 31 мамырында  №3 
«Қоғамдық  бірлестіктер  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы  жəне 
Қазақстан  Республикасының  басқа  да  арнайы  заңдарымен  біршама  нақты-
ланған əрі толықтырылған, олар: 2001 ж. 16 қаңтардағы №142 «Коммерция-
лық  емес  бірлестіктер  туралы», 2002 ж. 15 шілдедегі  №344-ІІ  «Саяси  пар-
тиялар туралы», 2014 ж. 27 маусымдағы №211-V «Кəсіби одақтар туралы», 
2011 ж. 11 қазандағы №438- IV «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» 
т.б. заңдар (Этномəдени бірлестіктер).


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау