4
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
жасалды (тұтастай алғанда, қазақ тілінде 200-дей, орыс тілінде 200-дей этно-
саяси терминге анықтама берілді);
¾ көптеген терминге орыс/қазақ жəне ағылшын тілдерінде балама кел-
тірілді;
¾ сөздік мақала мəтінінің өз ішінде курсивті сілтеме көрсету арқылы жəне
соңында анықтама түрінде сілтеме жасау арқылы терминдер арасындағы
жүйелік қатынастар нақтыланды.
Сөздікте этносаяси терминдер қатаң əліпбилік ретпен берілді. Солай бола
тұра терминдер корпусы іштей мынадай блоктар бойынша айқын түрде түзіл-
ді: этносаясаттың теориялық аспектілері; этносаясаттың шектес жəне септе-
сетін ғылымдармен, мысалы, этнологиямен, саясаттанумен, əлеуметтік тіл-
танумен, т.б. байланыстары; этносаяси зерттеу бағыттарының қалыптасуы;
этносаяси зерттеулердің əдіснамасы мен əдістемесі, этносаясаттың негізгі
ұғымдары.
Сөздіктің бір ерекшелігі – мұнда мүмкіндігінше Қазақстанның этносаяси
проблемаларының ерекшеліктері көрсетіледі жəне Қазақстан халқы ассам-
блеясы қызметінің толық мəні мен бағыты, құқықтық аспектілер, халықара-
лық стандарттар, бұл салада жұмыс істейтін негізгі мемлекеттік жəне қоғам-
дық институттар туралы жеткілікті түсінік беріледі, Қазақстандағы этнотіл-
дік ахуал мен тілдік саясат, т.б. көптеген жайттар сипатталады.
Сөздік авторлары сыни пікір білдіргендерге, сондай-ақ этносаяси термин-
дерге ұсынылған анықтамаларды талқылауға қатысқан əріптестердің бəріне
алғыс білдіреді.
Сөздіктің этносаясат мəселелеріне қызығушылық танытатындардың бəрі-
не пайдалы еңбек болатынына авторлық ұжым сенім артады жəне Сөздіктегі
терминдер корпусы қоғамдағы өзгерістердің бəрін ескере отырып, бұдан да
пайымды талдаулар мен талқылаулар, толықтырулар жасаудың нысанасына
айналады деп үміттенеді.
Сөздікті пайдалану тəртібі:
Терминдер Сөздікте əліпби ретімен орналастырылған. Егер термин сөз
тіркесінен құралса, тіркес терминнің бірінші сыңарының реті бойынша қойы-
лып, этносаяси мəтіндерде қалыптасқан түрінде (инверсиясыз) беріледі,
мысалы, Қазақстан халқы ассамблеясы, Ұлт бірлігі доктринасы, Халық
санағы, Диаспора, Қазақстандағы тілдік ахуал т.с.с. Терминдер сөздік
мақаласында қайталанып берілмейді, қысқарған пішінде көрсетіледі, мыса-
лы, Ғылыми-сараптамалық кеңес – ҒСК, Қазақстан халқы ассамблеясы
– ҚХА.
Тақырыптық термин қою курсив жазумен бас əріптен басталып жазыла-
ды. Оған ілесе терминнің дублеті (синонимі) немесе нұсқасы беріледі, ал ол
5
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
дублет пен нұсқалар өз орнында тұрғанда негізгі терминге «осымен бірдей»
деген сілтеме жасалады, мысалы, Анкеталық сауалнама – осымен бірдей:
Анкеталау, Іріктеме жиынтық – осымен бірдей: Іріктеме.
Тақырыптық терминге қазақша, орысша, ағылшынша баламалар беріледі,
оның үстіне доға жақша ішінде əрбір терминге мүмкіндігінше қысқаша эти-
мологиялық сілтеме жапсарластырылады, мысалы, Билингвизм (лат. bi... екі,
қос + lingua тіл); Диаспора (грек. diaspora шашырау).
Осыдан соң сызықша қойылып барып термин түсіндірмесі беріледі. Егер
терминде бірнеше мағына болса, олар абзацқа бөлектелмей, араб цифрымен
одан кейін нүкте қойылып, тиянақталып жазылады, мысалы: Екінші тіл – 1.
Балалық шақтан игеру ретіне қарай ( Билингвтің тілдерді өзінше (онтогене-
тикалық) игеру уақытына қарай) болатын Е.т., бұл – Бірінші тілден соң мең-
герілген тіл. Осы тұрғыдан түсінгенде Е.т. Ана тілімен сəйкестенуі де, сəй-
кестенбеуі де мүмкін. 2. Қостілділік жағдайындағы Тілдік құзыреттіліктің
деңгейіне қарай Е.т., бұл – Басым тілге қарағанда қосымша тіл болып сана-
лады. Осы тұрғыдан түсінгенде ана тілімен сəйкестенуі де, сəйкестенбеуі де
мүмкін. 3. Оқу орындарында оқып-үйрену ретіне қарай Е.т., бұл – шетелдік
екінші тіл, оқып-үйренудегі Мақсатты тіл (қар. Негізгі тіл).
Сөздік мақаласының ішінде терминге анықтама берілген жағдайда ол
астын сызу арқылы айрықшаланады.
Терминдер арасындағы жүйелік қатынасты нақтылайтын анықтама түрін-
де сөздік мақаласының өзінде терминдер жəне соңында берілетін өзара сіл-
темелер бас əріптен басталып курсивпен жазылады. Қазақстан Республика-
сындағы этносаясат, этнотілдік ахуал, этнотілдік жағдай сипаттарына тікелей
қатысты терминнің анықтамасынан кейін қосымша ақпарат беріледі.
Сөздікте сондай-ақ терминдердің қазақша-орысша əліпбилік көрсеткіші
бар, онда термин мен оған арналған сөздік мақаласының берілген беті көр-
сетіледі.
Сөздікте мынадай қысқартулар қолданылған:
ағыл. - ағылшын тілі
белорус. - белорус тілі
грек. - грек тілі
итал. - итальян тілі
қаз. - қазақ тілі
лат. - латын тілі
мыс. - мысалы
нем. - неміс тілі
ауысп. мағ. - ауыспалы мағына
т.б. - тағы басқа
ор. - орыс тілі
қар. - қараңыз
сал. - салыстырыңыз
мақ. - мақала
фр. - француз тілі
6
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
- А -
АВТОХТОН ( байырғы немесе жергілікті), (ор. Автохтон, ағыл. Autochton,
грек. autochthon autos өзі + chthon жер, өлке) – осы жерді тұрғылықты ме-
кен еткен, Этногенезі осы аумақта дамыған адам, абориген. Мыс., Ванкувер
аралындағы Солтүстік жəне Оңтүстік Американың байырғы халықтары ва-
каш-квакиютль жəне нутка; Австралияның оңтүстігіндегі пама-нюнга жəне
Астралияның солтүстігі мен солтүстік-батысындағы не-пама-нюнга (қар. Ав-
тохтондық тіл, Ассимиляция, Тұрғылықты этнос, Этникалық топтар).
АВТОХТОНДЫҚ ТІЛ ( байырғы тіл) (ор. Автохтонный язык, ағыл.
indigenous language, грек. autochthon autos өзі + chthon жер, өлке). Елдің ав-
тохтондық, тұрғылықты, байырғы жұртының тілі, мысалы, қазақ тілі – Қа-
зақстан үшін А.т., монғол тілі – Монғолияның А.т-і (қар. Тұрғылықты этнос,
Тұрғылықты тіл, Жергілікті тіл, Этнос тілі, Тіл, Диаспора тілі, Қазақстан
тілдері).
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
(ор. Всеобщая декларация прав человека, ағыл. Universal declaration of human
rights). А.Қ.Ж.Д. – адам құқықтары саласындағы халықаралық құқықтың
бастау көзі, БҰҰ-ның негізгі құжаттарының бірі, салтанатты мəлімдеме.
БҰҰ Бас ассамблеясының 1948 жылы 10 желтоқсанда 217 А (ІІІ) қарарымен
қабылданған бұл декларация – кеңес беру тұрғысындағы құжат. Солай бола
тұра мұнда əлемдік қауымдастықтың адам құқықтары саласында жинаған
көпжылдық тəжірибесінен келіп шығатын халықаралық стандарттар бар,
осының арқасында қазіргі кезде мемлекеттердің көбі мұны міндетті құқықтық
құжат ретінде мойындайды. А.Қ.Ж.Д-да адамдардың бостандығы мен теңді-
гінің дүниетанымдық бастау негіздері беріледі, олардан қандай жағдайда
болсын адамзат айырылуға тиіс емес (1-бап); құқықтарды пайдалануға қа-
тысты теңдік пен кемсітпеу қағидаты көрсетіледі (2-бап); адамның түгелдей
құқықтарының басты негізі – адамның өмір сүруге, бостандыққа, жеке ба-
сына тиіскізбеуге хақылығы тұжырымдалады (3-бап); азаматтық жəне саяси
құқықтар тізбесі (4-21-баптар), адамның əлеуметтік, экономикалық жəне мə-
дени құқықтарының тізбесі (23-27-баптар) ұсынылады; адам бостандығы мен
құқықтарын жүзеге асырудың шарттары ретінде əлеуметтік жəне халықара-
лық тəртіптерге арналған талаптар (28-бап), адамның қоғам алдындағы мін-
деттері мен құқықтарын шектеу шарттарының талаптары қойылады (29-бап);
Декларациядағы əлденені онда мазмұндалған құқықтар мен бостандықты
жоюға бағытталған əлдебір əрекетпен немесе қызметпен айналысуына мем-
Достарыңызбен бөлісу: |