Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет8/180
Дата17.02.2018
өлшемі6,97 Kb.
#10028
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   180

17
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Көптеген сарапшылар 2000 жылдары əлемдегі антисемитизм екінші дүние-
жүзілік соғыс аяқталғаннан бері ең жоғарғы деңгейге жеткенін атап айтады. 
Бұл – антисемиттік сипаттағы ашық пікірлерге де, астыртын мəлімдеме лер-
ге де қатысты. Атап айтқанда, Израильді жойғысы келетіндер, бұл əрекетті, 
оның еврейлердің мемлекеті болғандығынан ғана істеп отырғанын ескермей-
тін Израильдің сыни пікірі осыны байқатады. 
Зерттеушілер 2009 жылы  əлемдегі  антисемиттік  акциялар  саны  күрт 
өскенін  айтады.  Осылайша  Канадада 2009 жылы  қақтығыстар  саны  өткен 
жылмен салыстырғанда 11,4 пайызға өсіп, 28 жыл бойы осы ұйым тіркеген 
көрсеткіштердің  ең  жоғарғы  деңгейіне  жеткен.  Франциядағы  антисемиттік 
акциялардың саны екі есеге дейін дерлік, ал Ұлыбританияда 55%-ға өскен.
Алайда қазіргі антисемитизмнің басты ошағы Таяу Шығыста, араб жəне мұ-
сылман  елдерінде  орналасқан  (қар.  Апартеид,  Ұлттық  антагонизм,  Гет-
то,  Дискриминация,  Этностық  дисперсизация,  Этностық  қақтығыс  (кон-
фликт), Ксенофобия, Ұлттық мифология, Этностық стереотиптер).
АПАРТЕИД  (апартхейд  африканс  тілінде  apartheid – бөлек  тұру,  бөлек 
тірлік  ету,  ор.  Апартеид,  ағыл.  Apartheid).  Қатыгездікпен  кемсіту  саясаты, 
оның шектен шығушылығының басым түрі. Бұл саясат жұрттың белгілі бір 
топтарын олардың нəсіліне қарап саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне аза-
маттық құқықтан айырып, тірлік ететін аумағын оқшаулауға дейін барады. 
Апартеид  Оңтүстік  Африка  республикасында  (ОАР)  басқадан  гөрі  то-
лығырақ көрінді. Бұл сөздің өзі алғаш рет 1943 жылы Оңтүстік Африка бас-
пасөзінде қолданылған. А-ке 1948 жылы Ұлтшыл партия билікке келген соң 
қабылдаған бірқатар заңнамалық кесімдер (актілер) негізгі арқау болды. ОАР 
билеуші топтары өткен ғасырдың 90-жылдарына дейін сегрегация жəне жан-
шып қанау саясатын жүргізіп келді. 
ОАР-дағы  апартеидтің  басты  ұстанымдары:  ақ  нəсілділердің  дербес 
құқықтылығын  сақтау  жəне  оларды  таза  сақтау;  Оңтүстік  Африканың  ақ, 
қара жəне түрлі-түстілерден тұратын жұрты бəріне бірдей тең құқықпен бір 
қоғамға біріге алмайтыны туралы түсінік; оларды бөле қарау кемсітуішілік 
емес,  əрбір  этнонəсілдік  топтың  өзін-өзі  билеуі  «заңды»  құқығына  деген
қамқорлық, ақ пен қаралар арасындағы егес пен қақтығыстарды болдырмау-
ға кепілдік.
1959  жылы  бантустандар  туралы  билльге  сəйкес,  ОАР-дың  жиырма  мил-
лионнан  астам  африкалық  жұрты  үшін  елдің  жалпы  ауданының 13%-ы  ғана
болатын аумақ бөлінген. Сөйте тұра, саны бес миллионға жетпейтін ақ нəсілді-
лерге елдің қалған бөлігі түгелдей бекітіліп берілді. Африкалықтарды резер-
ваттарда  (бантустандарда)  тұруға  мəжбүрледі,  олар  ақ  нəсілділерден  гөрі 
анағұрлым  аз  жалақы  алатын  болды,  парламентке  сайлау  жəне  сайлану 
құқығынан айырылды, ал парламент африкалықтардың жері мен қоныстарын 
қоса алғанда, бүкіл елдегі заңнамалық билікке ие еді. 


18
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Бөлек  тірлік  ету  тəртібін  бұзу  əрекеті  қылмыс  ретінде  қудаланды.  Тіпті 
апартеидтің  кейбір  əрекеттері  геноцидке,  нəсілдік  топтар  үшін  түгелдей  я 
жартылай  жойылуға  əкеп  соғатын  тіршілік  тауқыметін  қасақана  туғызуға, 
ұласуы мүмкін еді. Қазіргі халықаралық құқық апартеидті адамзатқа қарсы 
жасалған қылмыс деп санайды. 1973 жылы апартеид қылмыстарының жолын 
кесу жəне ол үшін жазалау туралы халықаралық конвенция қабылданды (қар
Ұлттық антагонизм, Геноцид, Гетто, Кемсіту (Дискриминация), Нəсілшіл-
дік (Расизм), Сегрегация). 
АССИМИЛЯЦИЯ (ор. Ассимиляция, ағыл. Assimilation, лат. аssimilation 
уподобление) – 1. Екі немесе одан да көп Этностық топтың /Этностардың/
Халықтардың өздерінің құндылық (кейде діни) бағдарларының, мəдени, эт-
ностық,  тілдік  ұқсастығының,  іс-əрекеттерінің  дəстүрлі  түрлерінің  жоғалу 
нəтижесінде жаңа қауымдастықтың құрылуы.
Əрекет ететін саласына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
а) Тілдік А. – бір этностың басқа этностың тілін меңгеріп, кейін сол тілге 
ауысуы; біртілділік жағдайындағы Тілдік саясаттың түрі, мұндай саясатта 
кейбір этностар не мəжбүрлі түрде, не өз еркімен өздерінің тілдерінен жəне/
немесе мəдениетінен басқа басым тілдің жəне/немесе мəдениетінің т.б. пай-
дасы үшін бас тартады;
 ə) мəдени А. – Аккультурациямен бірдей;
б) этностық А. – бір этностың/халықтың басқамен тоғысуы. Əдетте, этно-
стық А. бұрын тілдік А., мəдени А. болады. Этностық А. нəтижесінде ұлт-
тық-психологиялық  ерекшеліктер  ішінара  немесе  толықтай  трансформаци-
яға ұшырайды, Этностық бірдейлестіктің ауысуы, басқа этносқа сіңіп кетуі 
байқалады.
2. А. – этностық жəне мəдени айырмашылықтарды жоюға жəне моноэтнос-
тық  қауымдастық  қалыптастыруға  (мысалы,  Мигранттарды  көшіп  келген 
елде қоластына алу) бағытталған ұлттық саясаттың бір түрі.
А.  өткерілу  тəсіліне  қарай  былайша  жіктеледі:  а)  табиғи  А. – бірлескен 
əлеуметтік,  шаруашылық-экономикалық  жəне  мəдени  өмірінің  қажеттілік-
терін  қанағаттандырудың  объективті  үдерістерімен  шарттас  болатын  жəне 
біртіндеп,  бірнеше  ұрпақтың  өмір  сүру  барысында  бейімделу  (аккультура-
ция, интеграция), этносаралық некелесу жолымен болатын А.;
ə) зорлықпен жүргізілетін А. – мəжбүрлеу арқылы (ашық немесе табиғи 
емес, тікелей немесе жанама) этностың/халықтың өз тілінде сөйлеуге тыйым 
салу немесе шектеу, өздерінің салт-дəстүрінен бас тартуға мəжбүрлеу жəне 
оған  басым  топтың  тілі  мен  мəдениетін  таңу  (А.  күштеп  жүргізу  мектепте 
білім беруде, қоғамдық өмірде, ұлттық нəрсені қолдану аясын шектеуде, Эт-
носаясат сипатында байқалады). Ассимиляцияға ұшырап отырған халықтың 
Этнонимінің, Этнодіни қауымдастық пен құрылымының жоғалуына, Тілдің
ауысуына т.б. əкеп соқтыруы мүмкін, жоқ дегенде, жаңа Этностық қауымдас-
тықтың  құрылуына  алып  келеді.  А.  үдерістері  мемлекеттің  тұрақты  өмір 


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау