41
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
түзетін элемент ретінде жеке адамның іс-əрекеті мен мінез-құлқына ықпал
ететін құбылыс.
И. социалистік И. тұсында тиісті маңызынан айрылды. Социалистік И.
бойынша, бұл еңбекшілердің капиталистік құрылысты жойып, ұлттар мен ха-
лықтардың түпкі мүдделерінің ортақтығына сүйенетін коммунистік қоғам құ-
ру жолындағы халықаралық бірлігі ретінде түсіндірілді. Бұл идея халықара-
лық коммунистік қозғалыспен бірге өмірге келіп, алғаш рет осы қозғалыс-
тың негізін салушылар К.Маркс пен Ф.Энгельс «Барлық елдердің пролетарла-
ры, бірігіңдер!» деген ұран түрінде жария етті.
Адамзат дамуынң қазіргі тарихи кезеңінде И. мемлекеттер мен халықтар-
дың халықаралық лаңкестікке, өңірлердегі қарулы қақтығыстарға, кедей-
шілік пен қанауға қарсы күресте күш біріктірулерінен, ғаламдық сипаты ор-
тақ шешім жасауды қажет ететін экологиялық жəне басқа түйткілдерді бір-
лесе шешуден көрініс табады (қар.
Еуразиялық интеграция, Космополитизм,
Ұлтшылдық, Ұлттық келісім, Ұлттық қауіпсіздік, Толеранттылық).
ИРРЕДЕНТА (итал.
irredenta – босатылмаған, бөтен біреудің иелігінде,
ор.
ирредента, ағыл.
irredent) – этностың осы мемлекеттің шегінде жұрт-
тың аз бөлігін құрайтын, бірақ өздеріне жақын я өздерімен бірдей этнос ба-
сым көпшілігін құрап, ықшам тұратын мемлекеттің іргесіндегі бөлігі (қар.
Диаспора). И. өз елінен тысқары жерде соғыс, аннексия, даулы шекара не-
месе отарлау үлгілері кешенінің салдарынан қалып қояды. И-ның негізгі
ерекшелігі ішкі шоғырлану деңгейі салыстырмалы түрде төмен бола тұра,
бұлардың саны көп болады. Қазіргі көпэтносты мемлекеттердің көбінде И.
тарихи, саяси себептермен қалыптасқан. Көбінесе шекаралас, көрші көпэт-
носты мемлекеттерде өзара И. жиі болады.
Диаспора сияқты, И. да өздерінің
ортақтығын сақтау мен дамыту үшін де, көршілес көпшіліктерімен жəне/
немесе басқа И-мен байланысын сақтау үшін де əлеуметтік институттар то-
рабын құруға талпынады. Мұндайда өздерін сол аумақтың байырғы тұрғы-
ны деп есептейтіндіктен И., əдетте, өз құқықтарына көпшіліктің үкіметінің
қол сұғуын күйзеліспен қабылдайды. Ал егер кемсіту оқиғалары жүйелі
түрде қайталанатын болса, И. ішінде этностық көпшіліктердің аумағына
қосылуды көздейтін ағым, ирредентизм, пайда болады. Алайда экономи-
калық жəне басқа себептерге байланысты И. өз көпшіліктерінің аумағына
қосылуға əрдайым талпына да бермейді
(қар.
Диаспора).
- К -
КЕМСІТУШІЛІК /ДИСКРИМИНАЦИЯ/ (ЭТНИКАЛЫҚ, ҰЛТТЫҚ,
НƏСІЛДІК) (ор.
дискриминация (этническая, национальная, расовая), ағыл
.
discrimination, ethnic, national, racial) – этностық, ұлттық немесе белгісіне қа-