Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет38/180
Дата25.05.2018
өлшемі6,97 Kb.
#17595
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   180

82
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
лады). Бұлар өзін «басқалармен» салыстыру межелерін белгілеуге тірек бола-
ды. Қандай да бір сəйкестіліктің жиынтық сəйкестілік құрылымындағы орны 
жағдайға қарай өзгеріп тұрады, сондықтан негізгі тірек бірде бір сəйкестілік, 
екіншіде басқа сəйкестілік болуы мүмкін. Сəйкестілік пен өзін бірдейлестіру 
арасында  үйлеспеушілік  бола  береді.  Мұндайда  қалыптасып  шыққан  сəй-
кестіліктер бір-бірімен қарама-қайшы жəне тұрақсыз болады. Бұрынырақта 
сəйкестілік  тілден  тыс  мəлімет  ретіндегі  жəне  тілден  тысқары  тіркелетін 
ретіндегі санат деп қарастырылатын, ал қазір сəйкестілік тіл практикасы ба-
рысында, дискурста кейпін өзгертеді жəне құралады деп түсіндіріледі. Қазір-
гі уақытта əлеуметтік топ (тап, ұжым, тұтастай қоғам т.б.) ішінде қатынастар 
тұрақталған  сайын,  оның  мүшелерінің  сəйкестілігі  дербессіздене  (деперсо-
низация)  береді,  дара  қасиеттердің  ортақ  топтық  белгілерден  гөрі  маңызы 
арта түседі.
  Мемлекеттік  сəйкестілік  ұлт  құраудың  іргелі  негіздері  ретінде  саяси 
тұрғыдан, мəселен Қазақстанда, мынадай көптеген қарекеттерден құралады: 
этномəдени плюрализмнің ұлттық идеологиясы мен тиімді саясатының өзе-
гін іздеу; «алуан түрліліктегі бірлік» қағидатын одан ары институционалдау; 
шиеленіс-қақтығыстарды  мəмілелестіру;  қазақстандық  патриотизмге  тəр-
биелеу;  мəдениетаралық  үнқатыс  пен  этносаралық  қатынастың  толерантты 
мəдениетін  қалыптастыру;  біріктіруші  фактор  болып  табылатын  мемлекет-
тік тілді елдің азаматтарының бəрінің міндетті түрде меңгеруі; этностардың 
дамуының  тарихи  ерекшеліктерін  білу  жəне  ескеру;  қоғамдық  келісім  мен 
бірігудің қағидаттарын жасап шығару; ынтымақ пен жауапкершілік қағидат-
тарын қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу. 
Сонымен қатар мемлекеттілік дегеніміз мемлекетті құру, дамыту мен қорғау 
жолындағы  теориялық  жəне  практикалық  қарекетті  көздейтін  ерекше  саяси 
құндылық  пен  идеологияны,  қоғамдық  жəне  мəдени  бағдарды  да  білдіреді. 
«Ұлттық  мемлекеттілік»  терминінің  құрамында  (мемлекеттік  биліктің  ұлт 
егемендігін белгілі бір формада іске асыру мен қорғау қабілеті мағынасында) 
қолданылып,  этностың  шоғырлануының  жəне  көпұлтты  қоғамдағы  бірлікті 
нығайтудың факторы ретінде айқындалады.
  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаев 2012 жылдың 
желтоқсанындағы  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекет-
тің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Интеллигенция менің пайымда-
уымдағы Қазақстан-2050 Жаңа саяси бағыты негізінде ел болашағының мен-
тальді, дүниетанымдық үлгісін жобалауда негізгі рөлді қолға ала алады жəне 
алуға тиіс. Біз  ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғасты-
руымыз керек. Бүкілқазақстандық бірегейлік  біздің халқымыздың тарихи са-
насының өзегіне айналуға тиіс» екендігін айрықша атап көрсеткен болатын 
(қар. Мемлекет, Мемлекеттілік).


83
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
МЕМЛЕКЕТТІК  ТІЛ  (ор.  Государственный  язык,  ағыл.  offi cial,  state 
language)  – 1. Конституцияда,  Тіл  туралы  Заңда  бекітілген  ең  жоғары  сая-
си-құқықтық (заңды) мəртебесі бар Тіл, оны тарату мен қолдау мемлекеттің 
міндеті болып саналады («Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл жəне
барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттiк органдар
бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды». «Қазақ-
стан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның 23-бабынан). 2. Мемлекеттілік-
тің  Ту,  Елтаңба,  Əнұранмен  бірдей  рəмізі  əрі  мемлекетпен  бірдейлестіктің 
рəмізі болып саналатын тіл. 3. Қоғамның саяси, экономикалық, əлеуметтік, 
мəдени өмірінде біріктірушілік қызмет атқаратын тіл. 4. «Мемлекеттік жəне 
қоғамдық өмірде анағұрлым маңызды қызмет» атқаратын, қоғамға – мемле-
кеттік басқаруға, заң шығаруға, сот ісін жүргізуге жəне дипломатиялық өкіл-
дікке (мемлекеттің аумағында жəне одан тыс жерде) барынша қызмет ететін 
тіл («Қазақстан Республикасының тіл саясаты Тұжырымдамасы»); мемлекет 
ішіндегі əкімшілік-саяси жəне əлеуметтік-экономикалық əрекеттестіктің тілі; 
мемлекеттің этностық құрамының қандай екеніне қарамай оқытудың барлық 
сатысында білім беру тілі; бұқаралық ақпараттар құралының жəне жаңа ақпа-
раттық технологиялардың тілі. 
Ұғымдық  ауқымы  жағынан  М.т.  Ресми  тілмен  бірдей,  бірақ  құқықтық 
жағдайы жағынан кейбір елдерде бұларды ажырата қарайды. 
Қазақстанда М.т. – қазақ тілі. Оның мəртебесі бірқатар құжаттармен: Қа-
зақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сəйкес; 1989 жылдың 22 
қыркүйегіндегі  «Қазақ  КСО  тілдер  туралы»  заңымен;  Қазақстан  Республи-
касының 1997 жылы 11 шілдедегі  «Қазақстан Республикасындағы Тіл тура-
лы» Заңымен; 1996 жылдың 4 қарашасындағы «Тіл саясаты Тұжырымдама-
сымен» анықталып, бекітілген. Қазақстанда мемлекеттік тілдің қолданылуы 
мен  таралуы 1998-2000; 2001-2010; 2011-2020 жылдарға  арналған  «Қа-
зақстан  Республикасындағы  тілдердің  қолданылуы  мен  дамуының  мемле-
кеттік бағдарламаларымен» реттеледі. Бұл бағдарламаларда тұжырымдалған 
басым бағыт – қазақ тілінің қоғамдық маңызды салаларда М.т. мəртебесіне 
орай ұйғарылған қызметтерін атқаруы үшін оған саналы да мақсатты түрде 
қолайлы жағдай жасау. Мəртебесіне сəйкес қазақ тілі – мемлекеттiң бүкiл ау-
мағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемле-
кеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу жəне iс қағаздарын жүргiзу тiлi, 
сондықтан «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып 
табылатын  мемлекеттiк  тiлдi  меңгеру – Қазақстан  Республикасының  əрбiр 
азаматының парызы». (1997 жылғы «Қазақстан Республикасының Тіл тура-
лы»  Заңының 4-бабы).  Əлемдік  тəжірибе  көрсетіп  отырғандай,  федера-
тивтік  мемлекеттерде  екі  не  одан  да  көп  М.т. (немесе  ресми  тілдер)  болуы 
мүмкін,  мысалы:  Швейцарияда – төрт  М.т. (неміс,  француз,  итальян,  рето-
роман); Бельгияда – екі (француз жəне фламанд) т.б. Ресей Федерациясында 


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау