85
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
қанды азаматтар бола алмайтын
Мигранттардың арасында да болады. Сон-
дықтан М.-ның қалыптасуы мен көрінуіне əсер ететін факторларды төмен-
детудің этносаралық қатынастарды тұрақтандыру үшін, жалпы қоғам үшін
маңызы зор
(қар.
Көші-қон /Миграция/).
МИНОРИТАРЛЫҚ ТІЛ (ор.
миноритарный язык, ағыл
. minority
language)– 1. Əлемдегі этностық, саяси немесе демографиялық азшылықтың
тілі. 2. Мемлекеттің уақыты мен кеңістігінде орналасқан, сол бір аумақта
Ти-
тулды этноспен қатар өмір сүретін нақты бір
Этностың Титулды этносқа
қарағанда пайдаланушыларының саны аз тілі. Еуропалық М.т. мəртебесі Өңір-
лік тілдер немесе азшылықтың тілдерінің еуропалық хартиясымен (
Eurepean
Charter for Regional or Minority Languages) белгіленген. М.т. дүние жүзіндегі
тілдерде сөйлейтіндердің саны 100-ден аз 7%-ын жəне пайдаланушылары са-
науға келмейтін тілдердің 18%-ын жатқызуға болады. М.т. жойылуы өркениет-
тің тарауы мен жаһандану үдерісінің жылдамдауымен байланысты жиілеп
келеді, алайда бұл үрдіске өркендеп келе жатқан этностық жəне тілдік өздік
сана т.с.с. қарсы тұруда (қар.
Тұрғылықты тіл, Саны аз халықтар, Тілдің
ауысуы, Тілдік құқық).
МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ /ЖАҢҒЫРТУ, ЖАҢАЛАУ, ЖЕТІЛДІРУ/
(«ҚАЗАҚСТАН-2050 СТРАТЕГИЯСЫ» ТҰРҒЫСЫНДА) (фр. сөзінен -
moderne – заманауи,
modernisation; ор. -
модернизация, ағыл. -
modernization)
– заманға сай етіп жаңғырту, не нəрсені болсын жетілдіруді, соның қатарында
технологияны жетілдіруді енгізу.
Саясатты жаңғыртудың қазіргі теоретиктері мұны екі типке бөліп қарайды:
1) XVI-XVIII ғасырларда Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде
өткен алғашқы саяси жаңғырту. Ол Еуропада Шіркеу реформациясынан (XVI
ғ.) басталып, Ағарту дəуірінде (XVII-XVIII ғасырларда) нығайды. Рефор-
мация мен Ағарту дəуірлері дін саласын қайта құрды, кейін экономика мен
əлеуметтік салалар түрленді; нəтижесінде өзіне сəйкес келетін саяси жүйесі
құрылған азаматтық қоғам қалыптасты. Осы түрлендірулердің нəтижесінде
пайда болған қоғамның қазіргі түрінің (еуроамерикандық) сипаттары – ұтым-
ды ұйымдастыру; негізгі институттардың мемлекет меншігіне өтуі; тұлғаны
дербестендіру мен оны инструменталдық құндылықтарға (технологиялар,
нақты ғылымдар, тұтыну, прогресс) бағдарлау; əлеуметтік ұтқырлықтың
күштілігі мен адамдардың белсенділігі; адамдарға емес, заңға бағыну; билік-
тің демократиялық формаларға ұмтылуы.
2) Екінші қайталанған («қуып жетуші») саяси жаңғырту (қандай да бір
жағынан) бұрынғы дамуы төмен болған елдер мен Латын Америкасының,
Азияның, Африканың, Ресейдің аймақтарында болып отыр.
«Қуып жетуші» жаңғыртудың күрделілігі сонда, батыс саяси институтта-
рының пісіп жетілуінің «табиғи» логикасын ұстануға мүмкіндік болмады: